II дүниежүзілік соғыстан кейін Африка елдерінің ұлт-азаттық қозғалысы бүкіл Африканы қамтыды. Африка континенті халқының көпшілігі үшін отаршылдықтан азат болу ең маңызды міндеттерінің бірі болды. Көптеген африкалықтар демократия мен тәуелсіздікке құқымыз бар деп ойлады. 1945-1980 жж. ұлт-азаттық қозғалыс екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезең 1945 жылдан бастап 50 жж. ортасына дейінгі уақытты қамтиды. Оның мынадай сипаты болған: отаршылдыққа қарсы күресте шерулер, ереуілдер, азаматтық бағынбау қимылдары сияқты бейбіт әдістер басым болды. Ұлт-азаттық қозғалыстың екінші кезеңі 50 жж. екінші жартысынан бастап 80 жж. дейін созылды. Бұл Африкадағы отаршыл империялардың біржола ыдырауына жеткізген отаршылдыққа қарсы революциялар кезеңі болды. 50-жж. ортасы – 1960 жж. – Тропиктік Африкада отаршылдық жүйенің тамырына балта шабылды. 1960 жылы тарихқа «Африкаж» болып енді. Бұл жылы 17 британ, француз және бельгиялық отарлар өздерін тәуелсіз мемлекеттерміз деп жариялады. Артта қалған, көшпелі шаруашылықпен шұғылданған Ливия елінің өмірі 50-жж. екінші жартысында күрт өзгеріске түсті. Оған мұнай көздерінің ашылуы себеп болды. 1960-1961 жж. Конго республикасында тәуелсіздік алу үдерісі әр түрлі саяси күштердің аса шиеленіскен күресімен қатар жүріп жатты. Алтынның, платинаның, алмастың, уранның, т.б. көп қорлары бар аймақ – Оңтүстікті отаршылдар қолдан бергісі келмеді. Анголада, Мозамбикте, Зимбабведе, Намибияда тәуелсіздік үшін қарулы күрес өрістеді. КСРО Африка елдеріне социалистік бағдар жолын – социализм орнатуға жеткізетін құрылыстарды бірте-бірте жүзеге асыру жолын ұсынды. Кеңес үлгісіндегі аграрлық реформалар социалистік қайта құру бағытын таңдаған Африка елдерінде ауыл шаруашылығы құлдырап, ашаршылық басталды. Ангола мен Мозамбикте, Ганада, Танзанияда, Эфиопияда, солай болды. Социалистік бағдар алған елдерде индустрияландырудың көлемі шектеулі болды. Тәуелсіздік алғаннан кейін бұрынғы отарлардың алдында қазіргі мемлекетті басқара білуге үйрену міндеті тұрды. Африка жетекшілері саяси партиялар арасындағы бір-бірін бөліп тұрған шеп тайпалар арқылы өтетінін түсінді. Ұлтты топтастыру үшін олар бір партиялық жүйені таңдап алды. Күштерді біріктіру Африка елдері үшін басты міндеттердің біріне айналды. Олар тек бірлескенде ғана ойдағыдай дами алатын еді. 1963 ж. ұзақ келіссөз жүргізгеннен кейін тәуелсіз Африка мемлекеттерінің мемлекет және өкімет басшыларының конференциясында Африка Бірлігінің Ұйымы (АБҰ) құрылды. АБҰ өзінің қызметінде Африка мемлекеттерін отарлық тәуелсіздіктен толық азат ету жолындағы күреске жұмылдырды. 1953 жылы 18 маусымда Египет Республика болып жарияланды. А.Насер елдің президенті болып сайланды. 1956 жылы ол Суэц каналын ұлт меншігіне алу туралы шешім қабылдады. Бұл бірқатар мемлекеттердің қарсыласу әрекеттерін туғызып, олар 1956 жылы күзінде Египеттің Израильмен, Ұлыбританиямен және Франциямен арадағы қарулы жанжалына ұласты. Сирия 1958 жылы ақпанда Египетпен бірігуге келісіп, Біріккен Араб Республикасы құрылды. Оның президенті А.Насер болды. Бірақ 1961 жылы күзде Сирия қарулы күштері толқып, өз елін бөлек шығарып алды. 1967 жылы маусымда Израиль шабуылға шығып, Египет аэродромдарын істен шығарып, танкілері Суэц каналаына қарай беттеді. 6 күн ішінде араб елдері бірінен соң бірі талқандалды. Египет, Иордания, Сирия әскерсіз қалды. 1 млн-нан астам арабтар тұратын 170 мың шақырым жер жау қолында қалды. 1967 жылы Израиль басып алған жерлерді Египетке қайтарып алу ұзақ уақыт бойына оның өзекті мәселесі болып келді. 1978 жылы Кэмп-Дэвидтегі Египет-Израиль келісімінің негізінде Израиль мен Египеттің арасында 1979 жылы бейбіт шарт жасалынды, осыған сай Израиль өзі басып алған Синай түбегін Египетке қайтарды. Арабтардың өмірінде Палестина мәселесі маңызды орын алды. 1947 жылы қарашада БҰҰ оны екіге бөліп, бір бөлігінде еврейлердің (Израиль), екіншісінде арабтардың (Палестина) мемлекеттерін құру туралы шешім қабылдады. 1962 жылы Франция Алжирдегі соғысты тоқтатып, плебесцит өткізді. Оның нәтижесніде Алжир тәуелсіздігі мойындалды. Сөйтіп, күресте 1 мл-ға жуық азамат құрбан болған халық жеңіске жетті. Африканың қазіргі саяси картасында көптеген шекаралар түзу сызықпен көрсетілген, өйткені оларды өз кезегінде Еуропалық державалар дәстүрлі тайпааралық шекараларды ескерместен белгілеген. Мұның нәтижесінде тегі бір халықтар бірнеше мемлекеттерге бөлініп кеткендей, ал мемлекеттердің өздері әртүрлі тайпалардан немесе тілі әр түрлі топтардан қалыптасқандай. Осының бәрі ұлтаралық, дінаралық, аумақтық жанжалдар ондаған жылдарға созды, осының бәрі халыққа орасан зор нұқсан келтірді. Сабақтың барысы I Ұйымдастыру кезеңі: а) оқушылармен амандасу ә) оларды түгендеу б) оқу-құралдарын түгендеу в) назарын сабаққа аудару II Үй-тапсырмасын сұрау: I .Ой қозғау 1) Теңіз деңгейінен ең биік жері – Килиманджаро (5895м) 2) Теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жері – Ассаль көлі (-157м) 3) Ең үлкен көлі – Виктория (68000км²) 4) Ең ұзын өзені – Ніл (6671 км) 5) Су жинау алабына ең үлкен өзені – Конго (3820 мың км²) 6) Ең үлкен аралы – Мадагаскар (58704 мың км²) 7) Ең халқы көп елі – Нигерия (125млн) 8) Ұлттық табысы ең жоғарғы мемлекет – Оңт. Африка Респуб. 9) Солтүстік жарты шарда орналасқан тропиктік белдеуде дүние жүзіндегі ең ыстық, әрі құрғақ аймағы. 10) Ең кішкентай әсем құс – Колибри Салм. 2грамм. II. Ақпарат көзі: Оқушылар өздері жайында қысқаша слайд дайындап келіп, қорғайды • Суэц каналы • Египет пирамидасы • Виктория көлі • Тугела сарқырамасы • Африка пілі • Баобаб ағашы Жайында қысқаша слайд дайындап келіп, қорғайды III .Геологтар байқауы (ажыратып жазып, картадан көрсету) Замбези, Ніл,Египет, Суэц, Сахара, Жерорта, Атлант, Мадагаскар, Нигерия,Тунис, Конго,Виктория,Алжир,Атлас,Ливия,Гвинея, Замбия, Ливингстон, Саванна, Чад, Пигмейлер. ысалы: Гвинея – жылы ағыс. Жаңа сабақ: Аймағы Батыс Африка Құрамындағы елдер: Атлант мұхит жағалау бойындағы Кабо-Верде, Сенегал,Гамбия, СьерраЛеон, Либерия,гана, Того, Нигерия, Мали, Мавритания, Кот-дИвуар.Бенин Шығыс Африк Судан, Эритрел, Эфиопия, Джибути, Сомали,Уганда,Кения, Руанда,Бурунди,Танзания, Замбия, Малави. Оңтүстік Африка Конго, Замбези өзендерінен оңтүстікке қарай Намибия, Ботсвана, Зимбабве, Мозамбик, ОАР, Лесето, Мадагаскар елдері кіреді. Инсерт кестесі толтырылады. Жер бедері Аласа таулы үстіртті келеді. Гвинея шығанағы мен Сенегал ойпатты жазықтары ылғалды экваторлық ормандар алып жатыр. Пайдалы қазбасы, шаруашылығы Мұнай табиғи газ. Гвинеяалмас,алюминий. Гана,Либерия – алтын, Нигер – уран. Нигерия –мұнай, қалайы. Африканың ең биік бөлігі. Сондықтан жер сілкіну,жанартау атқылаулары толып тұрады. Аймақтыңжер бедерінде Эфиопия таулы қыраты мен Шығыс таулы үстіртті бар.Саванна басым. Хром мыс, вольфрам кездеседі. Эфиопия – кофе, тары,бидайдың отаны деп есептелінеді.Кениядашайдың түрлеріөсірілед.Судандақай шаруашылығы дамыған. Жердің көпшілігін ОА таулы үстірті алып жатыр. Қап, Айдаһар тауы бар.Калахари және Атлант мұхиты жағалайды. Намиб шөлі орналасқан. Алтын, алмас, хром, мыс, тас көмір, марганец бар. Таулы ауданында ангор ешкісі мен биязы жүнді қой өсіріледі. Білемін Білмеймі Мені таңқалдырд Мен үшін жаңа ақпарат Бағалау: а) жалпы сыныпты ә) жеке оқушыларды Үйге тапсырма: 1. Не үшін Африканы ең ыстық материк деп атайды? 2. Материктің ірі елдерінің астаналарын жатқа білу