Uploaded by Jako Akimjanova

file-9481 (1)

advertisement
7 тақырып. Қазақстандағы
отарлық дәуірінің басы. Қазақ
хандығының мемлекеттік
егемендігінен айрылуы
Оқытушы: PhD, «Тарих және
құқық кафедрасы», Абдикакимов
Мухтар Тыныштыкбекулы
17-18 ғасырлардағы тарихи жағдайды сол кездің
дуалы ауыз ақындарының бірі ауыз өлеңмен былай
бедерлейді:
«Былай барсаң Қоқан бар,
Қоқаңдаған әкең бар.
Былай барсаң Қалмақ бар,
Күшіңді еппен алмақ бар.
Былай барсаң Қытай бар,
Жапырағыңды бұтай бар.
Былай барсаң орыс бар,
Балаңды берсең қоныс бар»-
осы бір шумақ аясына сол кездің әскери-саяси
ахуалы ғана сыйып тұрған жоқ, сонымен бірге
қазақ даласына сұғын қадаған елдердің
басқыншылық пиғылдары айқын аңғарылады.
XVIII ғ. бірінші ширегіндегі қазақ-орыс
елшілік байланыстары
Қазақ хандығының Ресеймен белсенді араласуы XVIII ғасырға сәйкес
келеді. Ондай байланысқа екі жақ та мүдделі болды. Қазақтардың
билеушілері өздерінің солтүстіктегі көршісімен сауда-саттық байланысын
орнатуға көбірек мүдделілік танытты. Өйткені шығысындағы
Жоңғариямен әскери-саяси тұрғыда қарама-қарсылық болатын. Ресеймен
әскери одақ құру әрекеті алғаш рет XVIII ғасырдың бас кезінде жасалды.
1716 жылы Қайып хан Ресейге елші жіберіп, күшейген жоңғарларға қарсы
одақ құруды көздеді, кейінгі жылдарда да қазақ елшілері бірнеше рет
барып қайтты. Орыстармен әскери одақ құру әрекеттерін Кіші жүздің
ханы Әбілқайыр да жасап көрді. Алайда Ресей Швециямен болған ұзақ та
ауыр соғыстан кейін қазақ хандарының ұсынысына кұлық білдіре қойған
жоқ. Патша үкіметі Қазақстанды бірқатар себептерге байланысты
өзінің геосаяси ықпалына алуды көкседі. Өйткені Қазақстан жері ол
үшін Орта Азияға, Үндістанға, Ауғанстанға, Азияның басқа
да мемлекеттеріне әскери іс-әрекеттері одан әрі ілгері жылжытуға қолайлы
еді. Қазақстан сонымен қатар Ресей үшін зауыт-фабриқалары шығарған
өнімдерді өткізетін орасан зор рынок болып та саналатын. Бұл тұрғыдан
алып қарағанда, қазақ даласы келешекте Ресейге әр түрлі шикізат, жер
асты қазба байлық түрлерін, мал өнімдерін көптеп бере алатын бай
аймаққа айналуы тиіс еді. Ақырында, Ресей басқа да кез келген империя
сияқты номадтарды (жергілікті байырғы халықты) алым-салық төлеп
тұрудың қайнар көзі деп білді. Міне, осының бәрі де қордалана келіп,
Ресей
империясының
Қазақ
хандығымен
шекаралас
аймақтардағы дипломатиялық, барлау және әскери әрекеттер жүргізуіне
негізгі түрткі болған себептер еді.
Ресейдің Қазақ хандығына елшілік өкілдіктер
XVIII гасырдың бас кезінен-ақ Ресей Қазақ хандығына
елшілер жіберуді жиілете бастады. 1716 жылы қазақ
даласында Тобыл бояры Никита Белоусов, 1717 жылы —
Борис Брянцев пен Федор Жилин болып қайтты.
1719 жылы Колмаков, Урусов және Сомов бастаған
елшілік Зайсан көлі мен Қара Ертісті зерттеу үшін
жіберілді.
1713 және 1720 жылдары Жоңғарияға Иван Чередов
деген орыс елшісі барды.
1722 жылы — капитан Иван Унковский бастаған елшілік
келді. Іс жүзінде алғанда, бұл елшіліктердің бәрі де
Ресей
сауда-саттық,
одақтастық
қатынастардың
мәселелерін ретке келтірумен қатар Қазақ хандығын өз
қол астына қаратудың жолдарын да іздестірумен болды.
Патша үкіметінің ондай арам ниетті іс-әрекеттері қазақ
елінің билеушілері тарапынан қатты қарсылық тудырды.
Қазақ хандығының Ресеймен
келісімінің негізгі шарттары
• 1731 жылы императрица
Анна
Иоанновна
Кіші
жүздің қазақтарын Ресейдің
қол астына алу туралы
грамотаға (ресми құжатқа)
қол қойды. Бұл грамотаға
қол қою кезінде бірқатар
шарттар
қойылатыны
ескерілді.
• Біріншіден, Кіші жүз қазақтары Ресейге адал
қызмет етуге және башқұрттардың үлгісі
бойынша мұқият жасақ (салық) төлеп тұруға
міндетті болды.
• Екіншіден, Ресейдің қол астындағы өзге
халықтардың тарапынан қазақтарға шабуыл
жасауға тыйым салынуы тиіс болды.
• Үшіншіден, қазақтарға олардың жаулары
шабуыл жасай қалған жағдайда Ресей
қазақтарды қорғауға міндеттенді.
• Төртіншіден, Әбілқайыр хан Ресейдің қол
астындағы
халықтардан
алынған
тұтқындарды қайтаруы, ал қалмақтармен
және башқұрттармен тату-тәтті бейбіт
жағдайда өмір сүруі тиіс болды.
Алайда уақыт өте келе шарттардың бірдебіреуін екі жақтың да орындамағанын
көрсетті. Екі жақ та өздерінің пайдаларын
көздеумен болды.
Патша үкіметінің Қазақстанның ішкі
жағдайына араласуының одан әрі күшеюі
• Әбілқайыр Ресейдің қол астына өткеннен кейін
тап сондай әрекетке қазақтардың басқа да
бірқатар билеушілері бара бастады. Бейне бір
тізбекті реакция сияқты құбылыс пайда болды.
Оның үстіне, Ресейдің қол астына өткендерге
көпетеген ауыр міндеттер жүктелмеді.
• Патша үкіметі қазақтардың билеушілеріне ірі-ірі
сыйлықтар берді. Әрбір шекаралық бекініске
қазақтардың ақсүйектеріне «қолдау көрсету
үшін» едәуір мөлшерде ақшалай қаражат бөлінді.
• 1731 жылдың соңына қарай Орта жүздің ханы
Сәмеке Ресейдің қол астына өтті және оған адал
болуға ант қабылдады. 1733 жылы Ұлы жүз
тарапынан да Ресейдің құрамына кіруді сұраған
алғашқы әрекет жасалды. Алайда Ұлы жүздің
Ресей аумағынан алыс жатуы себепті 30жылдары ол Ресейдің құрамына ене алған жоқ.
Патша үкіметінің Орал шекаралық шебін нығайтуы және
жер дауының шиеленісуі
Қазақтарды өзінің қол астына алғаннан кейін патша үкіметі
бекіністер салуға қызу кірісті. Оның бұл әрекеті шекара
аймағындағы жер дауын бірден өршітіп жіберді.
• Біріншіден, XVIII ғасырдың 30—40-жылдарында әскери
бекіністері бар шекара шебі салынды, ол Жоғарғы Жайық
бекінісінен Звериноголовская бекінісіне дейінгі 770
шақырымға созылды.
• Екіншіден, патша үкіметі 1734 жылдан бастап қазақтардың
Жайық өзенінің оң жақ өңірінде көшіп-қонып жүруіне қатаң
тыйым салды.
• Үшіншіден, 1742 жылы патша үкіметі қазақтардың Жайық
өзеніне, Жайық қалашығына, сондай-ақ салынып жатқан
бекіністерге жақын келуінің өзіне қатаң тыйым салды.
Мұндай қатаң шектеулер мен тыйым салулар содан кейінгі
жылдарда да жалғаса берді. Мұның бәрі де көшпелі қазақтардың
көшпелі шаруашылықты жүргізуге кері әсерін беріп отырды.
Сөйтіп қазақтар салынып жатқан шекара шебіне дүркін-дүркін
шабуыл жасауды жиілетті.
Кіші жүз қазақтарының Ресейдің қол астына
өтуінің салдарлары
• Қазақ халқы бірте-бірте өз тәуелсіздігінен айырыла бастады.
Патша үкіметі хандар мен сұлтандарды уақыт өткен сайын
өзінің бір айтқанды екі етпейтін тәртіпті шенеуніктерге
айналдырып алды.
• Патша үкіметі Қазақ мемлекетінің аумақтық тұтастығын
бұзып, бірлігін ыдыратып, далалық шағын бекіністер салуды
үсті-үстіне үдете берді.
• Жайылымдық жерлердің тарылды. Жұт болған жылдары
қазақтардың мал басын аман сақтап қалуы үшін шекара
шебіндегі аймақтарға көшіп баруына рұқсат етілмеді.
• Қазақстанның Ресейдің ықпалына енуі кейінгі жылдары
қазақтардың
Орта
Азия
мемлекеттерімен
қарымқатынасының едәуір нашарлап кетуіне әкеп соқтырды. Хиуа
мен Бұхардың әскерлері Оңтүстік Қазақстанның қазақтарына
оқтын-оқтын жорық жасап тұрды, алым-салық төлетті.
Қазақстанның отарлана басталуы
 Орта жүзде хан билігін таратқаннан кейін патша үкіметі
«1822ж. Сібір қырғыздары туралы Жарғыға» сүйене
отырып, М.М. Сперанский ұсынған жаңа басқару жүйесін
енгізе бастады. «Жарғы» бойынша Орта және Кіші жүздің
бір бөлігі көшіп-қонған қазақ даласының аумағы енді
Сібір қырғыздарының облысы деп аталып жаңадан құрған
Батыс-Сібір генерал-губернаторы құрамына кірді.
 Өңірді отарлауды жеделдету мақсатында біртіндеп ресейлік
басқару жүйесі енгізілді, ол бірқатар көтерілістерге әкеп
соқтырды. Оның ішінде ең ірісі Абылай кезінде қазақ
мемлекеттілігін қалпына келтіруді өзінің мақсаты санаған
Кеңесары Қасымовтың басшылық етуімен болған
қозғалыс болып табылды.
 Оңтүстік Қазақстандағы қазақ руларының бір бөлігі ресейлік
бодандықты өз еріктерімен қабылдады. 1824 жылы мамырда
император Александр І Ұлы жүздің 14 сұлтанын қол
астына қабылдау туралы Грамотаны қабылдады. Алайда,
Оңтүстік Қазақстанның негізгі өңірлері Ресей империясының
ықпалынан тыс қалды.
XVIII ғасырдың 30 жылдарының басында Қазақстанды қосу
үрдісі тек қана XIX ғасырдың ортасында аяқталды және күрделі
қарама-қайшы процесс болып табылды. Қазақ жүздерін Ресейге
қосылуы әртүрлі ішкі және сыртқы саяси жағдайларға байланысты
жүргізілді. Кіші жүздің маңызды бөлігі, Орта жүздің кейбір
аудандары ресейлік бодандықты ерікті түрде қабылдады.
Патша әкімшілік-саяси реформа арқылы басқарудың дәстүрлі
жүйесін жойды, көшпенділерді құнарсыз жерлерге ығыстыра
отырып, қазақ өлкелеріне орыс қоныс аударушыларын орналастыру
үшін кең мүмкіндік ашты. Хандық билікті жойғаннан кейін Ресей
барлық салада дерлік отарлау саясатын кеңейтті.
Ресей империясының қазақ жеріндегі отарлау
саясаты
 Қазақстанды отарлаудың және Шу мен Талас алқаптарының
қазақтарына ресейлік ықпалды таратудың басты тірегі Верный
бекінісі (1853ж.) болды. Осы жерден орыс әскерлерінің Шу
анғары арқылы қоқандық бекіністері — Әулиеатаға, Шымкент
пен Ташкентке қарай әскери шабуылы басталды. 1863-1864
жылдары полковник М.Черняевтің әскерлері қоқандтык
бекіністер — Созақты, Шолаққорғанды, Әулиеата және
Шымкентті, ал патша офицері М.Веревкиннің жасақтары
Түркістанды күшпен басып алды. Сөйтіп империяға ШығысСібір мен Сырдария шептері қосылды. Ұлы жүзді Ресейдің жаулап
алуымен, жалпы Қазақстанды қосып алу осылай аяқталды.
ХАНДЫҚ БИЛІКТІҢ ЖОЙЫЛУЫ
1822 және 1824 жылдары патша
үкіметі Орта жүз бен Кіші
жүздегі хан билігін
жойды. Қазақтар өзінің
мемлекеттілігінен
осылайша айырылды
Сперанский М.М. (1772-1839)
Эссен П.К. (1772-1844)
Хан билігін жоюдың алғышарттары
Қазақ хандары дала тұрғындарының басым
көпшілігінің алдында өздерінің беделінен
айырылып қалды. Жергілікті байырғы халық
патша үкіметі тағайындаған хандарды баяғыдай
дербес
ел
басқарушылар
деп
емес,
көбінесе Ресей империясының кәдімгі көп
шенеуніктерінің бірі ғана деп қабылдады. Оның
үстіне, тап сондай дәрменсіз билеушілердің саны
да көбейіп бара жатты. Патша үкіметі әр жүздің
(Кіші жүз бен Орта жүздің) бұрыннан бар
хандарының қатарына жаңа хандарды қосып
отырды.
Мәселен,
1812
жылы
Кіші
жүздің Жайықтың оң жақ бетіндегі қазақтарға
Бөкей сұлтан өз алдына жеке хан болып шыға
келсе, 1815 жылы Орта жүзде Уәли ханмен қатар
және Бөкей сұлтан да хан болып тағайындалды.
• 1797 жылы қарт Айшуақты хан етіп бекіту
арқылы үкімет ықпалды сұлтандардың
билікке жету әрекеттерін тоқтатты.
• П.К.Эссен Кіші жүздің ханы Арғынғазының
күшеюінен қорқып, оны хан деп есептемеді.
• 1822
жылы
Орынбор
өлкесінің
губернаторы
П.К.Эссен
Ресей
астанасына
«Орынбор
қырғыздары
(қазақтары) жөніндегі жарғының» жобасын
жөнелтті.
• 1824 жылғы қабылданған «Орынбор
қазақтарының Жарғысы» бойынша кіші
жүздегі
өкімет
билігі
Орынбор
губернаторына
тікелей
бағынатын
басқарушы-сұлтандардың қолына көшті.
•1815 жылы екінші хан етіп Бөкейді
тағайындады.
•Бөкей хан 1817 жылы, Уәли хан 1819
жылы қайтыс болғаннан кейін Орта жүзге
хан тағайындалмады.
•1822 жылы Батыс Сібір генералгубернаторы М.М.Сперанский жасаған
және Ресей императоры I Александрдің
жарлығымен
бекітілген
«Сібір
қырғыздары
(қазақтары)
туралы
жарғы» күшіне енді.
Болыс сұлтандары мен ауыл старшындары әкімшілік,
шаруашылық және полицейлік қызметтерді қоса атқарды. Әр
округта аға сұлтан басқаратын Округтық приказ (мекеме)
құрылды. Оның құрамына облыстық басқарма бастығы
тағайындайтын ресейлік екі заседателъ және сайланып
қойылатын екі «құрметті қазақ» қатысуға тиісті болды. Ішкі
күзет Сібір казактарынан іріктелді.
Округтық приказдың негізгі міндеттері
округтағы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
халыққа білім беруге қамқорлық жасау;
тұрмыстық жағдайлар мен шаруашылық
жұмыстарын жақсарту;
қарақшылық тонауды, барымтаны және өкімет
билігіне бағынбау әрекеттеріне тыйым салу;
өз бетімен кетіп, озбырлық жасауға жол бермеу;
тергеуді және сот істерін әділ жүргізу;
діни наным-сенімдерге байланысты
проблемаларды шешу;
көпестер керуенінің жүріс-тұрысын бақылау
және олардың қауіпсіздігін камтамасыз ету;
жасақ (алым-салық) жинау, егін шаруашылығын дамытуға
да қамқорлық жасауы тиіс болды.
•
•
•
1817 жылы Жалайыр руының 66 мың адамы қоныстанған
аймақ Ресей құрамына алынды.
1824 жылы Ұлы жүздің 165 мың адамы Ресей билігін
қабылдады.
1825 жылы Жетісудың 50 мың адамдық Үйсін болыстары
өз жерлерінде Ресейлік округті ашуға келсім берді .
Оңтүстік Қазақстанда Ресей ықпалының күшеюінің кепілі:
• Әскери бекіністер салды (Ақтау, Алатау, Қапал (1847 ж.),
Сергиополь (Аягөз), Лепсі (1855 ж.)).
• Бекіністер Ресейдің Іле аймағын отарлауына қызмет етті.
• XIX ғасырдың 20-30 жылдары "Азия комитеті"
(Қазақстанды отарлауды жалғастыру мақсатында) кұрылды.
Ресей
Қоқан
Ұлы жүз
Оңтүстік
Қазақстан
Хиуа
Ұлы жүз халқына жан-жақтан
қысымшылық болды.
Ресей ұлы жүзді орта Азия елдерінен
азат ете отырып, бекіністерді өз
қарамағына қаратты
Бекіністер және жауланған аймақтар:
 1847 жылы Қапал бекінісіні
 1851 жылғы 7 шілдеде Таушүбек бекінісі
 1853 жылы Ақмешіт бекінісі Ресейдің қол астына
қаратылды
 1853 жылы Іле бекетін тұрғызды.
 1854 жылғы күзде Верный
 1859 жылы Қастек бекінісі
 1860 жылы 26 тамызда Тоқмақ
 1860 жылы 4 қырқүйекте Пішпек
 1860 жылғы 19-21 қазанда Ұзынағаш
 1864 жылғы көктемде Шу алқабын, Мерке,
Әулиеата, Түркістан
 1864 жылғы 22 қыркүйекте Шымкент
 1865 жылғы шілдеде Ташкент
 1866 жылы Бұхар хандығы
 1868 жылғы қаңтарда Қоқан хандығы
 1873 жылы Хиуа хандығы
1783—1797 жылдардағы Сырым Датұлы
бастаған Кіші жүздегі ұлт-азаттық қозғалыс
 Ресей империясының Кіші жүздегі отарлық саясаты тереңдеген сайын
өлкедегі саяси-экономикалық биліктің орыс әкімшілігі қолына шоғырлануы
да жылдам жүре бастады. Пугачев көтерілісі басып-жанышталғаннан
кейін 1775 жылы 25 шілдеден бастап «сезікті» деген кез келген Орынборға
келген қазақты тұтқындап, малын тартып алуға рұқсат берілді.
Себебі
Пугачев
бастаған
шаруалар
көтерілісі
кезінде
қазақтар 1756, 1771 жылдардағы жарлықпен санаспай, іс жүзінде Еділ мен
Жайықтың аралығындағы жайылымдарды пайдаланған еді.
 1782 жылғы жарлық бойынша қазақтардың Жайықтың оң жағалауындағы
аймақтарға қыс мезгілінде жайылымдық жерлерді жалға алу арқылы ғана
уақытша өтуіне рүқсат етілді. Орал казактары бұл жарлықты өз мүддесіне
пайдалана қойды - қазақтардың жерін қазақтардың жалға алуына тыйым
салынды. Орал шекара шебіндегі бекіністердің күзеті күшейтілді. Қазақтар
аманат беруге тиісті болды. Кіші жүз ханы Нұралы мен оның
туыстары билік құқын пайдаланып, шекаралық әкімшілік шенеуніктерімен,
қазақ-орыстармен бірігіп, қоныстарда халықты тонауға кірісті. Арғы бетке
өткен әрбір шаңырактан бір жылқы мен бір қой ақы алып тұрды. Орал әскер
басшылары ақы төлемегендерді тұтқынға алып отырды, малын тартып алды.
Мысалы, 1783 жылы қазақтар ішкі жаққа өткен қазақтардың 4 мың
жылқысын айдап әкетеді. Бұған жауап ретінде қазақтар редуттарға,
бекіністерге, форпосттарға шабуылға шықты. Осы кезеңнен бастап бас
көтерулер жаппай тұрақты сипат алды. Басты соққы Төменгі Орал шебі
мен Ор бекінісіне бағытталды.
Осы кезеңде арих сахнасына халық қозғалысының көшбасшысы ретінде
жастайынан шешендігімен, әділдігімен көзге түскен байбақты руының
басшысы Сырым Датұлы шықты. Ол ұрыстарда асқан ерлігімен халық
сүйіспеншілігіне бөленген батыр болатын. Оның қарамағында 2 мыңға жуық
түтін бар еді.
Нұралы хан және оның жақтастары Кіші жүздегі ықпалынан айырылып,
халықтан алыстай берді. Нұралы хан 70-жылдардың екінші жартысынан бастап
патша әкімшілігінің еркінен шықпайтын орыс шенеунігіне айналды.
Кіші
жүзде
қалыптасқан
саяси
ахуалды
бақылауды
билер
мен батырлардан тұратын Сырым бастаған топ өз қолына алмақ болды. Қазақ
халқының алдында өмірлік екі мәселені шешу міндеті тұрды:
а) ыдырап бара жатқан дәстүрлі қазақ мемлекеттілігін құтқару;
ә) жер мәселесін шешу.
Бұл екі мәселе бір-бірімен тығыз байланысты еді. Хан мен патша үкіметіне қарсы
осы өмірлік мәселелер халық бұқарасының қолдауын қамтамасыз етті,
қозғалысқа жалпыхалықтық сипат берді. С.Датұлын Кіші жүздегі қазақ
руларының барлығы дерлік қолдады. 1786 жылға қарай ол өз маңайына жеті
мыңдай
көтерілісшілерді
жинақтады.
Сырымға
байбақты, шекті, табын, шеркеш рулары қолдау көрсетті. Бұл рулардың
көпшілік бөлігі Нұралының басқаруындағы рулар болатын. Осылайша Нұралы
ханның билігі дағдарысқа ұшырады. Халық қозғалысының ауқымы Петербург
сарайы мен Симбирск және Уфа өлкелерінің билеушісі барон Отто
Игельстромға ой салды. Олар халық наразылығын пайдалана отырып, Кіші
жүздегі хандық билікті жоюды ойластыра бастады.
Уақытша ережелрдің енгізген өзгерістері
1. Аумақтық өзгерістер:
ІІ Александар патша 1867 ж. 11 шілдеде «Жетісу, Сырдария облыстарын басқару туралы», 1868 ж. 21
қазанда «Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы» уақытша ережелер жобасын бекітті.
«Уақытша ережелер» бойынша Қазақстан жері үш генерал-губернаторлыққа бағынды. Олар: Батыс-Сібір,
Орынбор, Түркістан.
• Батыс Сібір генерал-губернаторлығына – Ақмола, Семей, орталығы – Омбы қаласы;
• Орынбор генерал-губернаторлығына – Орал, Торғай, орталығы – Орынбор қаласы;
• Түркістан генерал-губернаторлығына – Жетісу, Сырдария облыстары кірді, орталығы – Ташкент қаласы.
1870 ж. Маңғыстау приставтығы – Кавказ әскери округына, 1872 ж. Бөкей ордасы – Астрахан губерниясына
қарады.
1867-1868 жж. ережелер бойынша бүкіл қазақ жерін қамтитын реформалар (аумақтық, басқару, сот, салық)
қазақ халқын саяси тәуелсіздіктен толық айырып, отарға айналдырды. Патша үкіметі қазақтарды
метрополиядан бөлек арнайы даярланған заңдар бойынша (1867-1868 жж.) басқарды. Қазақ қоғамындағы
барлық сословиелер (сұлтан, қожа, би т.б.) СЕЛО ТҰРҒЫНДАРЫНА ТЕҢЕСТІРІЛДІ.
•Патша үкіметі 1868 жылғы «Уақытша ережеде» қазақ жерін Ресей МЕМЛЕКЕТІНІҢ МЕНШІГІ деп
жариялады, сөйтіп қазақ халқын жер пайдалану құқынан айырды.
•Түтін салығы бұрынғы 1 сом 50 тиыннан 3 сомға көтерілді. Әртүрлі қажеттіліктерге жұмсау үшін «қара
шығын» деп аталатын қосымша салық салынды. 1867 – 1868 жж. реформалар бойынша қазақ халқы жылына
бір рет «түтін салығын» төлейтін еді. Оның мөлшері: Орынбор, Батыс Сібір генерал-губернаторлығындағы
қазақтар үшін 3 сом, Түркістан генерал-губернаторлығындағы қазақтар үшін 2 сом 75 тиын болып белгіленді.
Шыңғыс ұрпақтары салықтан босатылды.
XVIII ғасырдың алғашқы жартысында қазақ қоғамының онсыз да ауыр жағдайын солтүстікбатыстан —башқұрттар мен Еділ қалмақтары, солтүстіктен — Сібір қазақтары,
оңтүстіктен Қоқан және Хиуа хандықтары тарапынан төнген қауіп күрделендіре түсті.
Қазақ елінің халықаралық жағдайының шиеленісіне түсуі және ішкі ұлттық тұтастықтың болмауы
Әбілқайыр бастаған саяси топтың Ресей империясының үкіметімен жақындасуына жол ашты. Бұл
жағдай қазақ қоғамындағы саяси күштердің өзара алауыздығын тереңдете түсті.
Кіші жүзде өзара Әбілқайыр хан мен Батыр сұлтан билік жүргізсе, Орта жүзде Сәмеке мен
Күшік хандар ресми хан саналғанымен, Барақ пен Әбілмәмбет сұлтандар да дербес билікті
иемденді. Сәмеке мен Күшіктің билігі Ұлы жүздің бір бөлігіне де тарады. Ал Ұлы
жүздің қалған бөлігінде Жолбарыс ханның билігі сақталды. Патша үкіметі қазақ
билеушілерінің өзара алауыздығын шебер пайдаланып, әкімшілік және саяси шаралар арқылы
батыс аудандарды отарлауын жеделдетті. Кіші жүздің бірінші болып Ресейге қосылуы мұнда,
отарлық езгінің алғашқы ауыртпалығын да ала келді. Осыған байланысты Кіші жүз үнемі ұлтазаттық қозғалыстың ошағына айналды.
XVIII ғасырдағы қазақ қоғамындағы билеуші топтардың арасындағы алауыздық 1748 жылы
Әбілқайыр ханның өліміне әкелді. Бұл қазақ жүздерінің басын біріктіру мүмкіндігін әлсіретті.
Әбілқайыр ханның орнына келген Нұралы ханның билігі енді Орта жүзге жүрмеді. Тіпті Кіші
жүздің өзінде Әбілқайыр мұрагерлерінің жағдайы орнықты болмады. Нұралыны Кіші жүздің
рубасылары түгелдей мойындаған жоқ.
қосымша
қосымша
Жасақ (моңғ. засаг «билік»; тат. yasaq — заттай подат, башқ. яһаҡ
«подат, салық») – Ресейде XV - XX ғасырдың басында Сібір мен
Солтүстік халықтарынан заттай салық, негізінен бағалы аң терісі
арқылы. Негізінен мал шауашылығымен және аңшылық кәсіппен
айналысқан орыс емес халықтарға салынған. Жасақ алу XV – XVIII
ғасыларда Еділ бойында, XVII – XX ғасыларда Сібірде жүзеге асырылды.
Жасақ қазына есебіне бағалы аң терілерімен немесе малмен төленді.
Жасақ төлеу Ресейге бодандықтың бір белгісі болды. Ол әрбір тайпа мен
ру үшін жеке белгіленді. Жасақ Кунгур татарлары мен башқұрттар үшін
жер салығы, Сібірдің кейбір халықтары үшін жан басылық, сахалар
(якут) үшін мал басының санағына байланысты салынды. 18 ғасырдан
Жасақ ақшалай салықпен алмастырыла бастады (Еділ бойында 1720
жылдан, Сібірде 1822 жылдан кейін).
ТЕРМИН
қосымша
РЕСЕЙ ИМПЕРАТОРЛАРЫНЫҢ ТІЗІМІ:
•
Пётр I Великий (22 октября 1721 по 28 января 1725)
•
Екатерина I (28 января 1725 — 6 мая 1727)
•
Пётр II (6 мая 1727 — 19 января 1730)
•
Анна Иоанновна (4 февраля 1730 — 17 октября 1740)
•
Иван VI (17 октября 1740 — 25 ноября 1741)
•
Елизавета Петровна (25 ноября 1741 — 25 декабря 1761)
•
Пётр III (25 декабря 1761 — 28 июня 1762)
•
Екатерина II Великая (28 июня 1762 — 6 ноября 1796)
•
Павел I (6 ноября 1796 — 11 марта 1801)
•
Александр I (12 марта 1801 — 19 ноября 1825)
•
Николай I (19 ноября, фактически с 13 декабря 1825 — 18 февраля
1855)
•
Александр II (18 февраля 1855 — 1 марта 1881)
•
Александр III (1 марта 1881 — 20 октября 1894)
•
Николай II (20 октября 1894 — 2 марта 1917)
Әдебиеттер
• 1. Қазақстан тарихы Көне
заманнан бүгінге дейін. 4 томдық
3т.
• 2. Қосымбаев Ж.К. Кенесары
хан. А-1995. 1-2 тарау.
• 3. Сулейменов Б., Басин В.
Казахстан в составе России в
XVIII- XIX вв. А-1993. гл.2-3.
Назарларыңызға
рахмет
Download