Uploaded by Мектеп Көркем

2-4 сынып Оқу машығының көрсеткіштері

advertisement
2022 – 2023 оқу жылының 2-4 сынып оқушыларының І-ІІ тоқсандағы
оқу машықтарының салыстырмалы көрсеткішіне мәтіндік есеп.
1-сыныптарда оқушылырдың оқу техникасы 3-тоқсанда тексерілетіндіктен
арнайы бақылау жұмыстары жүргізілген жоқ. 2-4 сынып оқушыларының білім
деңгейін анықтап, кіріс және өткен тоқсанның қорытынды оқу машықтарының
нәтежиесін салыстырдық. Оқуға үйретуге қойылатын негізгі талаптар –
дауыстап, мәнерлеп және іштен оқуды меңгерту болып табылады. 2-4 сынып
мұғалімдері тұлғаның зейінін, қабылдауын, есте сақтауын және ойлау
қасиеттерін дамытудағы жасаған жұмыстарының нәтежиесін бақылау
барысында төмендегідей көрсеткіштер байқалады.
2-4 сыныптар бойынша оқушылардың жалпы оқу техникасы жақсы. 85%
дейін көптеген оқушылар жүгірте, түсініп оқып отыр.
2 «Ә» сыныпта барлығы 29 оқушы. Нормадан жоғары 12 оқушы, нормаға сай
13 оқушы, нормадан төмен 4 оқушы, сапа көрсеткіші 86% құрайды. Буындап
ежелеп оқитын оқушылар жоқ. І тоқсан мен ІІ тоқсанды салыстырғанда оқу
машығы 7 %-ға көтерілді.
2 «Ғ» сыныпта барлығы 30 оқушы. Нормадан жоғары 12 оқушы, нормаға сай
12 оқушы, нормадан төмен 6 оқушы, сапа көрсеткіші 80% құрайды. Буындап
ежелеп оқитын оқушылар жоқ. І тоқсан мен ІІ тоқсанды салыстырғанда оқу
машығы 9 %-ға көтерілді.
2 «Д» сыныпта барлығы 30 оқушы. Нормадан жоғары 7 оқушы, нормаға сай
18 оқушы, нормадан төмен 5 оқушы, сапа көрсеткіші 87% құрайды.
2 «Е» сыныпта барлығы 28 оқушы. Нормадан жоғары 8 оқушы, нормаға сай 16
оқушы, нормадан төмен 4 оқушы, сапа көрсеткіші 84% құрайды.
3 «Ә» сыныпта барлығы 25 оқушы. Нормадан жоғары 16 оқушы, нормаға сай
6 оқушы, нормадан төмен 3 оқушы, сапа көрсеткіші 88% құрайды. Есебаев
Ильяс тіл кемістігіне байланысты дұрыс оқымайды, қосымша логопед
мамандығымен қосымша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Дегенмен 5-8 сөзге
дейін қосып, біраз көтерілді.
3 «Д» сыныпта барлығы 27 оқушы. Нормадан жоғары 11 оқушы, нормаға сай
11 оқушы, нормадан төмен 5 оқушы, сапа көрсеткіші 81% құрайды. Мусаифов
Әлем мен Сағынтай Назарбек әлі өзгеріссіз, орыс тілді бала. Айтыкен
Ақансері, Әсет Аида 10-12 сөзге дейін қосып, біраз көтерілді.
3 «Е» сыныпта барлығы 25 оқушы. Нормадан жоғары 4 оқушы, нормаға сай 14
оқушы, нормадан төмен 7 оқушы, сапа көрсеткіші 76% құрайды. Буындап
ежелеп оқитын оқушылар жоқ. І тоқсан мен ІІ тоқсанды салыстырғанда оқу
машығы 4 %-ға көтерілді.
3 «Ж» сыныпта барлығы 23 оқушы. Нормадан жоғары 11 оқушы, нормаға сай
6 оқушы, нормадан төмен 6 оқушы, сапа көрсеткіші 76% құрайды. Искакова
Алуа әлі өзгеріссіз, орыс тілді бала. Дегенмен 10-12 сөзге дейін қосып, біраз
көтерілді.
4 «Ә» сыныпта барлығы 26 оқушы. Нормадан жоғары 10 оқушы, нормаға сай
11 оқушы, нормадан төмен 5 оқушы, сапа көрсеткіші 84% құрайды. Бекишев
Асқар денсаулығы төмен бала. Осы баламен жүргізіліп жатқан жұмыстар әрі
қарай жалғастырылуда.
4 «Д» сыныпта барлығы 25 оқушы. Нормадан жоғары 11 оқушы, нормаға сай
10 оқушы, нормадан төмен 4 оқушы, сапа көрсеткіші 84% құрайды. Қосымша
тапсырмалар арқасында нормадан жоғары оқушылар саны өсті. Сыныпта
барлық оқушылар оқығанын түсінеді, мазмұндап айта алады.
4 «Е» сыныпта барлығы 25 оқушы. Нормадан жоғары 12 оқушы, нормаға сай
9 оқушы, нормадан төмен 4 оқушы, сапа көрсеткіші 84% құрайды. Оқушылар
өздігінен жұмыс жасай алады.
Қорытынды: Екінші тоқсанда қосымша тапсырмалар арқасында нормадан
жоғары оқушылар саны өскен. Мәтінді оқу кезінде сөз мәніне, мағынасына
назар аудару, сөйлемдер арасындағы байланысты түсіну, сол арқылы мәтін
мағынасын түсініп, айтып беруге үйрету, сөйтіп түсініктерін біртіндеп
күрделендіру бағытында мәнерлеп оқуды жетілдіру мақсаты көзделген. Осы
жұмыстар үнемі қадағаланып отырған. Дегенмен қабілеттері әлі де толық
қалыптаспаған оқушылар кездесті. Қабілеттері әлі де толық қалыптаспаған
оқушылармен біраз жұмыстар әрі қарай жалғастырылуда.
Ұсыныстар:
1. оқу жылдамдығын көтеру мақсатында ата-аналарман жұмыс жасап,
кітапханадан кітаптар алып оқуды ұсыну;
2. оқыту үрдісінде дыбыстардың дұрыс айтылу артикуляциясына ерекше
мән беруді қолға алу.
Download