Uploaded by АЛМАТ МӘМБЕТ

заманауи теориялар дедлайн последний сұрақсыз

advertisement
Бақылау жұмысы
Орындаған: Жұмақан Назерке
Ғалымдар
Ральф
Дарендорф
Энтони
Гидденс
Теориялары
Конфликт үнемі орын алып отыратын және қашып құтыла
алмайтын құбылыс болып табылады. Дарендорф
еңбектерінде қоғамды үнемі өзгеріп отыратын жүйе деп
айтқан болатын және осы қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік
топтар мен класстар конфликт жағдайында болады деп
қарастырған болатын. Егер қоғамда ашық түрдегі немесе
латентті конфликттер болмайтын болса онда бұндай қоғам
дұрыс емес қоғам деп табылады. Қоғамда болатын
конфликтілер табиғи жолмен қалыптасады оған ешкім
әсер етіп оның алдын ала алмайды. Жалпы адамдардың
қызығушылықтарының бір біріне сәйкес келмей арада
конфликт болуы қалыпты жағдай оны негізінен билік
бақылай алады бірақ жойып жіберуге күші жетпейді деп
айтуға болады. Сонымен қатар Дарендорф теңсіздік пен
конфликт теориясын байланыстырып өткен болатын. Ол
класс деп белгілі бір жасырын мүдделер үшін біріккен
адамдар деп қарастырады және де бұл мүдделер билікке
қатысты сол себепті де класс үнемі конфликт жағдайында
болады деп айтқан. Бұл класстар арасындағы конфликт
дамудың негізі бірақ революцияға ұласып регрессияға
әкелмеуі үшін мемлекет тарапынан бақылауда болу керек
деген болатын. Бұл тұста айта кететін нәрсе Дарендорф
теңсіздіктің негізгі критерийі ретінде адамдардың билікке
деген қызығушылығы мен биліктегі мүмкіндерін
қарастырған. Сол себепті де класстар арасындағы
конфликтті қоғам дамуында аса маңызды орын алады.
Себебі дұрыс бақылау жүргізілген конфликт прогресске
әкелетіндігі белгілі .Сонымен қатар Дарендорф әлеуметтік
әлемнің суреті ретінде әртүрлі класстар мен топтар
арасындағы конфликтыны елестететіндігін айтқан
болатын.
Гидденстің
әлеуметтік
теңсіздікке
байланысты
структурация теориясы жаңа әрі ерекше ойлардың бірі.
Бұл жерде қарапайым әлеуметтік өмірде адамдардың
әлеуметтік теңсіздікті қалай қабылдайтынын және
тудыратындығына байланысты болып келеді. Ол
«Дамыған қоғамдардың класстық құрылымы» деген
еңбегінде алғаш рет структурация деген терминді енгізген
болатын. Оның теориясының негізгі идеясы ол әлеуметтік
теңсіздіктің құрылымы ретінде оның негізін құрайтын
әлеуметтік
агенттердің
өздерінің
қай
классқа
жататтындығы туралы өздері анықтауы деп айтуға болады.
Осы адамдардың өздерін бір классқа жатқызуы қоғамдағы
шынайы
әлеуметтік
топтар
мен
класстардың
қалыптасуына алып келеді деген жаңаша идея ұсынған
болатын. Сонымен қатар біз Гидденстің акторларды
әлеуметтік агент ретінде қарастырғанын көріп тұрмыз. Ол
бұдан бөлек дуальды құрылым ұғымын қолданған
болатын. Бұл жердегі дуальды құрылым дегеніміз адамдар
өз әркеттері арқылы қоғамды қалыптастырады және де осы
қоғам оның іс-әрекеттеріне белгілі бір шектеу қояды.
Сонымен қатар әрекет пен құрылымның бір бірімен тығыз
байланысты тіпті тәуелді деп қарастырған себебі осы
әлеуметтік әрекет арқылы құрылым қалыптасады.
Пьер Бурдье
Ол өзінің әлеуметтік стратификация теорисын бірқатар
әлеуметтік мәселелердің шешілуіне арнаған. Солардың
біреуі бұл әлеуметтік әрекет пен әлеуметтік құрылымның
бірегейлігіне қатысты. Гидденс секілді Бурдье де индивид
және актор сөздерінің орнына әлеуметтік агент сөзін
қолдануды ұсынған болатын. Көптеген басқа ғалымдар
секілді ол да өзінің теориясын классикалық теорияларды
сынаудан бастаған. Маркстың теориясын талдау
барысында бірқатар ойларын білдіреді. Біріншіден
практикаға қарағанда теоритикалық бөліміне көбірек мән
берілгенін айтады. Маркс класстарды үнемі әрі сөзсіз
бірліктегі шынайы топ ретінде қарастырған болатын. Тағы
бір қатесі ретінде әлеуметтік кеңістікті жалпы барлық
мәселені экономикалық тұрғыдан қарастыруын дұрыс
емес деп қарастырған болатын. Ал өзінің теориясын класс
деген ұғымды талдаудан бастады.Ол класс деген ұғымды
теориялық тұрғыдан белсенді адамдардан құралған топ
деп қарастыруды шындық емес иллюзия деп айтқан
болатын. Ол әлеуметтік ғылым теориясындағы класс
ұғымын «қағаздағы ғана топтар» деп айтып өткен болатын.
Бурдьенің айтуы бойынша қоғамда әртүрлі шынайы
класстарда болады деп айтқан болатын. Олардың басты
ерекшелігі әлеуметтік агенттердің әркеттері негізінде
үнемі ішкі байланыстардың болуы деп қарастырады.
Бурдье Маркс ұсынған класстық құрылым деген сөздің
орнына әлеуметтік кеңістік деген сөзді ұсынған болатын.
Сонымен қатар ол осы әлеуметтік кеңістікті
географиялықпен салыстырған болатын және әлеуметтік
агент әлеуметтік кеңістікте орын ауыстыра алады. Ісәрекет әлеуметтік кеңістікте адамның сол іске
қаншалықты тырысып күш салғанымен бағаланады. Яғни
осы әлеуметтік стратификацияда басты эквивалент ретінде
еңбек жұмсалған уақыт пен күш арқылы есептеледі.
Дуглас Норт
Роналд Коуз
Ол «Институттар, институттық өзгерістер және
экономиканың
функциялануы»
деген
еңбегінде
экономикадағы ұзақ жылдық дамудың негізгі факторлары
деген сұраққа жауап іздейді. Экономикалық өсудің
факторлары
ретінде
идеологияны,
саясатты,
институттарды
және
де
халықтың
орналасуын
қарастырған. Сонымен қатар ол нарықты өте күрделі және
тұрақсыз деп сипаттаған. Экономиканың дамуына әсер
ететін маңызды фактор деп институттар мен әртүрлі
ұйымдардың өзара әрекеттесуі себеп болады деген. Және
де норт АҚШтың 1860 жылға дейінгі дамуын
қарастырғанда экономиканың қарқынды дамуы үшін
саяси, әлеуметтік және идеологиялық факторлардың
технологиялық факторларға қарағанда маңыздырақ деп
айтқан болатын. Себебі бұл факторлар институттардың
өзгерісіне алып келеді ал институтардың өзгеруі
экономиканың дамуындағы басты факторлардың бірі.
Сонымен қатар ол өз жұмыстарында неге кейбір елдер өте
бай ал кейбірі өте кедей деген сұрақты да қарастырады.
Оның негізгі себебі инститтуттар экономикалық даму үшін
базалық негіз қалыптастырады сол арқылы адамдар
көптеген жылдар бойы экономикадағы дамуға тұрақты
әсер етеді деп қарастырған болатын. Яғни негізгі идеясы
бойынша экономикалық тұрақты даму институттармен
тығыз байланысты.
Ол транзакциялық шығындар туралы қарастырған
болатын. Жалпы транзакциялық шығындар дегеніміз
бірлескен жоспарлардың, келісім шарттардың және
шешімдердің тиімсіздігінен пайда болатын барлық шығын
түрлері болып табылады. Тразакциялық шығындардың
бірқатар түрлерін айтып өтуге болады мысалы ақпарат
іздеуге байланысты шығындар келісім шартқа отырмас
бұрын алдымен сатып алушылардың сұраныстары, өндіріс
факторлары және бағаға байланысты ақпарат жинақталады
және оған уақыт және де көптеген ресурс жұмсалады бірақ
нәтижесінде ақпарат толық болмай қалуы мүмкін бұл
шығын болып табылады. Бұдан бөлек келіссөз барысында
да шығын болуы мүмкін яғни шарттарды өою барысында
немесе келісім шартты рәсімдеу барысында қате кететін
болса онда бұл транзакциялық шығын деп қарастырамыз.
Сонымен қатар шығын өлшеуге байланысты болып
жатады кез келген тауардың белгілі бір сипаттамалары бар
және олардың кейде нақты өлшемдері болмайды және біз
интуицияға сүйніп өлшеп шығынға ұшырауымыз мүмкін.
Және де құқық қорғауға байланысты шығындар орын алуы
мүмкін яғни бұзылған құқықтарды ретке келтіру
мақсатында уақыт пен ресурс жұмсалады. Кездесетін тағы
бір шығын ретінде оппортунистік түрі яғни сіздін серігіңіз
өз пайдасын ғана әркет жасауы немесе қызметкердің
жұмыста бос жүріп міндеттерін орындамауы жиі
кездесетіншығындардың
бірі.
Соңғысы
шешім
қабылдаумен байланысты болатын шығындар болып
табылады.
Л.Болтански,
Л.Тевено
Download