Загрузил maksat.omarov18

Мемлекет қоғамның ең жоғары ұйымдастырылған институты ...

реклама
Мемлекет қоғамның ең
жоғары ұйымдастырылған
институты
Орындаған: Омаров Мақсат ТПГС 20-3*
Тексерген: Нуралина Б.А
Жоспар
1. Мемлекет ұғымы, пайда болуы, негізгі тұжырымдамалар;
2. Мемлекеттің пайда болуы теориялары
3. Мемлекет түрлері мен қызметі
4. Мемлекет саяси институт ретінде
5. Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет;
Мемлекет
 Мемлекет ұғымы екі мағынада қолданылады.
Біріншісі, «ел», «жұрт» деген мағынада тұтас
территориясы халқымен алып түсіндірілсе,
екіншісінде тек жоғарыда қолында билігі бар
басшылар тобын ғана айтады.
 Мемлекеттің белгілері:
•
Территория
•
Тәуелсіздік немесе егемендік
•
Мемлекеттік билік
•
Халық
•
Салық салу құқығы
Мемлекеттің пайда болуы туралы тұжырымдамалар
Қоғамдық келісім теориясы
 Т. Гоббс: Мемлекет әлеуметтік келіспеушіліктерді шешуге және
күш көрестуді легитимді қылдыру үшін құрылған.
 Дж. Локк: Мемлекет билікті шектеу мақсатында құрылған
Мемлекет түрлері мен қызметі
 Басқару түріне байланысты: монархия (абсолюттік, дуалистік және
конституциялық) және республика (президенттік, парламенттік және аралас).
 Мемлекеттік құрылымына байланысты: унитарлық (Польша, Франция, Турция,
Египет, Япония, Швеция), федеративтік (Россия, АҚШ) және конфедеративтік
болып бөлінеді.
 Діни белгісіне байланысты: зайырлы және діни болып бөлінсе, саяси
режимнің қалыптасуына байланысты демократиялық, авторитарлық және
тоталитарлық болып үшке бөлінеді.
 Негізгі приоритетті қызметіне байланысты: құқықтық және әлеуметтік деп
бөлеміз.
Мемлекет негізгі екі қызмет атқарады: ішкі
және сыртқы. Ішкі қызметіне жататындар:
 · экономикалық салады мемлекет кәсіпкер, жоспаршы, уйлестіруші ретінде
мәселелерді шешеді;
 · әлеуметтік өмірді ұйымдастырады;
 · заңдылықты қамтамасыз етеді;
 · мәдени-тәрбиелік салада жұмыс атқарады;
 · Сыртқы қызметіне жататындар:
 · мемлекеттің тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау;
 · өзін-өзі билеу, егемендігін сақтау;
 · ауқымды мәселелерді шешуге араласу;
 · басқа мемлекеттермен қарым-қатынас жасау;
Мемлекет саяси институт
ретінде
 Мемлекет саяси институт ретінде Мемлекет туралы мөселенің
саясаттанудың ең басты, орталық тақырыптардың санатына
жататындығы сөзсіз. Өйткені қоғамның саяси жүйесінде мемлекет
басты қызмет аткдратындықтан, саяси жүйенің тиімділігі оның ісәрекетіне елеулі дәрежеде тәуелді. Мемлекеттің жоғары
әлеуметтіксаяси әрекеттілігі, саяси жүйенің өзіндік ерекшеліктерінің
мемлекеттік органдар құрылымы мен функцияларында тікелей және
толықтай жүзеге асуы, саяси режимдердің мәні мемлекетті саяси
жүйенің мейлінше сипатты, көрнекті элементіне айналдырады.
Мемлекет саяси институт
ретінде
 Мемлекет жоғары нәтижелі құндылық әрі саяси еріктің жүзеге
асуының тиімді құралы ретінде барлық кезеңдердегі ойшылдардың
назарын өзіне аударды. Өркениет тарихында мемлекеттілікгің дамуы
үлкен дәрежеде толыққанды әрі проблематикалы және орасан зор
танымдық мәнге ие болуы себепті мемлекетгің пайда болуын зерттеу
кең тарихи негіздерге құрылуы керек. Мемлекет тарихы мәні мен
мазмұны бойынша ел тарихы, оның халқының тағдырының тарихы,
өйткені мемлекет — биліктік құрылымдардағы халық субъектілігі.
Осыған орай, халық қандай болса, мемлекеттік билік пен мемлекет
соған сай болады.
Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам
 Азаматтық қоғам дегеніміз - мемлекеттен өзін тәуелсіз сезінетін өндірушілер,
игілікті жасаушылар, өздерін өздері басқарып отыратын кәсіпкерлер,
кәсіподақтар, партиялар мен қозғалыстар, мәдени бірлестіктер, ғылыми
қоғамдар, отбасы және дін ұжымдарының жиынтығы болып табылады. Ол
мемлекеттің болат құрсауынан біртіндеп құтылып, жаңа әлеуметтік
қауымдасуға бет алады. Азаматтық қоғамда адамның мәртебесі биіктеп, мәні
арта түседі. Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін қызмет етеді.
Бүкіл әлеуметтік топтар, қауымдар заң жүзінде белгіленген құқықтар мен
мүмкіндіктергі ие болып, өз мүдделерін қорғауға мұрсат алады.
Ішкі қызметтеріне мыналар жатады:
а) экономикалық салада мемлекеттік кәсіпкер, жоспаршы, үйлестірушілер ретінде
мәселелерді шешеді. Экономиканы нарықпен қатар мемлекетте реттейді. Оны
мемлекеттік тапсырыс, салық, несие, экономикалық бағдарлама және т.б арқылы
жасайды.
Халық
шаруашылығының
әр
түрлі
салаларының
арасындағыбайланыстарды реттеуге, экономикалық интеграцияны өсіруге, ғылымитехникалық революцияның жетістіктерін енгізугет.б қатысады.
ә) Әлеуметтік өмірді ұйымдастырады. Халықтын әл-ауқатын, өмір деңгейін көтеру,
денсаулықты сақтау ісін жақсарту, тұрмыс қажетін өтеуді жетілдірумен т.б
айналысады.
Басқару түрі жоғарғы үкімет билігі қолында екендігін көрсетеді.
Соған байланысты мемлекет монархиялық және республикалық
болып екіге бөлінеді.
 Монархия деп мемлекеттен жоғары үкімет билігі жеке дара, бір билеушінің қолында
болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрін айтады. Оны хан, патша,
император, король деп айтуы мүмкін. Монархия өз кезегінде абсолюттік және
конституциялық бөліп екіге бөлінеді. Абсолюттік монархия деп жоғарғы үкімет
бүтіндей, тұтас, формальды түрдеде шектелместен бір адамның қолында тұрған
қоғамдық құрылысты айтады. Бұрынғы уақытта басқарудың мұндай түрі кең тараған,
соның ішнде Россияда да болатын. Қазіргі дамыған елдердің ешқайсында басқарудың
мұндай түрі жоқ. Конституциялық монархияда монархтың билігі белгілі дәрежеде
заң шығаратын билік - парламентпен шектеледі.
Республика
 Республика деп мемлекеттік биліктің барлық жоғарғы органдары белгілі бір уақытқа
сайланатын немесе өкілдік мекемелер арқылы қалыптасатын мемлекеттік
басқарудың түрін айтады. Республика парламенттік және президенттік болып екіге
бөлінеді. Президенттік басқаруда әдетте мемлекеттің де үкіметтің де басшысы
президент болып саналады. Оны парламет немесе халық сайлауы мүмкін. Егер
президентті парламент немесе соның негізінде құрылған коллегия сайласа, оны
парламеттік президент деп айтады. Ол салтанатты өкілдігі бар символдық қайраткер.
Парламенттік республика
 Парламенттік республика - бұл атқару билігінің сайлау арқылы және парламентті
сайлауда көпшілік дауысқа ие болуы негізінде қалыптасады. Осыған орай атқару
билігі парламентке тәуелді және өкіметке сенім білдіру нәтижесінде қалыптасады.
Саяси биліктің бұл формасы тұсында да елде президент болады. Ол мемлекеттің
басшысы болып табылады. Сол себепті ол атқару билігінің тетігінен ажыратылған.
Ол салықты белгілейді, бюджетті белгілейді, соттарды құрады, сауданы реттейді,
халықаралық келісім- шарттарды қабылдайды, соғыс аша алады. Президент
тағайындаған атқару органдарының басшылары парламентте талқылануы тиісті.
Унитарлық құрылыс
 Унитарлық құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекеттің ішінде өз
алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның жері, конституциялары бір
болады. Мемлекеттік биліктің органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы ондай
мемлекеттерге Греция, Италия, Қазақстан, Польша, Финляндия және т.б жатады.
Конфедерация
 Конфедерация деп өздерінің кейбір амал-әрекеттерін үйлестіріп, белгілі бір
мақсаттарды жүзеге асыру үшін бірлескен егеменді елдер одағын айтады. Онда
жалпы одақтық азаматтық немесе ол одаққа кірген мүшелердің бәріне міндетті заң
шығарушы билік болмайды. Оның алған шешімдері оған кірген мүшелердің
бекітуінен өтуі керек. Конфедерация өмірде сирек кездеседі. Мысалы ол 1848 жылға
дейін Швейцарияда, 1778-1787 жж Солтүстік Америка штаттарында, 1981-1989 жж
Сенегамбияда болды. Қазір конфедерацияға ұқсас құрылымды европалық одақ
құрмақ ойы бар.
Назарларыңызға рахмет
Скачать