Uploaded by MERCURY PUBG

Simple Vintage Illustration History Ancient Times Report Presentation (1) compressed (1)

advertisement
ҚР ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН
ТАБИҒИ АЙМАҚТАР
Орындаған: Оралбек Н. Копбаева А. Райынбек М.
Жоспар
Биосфералық қорықтар
Мемлекеттік табиғи қорықтар
Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар
Қорықшалар
КІРІСПЕ
Халық санының өсуіне байланысты барлық негізгі табиғи бірлестіктердің
бөліктерін бастапқы түрінде сақтап қалудың маңызы артып отыр.Тек адам қолымен
өзгертілмеген бірлестіктер болғанда ғана адамның жасаған өзгерістерінің
нәтижелері туралы қорытынды жасап,оларды болдырмауға мүмкіндік туады.
Табиғатты қорғаудың маңызды формаларының бірі – ерекше қорғауға алынған
территориялар. Осындай территориялардың түрлері көп: қорықтар, қорықшалар,
ұлттық және табиғат саябақтар,бақтар, биосфералық қорықтар.
Биосфералық қорықтар
Биосфералық қорықтар – дүние жүзіндегі кейбір ауқымды аймақтардың
табиғатын қорғау және оның байлықтарын сақтап қалу мақсатында
табиғат қорғау шараларын жүзеге асырудың халықаралық деңгейдегі
бағдарламасы. Оны биосфералық резерват деп те атайды.
Мемлекеттік табиғи қорықтары
Мемлекеттiк табиғи қорық — табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше
қорғалатын табиғи аумақ, оның қызметiнiң мақсаты өзiнiң аумағындағы табиғи процестер
мен құбылыстардың табиғи барысын, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi объектiлерiн,
өсiмдiктер мен жануарлардың жекелеген түрлерi мен қауымдастықтарын, әдеттегi және
бiрегей экологиялық жүйелердi сақтау мен зерделеу және оларды қалпына келтiру болып
табылады.
Қазақстанда қазіргі уақытта 10 қорық ұйымдастырылған. Қазақстандағы қорықтардың
барлық ауданы 1 610 973 га.
Мемлекеттiк ұлттық табиғи парк
Мемлекеттiк ұлттық табиғи парк — ерекше экологиялық, ғылыми, тарихимәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттiк табиғи-қорық
қорының бiрегей табиғи кешендерi мен объектiлерiнiң биологиялық және
ландшафтық саналуандығын сақтауға, оларды табиғат қорғау,
экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристiк және рекреациялық
мақсаттарда пайдалануға арналған табиғат қорғау және ғылыми мекеме
мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Қазақстанда қазіргі уақытта 14 ұлттық парк ұйымдастырылған
Мемлекеттiк ұлттық табиғи парк
Баянауыл - 1985 , 68 453 га.
Іле Алатау -1996, 199 703 га.
Алтынемел - 1996, 161 153 га.
Көкшетау -1996, 182 076 га.
Қарқаралы -1998, 112 120 га.
Бурабай -2000, 129 935 га.
Қатонқарағай - 2001, 643 477 га.
Шарын - 2004, 127 050 га.
Сайрам Өгем - 2006, 149 053 га.
Көлсай - көлдері 2007, 161 045 га.
Жоңғар Алатауы - 2010, 356 022 га.
Бұйратау- 2011, 88 968 га.
Тарбағатай - 2018, 143 550 га.
Ұлытау - 2021, 58 912 га.
СТАТИСТИКА
СТАТИСТИКА
Қорықша
Қорықша – жануарлардың, өсімдіктердің жеке түрлері, су, орман, жер нысандары қорғалатын
және табиғи ресурстары шектеулі түрде пайдаланылатын аумақ. Ол мемлекеттің табиғи қорық
қорының бір немесе бірнеше нысандарын сақтауға және толықтыруға арналады. Қорықша
жерінде шаруашылық жұмыстары шектеулі түрде жүргізіледі. Қорықшаның қорықтан
айырмашылығы онда бүкіл табиғат кешені емес, оның тек белгілі бір бөлігі ғана қорғалады.
МЫСАЛЫ
Қапшағай аңшылық қорық ш-нда дәрі-дәрмектік шөптерді жинауға тыйым
салынғанымен, аң аулауға рұқсат етіледі. Олар зоология, ботаника, гидрология,
геология, геоморфология, гидрогеология, топырақты, ландшафты және кешенді,
жергілікті және респ. мәндегі Қорықша болып бөлінеді. Онда белгіленген
тәртіппен ғылыми, мәдени-ағарту, үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі.
Қорықша түрлері
Қорықшалардың ерекшелігі - мұнда табиғат нысандарының тек жеке бөліктерін шаруашылыққа шектеп, белгілі
бір мерзімде және қорғауға алынған нысандарға зиян келтірмейтін мөлшерде ғана пайдалануға рұқсат
етіледі. Қазақстанда қазіргі уақытта жалпы ауданы 4600 мың га 80 қорықша бар. Олар қорғалатын
нысандарына байланысты геологиялық, ботаникалық, хайуанаттар қорықшалары т.б. деп бөлінеді.
Геологиялық
қорықшалар
Ботаникалық
қорықшалар
Хайуанаттар
қорықшалары
Геологиялық қорықшалар
ерекше, сирек
кездесетін геологиялық
түзілістері мен жер
бедерінің пішіндері бар
ландшафтыларды қамтиды.
Ботаникалық қорықшалар
өсімдік жамылғысының
ерекшелігіне қарай әр
зонаның ландшафтыларында
орналасқан. Мұнда флораны
сақтау және қалпына келтіру
жұмыстары жүргізіледі.
Хайуанаттар қорықшалары
жабайы жануарлар мен
құстардың миграциясы
жолдарында орналасқан
табиғат кешендерін қамтиды,
мұнда фаунаны толығымен
қорғау қолға алынған.
Қорықтар мен ұлттық
саябақтар неліктен маңызды?
Жоғарыда айтылғандардың барлығын ескере отырып, егер біз қорықтар жасамасақ, біз
флора мен фаунаның көптеген өкілдерінің жақсы бөлігін баяғыда жоғалтып алар едік,
өйткені біз өзіміз олардың өмір сүруінің табиғи тәртібін қаскүнемдікпен бұзамыз.
Олар түрлердің әртүрлілігін сақтауға көмектеседі;
Қауіпсіздік режимі су мен таза ауаның тазалығын қамтамасыз етеді;
Жергілікті табиғат болашақ ұрпақ үшін генетикалық материал ретінде қызмет етеді;
Оларсыз ғылымның дамуы мүмкін емес;
Бұл адамдар таза табиғатқа жақындай алатын жалғыз орындар;
Қорытынды
Қорыта келе,ерекше қорғалатын табиғи
аймақтар ел мәдениеті ушінде туризм
саласы үшін де өте маңызды екенін
айтқымыз келеді.Сондықтан да ЕҚТАның сақталуын,заң жүзінде бекітілген
шаралар бойынша жұмыс жасалуын
қадағалау керек деп ойлаймыз.
Thank you
Download