Uploaded by Hakerok

ОТЧЕТ ПО ПРАКТИКЕ 19 МАЯ 2022

advertisement
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті Шет тілдер факультеті
6B02303 «Шетел филология» мамандығының КАФ-33 тобының студенті
Жармаганбетова Толкын Сагинтаевнаның өндірістік іс-тәжірибесі бойынша
ЕСЕБІ
Мен, Жармаганбетова Толкын Сагинтаевна, 2022 жылдың 30
мамырынан 11 маусым аралығында шетел филологиясы кафедрасында
өндірістік іс-тәжірибесінен өттім. Өндірістік тәжірибе жоғарғы оқу орнының
студенттерінің орындауға міндетті болып табылатын, білікті және құзыретті
мамандарды даярлауда оқу процесінің ажырамас бөлігі. Өндірістік
тәжірибенің негізгі мақсаты студенттердің алған теориялық білімдерін
тәжірибеде сынауға, әрі нығайтуға, сонымен қатар оқу орындарының
өндіріспен байланысын жақсартуға ықпал етеді.
Аударманың мақсаты — тұпнұсқаның аударма тілге сай келмейтін
грамматикалық формаларын жеткізу. Бұл жерде басты шарттың бірі сол,
түпнұсқадағы грамматикалық формалардың өзгешелігі белгілі бір стильдік
қызмет атқару керек.Аударма араласпайтын, аударма қатыспайтын мәдени
өмірдің бірде-бір саласы жоқ. Аударма – тіл қызметінің бір түрі ретінде бір
тілде айтылған ойларды басқа тілдің құралдарымен соған сәйкестікте
altнемесе толық құндылықта беру процесі. Өндірістік практикасы кезінде
аудармашының міндеті:
аударма процессінің негізінде тілдік жүйелердің қандай ерекшеліктері мен
заңдылықтары жатқанын көрсету,аударма процесінің мүмкіндігінің шегін
анықтау;
- Аударманы лингвистикалық зерттеудің объектісі ретінде анықтау,оның
басқа тілдік арақатынастарды айырмашылығын көрсету;
- Аудармашылық қызметінің түрлерін топтастырудың негізін жасау;
- Оригинальдық мәтіндердің және аударманың қарым – қатынастық тең
құндылығы ретінде эквивалеттіліктің мәнін ашу;
- Аударма процесін оригинальдық мәтінді аударма мәтініне
ауыстырудағы аудармашының әрекеті ретінде ғылыми сипаттаудың
жалпы принциптерін жасау;
- Аударма процесінде прагматикалық және қоғамдық лингвистикалық
факторлардың әсерін ашу
Тәжірибе жетекшісіміз Ералинова Т.Е. практиканы қалай өту керектігін
түсіндіріп, қандай құжаттарды аудару керек екенін айтты. Мен «Приложение
6 Педагогикалық практика» деген құжатты ағылшын тіліне аудардым.Бұл
документте оқу жайында құжаттар болды.Мен үшін бұл жаңа тәжірибе.
Білмейтін сөздерді dictionary.cambridge.org, context.reverso.net сайттарынан
қарадым. Кейде аудару кезінде қиындық туындағанда, Deepl онлайн
аударманы қолдандым.
Қорытындылай келе, бұл тәжірибе одан әрі тәуелсіз қызмет үшін жақсы
практикалық тәжірибе болып табылады. Өткен тәжірибе барысында мен жаңа
қызықты фактілермен таныстым. Мен теориялық білімімді нығайттым, өз
мамандығыммен жақсырақ таныстым, сонымен қатар бұл тәжірибе менің
болашақ мансабымда жақсы қадам болады.
Download