7- сұрақ Линимент, крем Линимент (лат. linimentum) – сұйық жағылмалар - өзінің атауын латынша "linire" - ысқылау деген мағынаны білдіреді, яғни теріге ысқылау үшін қолданылады, сирек жағдайда тампон жəне таңу түрінде кездеседі.Кейінге дейін линименттер жеке арнайы дəрілік қалып ретінде саналды, олар дене температурасында еритін қоймалжың сұйықтық, құрамы бір немесе бірнеше дəрілік зат жəне негізден тұрады. Жіктелуі 1) Майлы-Дисперсиялық орта ретінде майлы майлар немесе майға ұқсас заттар (ланолин) қолданылады. Ең жиі қолданылатын күнбағыс, зығыр майлары. 2) Спиртовые-Олардың құрамында алкоголь немесе тұнбалар (көбінесе капсула тұнбалары), сондай-ақ әртүрлі дәрілік заттар бар. 3) Вазолименты-Олар вазелин майының болуымен сипатталады. Химиялық инерттілігі жоғары болғандықтан, олар сақтау кезінде өте тұрақты. 4) Мыльно спиртовые-Олардың құрамында дисперсиялық орта ретінде сабынның спирттік ерітінділері бар. Олар сұйық (құрамында калий сабыны болса) немесе қалың, гель тәрізді (нетрий сабыны болса) болуы мүмкін. Линимент ерітінділері-Бұл майлы майлардың эфир майларымен, хлороформмен, метилсалицилатпен, эфирмен, скипидармен мөлдір қоспалары, оларға тағайындалған еріткіштерде еритін заттар кіреді. 5) Суспензиялы линименттер-Бұл тағайындалған сұйықтықтарда ерімейтін ұнтақ тәрізді заттардың суспензиясы болып табылатын екі фазалы жүйелер. 6) Эмульсиялық линименттер-Бұл екі фазалы жүйелер, олар M/Bтипті эмульсия болуы мүмкін немесе B/M. Осыған мысал ретінде кремдерді жатқызсақ болады. Крем (француз тілінен crème – крем[1]) – судағы май немесе майдағы су эмульсиясы түріндегі дәрілік форма, жақпа түрі[2]. Көбінесе кремдер түрінде бет терісіне немесе дененің басқа бөліктеріне (қолдар, аяқтар) күтім жасау үшін косметика да шығарылады. Эмульсиялық линименттер эмульгаторлардың көмегімен дайындалады. Кейбір жағдайларда линименттер арнайы колбалар яғни бөтелкеде дайындалады, себебі эмульсия қабаты оңай пайда болады.Ал ұшқыш және иісті заттар соңынан қолданылады. Линимент-эмульсиялар, мысалы «кремдер» майлы майлардың сілтілермен немесе құрамында сабын ерітінділері бар қоспасынан тұрады. Эмульгатор не рецептте көрсетілген, не линименттерді құрайтын компоненттердің өзара әрекеттесуі нәтижесінде түзіледі. Мысалы, ол М/В типті эмульсия болып табылады линимент аммиакты немесе ұшқыш. 8-Тұнба, Қайнатпа 1)Тұнба Тұнба – қайнатпай тұндыратын биологиялық белсенді заттардың сулы ерітіндісі. Әдетте тұнбаны ұсақтап, майдаланып салынған өсімдіктен 10 есе көп су құю арқылы жасайды. Тұнба таза дәрілік қасиетке ие, ағзаға жақсы сіңеді әрі әсері тез, күшті болады. Тұнбаны суық сумен де, ыстық сумен де дайындайды. Суық сумен дайындау кезінде майдалап ыдысқа салынған өсімдіктікке қайнаған суық суды құю керек. 4-8 сағат тұндырады. Сосын тұнбаны дәкеден өткізіп барып ішеді. Ал ыстық сумен дайындау кезінде өсімдікке ыстық су құйып, 15-20 минуттай ыстық пештің үстіне қойып, суды қайнауға дейін жеткізбей дәкемен сүзіп алады. Тұнба алу немесе оны тұндыру химиялық технология мен анализ жасау ісіндегі ең көп тараған әдіс. Химиялық реакциялар кезінде түзілетін тұнбаны негізгі 4 топқа бөледі: күшті қышқылдың тұздары (AgCl, PbSO4, BaSO4); әлсіз қышқылдардың тұздары (HgS, AgS, BaCO3); бос қышқылдар (H2SіO3, H2WO4); үш құраушының әрекеттесуінен түзілетін (кешендік тұздар) тұнбалар. Тұнбаға түсетін бөлшектер пішініне байланысты кристалдық және аморфтық тұнба болып бөлінеді. Оларды тұндыру, сүзу, жуу, т.б. әдістер арқылы алады. Кристалдық тұнба суда жақсы еритін сұйытылған ыстық ерітінділерден алынады. Сондықтан оны тұндырғыштың артық мөлшерімен жуады. Аморфтық тұнба гидрофобты (металл сульфидтері) және гидрофильді (кремний қышқылы, алюминий гидроксиді, т.б.) болып бөлінеді. Аморфтық тұнба концентрлі және ыстық ерітінділерден алынып, тығыз әрі таза болады. Оларды еріп кетпес үшін электролиттермен жуады (мыс., аммоний нитратымен). Тұнбаның түзілуі және онымен байланысты т.б. процестерді өлшеу нефелометрия, турбидиметрия әдістеріне негізделген. 2) Қайнатпа Қайнатпа – өсімдікті қайнату арқылы алынған шипалы су. Қайнатпаны тоңазытқышта 3 тәулікке дейін сақтауға болады. Қайнатпаны қайта қайнатудың қажеті жоқ. Қайнатпаны дайындау үшін өсімдікті майдалап, ұсақтап ыдысқа салып үстіне қайнатылмаған су құю керек. Екі сағаттай тұнғаны жөн. Содан кейін отқа қойып, араластырып, 20-30 минуттай қайнату керек. Сосын қайнатылған суды дәкеден сығып өткізіп шөгіндіні лақтырып тастауға болады. Қайнатпа тұндырмаға қарағанда ағзаға жай сіңеді, бірақ әсері ұзаққа созылады. Өсімдікті қайнату кезінде кейбір пайдалы қасиеттері жоғалып не ұшып кетуі мүмкін. Қайнатпада негізгі дәрілік заттардың әсерін әлсірететін бөгде заттар көп болады. Сондықтан анда-санда адам ағзасына кері әсерін тигізуі мүмкін. Кейбір өсімдіктерді қайнатуға болмайды. Мәселен, ащы жусанды қайнатқаннан гөрі тұнба жасаған жөн. Әйтпесе қайнаған жусанның суы адамды құстыруы мүмкін. Тұнбаны өсімдіктің жапырағы мен гүлінен, сабағынан жасаса, қайнатпаны өсімдіктің тамыры мен қабығынан, тамырсабағынан жасайды. Тұнба мен қайнатпа тез бұзылады, сондықтан күнде дайындап тұрған жөн. Әсіресе, жаз кезінде керек. Салқын жерде 2-3 тәуліктен артық сақтамайды.