Uploaded by Zhansaya Lesbekova

ЛЕСБЕКОВА Терминальные состояние

advertisement
«С.Ж.Асфендияров атындағы Казақ ұлттық медицина университеті
» КЕАҚ
Тақырыбы : Терминальді жағдайлар. Өлім
сатылары
Орындаған:Лесбекова Жансая
Тобы: СТ-19001-1
Тексерген: Ахметов Досымжан Махмутұлы
АЛМАТЫ 2022
Жоспар
I.Кіріспе
II. Негізгі бөлім
а)Терминальді жағдайлардың сатылары,
клиникасы
ә) Диагностикасы
б) Науқастың ауырлық жағдайын
бағалау критерийлері
III.Өлім сатылары
IV.Қортынды
КІРІСПЕ
Терминалды жағдай (Ақтық жағдай) — өлім
мен өмір арасындағы жағдай, ағзаның өлім
халіндегі күйі. Бұл кезде әртүрлі
патологиялық процестердің әсерінен
гомеостазды қолдап отыратын әртүрлі
мүшелер мен жүйелердің үйлесімді өмірлікмаңызды қызметі бұзылады. Терминалды
жағдайларға алып келетін себептер әртүрлі
болып келеді: ауыр жарақаттар, жедел қан
жоғалту, жоғары және төмен температура
әсері, ауыр жедел интоксикация, коронарлы
қан айналым бұзылыстары т.б. терминалды
жағдайларда әр түрлі себептерге қарамастан
ағзада жалпы өзгерістер байқалады.
Терминальді
жағдайдың сатылары
• ПРЕАГОНИЯ
• АГОНИЯ
• КЛИНИКАЛЫҚ ӨЛІМ
ПРЕАГОНИЯ
• Жанталасуға дейінгі жағдай. Орталық
жүйке жүйесі қызметінің бұзылулары мен
гемодинамиканың бірден нашарлауымен
сипатталады. Науқастың есі әлі сақталған,
бірақ шатасқан, терісі боз немесе көгерген,
пульс жіп тәріздес, жүрек соғуы жылдам
(тахикардия). Артериялық қысым 80 мм
с.б. дейін төмендейді. Дем алысы
жиіленеді, үстірт болады. Көз рефлекстері
сақталады, көз қарашықтары тарылған,
жарыққа реакциясы әлсіз. Осы фазаның
ұзақтығы бірнеше минуттан бірнеше
тәулікке созылады.
АГОНИЯ
• жанталасу. Агония кезінде естің
болмауы мүмкін, бірақ емделуші естуі
мүмкін. Тері жамылғылары бозарады,
акроцианоз, бастың мәрмәр түсті
болуы немесе цианозы байқалады.
Пульс тек ірі (ұйқы) артерияларда ғана
анықталады, брадикардия. Тынысы
сирек, ырғақсыз, «тынысты жұтады»
(атоналды тыныс); Көз қарашықтары
кеңейген, жарыққа реакциясы әлсіз;
тырысулар, еріксіз зәр, нәжіс бөлінуі
мүмкін.
• Бұл кезең бірнеше минуттан бір неше
сағаттарға дейін созылады.
КЛИНИКАЛЫҚ ӨЛІМ
• бұл бірнеше уақыт аралығында ағзаның
басынан кешіретін жағдайы. Ол кезде
қан айналым және тыныс тоқтайды,
тіршіліктің, өмір сүрудің сыртқы
көріністері толық жоғалады, бірақ
гипоксияға сезімтал ұлпаларда әлі
қайтымсыз өзгерістер дамымайды. Бұл
өмір мен өлім арасындағы қысқа
уақытылы кезең.
Клиникалық өлімнің
белгілері:
Ұйқы артериясындағы
тамыр соғуының
болмауы.
Көз карашығының кеңеюі,
жарыққа реакциясының
болмауы.
Тыныс алудың тоқтауы немесе
агональды тыныс салу.
Естен тану.
Қоңыр-сұр түске ену.
Алғашқы үшеуі анық белгісі болып
табылады, бір секунд та тоспай,
реанимацияны бастау керек. Тыныс салу
мен қан айналымын дер кезінде
қалпына келтіру науқасты терминальды
күйден шығаруы мүмкін.
Терминальді жағдайдағы
ағзадағы өзгерістер
Бас ми қыртысы гипоксияға
(қан мен ұлпаларда оттегінің
жетіспеушілігі) өте сезімтал
болып келеді, сондықтан
терминалды жағдайларда
орталық жүйке жүйесі жоғары
бөлімі ми қыртысының қызметі
бұзылады, адам есін
жоғалтады. Егер гипоксия 3-6
минутқа дейін созылса, бас ми
қыртысындағы өзгерістер қайта
қалпына келмейді.
Ми қыртысы қызметінің
бұзылуымен қатар
қыртыс асты
құрылымдарының
қызметі бұзылады.
Тыныс алу және жүрек
қан тамыр орталығы
орналасқан сопақша ми
ең соңынан өледі. Бас
мидың қайтымсыз өлуі
дамиды.
Терминальді жағдайдағы ағзадағы
өзгерістер
Жүректің автоматизм қасиеті арқасында жүрек біраз уақытқа дейін жиырылуы мүмкін. Бірақ бұл жиырылулар әлсіз, нәтижелі емес, пульс
толымдылығы төмендейді, ол жіп тәріздес болады. Қан қысымы бірден төмендейді, соңынан анықталмайды. Сонымен жүректің жиырылу ырғағы
бұзылып, жүрек қызметі тоқтайды.
Терминалды жағдайлар кезіндегі үдемелі гипоксия және ми қызметінің бұзылыстары жүрек қан-тамыр жүйесі қызметінің бұзылуларына алып келеді.
Преагония кезінде жүректің айдау қызметі төмендейді. Ағзалардың, әсіресе мидың қанмен қамтамасыз етілуінің төмендеуі қайтымсыз өзгерістер
дамуын күшейтеді.
Терминалдық жағдайларда ағзада зат алмасуда өзгерістер байқалады. Олар тотығу процестерінің төмендеуімен, ағзада органикалық қышқылдардың
(сүт және пирожүзімді) және көмір қышқыл газының жиналуымен сипатталады. Нәтижесінде ағзада қышқылды-сілтілі тепе-теңдік бұзылып, ацидоз
дамиды. Ағза клиникалық өлім жағдайынан шыққаннан кейін алдымен жүрек қызметі, сосын тыныс алу, ал зат алмасу және қышқылды-сілтілі
жағдайдағы өзгерістер жойылған соң ғана бас ми қызметі қайта қалпына келуі мүмкін.
Гипоксияға бауыр мен бүйрек сезімтал, ұзақ гипоксия кезінде оларда да қайтымсыз өзгерістер байқалады.
Бас ми қызметінің қайта қалпына келуі біраз уақытқа созылады. Қысқа уақытты гипоксия және
клиникалық өлімнен кейін де ( 1 минуттан аз) сана ұзақ уақытқа жоғалуы мүмкін.
Белгілері:
көз қарашықтары
кеңейген, жарыққа
реакциясы болмайды;
• пульс
анықталма
йды;
тері жамылғылары
бозарған, суық, цианоз,
тамыр дақтары пайда
болады;
тыныс
тоқтайды
(апноэ);
ТЖ кезіндегі науқас жағдайын бағалау
критерийі
1.Ұйқы және сан артерияларындағы пульсты
бағалау;
2.Тыныстың бар жоқтығын анықтау.Ол үшін
дәрігер науқастың кеудесіне құлағын қойып,н/е
айнаны мұрнына,аузына жақындатып,және
пинцетпен жіп не мақта ұстап байқауға болады.
3.Науқастағы команы Глазго шкаласымен
анықтаймыз.
4.Қарашық рефлексін бағалау үшін қабақты ашып
қарашықты байқаймыз, одан соң қабақты
қайтадан бірден ашқанда қарашық өзгермесе
онда “қарашық” рефлексі теріс деген сөз.
Егер жоғарыда айтылған 4 белгінің біреуі
болса,тез арада реанимациялық шараны 1-4
минут ішінде
жүргізу керек.
Биологиялық өлім
• Адам ұзақ ауырып, оның
организміндегі тіршілікке маңызды
органдарында (мысалы, жүйке
жүйесінде, т.б.)қайтымсыз
өзгерістер байқалса, организмді
тірілтуге мүмкіндік болмайды. Бұл
кезде өлімнің биологиялық сатысы
басталады.
• Бірінші кезеңі зардап шегуші ес түсінен айырылмайды, халі нашар,
денесінің түсі бозарады, суық тер басады, сұраққа жауап бере
алмайды, тамырының соғуы жиі әлсіз, артериялық қысымның
көрсеткіштері төмендейді, ауырсынып жиі дем алады, жүректің
соғуы әлсірейді, көздің қарашықтары, өз қалпында жарыққа
тітіркенеді, алмасу процесстері организмде жүріп жатады. Бұл кезең
бірінші минуттан бірнеше минутқа созылады.
• Екінші кезеңде— зарап шегушінің ес-түсі бірде бар, бірде жоқ, халі
одан сайын нашарлайды, сұраққа жауап бермейді, терінің түсі және
кілегей қабықтары көкшіл тартады, денесі сүп суық, тамырлар
жіңішкеріп қылдай болып кетеді. Соққаны өте әлсіз, демі үстіртін,
артериялық қысым одан сайын төмендейді, алмасу проецесі
нашарлайды. Бұл кезең ұзаққа созылады.
• Үшінші кезеңде – зардап шегуші ес-түссіз, денесі сұр тартады, ұйқы
тамырының соғуы байқалмайды, демі жоқ, көздің қарашығы
үлкейеді, жарыққа мүлдем өзгермейді. Бұл кезең орташа алғанда 56 минутқа созылады.
• Биологиялық өлімнің белгілері:
• Дене температурасы қоршаған орта температурасына
дейін төмендейді;
• Мәйіт дақтарының пайда болуы, ол тері бетіндегі
көкшіл-күлгін дақтар.
• Мәйіт арқасымен жатқанда дақтар жауырын, бел,
жамбас аймақтарында, ал ішімен жатқанда- бет,
мойын, кеуде, іш аймағында пайда болады.
• Мәйіттің сіресуі. Бұл өлімнен 2-4 сағат өткеннен соң
дамитын биологиялық өлімнің күмәнсіз белгісі. Ол бет
бұлшықеттерінен басталып, дене бұлшықеттеріне,
кейіннен аяқтарға біртіндеп тарайды.
• «Мысық көзі» симптомының болуы — көзді басқанда
көз қарашығының формасы өзгеріп, мысық көзін еске
салады;
• Көздің мөлдір қабы майланып кебеді, көз алмасы
босаңсиды.
•
Назарларыңызға
рахмет
РЕСРУСЫ
• https://medkenes.kz/patfiz-entsiklopediya/reanimatsiyanypatofiziologiyaly-negizderi
• https://ppt-online.org/414195
Download