Uploaded by Асель Ерболова

Лекция №1. Ақпарат түсінігі.

advertisement
Ақпарат түсінігі.
Ақпарат айналуын кезеңдері.
Ақпараттық ақпаратты жіберу жүйелері.
Дәріс мақсаты: Ақпарат түсінігін оқу. Ақпарат айналуын
кезеңдерін талдау. Ақпаратты жіберу жүйелерін зерттеу.
Сұрақтар:
1.
2.
3.
4.
Ақпарат теориясының негізгі тапсырмаларын анықтау.
Байланыс жүйесі түсінігін анықтау.
Ақпарат жіберу сұлбасы құралған блоктар
Ақпарат қасиеттері
Ақпарат – нысан және оның қоршаған ортада пайда болуы туралы,
күнделікті тұрмыста және жұмыста ақпарат жүйелерінің қабылдайтын
параметрлері, қасиеттері мен жағдайлары туралы түсінік.
Бірдей хабарламалар да әртүрлі адамдар үшін – алған біліміне, түсіну
деңгейіне және алған хабарламаға қызығушылығына байланысты әртүрлі
ақпараттардан құралуы мүмкін.
Ақпарат бірнеше әртүрлі формада болуы мүмкін:
• мәтін түрінде, сурет, сызба, фотография;
• жарықтық немесе дыбыстық сигнал түрінде; р
• адиотолқын түрінде;
• электрлік және жүйке импульсі түрінде;
• магнитті жазба түрінде;
• ымдау және мимика түрінде.
Ақпарат қасиеті. Ақпарат оның сапалық белгілерін сипаттайтын
келесі қасиеттерге ие: шынайылық, толықтық, бағалылық, уақытылы,
түсініктілік, қолжетімділік, қысқалығы және т.б.
Егер істің айқын жағдайын бейнелейтін болса, ақпарат шынайы болады. Шынайы
емес ақпарат қате түсінікке немесе қате шешім қабылдауға әкелуі мүмкін. Шынайы
ақпарат уақыт өте келе қасиеті ескіріп, яғни айқын жағдайын бейнелей алмайтын
шынайы емес ақпаратқа айналуы мүмкін.
Егер оны түсіну және шешім қабылдау жеткілікті болса, ақпарат толық болады.
Толық емес ақпарат ақпарат артықшылығы сияқты шешім қабылдауды тежейді немесе
қателікке әкелуі мүмкін.
Ақпарат нақтылығы нысанның, үрдістің, пайда болудың, т.б. шын бейнесіне
жақындылығымен анықталады.
Ақпарат бағалылығы тапсырманы орындау маңыздылығымен, сондай-ақ жақын
арада адамның қандай да бір қызметінде қолданыс табуына тәуелді. Егер бағалы және
уақытылы ақпарат түсініксіз күйде бейнеленсе, ол пайдасыз болуы мүмкін.
Бірдей сұрақтарға ақпаратты қысқа мазмұндауға (детальдарсыз қысу) немесе
кеңейтуге (жан-жақты, көпсөзді) болады.
Ақпаратты жасауға, жіберуге, қабылдауға, қолдануға, есте сақтауға,
көшіруге, форматтауға, кеңейтуге, түрлендіруге, комбинациялауға,
өңдеуге, бөліктерге бөлуге, ықшамдауға, жинауға, сақтауға, іздеуге,
өлшеуге, бұзуға, т.б. болады.
Ақпаратты жіберу. Кез келген әрекет, кез келген жағдай ақпарат көзімен
жасалады. Ақпарат хабарлама түрінде кейбір ақпарат көзінен оны қабылдаушыға
арадағы байланыс арнасы арқылы жіберіледі. Ақпарат көзі жіберу сигналында
кодталатын хабарламаны жібереді. Бұл сигнал байланыс арнасы арқылы жіберіледі.
Нәтижесінде қабылдаушыға қабылданған хабарлама декодирленетін қабылдау
сигналы келеді. Ақпаратты жіберу байланыс арнасы арқылы бұрмалануды және
ақпарат жоғалтуды тудыратын бөгеттер әсеріне жиі ұшырайды.
Кез келген жағдай немесе әрекет әртүрлі, әртүрлі тәсілдермен, әртүрлі әріптермен
өрнектелуі мүмкін. Ақпаратты байланыс арнасы арқылы нақтырақ әрі үнемді жіберу
үшін оны сәйкесінше кодтау қажет.
Ақпарат материалды қолданушысыз, жіберу энергиясынсыз болуы мүмкін
емес.
Кодталған хабарлама сигнал-қолданушы ақпаратқа ие. Олар арна арқылы өтеді.
Қабылдаушыда шыққанда, ақпарат жалпыға түсінікті түрге келуі қажет.
Байланыс арнасы, байланыс жүйесі туралы айтқанда, мысал ретінде
телеграфты алады. Бірақ байланыс арнасы – әртүрлі көптеген жүйелерге ие кең
мағыналы түсінік. «Байланыс каналының» алуан түрлі ұғымы түсініктің болуы үшін,
бірнеше мысал келтіргеніміз жөн.
Сонымен қатар бұл шаманы хабарламаның орташа энтропиясы деп атайды.
шамасы дербес энтропия деп аталады.
Солай, өзінің екілiк логарифмдеріне көбейтілген i оқиғасының пайда болатын
салыстырмалы жиілік туындыларының теріс таңбалы қосындысы x оқиғасының
энтропиясы болып
табылады. Кездейсоқ оқиғаларға арналған анықтаманы
ықтималдықтарды үлестіру функциясына кеңейтуге болады.
Шеннон бойынша анықтау
Хабарлама
көзі
Қабылдау
құрылғысы
Жіберу
құрылғысы
Кедергі көзі
Сурет 1. Ақпарат берудің жалпы сұлбасы.
Қабылдаушы
Хабарлама – әр түрлі физикалық табиғаты бар сигналдың көмегімен ақпарат
көзінен хабарлама алушыға жіберуге арналған белгілі бір формадағы ақпарат.
Сигнал – параметрлері хабарламаны баламалы түрде суреттейтін кез-келген
физикалық процессті көрсететін ақпаратты материалды тасушы.
Физикалық
табиғаты бойынша сигналдар электрлік, акустикалық, оптикалық, электромагниттік
және т.б. болып бөлінеді.
Ақпаратты қорғау – мемлекеттік, қызметтік, коммерциялық, жеке құпияларды
сақтауға бағытталған және кез-келген түрдегі ақпаратты тасымалдаушыны сақтауға
арналған қызмет.
Бақылау сұрақтары:
1. Ақпараттық теорияның негізгі міндетін анықтау.
2. Байланыс жүйесі түсінігін анықтау.
3. Ақпаратты жіберу сұлбасы қандай блоктардан тұрады?
4. Ақпараттың қандай ерекшеліктерін білесіңдер?
Download