Uploaded by Айгуль Ниязбаева

Syllabus AES 2021унив

advertisement
1.ПӘН ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР:
Пән оқытушысы: Әлиева А.Ө., ardaknurbai @mail.ru, +77078409895; ID-659-716-2230
(12345)
1.1 ПӘННІҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ: Әлеуметтік-экономикалық статистика» курсы
студенттерге пәннің теориялық негіздерін, әдістерін қолдану арқылы әлеуметтікэкономикалық құбылыстар мен үдерістердің сандық өзгерістерін сапалық жағымен
байланыстыра отырып, талдау жүргізуді үйретуге мүмкіндік береді. Курс барысында
статистикалық зерттеу әдістерінің сипаттамалары, қағидалары мен оларды тәжірибеде
қолдану, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың даму заңдылығын бағалау, әлеуметтікэкономикалық процестің сандық, сапалық байланысын талдау; алынған есеп айырысу
негізінде тұжырымдау, статистикалық ақпаратты тұтынушыларға ұсыну, түсіндіру жолдары
қарастырылады.
1.2 ПӘННІҢ ПРЕКРЕКВИЗИТТЕРІ: экономикалық теория, менеджмент
1.3ПӘННІҢ ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ: ХҚЕС сәйкес бухгалтерлік есеп, аудиттің халықаралық
стандарттары
2. ББ МОДУЛЬДІК ОҚУ ЖОСПАРЫНАН КӨШІРМЕ
Курс
2
Семестр Дәріс
3
Практика/
семинар
15
30
Зертха
налық
ОСӨЖ
СӨЖ
Бақылау
формасы
-
25
80
емтихан
3. МОДУЛЬ БОЙЫНША ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
№
I
Аптаға сәйкес
орындалу мерзімі
1-модуль. Статистикалық зерттеудің бастапқы сатылары
Тақырыптар атауы
Дәріс
1.1.Әлеуметтік-экономиалық
статистиканың негіздері
1.2.
Халық
және
еңбек
ресурстарының статистикасы
1.3. Ұлттық байлық статистикасы
1.4. Өнім және қызметтер шығару
статистикасы
1.5.Шығын және аралық тұтыну
статистикасы
Практикалық
(семинар)
сабақтар
1.1.
Әлеуметтік-экономикалық
статистиканың негіздері
1.2. Халық статистикасы
Сағат саны
1
1-ші апта
2
2-ші апта
2
1
3-ші апта
4-ші апта
1
5-ші апта
2
1-ші апта
2
2-ші апта
1.3.
Еңбек
ресурстары
2
3-ші апта
статистикасы
1.4.
Ұлттық байлық, оның
2
4-ші апта
құрамы
1.5.
Негізгі капитал, айналым
2
5-ші апта
капиталы
1.6.
Шығындар,
олардың
2
6-шы апта
құрамы, негізгі көрсеткіштері
1.7.
Шығындарды
талдау,
2
7-ші апта
аралық тұтыну
1 модуль бойынша барлығы
21
Коллоквиум тапсыру
1 модуль бойынша бақылау
түрі
2-модуль. Талдаулық бөлім
Дәріс
2.1.Тауар, ақша айналымының
1
9-шы апта
статистикасы
2.2.Баға статистикасы
2
10-шы апта
2.3. Өндіріс
тиімділігі
1
11-ші апта
статистикасы
2.4. Ұлттық
есеп
жүйесі,
макроэкономикалық
көрсеткіштер
2.5. Халықтың тұрмыс деңгейі
Практикалық
(семинар)
сабақтар
2.1. Тауар
өндірі,
қызмет
көрсетудің статистикасы
2.2. Салалар, макроэкономикалық
өнім көрсеткіштері
2.3. Тауар
айналымының
статистикасы
2.4. Ақша
айналымының
статистикасы
2
12-ші апта
2
13-ші апта
2
8-ші апта
2
9-шы апта
2
10-шы апта
2
11-ші апта
2.5. Баға статистикасы
2
12-ші апта
тиімділігі
2
13-ші апта
жүйесі.
2
14-ші апта
2.8. Халықтың тұрмыс деңгейі
2
15-ші апта
2 модуль бойынша барлығы
2 модуль бойынша бақылау
түрі
БАРЛЫҒЫ
24
2.6. Өндіріс
статистикасы
2.7. Ұлттық
есеп
Макроэкономикалық
көрсеткіштер
Коллоквиум тапсыру
45
3. ПӘНДІ ОҚЫТУ МАҚСАТЫ: студенттерге Әлеуметтік-экономикалық статистиканың
теориясы мен практикасын таныстыру, студенттер қоғамдағы шаруашылық, әлеуметтікэкономикалық құбылыстар мен үдерістерді есепке алу мен зерттеу туралы білімді меңгеру,
нақты зерттеулер мен кәсіби жұмыстарда статистикалық әдістемені қолдана алу.
4. ПӘН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСАТЫН НЕГІЗГІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕР: статистикадағы
негізгі әлеуметтік-экономикалық білімдерді, ғылыми ұғымдарды игеру;
экономиканы мемлекеттік және басқа да деңгейде статистикалық ақпаратпен қамтамасыз
етудің, реттеудің мақсаты мен әдістерін, рөлін білу және түсіну, әлеуметтік-экономикалық
көрсеткіштерді өндей және түсіндіре алу;
6. ПӘНДІ ОҚЫТУ НӘТИЖЕЛЕРІ: Студент әлеуметтік-экономикалық статистиканың
жалпы негіздерін, статистикалық зерттеу әдістерінің жиынтығын, қағидалары мен оларды
макро және микро деңгейде тәжірибеде қолдануды; әлеуметтік-экономикалық жағдайдың
даму заңдылығын бағалауды, әлеуметтік-экономикалық процестің сандық, сапалық
байланысын талдауды; алынған есеп айырысу негізінде тұжырымдауды, статистикалық
ақпаратты тұтынушыларға ұсыну, түсіндіру жолдарын білуі тиіс.
Блум
Білу және
Қолдану
Талдау
Синтез
Бағалау
таксономиясы
түсіну
деңгейлері
статистикалық
нақты
статистика элементтерді қосу,
курс
Оқыту
терминдерді,
практикалық лық оқу жаңаша құрастыру- бойынша
нәтижелері
негізгі фактілер әлеуметтік- материалд
әлеуметтікматериалды
(ОН)
(МББ-ғы пәнге
және
экономикалық ар- ының
экономикалық,
ң маңызын,
сәйкес ОН
әлеуметтікжағдайлар
құрамдас
аналитикалық
қорытынды
көрсетілуі
экономикалық
мен
бөліктерін
баяндамалар,
лар
керек)
көрсеткіштер жағдаяттарда
жіктей
мәнжазбалар жазу, сәйкестігін
мағынасын
оқыған
білуі
жоспар құру
бағалау
білуі және
материалды
бағалай
түсінуі
қолдана білуі
білуі
ЕСКЕРТУ!
Блум таксомониясы деңгейлері білім алушының әр пән бойынша нақты іс-әрекеттерін
сипаттауы керек;
деңгейлер сипаттамасында пәннің мазмұнын ашатын ұғымдар қатысуы тиіс;
кестеде деңгейлер сипаттамасы мысал ретінде ұсынылды.
7. ПӘНДІ ӨТКІЗУ ФОРМАТЫ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР: ZOOM, YouTube
8. ОСӨЖ, СӨЖ кестесі:
№
ОСӨЖ / СӨЖ
тапсырмасы
(тақырыбы)
1
Халық
және
ресурстары
статистикасы
еңбек
2
Ұлттық
статистикасы
3
Негізгі
капитал,
айналым капиталы
4
Шығындар,
құрамы,
көрсеткіштері
5
Шығындарды
Аралық тұтыну
6
Тауар өндіру, қызмет
көрсетудің статистикасы
7
Макроэкономикадағы
өнім көрсеткіштері
8
Тауар
айналымының
статистикасы
Ақша
айналымының
статистикасы
байлық
олардың
негізгі
талдау.
9
Баға статистикасы
10
Өндіріс
статистикасы
тиімділігі
Тапсырма түрі
Сағат
саны
ОСӨЖ тапсырмалары
Берілген тақырыпқа
2
тезис жасау
Орындалу мерзімі
(апта күні мен уақыты
кестеге сәйкес)
Сәрсенбі, Бейсенбі
16.10-17.40
Берілген сұрақтарға
тезис жасау,
бағдарлама құру
Берілген сұрақтарға
тезис жасау, топтау
жүргізу
Берілген сұрақтарға
тезис жасау,
тапсырмалар орындау
Берілген сұрақтарға
тезис жасау,
тапсырмалар орындау
Берілген сұрақтарға
тезис жасау,
тапсырмалар орындау
Берілген сұрақтарға
тезис жасау,
тапсырмалар орындау
Берілген сұрақтарға
тезис жасау,
тапсырмалар орындау
4
Сәрсенбі, Бейсенбі
16.10-17.40
4
Сәрсенбі, Бейсенбі
16.10-17.40
2
Сәрсенбі, Бейсенбі
16.10-17.40
2
Сәрсенбі, Бейсенбі
16.10-17.40
2
Сәрсенбі, Бейсенбі
16.10-17.40
2
Сәрсенбі, Бейсенбі
16.10-17.40
4
Сәрсенбі, Бейсенбі
16.10-17.40
Берілген сұрақтарға
тезис жасау,
тапсырмалар орындау
Берілген сұрақтарға
тезис жасау,
тапсырмалар орындау
2
Сәрсенбі, Бейсенбі
16.10-17.40
2
Сәрсенбі, Бейсенбі
16.10-17.40
11
ҰШЖ,
макроэкономикалық
көрсеткіштер
статистикасы
12
Халықтың
тұрмыс
деңгейінің статистикасы
1
Халық
және
еңбек
ресурстары
статистикасы
Ұлттық
байлық
статистикасы
Негізгі
капитал,
айналым капиталы
Шығындар,
олардың
құрамы,
негізгі
көрсеткіштері
Шығындарды
талдау.
Аралық тұтыну
Тауар өндіру, қызмет
көрсетудің статистикасы
Макроэкономикадағы
өнім көрсеткіштері
Тауар
айналымының
статистикасы
Ақша
айналымының
статистикасы
Баға статистикасы
Өндіріс
тиімділігі
статистикасы
ҰШЖ,
макроэкономикалық
көрсеткіштер
статистикасы
Халықтың
тұрмыс
деңгейінің статистикасы
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
Берілген сұрақтарға
тезис жасау,
тапсырмалар орындау
2
Сәрсенбі, Бейсенбі
16.10-17.40
Берілген сұрақтарға
тезис жасау,
тапсырмалар орындау
СӨЖ тапсырмалары
Мәнжазба
2
Сәрсенбі, Бейсенбі
16.10-17.40
2
2 апта
Мәнжазба
4
3 апта
Берілген тақырыпқа
баяндама жасау
Мәнжазба
4
4, 5 апта
2
6,7 апта
Берілген тақырыпқа
баяндама жасау
Берілген тақырыпқа
баяндама жасау
Берілген тақырыпқа
баяндама жасау
Берілген тақырыпқа
баяндама жасау
2
8 апта
2
9, 10 апта
2
10, 11 апта
4
11 апта
Мәнжазба
Берілген тақырыпқа
баяндама жасау
Берілген тақырыпқа
баяндама жасау
Мәнжазба
2
2
12 апта
13 апта
2
14 апта
Мәнжазба
2
15 апта
9. КУРСТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
9.1 Дәрістер
Тақырыбы: ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ СТАТИСТИКАНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. Әлеуметтік-экономикалық статистика туралы негізгі түсініктер.
2. Әлеуметтік-экономикалық статистиканың пәні, әдістері, міндеттері.
3. Әлеуметтік-экономикалық статистикада қолданылатын негізгі жіктеулер мен
топтастырулар.
4. Әлеуметтік-экономикалық статистика пәнінің көрсеткіштер жүйесі.
Дәріс тезисі
Әлеуметтік-экономикалық статистика сапалы анықталған жалпы әлеуметтікэкономикалық құбылыстарды сандық жағынан зерттейді, олардың пропорцияларын,
экономикадағы және әлеуметтік сферадағы даму зандылықтарын көрсетеді. "Статистиканың"
қоғамдық дербес ғылым ретіндегі мақсаты – Қазақстан Республикасының дамуының
кешенді сандық сипаттамасымен қамтамасыз ету, нарықтық жағдайды бақылау, мемлекеттің
саяси жүйесіне ақпараттық негіз болу. Бақылау объектісі – барлық деңгейлердегі бұқаралық
әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестер: микродеңгейде – шаруашылық
субъектісі, үй шаруашылығы;мезодеңгейде – экономика саласы, экономика секторы, аймақ;
макродеңгейде – елдің тұтас экономикасы. Әлеуметгік-экономикалық статистикасының
теориялық негізі экономикалық теория және философия болып табылады. Экономикалық
теория қоғамның даму заңдылықтарын, олардың мәні мен шығу табиғатын анықтайды.
Диалектикалық тану әдісіне сәйкес, статистика қоғамдағы үздіксіз өзгерістер мен даму
қүбылыстарын, процестерді бір-бірімен тығыз байланыстыра отырып, тарихи оқиғалардың
тізбегіндегі нақты фактілерді жинақтап зерттейді.
Статистикада жалпы сандық ақпараттарды қолданғанда, бір жағынан, жалпы
заңдылықтарды сандық жағынан негіздеп, дәлелдерді немесе кейбір теориялық ұсыныстарды
терістейді, ал екінші жағынан, нарықтық экономикадағы жаңа қүбылыстарды, процестерді
дүрыс бағалап, экономикалық теорияны одан әрі дамытады. Осыдан әлеуметтік-экономикалық
статистиканың экономикалық теория, философия және өзге ғылымдармен байланысы
көрінеді: математика (жоғары математика, ықтималдықтар теориясы және т.б); салалық
экономика (қаржы, банк ісін ұйымдастыру, ауылшаруашылық экономикасы, өнеркәсіп
экономикасы және т.б), қоғамдық ілімдер (тарих, әлеуметтану, саясаттану, демография және
т.б) сияқты ғылымның басқа да түрлерімен өзара байланыстығын көруге болады.
Әлеуметтік-экономикалық статистика статистиканың жалпы теориясының әдістері мен
негізгі ережелеріне негізделеді.
Әлеуметтік-экономикалық статистика салалық статистикалармен де байланысады.
Олар жеке экономикалық салаларды, бөлімдерді (мысалы, демография) немесе
категорияларды (мысалы, бағаларды) зерттейді және макроэкономикалық көрсеткіштерді
(еңбек ресурстары, жалпы ішкі өнім және басқалар) есептеу үшін мәліметтерді
жинайды.Әлеуметтік-экономикалық статистика салалық статистикалармен де байланысты,
бухгалтерлік есеп пен статистика бойынша халықаралық стандартқа, Ұлттық Шоттар
Жүйесінің методологиясына негізделеді.
Халықаралық практикада Біріккен Ұлттар Ұйымының ҰШЖ (1993 жылғы нұсқасы),
яғни нарықтық экономиканың макростатистикалық ұлгісі пайдаланылады.Қазақстанда ұлттық
экономиканың ерекшелігі ескеріле отырып, ҰШЖ 1993 жылы қолданылды,
енгізілді.Қазақстанда ҰШЖ статистика тәжірибесіне енгізілуі статистикалық ақпараттарға
деген қажетті л і к т і қанағаттандыруға және халықаралық деңгейдегі макроэкономикалық
көрсеткіштердің салыстырмалылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Әлеуметтік-экономикалық статистикада қолданылатын негізгі жіктеулер мен
топтастырулар. Өнім, тауар, қызмет. Объект, субъект. Институционалдық бірлік.
Экономикалық өндіріс. Ішкі, ұлттық экономика. Экономика секторлары, салалары.
Экономикалық айналым (объект, субъект, операция). Экономикалық операция.
Статистика заңдылықтары оның көрсеткіштерімен анықталады. Статистикалық керсеткіш
— бұл барлық әлеуметтік-экономикалық категорияның нақты орны мен уақыты
шартындағы сандық өлшемі. Көрсеткіштер жүйесі статистикалық бағалау үшін қажет.
Қазақстанда, басқа да бұрынғы міндеттемелермен қоса, шаруашылық жүргізудің нарықтық
шарттарының статистика және есеп жетілдіру бойынша жаңа міндеттемелері анықталады.
Әдебиет: [1-5; 1-9; 1-3]
Өткізу форматы: дәріс, дәріс-презентация.
Тақырыбы: ХАЛЫҚ ЖӘНЕ ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫНЫҢ СТАТИСТИКАСЫ
Сағат саны 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. Халық: саны, құрамы.
2. Халықтың табиғи және көші-қон/миграция қозғалысының көрсеткіштері.
3. Еңбекке жарамды халық. Еңбек ресурстары мен жұмысбастылық статистикасы.
4. Экономикалық белсенді халықты сыныптау.
5. Жұмысбастылық деңгейін және жұмыссыздық деңгейін есептеу
Дәріс тезисі
Халық статистикасы ғылымы халық санының өзгерісін, оның даму заңдылықтарын
зерттейді. Халық санағын жүргізгенде халықтың екі негізгі категориясы анықталады: тұрақты
халық, нақты халық; олармен байланысты көмекші екі категория бар (уақытша келгендер;
уақытша кеткендер. Статистикада халықтың құрамын әртүрлі белгілер бойынша зерттейді.
Демографиялық белгілер; этникалық белгілері; әлеуметтік-экономикалық белгілер.
Халықтың табиғи қозғалысы деп туу, өлу үдерістері және соларға байланысты халық
санының өзгерісін айтады. Халықтың табиғи
қозғалысының абсолют шамаларында
туылғандар, өлгендер сандарының айырмасы да анықталады. Бұл айырма – халықтың табиғи
өсімі (∆т ). Қатысты шамаларға туу, өлу, табиғи өсім коэффициенттері жатады. Тұтас халық
үшін есептелген коэффициенттер жалпы коэффиценттер деп аталады. Ал халықтың бір
тобы үшін ғана есептелген коэффициенттер арнайы коэффициенттер деп аталады:
нәрестелер шетінеу коэффициенттері және т.б.Халықтың механикалық қозғалысы– көші-қон
үдерістері және соларға байланысты халық санының өзгерісі; осыған байланысты
көрсеткіштер абсолют және қатысты шамалар түрінде пайдаланылады. Миграцияның екі түрі
бар: ішкі және сыртқы.Миграция сальдосы – елді- мекендерге келушілер санымен сол елдімекеннен кетушілер санының айырмасы. Табиғи және миграциялық өсімдері негізінде
халықтың жалпы өсімін анықтайды.
Еңбек ресурстары – халықтың еңбек етуге жарамды бөлігі. Еңбек ресурстарының
құрамына экономикалық белсенді халық (жұмыс істейтіндер), еңбек жасындағы оқушылар
(күндізгі бөлімде оқитын студенттер) және экономикалық белсенді емес халық (еңбекке
жарамды жұмыс істемейтін және жұмыс іздемейтіндер) кіреді. Экономикалық тұрғыдан
белсенді халық (жұмыс күші) –қызметтер мен тауарлар өндіру үшін өз еңбегін ұсынатын
тұрғындардың бөлігі; экономикалық тұрғыдан еңжар халық – жұмыс күші құрамына
кірмейтін тұрғындар. Жұмыспен қамтылған халық (жалдамалы, өзбетінше жұмыспен
қамтылған халық): барлық тұрақты жұмыс істейтіндер, уақытша, мерзімді жұмыс істейтіндер
және бір кезеңдік жұмыс істейтіндер. Жұмыссыздар – ол еңбек жасындағы еңбекке жарамды
халық және республикада тұрақты тұратын халық, есепті мерзімде жұмыссыз болған, жұмыс
іздеп жүрген және белгілі бір уақытта жұмысқа кірісуге дайын болған. Жұмыссыздық
деректері демографиялық белгілер, білім, отбасы жағдайы т.б. белгілер негізінде өңделеді.
Еңбек ресурстарының абсолют шамалары және коэффициенттері қарастырылады. Бұл
мәліметтер кәсіпорындардың «Еңбек туралы есебінен» алынады.
Белгілі бір датадағы жұмысшылар санын есептеу үшін жұмысшының тізімдік құрамы
деп аталатын көрсеткіш пайдаланылады. Жұмысшылардың тізімдік құрамы берілген
кәсіпорынның барлық тұрақты,уақытша және мерзімдік жұмысшыларын қамтиды.
Жұмысшылардың орташа тізімдік саны айдың барлық күніндегі жұмысшының тізімдік
санының қосындысын айдағы календарлық күн санына бөлу арқылы анықталады. Жұмыс
күшінің қозғалысы көрсеткіштері. Жұмысқа келгендер, нақты жұмыс істегендер саны
қарастырылады. Жұмыс уақытының көрсеткіштері: күнтізбелік уақыт қоры, максималдымүмкін уақыт қоры, табельдік уақыт қоры.
Әдебиет: [1-5; 1-9; 1-3]
Өткізу форматы:дәріс, дәріс-презентация.
Тақырыбы: ҰЛТТЫҚ БАЙЛЫҚ СТАТИСТИКАСЫ
Сағат саны 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. Ұлттық байлық, оның активтерінің жіктелуі.
2. Негізгі капитал және оның бағалануы.
3. Негізгі капитал балансы.
4. Негізгі капитал көлемі, күйі, қозғалыс, пайдалану корсеткіштері.
5. Айналым капиталы, оның құрамы, өсіңкілігі, көлемі, пайдаланылу деңгейі.
Дәріс тезисі
1. Ұлттық байлық – қоғамдағы адам еңбегінің нәтижесінде жиналған материалдық
ресурстар, қаржы ресурстары және экономикалық айналымға қатысатын табиғи ресурстар
(пайдалы қазбалар, жер-су және биологиялық ресурстар) жатады. ҰБ-тың негізгі бөлігі болып
– ұлттық мүлік саналады, ол ұдайы өндіріс нәтижесінде жасалады. Ұлттық байлық
статистикасының негізгі мақсаты: ұлттық байлық көлеміне және құрамына сипаттама беру,
оның өсіңкілігін есептеу, ұлттық байлықтың тиімді пайдаланылуын бақылау және оның
құрамын анықтау, халық шаруашылығын жетілдіру үшін жаңа техника, технологияны
пайдалану және экономиканың кейбір салаларын инвестициялау, ұлттық байлық көрсеткіштер
жүйесін жетілдіру, ұлттық байлық туралы ақпаратты жинақтау және оның пайдаланылуын
қадағалау үшін статистикалық бақылау жүргізу.
Ұлттық байлық құрамы: қаржылық емес активтер, қаржылық активтер.
Негізгі капитал – таурлар және қызметтерді өндіру үшін қажетті экономикалық
активтер; осы материалды және материалды емес активтер сыртқы тұрі жалпы өзгермей
өндіріс процесінде бір жылдан артық уақыт қолданылады және өз құнын өнімге бірте-бірте
бөлшектеп өндірілетін өнімге аударады. ҰШЖ-де негізгі капиталға өндіріске толық не толық
емес дайын немесе пайдаланылып жатқан объектілер құны енеді. Негізгі қорлар – таурлар
және қызметтерді шығару үшін өндірілген материалды және материалды емес активтер; олар
кеңестік практикада пайдалануға толық дайын күйінде есепке алынған. Негізгі
қорларматериалды-заттай құрамы, өндіріс процесінде белсенді не пассивті қатысуы, меншік
наысандары, экономика салалары, өзге де белгілер тұрғысынан оқып танылады.
Негізгі құрал-жабдықтар – бұл дайын өнім (тауарлар, жұмыстар, қызметтер)өндіру не
жеткізу, не өзге ұйымдарға жалға берілетін немесе әкімдік мақсаттар үшін ұйым ұзақ (1
жылдан аса) пайдаланатын материалды активтер. Негізгі құрал-жабдықтардың материалдызаттай құрамы: тұрғын үйлер, басқа да үйлер мен ғимараттар; табыстау қондырғылары;
машиналар мен жабдықтар (жұмысшы және күш машиналары мен жабдықтары, өлшеу, реттеу
приборлар мен құрылғылары, лабораторлық жабдықтар,); көлік құралдары мен жабдықтары;
офистік жабдықтары мен есептеу техникасы; өсірілетін және егілетін биоактивтер, оның
ішінде малдар (ересек жұмысшы, асыл тұқымды, сүт, жүн беретін мал) және көпжылдық екпе
ағаштар; құрал-саймандар, өндірістік және шаруашылық жабдықтар және басқа да негізгі
құралдар-жабдықтар.
Материалдық емес негізгі қорлар: геологиялық барлау жұмыстар шығыны,
компьютерлік бағдарламамен қамсыздандыру, әдеби, көркем шығармалардың түп нұсқасы
және басқа да НК. Материалдық емес негізгі қорлар ақыл-ойлы меншік объектілер болып
табылады және оларды пайдалану иелік құқығымен шектеледі.
Қызмет ету мерзімінен және күйінен тәуелділікте негізгі капиталды бағалаудың келесі
түрлерін ажыратады: негізгі капиталдың бастапқы толық құны (БТҚ), негізгі капиталдың
тозуын ескергендегі құн немесе қалдық құн (ҚҚ), негізгі капиталдың толық қалпына келтіру
құны (ТҚКҚ), негізгі капиталдың тозуын ескергендегі қалпына келтіру құны (ҚКҚ), жойылу
құны. Негізгі капитал: балансы, көлемі, күйі, қозғалыс, пайдалану корсеткіштері. Айналым
капиталы, оның құрамы, өсіңкілігі, көлемі, пайдаланылу деңгейі.
Әдебиет: [1-5; 1-9; 1-3]
Өткізу форматы:дәріс, дәріс-презентация.
Тақырыбы: ШЫҒЫН ЖӘНЕ АРАЛЫҚ ТҰТЫНУ СТАТИСТИКАСЫ
Сағат саны 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. Тауар және қызмет өндірісіндегі және айналымдағы шығын статистикасы.
2. Өзіндік құн және оның калькуляциялық баптары.
3. Өнім өндіру, өткізудің шығындарын индекстік талдауы.
4. Тауар мен қызметті аралық тұтыну статистикасы
Дәріс тезисі
Өнімді өндіру және қызмет көрсету процестері белгілі бір жанды еңбек және өткендегі
еңбек шығындарымен байланысты. Яғни теория мен практикада өндіріс және айналыс
шығындары қарастырылады. Шығындар өндірілетін өнімнің бағасына, фирманың пайда
шамасына және бүкіл қоғамның табысына әсер етеді.
Натуралды-заттай формалы өнім өндіру үшін кеткен барлық шығын өндіріс шығыны
деп аталады Ал өнімді оның өндірілген жерінен тұтынушыға дейін жеткізу үшін кеткен
шыгын айналым шығындары деп аталады (сауда, көлік, байланыс және электр жарығы, еңбек
ақы шығындары. Өндіріс шығындарын түрлі белгілер тұрғысынан зерттейді. Өндіріс көлемі
өзгеруіне байланысты тұрақты, өзгермелі шығын; технологиялық процеске қатысты негізгі,
қосымша шығын; өндірілетін өнім түрлерінің арасында бөліну әдісінен тікелей, жанама
шығын қарастырылады. Экономикалық элементтер бойынша өндіріс шығындары былай
бөлінеді: материалдық шығындар; еңбекке төлеу шығындары; әлеуметтік сақтандыру
шығындары; амортизация; басқа да шығындар. Материалдық шығындар құрамы
калькуляциялық
баптарда
қарастырылады
және
аралық
тұтыну
сипаттамаларындабейнеленеді. Еңбекке төлеу шығындары – бұл кәсіпорынның (ұйымның)
жұмыс күшіне арналған еңбек шығындары. Оларға жалдамалы қызметкерлер жасаған жұмысы
үшін ақшалай және заттай нысандағы төлемдер және жұмыс берушінің өз қызметкерлерінің
пайдасына арналған қосымша шығындары жатады. Халықаралық стандартты сыныптамасына
сәйкес жұмыс күші шығындары құрамында 10 топ шығындарын ажыратады. Экономиқалық
элементтер бойынша топтауда шығындардың құрамдас бөліктері, олардың үлес салмақтары,
нақты
элементтің
өзгелерден
асып
тұрғаны
анықталады.
Осындай
ақпарат
макроэкономикалық көрсеткіштерді есептеуде, және т.б. мақсаттарда қажет болады.
Экономиқалық элементтермен қатар, өндіріс шығындары калькуляциялық баптар
арқылы зерттеледі. Калькуляциялық баптар құрамы мынадай болады: 1) шикізат, материалдар,
сатып алынатын бұйымдар мен жартылай өнімдер; 2) сырт жердегі фирмалардың өндірістік
сипаттағы қызметтері; 3) Өнімді шығаруға тікелей қатысатын қызметкерлердің еңбегіне төлеу
шығыны; 4) Әлеуметтік сақтандыруға аударымдары; 5) Машиналар мен жабдықтардың
сервисі мен пайдалануға арналған шығындары; 6) жалпы өндірістік шығындар – 1-5 дейін
жиыны; ақауларға байланысты жоғалулары. Өндірістік өзіндік құн (6 минус 7); Өткізу
шығындары/ өндірістен тыс шығындар. Толық өзіндік құн (8+9) – бұл өндірістік өзіндік құн
және өнімді буып-түю, сақтау, тасымалдау, сату шығындары.
Аралық тұтыну шығындары – бұл өндіруші резиденттердің тауар өндіру, қызмет
көрсету үшін есепті мерзімде жұмсаған барлық өнімдерінің құны. Аралық тұтыну
шығындарының құрамына негізгі қордың тозуы кірмейді. Аралық тұтыну шығындары
қурамы: резидент бірлігінің өзінің өнімін өндіру үшін және қызмет көрсету
үшін
шығындалған өнімдер мен материалдық қызметтер, кәсіпорын және ұйымдардың өндіріс
үшін және өзінің жұмыскерлері ушін жасалатын шығындар, резидент бірлігінің материал
емес шыгындары. Аралық тұтынуға арналған тауарлар және қызметтер сатып алушының
бағаларында бағаланады. Тауарлардың аралық тұтынуы сатып алу сәтінде емес, оларды
өндіріс процесінде тұтыну сәтіндегі сатып алушы бағасында бағаланады.
Әдебиет: [1-5; 1-9; 1-3]
Өткізу форматы: дәріс, дәріс-презентация.
Тақырыбы: ӨНІМ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕР ШЫҒАРУ СТАТИСТИКАСЫ
Сағат саны 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. Өндірілген өнім, оның дайын болу сатылары, құндық және натуралдық өлшем бірліктерімен
бағалануы. 2. Тауар және қызмет, оның құрамдас элементтерінің жалпы шығарылымы. 3.
Салалардағы өнім. 4. Макроэкономикадағы өнім көрсеткіштері.
Дәріс тезисі
Жалпы шығарылған өнім шаруашылық бірліктерінің іс-әрекеті нәтижесінің көрсеткіші.
Өндірілген өнімнің мөлшерін анықтау материалдық және қаржы ресурстарын дұрыс
пайдалану үшін қажет. Өнім өндіру нәтижесі статистикасының негізгі міндеттері.
1. Өндірілген өнім көлемін есептеу. Оған талдау жасау.
2. Өнімнің физикалық көлемінің динамикасын зерттеу.
3. Өндірілген өнімнің құндық көрсеткіштерін жөндеу және талдау әдістерін реттеу.
4. Өндірілген өнімнің деңгейін және оңың жоспарын анықтау.
5. Ассортимент және құрастыру деңгейіне қарай өнім көлемін анықтау.
6. Өнімнің және көрсетілген қызметтің ақау деңгейін және оның динамикасына талдау жасау.
Өнім дегеніміз – еңбектің, материалдың және басқа да факторларды пайдалану
нәтижесінің көрсеткіші. Өнім дегеніміз - өндіріс іс-әрекеті нәтижесі, оның материалдық,
заттай формалары бар және натуралды бірлік бойынша есептелетін материалдық игілік.
Қызмет - бұл да еңбек көрсету нәтижесі. Қызмет материалдық немесе өндірістік және
материалдық емес сипаттағы болып екіге бөлінеді. Қызмет көлемі міндетті түрде ақшалай
өлшем бірлігімен өлшенеді. Материалдық сипаттағы өлшем дегеніміз - өнімнің қасиетін аз
мөлшерде өзгертетін сәйкесінше оның құнын көбейтетін және өндірілген өнімді тұтынушыға
жеткізетін шығын мөлшерін айтады. Материалдық емес сипаттағы қызметтер жеке тұлғаның,
коллективтің немесе қоғам қажеттілігін қанағаттандыратын іс-әрекет. Оған жататындар
жалпы экономиканы байланыстыру қызметі, қорғаныс қызметі, қаржы медицина, сақтандыру,
білім беру, тұрғын-үй шаруашылығы қызметі жатады. Ақы төлеміне қарай қызметтер
нарықтық және нарықтық емес болып екіге бөлінеді. Өнім өндіру және материалдық
қызметтер міндетті түрде ақылы болады. Ал материалдық емес қызметтер ақылы қызметтер
де, ақысыз қызметтерде көрсетілуі мүмкін.
Өнім және қызмет өндірісінің нәтижесін оқып үйрене отырып, статистика мынадай
шешімдерді шешеді. Өнім және қызмет өндірісінің есептеу әдісін өңдейді және олардың
ақшалай өлшем бірлік жүйесін жетілдіреді, әртүрлі салалардың көлемін және құрамын
анықтайды, өнімнің құндық көрсеткіштер жүйесін анықтайды, оларға талдау жасайды,
өнімнің физикалық көлемінің динамикасына және жоспар орындау деңгейіне сипаттама
береді, өндірілген өнімді ассортимент бойынша анықтайды және оның жоспар орындау
деңгейін анықтайды, өнімнің және жұмыстың сапасын оқып-үйретеді. Оның ішінде өндіріс
ақауының деңгейін және динамикасын анықтайды.
Дайын болу деңгейіне қерай өнеркәсіп өнімдері төмендегідей түрлеріне бөлінеді:
дайын бұйымдар, сол кәсіпорынның өндіріс процесінен толық өткен және техникалық
байқаудан өткен және тұтынуға дайын деген құжаты бар өнім, жартылай фабрикаттар
кәсіпорынның бір цехының жөндеуден толық өткен, сол цехтың техникалық өндеуінен өткен,
бірақ басқа цехтың өндеуін қажет ететін бұйым, аяқталмаған өндіріс кәсіпорынның бір
цехының өндеуден толық өтпеген және осы цехтың байқауынан өтпеген бұйым.
Саудада шығарылымды анықтау үшін бөлшек және көтерме сауда көрсеткіштері
пайдаланылады. Саланың дәл нәтижесін жалпы қосылған құн көрсеткішімен сипаттайды.
Әдебиет: [1-5; 1-9; 1-3]
Өткізу форматы:дәріс, дәріс-презентация.
Тақырыбы: ТАУАР, АҚША АЙНАЛЫМЫНЫҢ СТАТИСТИКАСЫ
Сағат саны 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. Тауарлы айналысы және оның көрсеткіштер жүйесі.
2. Көтерме, бөлшек, биржалық сауда, тауар қозғалысының көрсеткіштері оларды есептеудің
және талдаудыңәдістемелері.
3. Айналыстағы ақшаның жалпы массасы және ақшалай агрегаттар.
4. Ақша массасының айналу жылдамдығы.
5. Ақпарат көздері.
Дәріс тезисі
Тауар айналымы статистикасының пәні – тауардың өндірушіден тұтынушыға өтудің
немесе оның ақшадан ауысуының жалпы процесі болып табылады. Тауардың бір иеліктен
бірнеше иелікке өту саны – тауар қозғалысының буындылығы/звенолығы деп аталады. Тауар
қозғалысына қатысатын, қызметін көрсететін органдардың жиынтығы тауар қозғалысының
арнасы/каналы деп аталады. Тауар қозғалысына қатысушылар санына төмендегілер әсер етеді:
сұраныс пен ұсыныс аралығындағы байланыс, тауардың физикалық ерекшелігі, көтерме және
тұтыну нарығы, жалпы нарықтағы жағдай.
Тауар айналымы аясы/сферасындағы негізгі тауарлық ұғым – тауар айналымы. Тауар
айналымы сатылған және сатып алынған тауардың құндық өлшемі. ТА статистикасының
негізгі мақсаты – ТА туралы ақпарат жинақтау және өңдеу; ТА көлемі оның жеке өнімдерінің
жинақталуы мен сатылуы туралы ақпараттарына талдау жасау, тауар қозғалысының
кезендеріне, оның буындылығына, тауардың қалыптасуына, оның пайдалануына баға беру
және талдау; ТА көлеміне оның тауарлық құрылымына, оны ассортиментіне талдау жасау;
ТА-ның динамикасына талдау жасау, адам басына шаққандағы тауар айналымы көлеміне
талдау жасау, тұтыну құрылымына және сатып алу процесіне талдау жасау, ТА-ның дамуына
әсер ететін факторларды, себептерді анықтау.
ТА-мы тауар массасының көлемін сипаттау үшін, сауда кәсіпорынның қызмет көлемін
анықтау үшін, олардың ақшалай түсімдерінің көлемін анықтау үшін, тауар сатып алушы және
тауар массасының тұтынушылардың ақшалай шығындары көлемін анықтау үшін қажет. ТА
көлемі 2 фактордың әсері арқылы көрсетіледі: сатылған тауар көлемі немесе саны (q) және
сатылған бір тауардың бағасы (p). TА=p*q. Мемлекеттің, кез-келген экономика салаларының
ТА сол салаға кіретін кәсіпорындар, фирмалардың ТА соммасы арқылы есептеледі.
Сатылған тауардың нақты көлемін анықтау үшін таза тауар айналымы көрсеткіші
есептеледі. Ол тауардың түпкілікті сатылу құнын сипаттайды. Таза ТА қайта есептеу
процесіне артылған тауардың түпкілікті сатылу құнының көрсеткіші. Бір таурдың нарықта
қанша рет сату процесіне түскенін тауар қозғалысының буындылық коэффиценті арқылы
есептеуге болады немесе ол қайта сату саны деп аталады (ЖТА/ТТА).Тауардың қоры–
тауардың анықталған бөлігінің нарықта тұрақты бар болуы. Талдауда тауар қорының
орташасы да алынады. Қор сыйымдылығы – ТҚ/ТА, ТА бірлігіне қанша ТҚ келетінін
көрсетеді.Тауардың қорымен ТА-ның қамтамасыз етілуі тауарлардың қорына жететін сауда
күндерінің санын сипаттайды. Ол тауардың бір анықталған түрінің орташа тауар қорының осы
тауардың бір күндік ТА-ның қатынасына тең. А) ТА-ның жылдамдығы/ айналымның саны:
С=ТА(Q)/ТҚорташа; тауарлардың бір айналымының уақыты (күн): Y = ТҚорташа / ТАбір күндік .
Ақша айналымы – ақшаның айналымдағы қозғалысы, оның айналым және төлем
құралы ретінде қызмет етуі. АА-ның объективтік заңы төмендегідей: тауарлар бағасының
айналыстағы жиынтығы аттас ақша бірліктерінің айналым саны қатынасына байланысты.
Дәлірек айтқанда, айналымдағы ақша аумағы тауарлар бағасы мен аттас ақша бірліктерінің
айналым саны арқылы анықталады. АА мен ТА арасында тығыз байланыс бар, біріншісі
екіншісіне тікелей тәуелді. АА теңелген (?) сайын шаруашылықты дамытуға қажетті ақша
массасы азая түседі.
Ақша базасы (Б) ҚРҰБ-мен белгіленген ақшалар. Құрамына қолма-қол ақшалар (ҰБ-тік
емес) және ҰБ-тің міндетті резервтері/депозиттері кіреді. Және ҰБ-тен тыс қолма-қол
ақшалар, екінші деңгейдегі банктердің депозиттері, ҚР-ның басқа ұйымдарының депозиттері
жатады. Ақша массасы (М) – шаруышылық айналымына қызмет көрсететін мемлекет
экономикасында бырлығы мойындаған төлем қаражаттарының жиынтығының көлемі (М3).
Оның өлшемдері болып өтімділік деңгейі бойынша ақша жіктелуін көрсететін агрегаттар
табылады (М1, М2, М3). Ақша мультипликаторы: m=M / Б, ақша массасы динамикасын
бақылау үшін, экономикаға коммерц.банктердің несиелік салымдарының көлемдеріне талдау
жүргізу үшін пайдаланылады.
Әдебиет: [1-5; 1-9; 1-3]
Өткізу форматы:дәріс, дәріс-презентация.
Тақырыбы: БАҒА СТАТИСТИКАСЫ
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. Баға статистикасының көрсеткіштер жүйесі мен міндеттері.
2. Тұтыну бағасының индексі (ТБИ): ТБИ индекстерінің жүйелері; ТБИ есептеу тәртібі.
3. Өндірушілердің баға индексі: жүйесі, есептеу тәртібі.
Дәріс тезисі
Бағалар, олардың құралу және өзгеруінің процестері өзімен статистикалық
зерттеулердің пәнін көрсетеді. Баға статистикасы – нарық статистикасына және әлеуметтікэкономикалық статистикаға олардың құрама бөлігі ретінде кіретін жеке бөлім/блок. Баға
бойынша ақпараттардың екі қайнар көзі белгілі. Біріншісі, тұтыну нарығындағы тарифтердің,
бағаларының өзгеруін қадағалау. Екіншісі, халықтың тұтынуын, шығындары мен табыстарын
таңдамалы статистикалық зерттеулердің бір түрі ретінде бюджеттік зерттеу. Осы қайнар
көздердің негізінде негізгі тұтыну тауарлары мен қызметтерін тұрақты жиынтық бойынша
тұтыну бағаларының индексі/ТБИ (кейде өмір құнының индексі деп аталады) есептеледі. Көп
елдер үшін есептеу әдісі бірдей болып келеді. ТБИ халықаралық салыстыруларын жүргізуге
көмектеседі. ТБИ – халықтың жеке тұтыну үшін сатып алған тауарлар мен қызметтердің
тіркелген тізбесі бойынша бағалардың орташа деңгейінің әр уақыттағы өзгерісін сипаттайтын
салыстырмалы көрсеткіш. Инфляцияның жалпыға бірдей танылған кқрсеткіші ретінде ТБИ
мемлекеттің қаржылық, салықтық, бюджеттік және әлеуметтік саясатында әлеуметтікэкономикалық көріністер серпінін зерттеу, экономикадағы баға үрдістерін алдын ала болжау,
талдау, ұлттық валюта бағамын нақты реттеу кезінде пайдалануға болады. Тұтыну
нарығындағы тауарлар, қызметтерге бағалар мен тарифтер деңгейін тіркеу іріктемелі
статистикалық байқау қағидаларына негізделеді және сауда объектілерінің, тауарлар,
қызметтердің, олардың әртүрлілігіннің те бір бөлігін қамтиды. Баға ақпараттарын жинау
тауарлар тікелей өткізетін орындарда зерттеу күні салықты қоса жүргізіледі.
Өнеркәсіп өнімдеріне өндірушінің бағасы ҚҚС, акциздердің, өзге де жанама
салықтардың, сауданың, үстеме баға, жеткізушілердің т.б. шығындарынсыз, «кәсіпорын
қақпасынан» шыққан кездегі өндірілген өнім бірлігінің бағасы болып келеді.
Әдебиет: [1-5; 1-9; 1-3]
Өткізу форматы:дәріс, дәріс-презентация.
Тақырыбы: ӨНДІРІС ТИІМДІЛІГІ СТАТИСТИКАСЫ.
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1.Қоғамдықөндіріс тиімділігінің көрсеткіштер жүйесі мен міндеттері.
2. Қоғамдықөндіріс тиімділігі талдауының негізгі бағыттары.
3. Қоғамдық өндіріс тиімділігінің жеке факторларын талдау.
Дәріс тезисі
Өндіріс нәтижелерінің тиімділік көрсеткіштері экономикалық қызмет нәтижесінің
шығын немесе ресурстарға қатынасы түрінде есептеледі. Бұған еңбек өнімділігі, капитал
қайтарымы, материал сыйымдылығы, өнім бірлігінің өзіндік құны және т.б көрсеткіштер
жатады. Экономикалық қызмет нәтижелері, олар, шығару, жалпы қосылған құн, жалпы ішкі
өнім, жалпы ұлттық табыс, жалпы пайда.Аталған көрсеткіштерден басқа экономикалық
қызмет нәтижелерінің тиімділігі көрсеткіштеріне басқа да тиімділік коэффициенттері
жатады:өндірісте тұтынылған құралдарды қолдану тиімділігі коэффициенті (Таза қосылған
құн/ аралық тұтыну + негізгі капиталды тұтыну); өндірістегі ақылы еңбекті
қолдану
жалдамалы немесе қолданбалы еңбекті пайдалану дәрежесінің тиімділігі коэффициенті
(жалпы пайда+өндірістегі басқа таза салықтар /жалдамалы жұмыскерлердің еңбекақысы); К
ұлттық экономиканың тиімділігі коэффициенті (Таза пайда/ өндіріс шығындары); еңбек
өнімділігі коэффициенті (ЖІӨ немесе ЖӨ /Т( жұмыс істеушілердің орташа саны).
Жұмыссыздықтың әсерінен болатын өнімнің шығынын статистика былай анықтайды:
∆ Ж.Қ.Қ. жұмыссыздық = W* Ж (Ж – жұмыссыздар саны, ∆ Ж.Қ.Қ. жұмыссыздық –
жұмыссыздықтың әсерінен болатын жалпы қосылған құнның шығыны, W – еңбек өнімділігі.
Экономикалық қызмет нәтижелерінің тиімділігін факторлық талдау.Еңбек өнімділігін
факторлық талдау. Еңбек өнімділігі, өз кезегінде, еңбектің капиталмен және капитал
қайтарымымен сипатталатын материалдық техникалық қамсыздандырылуына тәуелді.Бұл 3
көрсеткіштің байланысын формула түрінде көруге болады: W = F*f .
F- еңбектің капиталмен жарақтануы; f – капитал қайтарымы;
а) Еңбек өнімділігін факторлық талдау: ∆ W= W1-W0= F 1f 0-F 0f0
Мұндағы: ∆W – еңбек өнімділігнің абсолюттік өсімі, F 1f 0 – есептегі және базистік жылдарға
сәйкес еңбектің капиталмен жарақтануы. F 0f0 – капитал қайтарымы.
Абсолюттік өсімдердің өзара байланысы: ∆ W= ∆ WF + ∆ Wf
ә) Екі фактордың әсерінен болатын өнімнің абсолюттік өсімін факторлық талдау: ∆ЖҚҚ
=ЖҚҚ1 – ЖҚҚ0= ∑W1T1
Мұнда: ∆ЖҚҚ – жалпы қосылған құнның абсолюттік өсімі.ЖҚҚ1, ЖҚҚ0 – есепті және
базистік жылдарға сәйкес жалпы қосылғанның құнның сомасы.
Әдебиет: [1-5; 1-9; 1-3]
Өткізу форматы:дәріс, дәріс-презентация.
Тақырыбы: ҰЛТТЫҚ ЕСЕП ЖҮЙЕСІ, МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1.Ұлттық шоттар – халықаралық практикада қолданылатын баланстық есептеулердің жиыны.
2. Ұлттық шоттардың құрылу қағидалары: мақсаты, үлгісі, шоттар мазмұны.
3. ҰШЖ-дегі макроэкономикалық көрсеткіштерді есептеу методологиясы.
Дәріс тезисі
Ұлттық шоттар жүйесі - бұл баланстық есептеулердің жиынтығы. Ұлттық шоттар
жүйесінде негізгі топтастырулар мен жіктеулерге мыналар жатады: институционалдық
бірліктерді экономика секторларына топтастыру; экономика салаларына топтау;
экономикалық операцияларды топтастыру; экономикалық активтер мен пассивтер бойынша
топтастыру; тауарлар мен қызметтер; салықтар мен субсидиялар.
Институционалдық бірлік - бұл барлық шаруашылық іс-әрекеттер сұрақтары
бойынша экономикалық шешімдерді кабылдауда дербестікке қол жеткізген шаруашылық
субъектісі. Институционалдық бірліктердің екі типі қарастырылады: заңды тұлғалар, үй
шаруашылықтары. Барлық институционалдық бірліктер ел резиденттері болып саналады.
Олар ұзақ мерзімде (1 жыл және одан аса) өз экономикалық мүдделерін елдің экономикалық
аймағымен байланыстырады. Экономикалық аймақ - бұл тұлғалар, тауар, ақша еркін
айналатын шекарадағы ел үкіметі әкімшіл түрінде басқаратын аймақ.
Экономика секторлары құрамында мыналар бар: қаржылық емес корпорациялар
(кәсіпорындар); каржылық корпорациялар (кәсіпорындар); мемлекеттік басқару органдары; үй
шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялык емес ұйымдар (ҮШҚККЕҮ); үй
шаруашылықтары. Экономикалық операциялар былай ажыратылады: тауарлар және
қызметтерге байланысты операциялар; табыс бойынша операциялар; қаржы құралдарына
байланысты операциялар; өзге операциялар. Экономикалық операциялар қолдану әдісіне
қарай қайтарымды негіздегі операцияларға және трансферттерге (ағымдағы, күрделі)
бөлінеді.
ҰЕЖ-нің концепциясы бойынша өндірістік іс-әрекет субъектілердің материалдық
өндіріс аясындағы, сол сияқты, материалдық емес қызметтер аясындағы әрекеттерін
қамтамасыз етеді. Өндіріс шоты экономика салаларындағы өндірілген өнім, қызметтердің
құнын, жалпы қосылған құнның шамасын анықтайды. Оны жеке секторлар, салалар үшін және
толық мемлекет экономикасының көлемінде есептеуге болады. Табыстардың құралу шоты
институционалдық бірліктердің – тауарлар мен қызметтер өндіруге тікелей қатысатын
резиденттердің бастапқы табыстарын төлеуді көрсетеді. Бұл шот экономика салалары,
секторлары және тұтас экономика бойынша құрылады. Бастапқы табыстарды бөлу шоты
өндірістік әрекет және резидент арасындағы меншіктен түскен табыстың бөлінуін көрсетеді.
ҰЕЖ-нің аталғаннан басқа шоттары: табыстарды кайталама бөлу шоты, қолдағы табысты
пайдалану шоты, капиталмен жасалатын операциялар шоты, тауарлар мен қызметтердің шоты.
Қаржы шоты институционалдық бірліктер мен басқа елдер арасында жасалатын қаржы
активтері мен пассивтерінің операцияларын тіркейді.
Макроэкономикалық өнім көрсеткіштеріне, негізінен, жалпы қосылған құн, таза
қосылған құн, ЖІӨ, ТІӨ көрсеткіштері жатады. ЖІӨ – экономикалық бірліктік резиденттер
өндірісінің түпкілікті нәтижесі; өндірілген өнім көлемі мен көрсетілген қызмет көлемімен
өлшенеді. Ол Ұлттық есеп жүйесінің маңызды көрсеткіші. Ұлттық шоттарды біріктірілген
жүйе түрінде және жеке-жеке сипаттайды.
Әдебиет: [1-5; 1-9; 1-3]
Өткізу форматы:дәріс, дәріс-презентация.
Тақырыбы: ӨМІР СҮРУ ДЕҢГЕЙІНІҢ СТАТИСТИКАСЫ
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. Халықтыңөмір сүру деңгейі туралы ұғым, оны статистикалық оқып үйренудің міндеттері. 2.
Халықтыңөмір сүру деңгейінің көрсеткіштер жүйесі.
3. Адам дамуының индексі.
4. Ақшалай табыстардың индексациясы.
5. Үй шаруашылықтарының бюджетін статистикалық оқып тану.
Дәріс тезисі
Халықтың тұрмыс деңгейін сипаттауда әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен
үрдістердің статистикалық көрсеткіштері қолданылады.Халықтың тұрмыс деңгейін оқып
танылуы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясат тиімділігін, қоғам және үкіметтік емес
үйымдар жұмысын бағалауға мүмкіндік береді. Халықтың тұрмыс деңгейі – бұл әлеуметтік
категория. Халықтың тұрмыс деңгейі – бұл халықтың қажетті мөлшердегі материалды
игіліктер және қызметтермен қамтамасыз ету, оларды тұтынудың нақты деңгейі және осы
игіліктер және қызметтердегі рационалды қанағаттандыру деңгейі. Статистикалық қызмет
саласында тұрмыс деңгейіне арналған мынадай санды белгілер орын алады: синтетикалық
құндық көрсеткіштері (жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім, нақты табыстар, нақты
жалақы, ең төменгі күн көріс және т.б.); түпкілікті тұтынудың натуралды көрсеткіштері (азықтүлік, ұзақ пайдаланатын нәрселер, тұрғын үй алаңы және т.б.); әлеуметтік көрсеткіштері:
жұмысбастылық, жұмыссыздық, жұмыс аптасы және демалыстың ұзақтығы, өмір сұру
ұзақтығы және т.б.; адами потенциал дамудың индексі.
Халықтың тұрмыс деңгейі мынадай негізгі көрсеткіштер топтамалары көмегімен
сипатталады: халықтың табыстар көрсеткіштері, халықтың шығыстары және материалдық
тұрмыстық тұтынуы мен қызмет көрсету көрсеткіштері, халықтың ақшалай салымдары,
халықтың жинақталған мүлігі мен тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсеткіштері, халықтың
кедейлік көрсеткіштері, халықтың тұрмыс деңгейін бағалау көрсеткіштері.
Халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын еліміздегі халықтың табыстары және
оларды бөлудің әркелкілігі, әлеуметтік қамсыздандыру мен халыққа әлеуметтік көмек көрсету
туралы статистикалық көрсеткіштер жүйесі сипаттайды. Макроэкономикалық деңгей
статистикасында олардың бірі ретінде халықтың жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім
қолданылады (кесте 1).
Кесте 1.
Қазақстан Республикасының 2000-2015 жж. жан басына шаққандағы ІЖӨ
2000
2010
2015
Жан басына шаққандағы ІЖӨ*
мың теңге
174,7
9 071,0
2 330,4
АҚШ доллары
1 229,0
1 336,6
10
509,9
*Қазақстан Республикасы. Ұлттық экономика министрлігі. Статистика комитетінің деректері негізінде
Жан басына шаққандағы ІЖӨ 2000-2015 жж. аралығында теңгемен – 13 еседен артып,
ал доллармен – 8,6 есеге өсті. Халықтың тұрмыс деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер
жүйесінде халықтың табыстары ерекше орын алады.
Олардың көмегімен халықаралық салыстырулар жүргізіледі, экономика дамуы, үй
шаруашылықтарының жағдайы жалпы сипатталады. Халықтың табыстарын зерттеуде
еліміздегі негізгі есептеу көзі үй шаруашылығы, яғни бір немесе одан да көп жеке адамдардан
құралған, бірге тұратын, өз табыстары мен мүлкін толықтай немесе ішінара біріктіретін және
тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді бірлесіп тұтынатын экономикалық субъект болып
саналады. Үй шаруашылықтарының ақшалай табыстары үй шаруашылықтары мүшелерінің
жалақы, кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар, әлеуметтік төлемақылар, пайыздар,
дивиденттер және меншіктен түскен басқа табыстар, өзге де ақшалай түсімдер ретінде
алынған ақшалай қаражаттардың сомасы болып табылады. Соңғы жылдары халықтың
ақшалай табыстар деңгейі ұдайы өсуімен сипатталады (кесте 2).
Кесте 2.
ҚР халқының 2000-2015 жж. атаулы ақшалай табыстары
2000
2010
2015
Халықтың
атаулы
ақшалай 6 352
38 779
67 321
табыстары, теңге
Халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 2000-2015
жж. аралығында 10 еседен аса өсті.
Табыстар құрамында атаулы ақшалай табыстар мен нақты ақшалай табыстарға назар
бөлінеді. Атаулы ақшалай табыстар(ААТ) – бұл халықтың ағымдағы уақытта тұтынуға,
өндірістік қызметке және қор жинауға бағытталған ақшалай қаражаты. Халықтың
табыстарына жалдану және өз бетінше жұмыспен қамтылудан түскен табыстар, әлеуметтік
трансферттер және өзге де ақшалай мен заттай түрдегі түсімдерден түскен табыстар
кіреді.Атаулы ақшалай табыстардың шамасы макродеңгейде есептеу әдістемесімен
анықталады. Нақты ақшалай табыстар(НАТ) тұтыну бағаларының әсерін ескере есептеледі:
НАТ = ААТ / Ір; Ір – бағалар индексі. Мысалы, ҚР-нда халықтың атаулы ақшалай табыстары
2014 ж. 62271 теңгені құрады; 2014-2015 жж. аралығында тұтыну бағаларының индексі
шартты түрде 5 пайызға артты. Сонда, ІААТ=67 321/62 271= 1,081 (108,1 пайыз). Осы
көрсеткіштің өсімі 8,1 пайызды құрады. Нақты ақшалай табыстар индексі былай есептеледі:
ІНАТ=1,081 / 1,05= 1,03. Нақты ақшалай табыстар бағалардың өзгеруін ескергенде
қарастырылған уақыт аралығында3,0% өсті.
Халықтың ақшалай шығыстарына халықтың тұтыну шығыстары, сондай-ақ тұтынумен
байланыстырылмаған басқа шығыстар кіреді. Халықтың тұтыну шығыстары – бұл халықтың
тұтыну тауарлары мен қызметін сатып алуға бағытталған ақшалай шығыстарының бөлігі.
Мұнда үйдегі, үйден тыс алынатын тамақ өнімдері, алкогольдік ішімдіктер, темекі өнімдері,
азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтер сатып алу жатады. Басқа шығыстарға туыстар
мен таныстарға материалдық көмек, алименттер, салықтар, төлемдер және басқа төлемақылар,
кредит пен қарызды өтеу кіреді.
Қазақстан Республикасының 2011-2015 жж. халықтың ақшалай шығыстары орташа жан
басына шаққанда, жылына құрады (кесте 3):
Кесте 3
Қазақстан Республикасының 2011-2015 жж. халықтың ақшалай шығыстары
2011
2012
2013
2014
2015
Халықтың
ақшалай
346 706
382 636
417 555
445 569
462 027
шығыстары, теңге
Оның ішінде тұтыну
323 298
355 556
386 836
411 133
426 825
шығыстары
Халықтың ақшалай шығыстары қарастырылған уақыт аралығында 33,3% өсті, ал оның
негізгі бөлігі тұтыну шығыстарына тиесілі (2015 ж. 92%).
Әдебиет: [1-5; 1-9; 1-3]
Өткізу форматы:дәріс, дәріс-презентация.
9.2. Практикалық сабақтар
Тақырып 1:Әлеуметтік-экономикалық статистиканың негіздері
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Әлеуметтік-экономикалық статистиканың негіздері. Әлеуметтік-экономикалық статистика
туралы негізгі түсініктер.
2. Әлеуметтік-экономикалық статистиканың пәні, әдістері, міндеттері.
3. Әлеуметтік-экономикалық статистикада қолданылатын негізгі жіктеулер мен
топтастырулар.
4. Әлеуметтік-экономикалық статистика пәнінің көрсеткіштер жүйесі.
Өткізу форматы: Практикалық сабақтар «Әлеуметтік-экономикалық статистика» оқу
бағдарламасымен сәйкес ұйымдастырылып, өткізіледі. Тәжірибелік сабақтар студенттердің
академиялық құрамында өткізіледі. Практикалық сабақтар көрнекі құралдармен, әдістемелік
нұсқаулықтармен, қажетті, оқу және ақпаратты-сөздік әдебиеттермен, оқытудың техникалық
құралдарымен қамтамасыз етіледі.
Тақырып 2:Халық статистикасы
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Халық құрамы. Еңбекке жарамды халық.
2. Халықтың табиғи қозғалысының көрсеткіштері.
3. Халықтың миграциялық қозғалысының көрсеткіштері.
Өткізу форматы: SMART-мақсаттар, тақырыпқа, пәнді оқып меңгеруге «ақылды»
мақсат қоя білу, дәстүрлі
Тақырып 3:Еңбек ресурстары статистикасы
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Еңбек ресурстары мен жұмысбастылық статистикасы.
2. Экономикалық белсенді халықты сыныптау.
3. Жұмысбастылық деңгейін және т.б. есептеу
Өткізу форматы: «Джигсо» әдісіЭлиот Аронсон бойынша Көлемді мәтін төрт бөлікке
бөлінеді оқушыларда төрт адамдық шағын топтарға бөлініп («бастапқы топ»), 1-ден 4-ке
дейін нөмірленеді. Осыдан кейін олардың әр-қайсысы өз нөміріне сәйкес мәтіннің бір бөлігін
ғана оқиды. Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп, жаңа топтар («сарапшылар тобы») тобы
құрылады, сарапшылар топтарында оқушылар өз нөмірлері бойынша жинақталады: мәтіннің
№ 1 бөлігін оқыған оқушылар 1 топқа т.с.с. Өкілдер басқа топтарға барып, өз жұмыстарын
таныстырады, топтық талқылау жүреді, блиц-сұрау, блиц-тест, дәстүрлі
Тақырып 4:Ұлттық байлық, оның құрамы
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Ұлттық байлық, оның активтерінің жіктелуі.
2. Қаржылық емес, қаржылық активтер.
Өткізу форматы: SMART-мақсаттар, тақырыпқа, пәнді оқып меңгеруге «ақылды»
мақсат қоя білу, дәстүрлі
Тақырып 5: Негізгі капитал, айналым капиталы
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Негізгі капитал және оның бағалануы.
2. Негізгі капитал балансы.
3. Негізгі капитал көлемі, күйі, қозғалыс, пайдалану корсеткіштері.
4. Айналым капиталы, оның құрамы, өсіңкілігі, көлемі, пайдаланылу деңгейі.
Өткізу форматы: «Джигсо» әдісіЭлиот Аронсон бойынша Көлемді мәтін төрт бөлікке
бөлінеді оқушыларда төрт адамдық шағын топтарға бөлініп («бастапқы топ»), 1-ден 4-ке
дейін нөмірленеді. Осыдан кейін олардың әр-қайсысы өз нөміріне сәйкес мәтіннің бір бөлігін
ғана оқиды. Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп, жаңа топтар («сарапшылар тобы») тобы
құрылады,сарапшылар топтарында оқушылар өз нөмірлері бойынша жинақталады: мәтіннің
№ 1 бөлігін оқыған оқушылар 1 топқа т.с.с. Өкілдер басқа топтарға барып, өз жұмыстарын
таныстырады, топтық талқылау жүреді, блиц-сұрау, блиц-тест, дәстүрлі
Тақырып 6: Шығындар, олардың құрамы, негізгі көрсеткіштері
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Тауар және қызмет өндірісіндегі және айналымдағы шығын статистикасы.
2. Өзіндік құн және оның калькуляциялық баптары.
Өткізу форматы: SMART-мақсаттар, тақырыпқа, пәнді оқып меңгеруге «ақылды»
мақсат қоя білу, дәстүрлі
Тақырып 7: Шығындарды талдау. Аралық тұтыну
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Өнім өндіру, өткізудің шығындарын индекстік талдауы.
2. Тауар мен қызметті аралық тұтыну статистикасы
Өткізу форматы: «Джигсо» әдісіЭлиот Аронсон бойынша Көлемді мәтін төрт бөлікке
бөлінеді оқушыларда төрт адамдық шағын топтарға бөлініп («бастапқы топ»), 1-ден 4-ке
дейін нөмірленеді. Осыдан кейін олардың әр-қайсысы өз нөміріне сәйкес мәтіннің бір бөлігін
ғана оқиды. Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп, жаңа топтар («сарапшылар тобы») тобы
құрылады,сарапшылар топтарында оқушылар өз нөмірлері бойынша жинақталады: мәтіннің
№ 1 бөлігін оқыған оқушылар 1 топқа т.с.с. Өкілдер басқа топтарға барып, өз жұмыстарын
таныстырады, топтық талқылау жүреді, блиц-сұрау, блиц-тест, дәстүрлі
Тақырып 8:Тауар өндіру, қызмет көрсетудің статистикасы
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Өндірілген өнім, оның дайын болу сатылары, құндық және натуралдық өлшем бірліктерімен
бағалануы.
2. Тауар және қызмет, оның құрамдас элементтерінің жалпы шығарылымы.
3. Тауарлы айналысы және оның көрсеткіштер жүйесі.
4. Көтерме, бөлшек, биржалық сауда, тауар қозғалысының көрсеткіштері оларды есептеудің
және талдаудыңәдістемелері.
5. Айналыстағы ақшаның жалпы массасы және ақшалай агрегаттар.
6. Ақша массасының айналу жылдамдығы.
Өткізу форматы: SMART-мақсаттар, тақырыпқа, пәнді оқып меңгеруге «ақылды»
мақсат қоя білу, дәстүрлі
Тақырып 9: Салалар, макроэкономикадағы өнім көрсеткіштері
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Салалардағы өнім.
2. Макроэкономикадағы өнім көрсеткіштері.
Өткізу форматы: «Джигсо» әдісіЭлиот Аронсон бойынша Көлемді мәтін төрт бөлікке
бөлінеді оқушыларда төрт адамдық шағын топтарға бөлініп («бастапқы топ»), 1-ден 4-ке
дейін нөмірленеді. Осыдан кейін олардың әр-қайсысы өз нөміріне сәйкес мәтіннің бір бөлігін
ғана оқиды. Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп, жаңа топтар («сарапшылар тобы») тобы
құрылады,сарапшылар топтарында оқушылар өз нөмірлері бойынша жинақталады: мәтіннің
№ 1 бөлігін оқыған оқушылар 1 топқа т.с.с. Өкілдер басқа топтарға барып, өз жұмыстарын
таныстырады, топтық талқылау жүреді, блиц-сұрау, блиц-тест, дәстүрлі
Тақырып 10:Тауар айналымының статистикасы
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Өткізу форматы: SMART-мақсаттар, тақырыпқа, пәнді оқып меңгеруге «ақылды» мақсат
қоя білу, дәстүрлі
Тақырып 11:Ақша айналымының статистикасы
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Өткізу форматы: «Джигсо» әдісіЭлиот Аронсон бойынша Көлемді мәтін төрт бөлікке
бөлінеді оқушыларда төрт адамдық шағын топтарға бөлініп («бастапқы топ»), 1-ден 4-ке
дейін нөмірленеді. Осыдан кейін олардың әр-қайсысы өз нөміріне сәйкес мәтіннің бір бөлігін
ғана оқиды. Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп, жаңа топтар («сарапшылар тобы») тобы
құрылады,сарапшылар топтарында оқушылар өз нөмірлері бойынша жинақталады: мәтіннің
№ 1 бөлігін оқыған оқушылар 1 топқа т.с.с. Өкілдер басқа топтарға барып, өз жұмыстарын
таныстырады, топтық талқылау жүреді, блиц-сұрау, блиц-тест, дәстүрлі
Тақырып 12:Баға статистикасы
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Өткізу форматы: SMART-мақсаттар, тақырыпқа, пәнді оқып меңгеруге «ақылды» мақсат
қоя білу, дәстүрлі
Тақырып 13:Өндіріс тиімділігінің статистикасы
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары:1 Қоғамдық өндіріс тиімділігінің көрсеткіштер жүйесі мен
міндеттері. 2. Қоғамдық өндіріс тиімділігі талдауының негізгі бағыттары.
3. Қоғамдық өндіріс тиімділігінің жеке факторларын талдау
Өткізу форматы: «Джигсо» әдісіЭлиот Аронсон бойынша Көлемді мәтін төрт бөлікке
бөлінеді оқушыларда төрт адамдық шағын топтарға бөлініп («бастапқы топ»), 1-ден 4-ке
дейін нөмірленеді. Осыдан кейін олардың әр-қайсысы өз нөміріне сәйкес мәтіннің бір бөлігін
ғана оқиды. Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп, жаңа топтар («сарапшылар тобы») тобы
құрылады,сарапшылар топтарында оқушылар өз нөмірлері бойынша жинақталады: мәтіннің
№ 1 бөлігін оқыған оқушылар 1 топқа т.с.с. Өкілдер басқа топтарға барып, өз жұмыстарын
таныстырады, топтық талқылау жүреді, блиц-сұрау, блиц-тест, дәстүрлі
Тақырып 14: Ұлттық есеп жүйесі. Макроэкономикалық көрсеткіштер
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Ұлттық шоттар жүйесі
2. Ұлттық шоттардың құрылу принциптері: тағайындалуы, үлгісі, шоттар мазмұны.
3. ҰШЖ-дегі макроэкономикалық көрсеткіштерді есептеу методологиясы.
Өткізу форматы: «Джигсо» әдісіЭлиот Аронсон бойынша Көлемді мәтін төрт бөлікке
бөлінеді оқушыларда төрт адамдық шағын топтарға бөлініп («бастапқы топ»), 1-ден 4-ке
дейін нөмірленеді. Осыдан кейін олардың әр-қайсысы өз нөміріне сәйкес мәтіннің бір бөлігін
ғана оқиды. Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп, жаңа топтар («сарапшылар тобы») тобы
құрылады,сарапшылар топтарында оқушылар өз нөмірлері бойынша жинақталады: мәтіннің
№ 1 бөлігін оқыған оқушылар 1 топқа т.с.с. Өкілдер басқа топтарға барып, өз жұмыстарын
таныстырады, топтық талқылау жүреді, блиц-сұрау, блиц-тест, дәстүрлі
Тақырып 15:Халықтың тұрмыс деңгейі
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Халықтың тұрмыс деңгейі ұғымы, оны статистикалық зерттеудің міндеттері және
көрсеткіштер жүйесі.
2. Үй шаруашылығы табысының көрсеткіштері.
3. Үй шаруашылығының түпкілікті тұтыну шығындары.
4. Адам дамуы индексі.
9.4 Оқытушылардың студенттермен өзіндік жұмысы (ОСӨЖ)
Тапсырма 1.
1. Халық: саны, құрамы. 2. Халықтың табиғи және көші-қон қозғалысының
көрсеткіштері. 3. Еңбекке жарамды халық. Еңбек ресурстары мен жұмысбастылық
статистикасы. 4. Экономикалық белсенді халықты сыныптау. 5. Жұмысбастылық деңгейін
және жұмыссыздық деңгейін есептеу тақырыптары бойынша қысқаша тезис дайындау,
тапсырмалар орындау.
Әдістемелік нұсқау. Талап бойынша тақырыпқа сай әдебиеттерді көрсетуге және нақты
сол дерекпен жұмыс жасауға дағдылану. Дерек көздері бойынша ойын анық жеткізіп, жоспар
жасап, тезистер, конспект, тест сұрақтарын құрастырыңыз. Кейбір материалдар дәріс
барысында оқуға берілуі мүмкін, сондықтан студенттер кітапхана қорының кітаптарын
пайдалануы тиіс.
Әдебиет: [1-8; 1-9; 1-3]
Тапсырма 2
Ұлттық байлық, оның активтерінің жіктелуі. Негізгі капитал және оның бағалануы.
Негізгі капитал балансы. Негізгі капитал көлемі, күйі, қозғалыс, пайдалану корсеткіштері.
Айналым капиталы, оның құрамы, өсіңкілігі, көлемі, пайдаланылу деңгейі.
Әдістемелік нұсқау. Талап бойынша тақырыпқа сай әдебиеттерді көрсетуге және нақты сол
дерекпен жұмыс жасауға дағдылану. Дерек көздері бойынша ойын анық жеткізіп, жоспар
жасап, тезистер, конспект, тест сұрақтарын құрастырыңыз. Кейбір материалдар дәріс
барысында оқуға берілуі мүмкін, сондықтан студенттер кітапхана қорының кітаптарын
пайдалануы тиіс.
Тапсырма 3
Тауар және қызмет өндірісіндегі және айналымдағы шығын статистикасы.
Өзіндік құн және оның калькуляциялық баптары.
Әдістемелік нұсқау. Талап бойынша тақырыпқа сай әдебиеттерді көрсетуге және нақты
сол дерекпен жұмыс жасауға дағдылану. Дерек көздері бойынша ойын анық жеткізіп, жоспар
жасап, тезистер, конспект, тест сұрақтарын құрастырыңыз. Кейбір материалдар дәріс
барысында оқуға берілуі мүмкін, сондықтан студенттер кітапхана қорының кітаптарын
пайдалануы тиіс.
Тапсырма 4
Өнім өндіру, өткізудің шығындарын индекстік талдауы. Тауар мен қызметті аралық
тұтыну статистикасы.
Әдістемелік нұсқау. Талап бойынша тақырыпқа сай әдебиеттерді көрсетуге және нақты
сол дерекпен жұмыс жасауға дағдылану. Дерек көздері бойынша ойын анық жеткізіп, жоспар
жасап, тезистер, конспект, тест сұрақтарын құрастырыңыз. Кейбір материалдар дәріс
барысында оқуға берілуі мүмкін, сондықтан студенттер кітапхана қорының кітаптарын
пайдалануы тиіс.
Тапсырма 5
Ұлттық шоттар жүйесінде қолданылатын бағалар. Баға деңгейі, құрылымы. Бөлшек
сауда бағасының индексін, динамикасын талдау. Тұтыну бағалары. Тұтыну қоржыны.
Әдістемелік нұсқау. Талап бойынша тақырыпқа сай әдебиеттерді көрсетуге және нақты
сол дерекпен жұмыс жасауға дағдылану. Дерек көздері бойынша ойын анық жеткізіп, жоспар
жасап, тезистер, конспект, тест сұрақтарын құрастырыңыз. Кейбір материалдар дәріс
барысында оқуға берілуі мүмкін, сондықтан студенттер кітапхана қорының кітаптарын
пайдалануы тиіс.
Тапсырма 6
Қоғамдық өндіріс тиімділігінің көрсеткіштер жүйесі мен міндеттері. Қоғамдық өндіріс
тиімділігі талдауының негізгі бағыттары. Қоғамдық өндіріс тиімділігінің жеке факторларын
талдау.
Әдістемелік нұсқау. Талап бойынша тақырыпқа сай әдебиеттерді көрсетуге және нақты
сол дерекпен жұмыс жасауға дағдылану. Дерек көздері бойынша ойын анық жеткізіп, жоспар
жасап, тезистер, конспект, тест сұрақтарын құрастырыңыз. Кейбір материалдар дәріс
барысында оқуға берілуі мүмкін, сондықтан студенттер кітапхана қорының кітаптарын
пайдалануы тиіс.
Тапсырма 7
1. Әдістемелік нұсқау. Талап бойынша тақырыпқа сай әдебиеттерді көрсетуге және
нақты сол дерекпен жұмыс жасауға дағдылану. Дерек көздері бойынша ойын анық жеткізіп,
жоспар жасап, тезистер, конспект, тест сұрақтарын құрастырыңыз. Кейбір материалдар дәріс
барысында оқуға берілуі мүмкін, сондықтан студенттер кітапхана қорының кітаптарын
пайдалануы тиіс.
Тапсырма 8
Өндірілген өнім, оның дайын болу сатылары, құндық және натуралдық өлшем
бірліктерімен бағалануы. Тауар және қызмет, оның құрамдас элементтерінің жалпы
шығарылымы.
Әдістемелік нұсқау. Талап бойынша тақырыпқа сай әдебиеттерді көрсетуге және нақты
сол дерекпен жұмыс жасауға дағдылану. Дерек көздері бойынша ойын анық жеткізіп, жоспар
жасап, тезистер, конспект, тест сұрақтарын құрастырыңыз. Кейбір материалдар дәріс
барысында оқуға берілуі мүмкін, сондықтан студенттер кітапхана қорының кітаптарын
пайдалануы тиіс.
Тапсырма 9
Салалардағы өнім. Макроэкономикадағы өнім көрсеткіштері.
Әдістемелік нұсқау. Талап бойынша тақырыпқа сай әдебиеттерді көрсетуге және нақты
сол дерекпен жұмыс жасауға дағдылану. Дерек көздері бойынша ойын анық жеткізіп, жоспар
жасап, тезистер, конспект, тест сұрақтарын құрастырыңыз. Кейбір материалдар дәріс
барысында оқуға берілуі мүмкін, сондықтан студенттер кітапхана қорының кітаптарын
пайдалануы тиіс.
Тапсырма 10. Тауар айналымы статистикалық оқып үйренудің негізгі объектісі. Қазіргі
таңдағы тауар айналымын үйымдастырудың ерекшеліктері. Тауарлы айналыс және оның
көрсеткіштер жүйесі. Көтерме, бөлшек, биржалық сауда, тауар қозғалысының көрсеткіштері
оларды есептеудің және талдаудың әдістемелері. Айналыстағы ақшаның жалпы массасы және
ақшалай агрегаттар. Ақша массасының айналу жылдамдығы. Ақпарат көздері.
Әдістемелік нұсқау. Талап бойынша тақырыпқа сай әдебиеттерді көрсетуге және нақты
сол дерекпен жұмыс жасауға дағдылану. Дерек көздері бойынша ойын анық жеткізіп, жоспар
жасап, тезистер, конспект, тест сұрақтарын құрастырыңыз. Кейбір материалдар дәріс
барысында оқуға берілуі мүмкін, сондықтан студенттер кітапхана қорының кітаптарын
пайдалануы тиіс.
Тапсырма 11
1.Ұлттық шоттар – халықаралық практикада қолданылатын баланстық есептеулердің жиыны.
2. Ұлттық шоттардың құрылу қағидалары: мақсаты, үлгісі, шоттар мазмұны. 3. ҰШЖ-дегі
макроэкономикалық көрсеткіштерді есептеу методологиясы тақырыптары бойынша қысқаша
тезис дайындау, тапсырмалар орындау.
Әдістемелік нұсқау. Талап бойынша тақырыпқа сай әдебиеттерді көрсетуге және нақты
сол дерекпен жұмыс жасауға дағдылану. Дерек көздері бойынша ойын анық жеткізіп, жоспар
жасап, тезистер, конспект, тест сұрақтарын құрастырыңыз. Кейбір материалдар дәріс
барысында оқуға берілуі мүмкін, сондықтан студенттер кітапхана қорының кітаптарын
пайдалануы тиіс.
Тапсырма 12
Халықтың тұрмыс деңгейі ұғымы, оны статистикалық зерттеудің міндеттері және
көрсеткіштер жүйесі. Үй шаруашылығы табысының көрсеткіштері. Үй шаруашылығының
түпкілікті тұтыну шығындары. Адам дамуы индексі.
Әдістемелік нұсқау. Талап бойынша тақырыпқа сай әдебиеттерді көрсетуге және нақты
сол дерекпен жұмыс жасауға дағдылану. Дерек көздері бойынша ойын анық жеткізіп, жоспар
жасап, тезистер, конспект, тест сұрақтарын құрастырыңыз. Кейбір материалдар дәріс
барысында оқуға берілуі мүмкін, сондықтан студенттер кітапхана қорының кітаптарын
пайдалануы тиіс.
9.5 Студенттермен өзіндік жұмысы (СӨЖ)
Тапсырма 1.
Әдістемелік нұсқау.
Тапсырма 2. Халық және еңбек ресурстары статистикасы. Реферат
Тапсырма 2.Ұлттық байлық статистикасы Мәнжазба
Әдістемелік нұсқау. Реферат бұл – белгілі бір тақырып бойынша студенттің жазбаша жұмысы.
Студент рефератты жазу кезінде берілген тақырып бойынша барлық әдебиеттерді жинақтап,
талдау жасап ғылыми материалдарды жүйеге келтіру керек.
Рефераттың құрылымы:
1. Рефераттың құрылымы:

мұқабалық бет;

мазмұны;

кіріспе;

негізгі бөлім;

қорытынды;

қолданылған әдебиеттер тізімі.
2. Рефераттың көлемі шамамен басылған 10-14 бет болуы керек.
Рефераттың мазмұнына қойылатын талаптар:
1. Кіріспеде тақырыптың актуальдық жағы, тарихнамалық шолу, зерттеудің міндеті мен
мақсаты, тәжірибелік мәні көрсетілуі керек (кіріспенің көлемі 2-3 бет болуы керек).
2. Негізгі бөлім зерттеліп отырған тақырып бойынша ғылыми әдебиеттерді талдаудан тұрады.
Негізгі бөлімнің материалдары тарауларға бөлінуі керек. Әр тараудың атауы болады және ол
негізгі бөлімнің тарауының мазмұнын ашуы керек (негізгі бөлімнің көлемі 4-5 бет болуы
керек).
3. Қорытынды қысқа түрде зерттеудің нәтижесі мен нақты қорытындылардан тұруы керек (2-3
бет болуы керек).
4. Әдебиеттер тізімі келесі критерийлер бойынша ресімделеді:
 алфавиттік тәртіп бойынша;
 тақырыптық-хронологиялық;
 деректемелердің түрі бойынша.
Қосымшаға зерттеу кезінде қолданылған көмекші материалдар кіреді: құжаттардың
көшірмесі, суреттер, схемалар, таблицалар, статистикалық есептер.
Қатаң түрде келесі қашықтықтар сақталуы керек: сол жағынан -30 мм, астынан - 20 мм,
үстінен – 20мм, оң жағынан -15 мм.
Әдебиет: [1-5; 1-9; 1-3]
Тапсырма 3.Негізгі капитал, айналым капиталыМәнжазба/презентация
Презентация реферат, баяндама талаптарына сай 10 слайд колемінде орындалады.
Тапсырма 4.Шығындар, олардың құрамы, негізгі көрсеткіштеріБаяндама
Әдістемелік нұсқау. Баяндама да реферат талаптары негізінде орындалады; көлемі 7-8 бет.
Тапсырма 5.Аралық тұтыну Баяндама/Презентация
Тапсырма 6.Тауар өндіру, қызмет көрсетудің статистикасы Баяндама/Презентация
Әдістемелік нұсқау. Презентация реферат, баяндама талаптарына сай 10 слайд колемінде
орындалады.
Әдебиет: [1-5; 1-9; 1-3]
Тапсырма 7.Макроэкономикадағы өнім көрсеткіштері Баяндама
Әдістемелік нұсқау. Баяндама да реферат талаптары негізінде орындалады; көлемі 7-8 бет.
Тапсырма 8.Тауар айналымының статистикасы Ақша айналымының статистикасы Берілген
тақырыпқа баяндама/презентация жасау
Әдебиет: [1-5; 1-9; 1-3]
Тапсырма 9.Баға статистикасы Мәнжазба
Тапсырма 10.Өндіріс тиімділігі статистикасы Берілген тақырыпқа баяндама, презентация
жасау
Әдістемелік нұсқау. Презентация реферат, баяндама талаптарына сай 10 слайд колемінде
орындалады.
Әдебиет: [1-5; 1-9; 1-3]
Тапсырма 11.Ұлттық шоттар жүйесі, макроэкономикалық көрсеткіштер. Берілген тақырыпқа
баяндама/ Мәнжазба жасау
Әдістемелік нұсқау. Баяндама, реферат талаптары негізінде орындалады; көлемі 7-8 бет.
Тапсырма 12.Халықтың тұрмыс деңгейінің статистикасы Мәнжазба
Әдістемелік нұсқау. Реферат талаптары бойынша жасалады.
Әдебиет: [1-5; 1-9; 1-3]
10. АРАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
СҰРАҚТАРЫ
1. Әлеуметтік-экономикалық статистика туралы негізгі түсініктер.
2. Әлеуметтік-экономикалық статистиканың пәні, әдістері, міндеттері.
3. Әлеуметтік-экономикалық статистикада қолданылатын жіктеулер, топтастырулар.
4. Әлеуметтік-экономикалық статистика пәнінің көрсеткіштер жүйесі.
5. Халық құрамы. Еңбекке жарамды халық.
6. Халықтың табиғи қозғалысының абсолютті шамалары, жалпы коэффициенттері.
7. Халықтың табиғи қозғалысының абсолютті шамалары, арнайы коэффициенттері.
8. Халықтың механикалыққозғалысының нақты және қатысты көрсеткіштері
9. Халықтың ішкі, еларалық миграциясының көрсеткіштері
10. Еңбек ресурстары мен жұмысбастылық статистикасы.
11. Экономикалық тұрғыдан белсенді халықты сыныптау.
12. Экономикалық тұрғыдан еңжар халықты сыныптау.
13. Халықтың жұмыспен қамту деңгейін және жұмыссыздық деңгейін есептеу
14. Жұмыс күші қозғалысының көрсеткіштері
15. Ұлттық байлық активтерінің статистикада жіктелуі.
16. Қаржылық емес, қаржылық активтердің статистикалық көрсеткіштері
17. Негізгі капитал және оның бағалануы. Негізгі капитал баланстары.
18. Негізгі капитал көлемі және динамикасының көрсеткіштері
19. Негізгі капиталдың күйі, қозғалысы, пайдалану деңгейі.
20. Айналым капиталы, оның құрамы, өсіңкілігі, көлемі, пайдаланылу деңгейі.
21. Тауар және қызмет өндірісіндегі және айналымдағы шығын статистикасы.
22. Өзіндік құн және оның калькуляциялық баптары.
23. Өнім өндіру, өткізудің шығындарын индекстік талдауы.
24. Тауар мен қызметті аралық тұтыну статистикасы
25. Өндірілген өнім, оның дайын болу сатылары
26. Өндірілген өнімнің құндық және натуралдық өлшем бірліктерімен бағалануы.
27. Тауар және қызмет, оның құрамдас элементтерінің жалпы шығарылымы.
28. Аралық тұтыну статистикасы
29. Салалардағы өндірілген өнімнің көрсеткіштері.
30. Макроэкономикадағы өнім көрсеткіштері жүйесі, есептелуі.
31. Тауарлы айналыс және оның көрсеткіштер жүйесі, оларды есептеу және талдау.
32. Көтерме, бөлшек саудадағы тауар қозғалысының көрсеткіштері.
33. Биржалық сауданың статистикасы
34. Айналыстағы ақшаның жалпы массасы және ақшалай агрегаттар.
35. Ақша массасының айналу жылдамдығының көрсеткіштері.
36. Баға статистикасының көрсеткіштер жүйесі мен міндеттері.
37. Тұтыну бағасының индекстерін сипаттау, есептеу.
38. Өндірушілердің баға индексі: жүйесі, есептеу тәртібі.
39. Қоғамдық өндіріс тиімділігінің көрсеткіштер жүйесі мен міндеттері.
40. Еңбек өнімділігінің корсеткіштері, оларды талдау әдістері.
41. Қоғамдық өндіріс тиімділігінің негізгі талдау бағыттары
МЕН
42.
43.
44.
45.
46.
47.
48.
49.
50.
Ұлттық шоттардың құрылу принциптері: тағайындалуы, үлгісі, шоттар мазмұны.
Ұлттық шоттардың өндіріс шоты
ҰШЖ-дегі табыстардың құралу шоты
ҰШЖ-дегі макроэкономикалық көрсеткіштерді есептеу методологиясы.
Халықтың өмір сүру деңгейінің көрсеткіштер жүйесі.
Номиналды және нақты табыстардың индекстері
Ақшалай табыстардың индексациясы.
Үй шаруашылығының бюджеті.
Адам дамуының индексі.
11. КУРС БОЙЫНША ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі әдебиеттер/материалдар
1. http://95.57.215.34/CGI/irbis64r_15/cgiirbis_64.exe?LNG=&C21COM=F&I21DBN=DC&P21D
BN=DC База библиотеки АРГУ Жубанова.
2. Алтыбаева, Ш.М. Есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару,
менеджмент, экономика, маркетинг, құқық және экономика негіздері мамандығының
студенттері үшін "Статистика" пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша
тапсырмалар жинағы. - Орал: РБО БҚМУ, 2016. - 92б.
3. Статистика: Учебное пособие для студентов экономических специальностей. / Сост. А.
Хасанова. - Павлодар: Кереку, 2015. - 110c. -ISBN 978-601-238-520-5.
4. Қазбекова, Қ.Қ.Экономикалық статистика: Оқу құралы. - Алматы: ҚазҰТУ, 2014. - 114б.
5. Махамбетов, Н.Ә., Әміреев, Ы.Ә. Статистика: Оқулық. - Алматы: Айтұмар, 2013. - 272б. ISBN 978-601-257-014-4.
Қосымша әдебиет/материалдар
1. Қазбекова, Қ.Қ. Экономикалық статистика: Оқу құралы. - Алматы: ҚазҰТУ, 2015. - 162б. ISBN 978-601-228-709-7.
2. Жарылкасынова, А.К.Статистика: Электронный учебник. - Караганда: КарГТУ, 2016.
3. Статистика: Оқу құралы. / А.Г. Мухамедиева, А.С. Асубаева, Г.К. Койшинова, Е.Б.
Домалатов. - Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ "Берел" баспасы, 2014. - 171б. -ISBN
987-601-80142-5-3.
4. Статистика: Оқу құралы. / А.Г. Мухамедиева, А.С. Асубаева, Г.К. Койшинова, Е.Б.
Домалатов. - Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ "Берел" баспасы, 2014. - 171б. -ISBN
987-601-80142-5-3.
5. Акжанова, Г.А. Статистика: Пәннің жұмыс бағдарламасы (силлабус). - Көкшетау: Ш.
Уәлиханов атындағы КМУ, 2017. - 61б.
6. Статистика: Учебно-методический комплекс дисциплины . / Сост. А.К. Курмангалиева,
А.А. Хасенова. - Костанай: КГУ им. А. Байтурсынова, 2013. - 240c.
7. Курмангалиева, А.К., Какирова, А.М.Социально-экономическая статистика: Учебное
пособие. - Костанай: КГУ им. А. Байтурсынова, 2018. - 144c. -ISBN 978-601-7955-59-5.
8. Зиядин С.Т., Баймульдина Г.Б. Жалпы статистика: оқу құралы С.Т.Зиядин,
Г.Б.Баймульдина / Алматы: ТехноЭрудит, 2018. – 384 б.
9. Абдурахманов М.А. Статистиканың теориясы. Астана. 2017.
10. Сисен А. Статистика: Оқу құралы. – Ақтөбе, 2017. – 144 б.
11.
АлтыбаеваШ.М. Есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару,
менеджмент, экономика, маркетинг, құқық және экономика негіздері мамандығының
студенттері үшін "Статистика" пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша
тапсырмалар жинағы. - Орал: РБО БҚМУ, 2016. - 92б.
12. Сисен А.К. Статистика курсынан қысқаша дәрістер жинағы: экон.маманд-ның
студенттеріне арналған – Ақтөбе: Қ.Жұбанов ат.АӨМУ-нің БО: 2014.
13.
Сисен А.К. Статистика пәнінен практ. сабақтарға арналған әдіст. нұсқау – Ақтөбе,
2014.
14.
Статистикалық жылнама. Қазақстан цифрларда, 2018.
Интернет-ресурстары
1. www.stat.kzт.с.с.,
2. www.rmeb.kz, www.edu.ru,
3. Эпиграф
12. БАҒАЛАУ
Студенттердің оқу жетістіктері 100 балдық (%) шкала бойынша бағаланады.
Бақылау түрі
Ағымдық бақылау
- сабаққа қатысымы
- үй тапсырмасын орындау
тақырып
бойынша
сабақта
белсенділігі:
- дәріс сабағында
-семинар сабағында және т.б.
бақылау түрлері көрсетіледі
- СӨЖ орындауы
- ОСӨЖ тапсырмаларын орындауы
Аралық бақылау
Қорытынды бақылау
Ең жоғары балл Орындау мерзімі
(ұпай)
80/70
8/7
Сабақ кестесіне сәйкес
8/7
аудиториялық сабақтар
8/7
40/35
8/7
8/7
30/20
100
8 және 15 апта
Емтихан кестесіне сәйкес
Ескерту!
1.
Академиялық күнтізбеге сәйкес І аралық бақылау мерзімі - оқу семестрінің
7-аптасы, бұл мерзімде ағымдық бақылау 70 балды, аралық бақылау 30 балды құрайды. ІІ
аралық бақылау мерзімі – 15-апта, бұл мерзімде ағымдық бақылау 80 балды, аралық бақылау
20 балды құрайды.
2.
Ағымдық бақылау түрлерін және сәйкесінше балл бөлуді пән оқытушысы өзі
анықтайды, кестеде үлгі ретінде ұсынылды.
13. КУРС САЯСАТЫ
Курс саясаты әкімшілік талаптар мен академиялық адалдық принциптерінен тұрады.
 әкімшілік талаптар:
- пән бойынша білімді толық көлемде игеру;
- ББ бойынша құзыреттіліктерді меңгеру;
- оқытушыларға, қызметкерлерге және білім алушыларға құрметпен және сыпайылықпен
қарау;
- оқу процесіне классикалық үлгідегі киіммен келу;
- университет, кафедра мүлкіне жауапкершілікпен қарау;
- университеттің ішкі тәртіп ережелерін сақтау;
- кафедра, факультет, университет жұмыстарына белсенді қатысу.
«Академиялық адалдық Кодексінен»
КӨШІРМЕ
 сапалы білім алу;

сабақтан себепсіз қалмау және сабақтан кешікпеу (оқытушы сабаққа кешіккен студентті
сабаққа кіргізбеуге құқылы);
 оқытушының силлабуста көрсетілген талаптарын орындау;
 тапсырманың барлық түрлерін (ОСӨЖ, диплом жобасы және т.б.) өз бетінше орындау
және көрсетілген мерзімде оқытушыға ұсыну;
 ағымдық, аралық, қорытынды бақылау тапсырмаларын орындау кезінде шпаргалка, ұялы
телефондарды қолданбау;
 оқу, ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау кезінде автордың атын көрсетіп түрлі
деректерді пайдалану, пайдаланылған деректер тізімін жұмыс соңында көрсету;
 ақпаратты шынайы және сенімді көздерден алу;
 өзінің орындаған жұмысын басқа білім алушыға ұсынбау;
 жеке, туыстық және қызметтік қарым-қатынастарды пайдалану арқылы оқытушыға және
әкімшілікке пара ұсынбау.
ЕСКЕРТУ! Курс саясаты университет үшін ортақ.
1 Қосымша
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың дәстүрлі бағалар шәкіле және
ECTS (иситиэс) аударылған балдық-рейтингтік әріптік жүйесі
Әріптік жүйе
бойынша бағалар
А
АВ+
В
ВС+
С
СD+
DFX
F
Балдардың
сандық
эквиваленті
4,0
3,67
3,33
3,0
2,67
2,33
2,0
1,67
1,33
1,0
0,5
0
Балдар
(%-тік құрамы)
Дәстүрлі жүйе бойынша
бағалар
95-100
90-94
85-89
80-84
75-79
70-74
65-69
60-64
55-59
50-54
25-49
0-24
Өте жақсы
Жақсы
Қанағаттанарлық
Қанағаттанарлықсыз
Download