№3 ата-аналар жиналысыны хаттамасы. Барлығы: 34 Қатысқан: 19 Қатыспағандар:15 12.05.2017 жыл. Күн тәртібінде: 1. Шаттық шеңбері арқылы танысу. Бірінші сұрақ бойынша тәрбиешілер ата-аналармен танысты. 2. Ата-аналарды балабақша күн тәртібімен таныстыру. Екінші мәселе бойынша, Гүльзана Жайлаубайқызы ата-аналарға балабақша күн тәртібі жайлы түсіндірді. 3. 3-4 жастағы балалар жайлы қысқаша мағлұмат. Үшінші мәселе бойынша Гүлзана Жайлаубайқызы 3-4 жастағы балалар жайлы қысқаша мағлұмат берді. 4. Ата-аналар комитетін сайланғандар: Төртінші мәселе бойынша ата-аналар комитеті сайланды. 1. Аселяның анасы(төрайымы) 2. Дарияның анасы 3. Адильжанның анасы 4. Мансұрдың анасы 5. Алдиярдың анасы Ата-аналар бәрі бір ауыздан қолдады. 5. Топтағы кейбір мәселелерді шешу. Бесінші мәселе бойынша топ ішіндегі кейбір шешілмей жатқан мәселерді талқыладық а) әдебиет бұрышына қажетті ертегі кітаптарын толықтыру. ә) ойын алаңдарын қажетті ойыншықтармен қамтамасыз ету. б) шығармашылық бұрышты дидактикалық материалдармен толтыру. Мысалы: лото, мозайка, домина. 6. Ата-аналардың өтініш – тілектерін тыңдау. Алтыншы мәселе бойынша ата-аналар тілектері тыңдалды. 7. Қорытындылау. Жетінші мәселе бойынша Гүлзана Жайлаубайқызы қорытынды жасады. Ұсыныс: а) Балалардың тазалығына мән беруін сұрады. б) Балабақшаға кешікпей уақытында келулерін сұрады. б) Топқа жейтін тамақ, ойыншықтар әкелмеулерін сұрады. Тәрбиеші: Тасыбаева Г.Ж.