Uploaded by Жамбыл Ташимбетов

Әлжан Б - доклад

advertisement
«Механика
және
машинажасау»
кафедрасының
техника
ғылымдарының кандидаты, доценті Мырзалиев Дархан Сапарбайұлының
жетекшілігімен «Органикалық емес қышқылдарды тасымалдау үшін
қозғалмалы айналдырығы бар пісірмелі тұрқыны жасаудың технологиялық
процесін әзірлеу» тақырыбындағы дипломдық жобаны орындадым.
Дипломдық жоба 4 бөлімнен тұрады:
1. Жалпы бөлімде бөлшектердің қызмет көрсету мақсаты;
Бұл дипломдық жоба сына ысырмасының тұрқысын құрастыру және
пісіру технологиясын ұсынады.
Қозғалмалы айналдырығы бар пісірмелі тұрқы - өз кезегінде
қабықшалы құрастыруға жататын және ілмекті арматураның элементтері
болып табылатын құбырларға орнатуға арналған. Бекіту арматурасы құбыр
арматурасының бір түрі болып табылады.
Дайындама және бөлшек – 2 слайдта көрсетілген.
Ысырма тұрқысы 08Х18Н10Т болаттан жасалады
3,4 – слайдта Қозғалмалы айналдырығы бар пісірмелі тұрқы
көрсетілген.
4 – слайдта Тұрқы қақпағы көрсетілген.
Таңдалған пісіру әдісі - Қолмен доғалық пісіру
2. Технологиялық бөлімде бөлшектерді өндіруге арналған техникалық
талаптар талданып, «қозғалмалы айналдырығы бар пісірмелі тұрқы»
бөлшегін пісіру және құрастырудың технологиялық негіздері таңдалды және
Пісіру әдісін таңдау негіздемесі, Пісіру режимі, Пісіру жабдығын таңдау,
Пісіру сапасын бақылау әдісін таңдау, Дайындау технологиясының
сипаттамасы қарастырылды.
5 – слайдта Операциялық эскиздер көрсетілген.
Қолмен доғалық пісіру кезінде ВД-309 типті пісіру түзеткішін қолдану
ұсынылады
6 – слайдта Технологиялық жабдық сызбасы көрсетілген
ВД-309 түзеткіші қарапайым, сенімді дизайн, салмағы төмен және
келесі негізгі техникалық шешімдерге ие:
- Пісіру тогын біртіндеп реттеу;
- Трансформатордың мыс орамалары;
- Оқшаулау;
- Жылжымалы орамалардан бас тарту;
- Мәжбүрлеп салқындату;
7 – слайдтарда технологиялық процесстің картасы көрсетілген.
3. Конструкторлық бөлімде «Қозғалмалы айналдырығы бар пісірмелі
тұрқы» бөлшегін пісіру және құрастырудың технологиялық жабдықты
таңдау, Пісіру айла-бұйымын жобалау қарастырылған;
8 – слайдта айла-бұйым сызбалары көрсетілген.
4. Өндірістік бөлімде жабдықтар, жұмысшылар саны мен цех ауданы
есептелініп, цех жоспары әзірленді.
9-слайдта пісіру режимдері көрсетілген.
Пісіру цехі бөлімшелері:
1) металл қоймасы;
2) дайындау өндірісі;
3) дайындамалардың аралық қоймасы (жинақтаушы қойма);
4) конструкция тораптарын құрастыру және дәнекерлеу учаскесі.
Цехтің жалпы ауданы – 420м2
Цех жоспары бойынша аралық ені – 24м
Цех аралығының ұзындығы – 15 м
Тұрқы дайындама салмағы – 4,3 кг;
Пісіру цехындағы жабдықтар саны - 4
Еңбек-қауіпсіздігі
Пісіру кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтамау электр
тогымен және доғаның сәулеленуімен, сұйық металдың күйіп кетуіне,
зиянды газдармен улануға, қысым астындағы газы бар ыдыстардың
жарылысына және өрттерге әкеп соқтыруы мүмкін. Пісіруші мен бөгде
адамдар қауіпсіздік техникасының негізгі ережелері туралы ұмытпау үшін
көрнекі құралдарды, мысалы, плакаттар, схемалар, стендтер және т.б.
қолданады.
Қорытындылай келе Дипломдық жоба түсіндірме жазбасы– 50 беттен,
сызба А1 форматында 5 сызбадан тұрады.
Download