Uploaded by esenabylai

Семинар тапсырмалары КП

advertisement
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу-әдістемелік кешені
Мамандығы: «Құқықтану»
Шифр: «6B04205»
Пән: Конституциялық құқық
2020-2021 оқу жылының көктемгі семестрі
5. Семинар сабақтарының тақырыптары мен тапсырмалары бойынша ауызша
ZOOM вебинар
Семинар 1. Тақырыбы: Конституциялық құқықтың ұлттық құқық жүйесіндегі рөлі,
конституциялық құқық ғылымы - 1 апта, 3 сағат.
Мақсаты: студенттердің конституциялық құқықты үш тұрғыда анықтап, оны құқық саласы
ретінде түсіне білуі және конституциялық құқықтың ұлттық құқық жүйесіндегі алатын негізгі,
жетекшілік орнын көрсете білуге қабілеті болуы.
Сұрақтар:
1. құқық саласы ретiнде Конституциялық құқықтың ұғымы, пәнi және тәсiлдерi, оның ұлттық
құқық жүйесiнде алатын орны.
2. конституциялық-құқықтық нормалар, олардың ерекшелiктерi және түрлерi.
3. Конституциялық құқықтық қатынастар, олардың субъектiлерi, ерекшелiктерi, түрлерi, пайда
болу, өзгеру және жойылу негiздерi.
4. Конституциялық құқықтың қайнар көздерi.
5 Конституциялық құқық ғылымы: түсінігі, зерттеу пәні, әдістері
Семинар 2. Тақырыбы: Конституцияның құқықтық актілер жүйесіндегі орны - 2 апта
3 сағат
Мақсаты: студенттердің мемлекеттің негізгі заңы ретінде Конституцияның мәнін,
ерекшеліктерін түсініп, оның конституциялық құқықтың қайнар көздері жүйесінде алатын орнын
анықтай білуі және Конституцияның даму кезеңдерін сипаттай білуі
Сұрақтар:
1. Конституцияның түсінігі, ерекшеліктері мен түрлері
2. Конституцияның мазмұнына әсер ететiн факторлар.
3. Конституцияның заңи қасиеттерi, негiзгi белгiлерi, қағидалары, функциялары
3. Конституцияның даму кезеңдері
4. Қазақстан Республикасының Конституциясының нормаларын сақтау және жүзеге асыру
кепiлдiктерi
Семинар 3. Тақырыбы: Конституциялық құрылыс негіздері, олардың мағынасы мен
мәні - 3 апта 3 сағат
Мақсаты: студенттердің конституциялық құрылыс ұғымын түсініп, Республиканың
конституциялық құрылысының негіздерін анықтай білуі және олардың әрқайсысының мәнін ашып,
Конституцияда бекітілуіне талдау жасай алуы
Сұрақтар:
1. Конституциялық құрылыстың ұғымы, оның элементтерi.
2. ҚР конституциялық құрылысының құқықтық тұрғыда реттелуi.
3. ҚР конституциялық құрылысының негiздерi.
- Құқықтық, демократиялық мемлекет.
- Зайырлы, әлеуметтiк мемлекет.
- президенттiк басқару нысанындағы бiртұтас мемлекет.
- егемен мемлекет.
- адам, оның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары жоғары құндылық ретiнде.
- саяси жүйе: түсiнiгi, құрылымы мен элементтерi.
- республиканың экономикалық жүйесі.
4. ҚР әкімшілік-аумақтық құрылысы
Семинар 4. Тақырыбы: Жеке тұлғаның құқықтық жағдайының негіздерінің мәні мен
мазмұны - 4 апта 3 сағат
Мақсаты: студенттердің жеке тұлғаның құқықтық жағдайы және құқықтық жағдайының
негіздері ұғымдарының арақатынасын анықтай білуі, Конституцияны саралай отырып жеке
тұлғаның құқықтық жағдайының негіздерінің элементтерін анықтап, олардың Конституцияда
бекітілуіне талдау жасай алуы
Сұрақтар:
1. азаматтардың құқықтық жағдайы, оның түсiнiгi және қағидалары.
2. жеке тұлғаның құқықтық жағдайы және жеке тұлғаның құқықтық жағдайының негіздері
ұғымдарының арақатынасы
3. мемлекеттің азаматтарының негiзгi құқықтары, бостандықтары және мiндеттерi: түсiнiгi,
жiктелуi, олардың конституциялық бекiтiлуi.
4. азаматтық: түсiнiгi, қағидалары. Азаматтықтың құқықтық реттелуi
5. Азаматтықты алу және оның тоқтатылу негiздерi
6. Ата-аналарының азаматтығы өзгерген, асырап алған және қамқорлыққа алған жағдайдағы
балалардың азаматтығы.
7. Азаматтық мәселелерiмен айналысатын мемлекеттiк органдардың құзыреттерi.
Семинар 5. Тақырыбы: Конституциялық құқықтар мен бостандықтар: түсінігі және
түрлері. Конституциялық міндеттер – 5 апта 3 сағат
Мақсаты: студенттердің азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарының,
міндеттерінің маңызын ұғынуы, олардың түрлерін анықтап, әрқайсының мазмұнын талдай білуі
Сұрақтар:
1. Конституциялық құқықтар мен бостандықтардың түсінігі, олардың ерекшеліктері
2. Конституциялық құқықтар мен бостандықтарды түрлері, ерекшеліктері
3. Жеке құқықтар мен бостандықтар
4. Саяси құқықтар мен бостандықтар
5. Әлеуметтік-экономикалық құқықтар мен бостандықтар
6. Конституциялық құқықтар мен бостандықтардың жүзеге асырылуының, бұзылмауының
кепілдіктері
7. Конституциялық міндеттер
Семинар 6. Тақырыбы: Сайлау құқығы, оның түрлері мен қағидалары - 6 апта 3
сағат
Мақсаты: студенттердің тікелей халық билігі институтының негізгі бір элементі ретінде
сайлаудың маңызын түсініп, оның құқықтық реттелуіне және жүзеге асу практикасына талдау
жасауға қабілетті болуы
Сұрақтар:
1. сайлау құқығының түсінігі, түрлері.
2. сайлау құқығының қағидалары
3. сайлау құқықтарының кепілдіктері.
4. сайлау комиссиялары: түрлері, құрылуы мен қызметі
5. сайлау округтерi мен сайлау учаскелерi.
6. дауыс беруді ұйымдастыру
Семинар 7. Тақырыбы: Сайлау жүйесi, сайлау жүйесінің түрлері - 7 апта 3 сағат
Мақсаты: студенттердің сайлау жүйесінің мәнін ұғынып, мемлекет басшысын, өкілді орган
депутаттарын және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн сайлауда дауыстардың бөліну
тәртібіне талдау жасауға қабілетті болуы
Сұрақтар:
1. сайлау жүйесiнiң түсінігі, түрлері.
2. мажоритарлық сайлау жүйесі
3. бара-бар өкілдік сайлау жүйесі
4. мемлекет басшысын сайлау
5. өкілді орган депутаттарын сайлау процесінің сатылары
6. жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн сайлау процесі, оның сатылары
Семинар 8. Республика Президентінің конституциялық-құқықтық жағдайы - 8 апта 3
сағат
Мақсаты: студенттердің Президент қызметінің құрылуы мен дамуының ерекшеліктерін
анықтап, оның мәртебесінің конституциялық-құқықтық реттелуін терең меңгеруі.
Сұрақтар:
1. Президентi – мемлекет басшысы, оның ең жоғарғы лауазымды тұлғасы.
2. Қазақстанда президент институтының құрылуы және дамуы.
3. Президенттің сайлану және қызметіне кірісу тәртiбi.
4. Президенттің өкілеттіктері
5. Президенттің актілері.
6. Президенттiң қызметiнен мерзiмiнен бұрын босатылуы.
7. Президентті қызметiнен кетiру. Президен қызметiнен мерзiмiнен бұрын босаған немесе
кетiрiлген, сондай-ақ қайтыс болған жағдайда оның мiндеттерiн атқару.
Семинар 9. Тақырыбы: Заң шығару билігінің ұйымдастырылуы мен қызметінің
негіздері - 9 апта 3 сағат
Мақсаты: студенттердің заң шығару органының өкілдік және заң шығарушылық сипатын
анықтай отырып, оның мемлекеттік билік жүйесінде алатын орнын тани білуі, заң шығарушы
органның мәртебесінің конституциялық-құқықтық реттелуіне терең талдау жасауға дағдылануы.
Сұрақтар:
1. Парламент - заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғары өкiлдi орган.
2. Заң шығарушы биліктің қалыптасу және даму кезеңдері
3. Заң шығару органының (Парламенттің) өкілеттік мерзімі, құрамы және құрылу тәртібі.
4. екi палаталы Парламент құрылымына өту қажеттiлiгi
5. Парламенттің құзыреті.
6. Парламенттің актiлерi
7. Парламент қызметiнiң ұйымдық-құқықтық нысандары, органдары
8. Парламент депутаттарының мәртебесі
Семинар 10. Тақырыбы: Парламенттің заң шығармашылығы – 10 апта 3 сағат
Мақсаты: студенттердің заң шығармашылық қызметтің мәнін ұғынып, Парламенттің заң
шығармашылығына әсер ететін факторлардың маңызын анықтай білуі, Парламенттің заң
шығармашылығының тиімділігін арттыратын алғышарттарға талдау жасауға дағдылануы.
Сұрақтар:
1. заң шығармашылығының түсінігі
2. Парламентте заң шығару процесiнің сатылары:
- заң шығару бастамашылығы
- заң жобасын палаталарда қарау, қабылдау
- заңға Президенттің қол қоюы
- заңды жариялау
3. Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңды қабылдау ерекшелігі
4. заң шығармашылығына әсер ететін факторлар
5. заң шығармашылығының тиімділігі
Семинар 11. Тақырыбы: Республика Үкіметінің ұйымдастырылуы мен қызмет етуінің
негіздері – 11 апта 3 сағат
Мақсаты: студенттердің мемлекет Үкіметінің атқарушылық сипатын түсіне отырып, оның
атқару билігі жүйесіндегі орнын анықтай білуі және Үкіметтің мәртебесінің конституциялыққұқықтық реттелуіне жан-жақты талдау жасауға дағдылануы.
Сұрақтар:
1. Үкімет - атқарушы билiгiн жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесiн басқаратын және
олардың қызметiне басшылық жасайтын орган.
2. Үкіметтің құрамы және құрылымы, құрылу тәртібі
3. Үкіметтің құзыреті
4. Үкіметтің қызмет ету тәртiбi.
5. Үкiметтiң актiлерi.
6. Үкiметтiң таратылуы.
Семинар 12. Тақырыбы: Конституциялық Кеңестің ұйымдастырылуы мен қызметінің
негіздері – 12 апта 3 сағат
Мақсаты: студенттердің конституциялық қадағалаудың мәні мен маңызын түсіне отырып,
мемлекетте конституциялық қадағалау институтының даму кезеңдерін анықтай білуі және
Конституциялық Кеңестің ұйымдастырылуы мен қызметінің негіздерінің конституциялыққұқықтық реттелуіне талдау жасауға машықтануы.
Сұрақтар:
1. конституциялық қадағалаудың түсiнiгi, мақсаты. Конституциялық қадағалау органдары.
2. Қазақстанда қадағалау институтының құрылуы және дамуы
3. Конституциялық Кеңестің құрылуы
4. Конституциялық Кеңестің өкілеттіктері.
5. Конституциялық Кеңестiң төрағасы мен мүшелерiнiң мәртебесi.
6. Конституциялық Кеңестiң актiлерi. Олардың құқықтық табиғаты.
Семинар 13. Тақырыбы: Конституциялық Кеңесте іс жүргізу – 13 апта 3 сағат
Мақсаты: студенттердің Конституциялық Кеңестің қызметін реттейтін актілердің
мазмұнын талдап, конституциялық іс жүргізу тәртібін, оның сатыларын анықтай білуі.
Сұрақтар:
1. Конституциялық Кеңестің құзыреті.
2. конституциялық іс жүргізудің түсінігі, маңызы
3. конституциялық іс жүргізудің өзге іс жүргізу түрлерінен ерекшеліктері
4. Конституциялық Кеңесте іс жүргізудің құқықтық реттелуі
5. Конституциялық Кеңесте іс жүргізу сатылары
6. Конституциялық Кеңестің актілерінің заңи күші, сипаты
Семинар 14. Тақырыбы: Жергiлiктi мемлекеттік және өзін-өзі басқарудың
конституциялық-құқықтық реттелуі - 14 апта 3 сағат
Мақсаты: студенттердің жергiлiктi мемлекеттік басқару мәні мен маңызын түсіне білуі,
жергiлiктi мемлекеттік басқарудың ұйымдастырылуы мен қызметінің конституциялық-құқықтық
реттелуіне терең талдау жасауға машықтануы
Сұрақтар:
1. жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарудың түсінігі, ерекшеліктері.
2. Жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары.
2. Мәслихаттардың құрамы және құрылу тәртібі.
3. Мәслихаттардың өкілеттіктері, қызметiнiң ұйымдық-құқықтық нысандары,
4. жергiлiктi атқарушы органдардың ұйымдастырылуы мен қызметі
5. әкімдердің конституциялық-құқықтық мәртебесі
6. жергілікті өзін-өзі басқарудың ұйымдастырылуы және қызметі
Семинар 15. Тақырыбы: Тікелей демократия нысандарының ұйымдастырылуы - 15
апта 3 сағат
Мақсаты: студенттердің тікелей демократия нысандарының құқықтық реттелу жағдайымен
танысып, олардың қызмет ету практикасына талдау жасай білуі
Сұрақтар:
1. тікелей демократияның түсінігі, сипаты
2. тікелей демократия нысандары
3. тікелей демократия нысандарының бірі ретінде референдумның маңызы
4. Референдумның түсінігі, өткізу тәртібі
5. бейбіт жиналыстар, демонстрациялар, митингілер, шерулер ұйымдастыру және өткізу тәртібі
6. жергiлiктi өзін-өзі басқару тікелей демократия бір нысаны ретінде
Download