Uploaded by nursulujaisanbek

Глоссарий мәдениеттану

advertisement
Глоссарий
1.Абыз – ертеде елдің тəу ету жоралғыларына басшылық жасайтын əрі
жаугершілік жағдайында жорыққа шығарда бата беретін, болжам жасап,
жорамал айтатын жəне ежелден қалыптасқан əлеуметтік тəртіптің ертедегі
нормалары мен принциптерін жетік меңгерген беделді тұлға.
2.Агни - Ежелгі Үндістанда от құдайы.
3.Аид - өлілер құдайы.
4.Амон – Ежелгі Египет құдайы, Фивы қаласының қорғаушысы.
5.Анимизм (лат. anima — рух, жан) — заттық дүние құбылыстарының
жандылығын бiлдiретiн термин. Анимизмнің көрінісіне қазақы
дүниетанымдағы «киелi», «қасиетті» жер бедерлерi мен атаулары жатады.
Табиғат аясындағы мəдениет үшiн қоршаған орта киелi таулардан, құтты
өзендер мен көлдерден, ағаш-бұталардан, т.б. тұрады. Табиғи құбылыстар да
қасиеттi мағынаға ие болады, олардың рухы жəне иесi бар делiнедi.
6.Антик — (көне, ежелгі)» деген ұғым
7.Антикалық мәдениет (лат. antiquus ежелгі) Ежелгі Грек жəне Рим
мəдениеттерінің б.з.д. XII - I ғғ. қамтитын дəстүрлерінің,
құндылықтарының, идеяларының, өнерінің, мұраттарының тұтас жүйесі.
8.Антропология — адамның шығу тегін, дамуын, дене құрылысын, нəсілдік
ерекшеліктерін зерттейтін жалпы биология ғылымының
қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысы бар саласы.
9.Антропология (грекше antropos - адам) – адам туралы ғылым.
10.Артха — адамның күнделікті тұрмыс-тіршілігіндегі іс-əрекеттердің
нормалары болып табылады(үндə-будда мəдениеті).
11.Архаикалық мәдениет - адамзат мəдениетінің бастауы.
12.Бен-бен – Ежелгі Египеттіктердің тас құдайы.
13.Брахманизм – Ежелгі Үндістанда ведашылықтың негізінде пайда болып,
оны алмастрған діни философиялық жүйе.
14.Буддизм (санскритше – buddha dharma Будданың ілімі) — дүниежүзіне
кеңінен таралған негізгі 3 діннің бірі.
15.Ведалар – үнділердің қасиетті, діни кітабы.
16.Вишну — адамдардың адал қамқоршысы, көмекшісі.
17.Гиза – Пирамидалар тұрғызылған жер.
18.Гимн – құдайларға арналған жыр.
19.Даосизм - табиғат күштерін мойындаудың жəне онымен үйлесімділікте
болудың маңыздылығын қолдайтын теория.
20.Даосизм - атақты ойшыл Лао Цзы идеяларына негізделіп құрылған
ежелгі Қытай философиялық жəне діни дəстүрі
21.Даосизм - атақты ойшыл Лао Цзы идеяларына негізделіп құрылған
ежелгі Қытай философиялық жəне діни дəстүрі
22.Дүниежүзілік мәдениет — біздің планетамызды мекендеген барлық
халықтар мəдениетінің озық үлгілерінің синтезі болып табылады.
23.Дхарма — будда дініндегі моральдық заңның басты бөлігі болып
есептеледі. Үнділердің қасиетті кітаптарында (смрити) дхарманың тізімі, яғн
и түрлі касталардың міндеттері мен функ- циялары атап көрсетілген. Касталы
қ жүйеде бүл парыз-міндеттерден ауытқуға жол берілмейді.
24.Иероглиф – бірнеше белгілер қосылған əріп түрі.
25.Индра - Ежелгі Үндістанда Найза құдайы.
26.Индуизм — бір-бірінен тəуелсіз бірнеше діни наным-сенімдерден
тұратын діни-мəдени ағым.
27.Исида – Осиристің əрі əпкесі, əйелі, ана қамқоршысы.
28.Ка – Адамның, жануарлардың, заттардың, тəннің екінші жағы.
29.Киелі Кітап (Библия) — христиандықтағы киелі кітаптардың жиынтығы.
30.Колизей – Ежелгі Римдегі ең ірі амфитеатр.
31.Комедия - өмір құбылыстарының, мінез-құлықтың, іс-əрекеттің күлкілі
жақтарын көрсету мақсатымен сахнаға лайықталып жазылған драммалық
шығарма.
32.Комедия сөзі "комос" — Диониске арналған мейрамдағы көшеде
қыдырып жүрген қызу əрі көңілді халық жəне "одэ" — өлең, əн деген
ұғымдардан шығып, қыдырып жүрген халықтың əні деп аударылады.
33.Конфуций – ұлы философ жəне ұстаз.
34.Конфуций ілімі – тұтасымен дерлік адамшылық туралы ілім.
35. Қара жер – Египеттің ежелгі атауы.
36.Қосөзен – қатарласа аққан Тигр мен Ефрат өзендерін ежелгі халықтардың
атауы.
37.Маат – шындық пен тəртіп құдайы.
38.Магия ( лат. magia гр. μαγεία — сиқыршылық) — алғашқы қауымдық дін
формаларының бірі; іс-əрекеттердің (жеке немесе ұжымдық) символдық
бейнесі. Магия алғашқы қауым адамы ойының көрінісі жəне жаратылыстан
тыс күштерге сенімнің күшеюімен тікелей байланысты болды. Магиямен
байланысты дүние туралы түсініктер ежелгі натурфилософиялық ілімдер мен
алуан түрлі “құпия ілімдер” негізінде алынды.
39.Мардук – Вавилондықтардың түсінігінде жерді жаратушы құдай.
40.Материалдың мәдениет — еңбек жəне материалдық өндіріс мəдениеті,
тұрмыс мəдениеті, топостың, яғни тұрған мекеннің, үйдің, ауылдың, қаланың
мəдениеті, адамның өз денесіне, дене тəрбиесіне қарым-қатынасының
мəдениеті.
41.Махаяна – махаббат пен қайғы-қасіретті буддизм шеңберіне еңгізу.
42.Мәдени антропология - мəдениет пен табиғатты ұштастыруға тырысатын
ілім
43.Мәдени нормалар дегеніміз — жалпы құндылықтарға сəйкес
қалыптасқан төртіп ережелері.
44.Мәдениет — адам əлемі.
45.Мәдениет – адам құндылықтарының жиытығы.
46.Мәдениет – адамгершілік қасиеттердің жиынтығы.
47.Мәдениет — аса күрделі, көп деңгейлі жүйе.
48.Мәдениет – қоғам дамуының негізгі қажетті саласы. Мəдениетсіз адам
қоғамы болмайды.
49.Мәдениет – тарихи құбылыс.
50.Мәдениет дегеніміз (латын тілінде cultura — өңдеу, тəрбиелеу, білім беру,
даму, сыйлау) — адамдардың өмірі мен қызметін ұйымдастыру қалпы мен
түрлерінен, сонымен қатар олардың жасаған материалдық жəне рухани
құндылықтарынан көрінетін қоғам мен адам дамуының белгілі бір дəрежедегі
тарихи деңгейі.
51.Мәдениет – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары жəне жасап
жатқандарының бəрін түгел қамтиды.
52.Мәдениеттану — рухани өмірінің оқиғалары мен əрекеттерін зерттеп,
зерделеуге негізделген мəдениет туралы ғылым жəне оның пəні.
53.Микены – «Арыстандар қақпасы» табылған қала.
54.Миф - тарихи-мəдени сананың ерекше күйі.
55.Миф – көне аңыз, əңгіме;
56.Мораль (латын moralіs – əдет-ғұрып) – адамдар мен əлеуметтік
бірлестіктер арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін қағида; адамның
мінез-құлқын реттеу қызметтерін атқаратын əлеуметтік институт.
57.Мумия – ішкі құрылысы алынған мəйіт, ұзақ сақталған адам денесі.
58.Мұражай, музей, (грек тілінде museіon – муза сарайы) – тарихи-ғылыми
дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мəдени құндылықтарды,
т.б. мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет
атқаратын мекеме.
59.Навуходоносор – Вавилонды ең əсем қала ретінде əлемге əйгілі еткен
патша.
60.Неолит – жаңа тас ғасыры жəне де « қыш құмыралар» дəуəрə деп те
аталады.
61.Нирвана – бұл əлемнің шырмауынан нағыз арылу.
62.Осирис – Ежелгі египеттің əділеттілік құдайы.
63.Өнер - мəдениеттің өзекті бөлігі.
64.Өркениет (цивилизация) семантикалық жағынан алғанда (латын тілінің
— «civilis» сөзі) азаматтық дегенді білдіреді.
65.Өркениет (лат. сіvіlіs – азаматтық) – қоғамның материалдық жəне рухани
жетістіктерінің жиынтығы.
66.Пайдейя - грекше бала деген мағынаны білдіреді.
67.Палестра (грек тілінен сөзбе-сөз аударғанда - «күрес мектебі») - ұл
балалар грамматист жəне кифарист мектептерін тəмамдағаннан кейінгі
окитын ежелгі Афинадағы (б.з.д. VI-IV ғ.ғ.) оку-тəрбие мекемесі.
68.Папирус – өсмдіктен жасалған қағаз.
69.Пиктограмма – Әріп суреттер.
70.Пирамида – бай адамдардың қорғаны.
71.Полис - қала-мемлекет.
72.Птах – Мемфис қаласының қорғаушысы, барлық тірі жанның əкесі.
73.Ра – Египеттік күн құдайы.
74.Рухани мәдениет көп қырлы құбылыс ретінде таныла отырып, өзінің
құрамына танымдық жəне ақыл-ойлық, философиялық, адамгершілік,
көркемөнерлік, құқылық, педагогикалық, діни мəдениетті енгізеді.
75.Сансара – жиһан кезу деген ағына береді.
76.Сиддхарта Гаутама - Буддизмнің негізін салушы деп есептеледі.
77.Сурья – Ежелгі Үндістанда күн құдайы.
78.Сфинкс – Пирамидалардың күзетшісі.
79.Таммуз –Вавилондықтардың су құдайы.
80.Типология - жалпы лингвистикалық таксономиялық категорияларды
шығу тегіне қарамастан тілдерді типтер бойынша топтастыру ұшін негіз
ретінде аңықтау; типологиялық топтастырудың тəсілдерін жасайтын жəне
ұстанымын зерттейтін тіл білімінің бөлімі.
81.Тот – Египеттіктердің ақыл құдайы.
82.Тотемизм - рулық қоғамдағы адамдар тобынын шығу
тегін жануарларға, өсімдіктерге немесе
табиғат құбылыстарына байланыстыру негізінде қалыптасқан сенімдер мен
əдет-ғұрып, салт-сананың күрделі жүйесі.
83.Трагедия – ол «ешкілер əні» деген мағынаны білдіреді. Бұл ұғым ешкі
терісін жамылып алып, əзіл-оспақтық сарында хормен өлең айтудан шыққан.
84.Ұлттық мәдениет өз кезегінде белгілі бір қоғамның əр түрлі таптары,
əлеуметтік топтары мен жіктері мəдениетінің синтезін алға
тартады. Мəдениет материалдың жəне рухани болып екіге бөлінеді.
85.Үрей атасы – Сфинкстердің халық арасындағы атауы.
86.Фараон – Египет патшасы, жер бетінде құдай ретінде дəріптелген.
87. Фивы храмы – Ежелгі Египеттегі ең даңты храм.
88.Фетишизм - (франц. тұмар, қасиетті күш бар зат) - көбінесе алғашқы
қауымдық құрылыс, архаикалық мəдениетіне тəн жансыз заттарға қасиетті
деп табыну. Фетиштер арқылы рухани киелі күштер əрекет етеді, қамқорлық
көрсетіп, қорғап қоршайды деген түсінік алғашқы адамзаттың мифологиялық
- синкреттік санасына сай туындаған болатын.
89.Хапи – Ніл өзенін билейтін құдай.
90.Хеопс пирамидасы – Египеттегі ең биік пирамида.
91.Хуанди – қытайда ұлы билеушін осылай атаған.
92.Шамаш – Вавилондардың күн құдайы.
93.Шива — өнер мен ғылымның, салтанатты өмір мен махаббат сайранының
құдайы.
94.Шива — қатал да, қорқынышты құдай.
95.Эллада – Ежелгі гректердің атауы.
96.Эллинизм — ертедегі грек құл иеленушілік қоғамның соңғы, аяқталған
кезеңі болды. Грекия тарихындағы бұл тарихи кезең Александр
Македонскийдің (біздің заманымызға дейінгі 356—323 жылдар) бүкіл
Грекияны жаулап алуымен тығыз байланысты болды.
97.Энолит - адамдар өміріне мыс құралдар енген дəуір.
98.Эстетика (грек. aіsthetіkos – сезіну, сезімдік) – адамның дүниені
эстетикалық тұрғыдан ұғынып-түсіну заңдылықтары туралы, əсемдік
заңдарын арқау еткен шығармашылықтың мəнісі мен формалары туралы
ғылым.
99.Эсхил – классикалық грек трагедиясының негізін салушы.
100.Этнография, этнология (гр. etnos – тайпа, халық, grapho – жазу)
– қоғамдық ғылымның тайпалар мен халықтарды зерттей
Download