Загрузил Елдана Асанбаева

критериалды бағалау

Реклама
УДК
ББК
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының
Әдістемелік кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылды
Рекомендовано Методическим советом Центра педагогического мастерства
АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы»
Рецензенттер: Сыздықова Г.О., филология ғылымдарының докторы, профессор, Л.Н. Гумилев
атындағы ЕҰУ
Рецензенты: Сыздыкова Г.О., доктор филологических наук, профессор, ЕНУ имен Л.Н.
Гумилева
Құрманбаева Ш.Қ.
Студенттің білім жетістігін критериалды бағалау. Әдістемелік нұсқаулық / С.А.
Ислямова. - Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік
орталығы, 2019. – 35 бет.
ISBN
методические руководство
Нұсқаулықта педагогикалық өлшеудің негізгі ұғымдары мен терминдері, ЖОО-да
критериалды бағалауды ұйымдастырудың түрлері мен әдістері сипатталған. Нұсқаулық білім
алушылардың оқу жетістіктерін бағалауда педагогтар пайдаланатын құралдар ауқымын
кеңейтуге мүмкіндік береді. Жоғарғы оқу орындарының профессорлық-оқытушылық
құрамына арналған. Нұсқаулық ««5В020500 - Филология: Қазақ тілі» мамандығы бойынша
білім берудің ғылыми-концептуалдық негіздемесін «жаһандық бәсеке және ұлттық код»
контексінде жаңарту» тақырыбы аясындағы практикалық зерттеулер шеңберінде әзірленген.
В руководстве описаны основные понятия и термины педагогических измерении, виды и
методы организации критериального оценивания в вузе. Руководство позволяет расширить
диапазон применяемого педагогами инструментария оценки учебных достижений
обучающихся.
Предназначено
профессорско-преподавательскому
составу
вузов.
Руководство разработано в рамках практических исследовании по теме: «Обновление
научно-концептуального обоснования образования по специальности 5B020500 - Филология:
казахский язык в контексте «Глобальная конкурентоспособность и национальный код»».
УДК
ББК
© «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
Педагогикалық шеберлік орталығы, 2019
© АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы»
Центр педагогического мастерства, 2019
Кіріспе
Соңғы онжылдай уақыттың шамасында ұлттық білім беру жүйемізде көптеген
сапалық өзгерістері байқалуда. Бұған дейін оқытудың соңғы мақсатты нәтижесі жекелеген
пәндер бойынша білім, білік, дағдыны қалыптастыруды көздеп келген болса, ендігі кезекте
студенттің алған білімін өмірде өз қажетіне қолдана алу деңгейін көрсететін түрлі
құзыреттіліктер жүйесін қалыптастыруға назар аударыла бастады. Оқу бағдарламаларында
алдымен студенттердің кәсіби құзыреттілік деңгейіне қойылатын талаптар айқындалып,
берілетін білім мазмұнының ауқымы соған сәйкес белгіленетін болды.
Осыған байланысты оқу үдерісінің аса маңызды құрамдауыштарының бірінен
саналатын студенттердің білімін бақылау мен бағалау мәселесіне жіті көңіл бөлу
қажеттілігі туындады. Себебі бүгінгі күнде дәстүрлі бағалау жүйесі арқылы күрделі кәсіби
құзыреттіліктің деңгейлерін бағалау мүмкін емес екені анықталып отыр.
Қазіргі кезде жаһандану білім беру саласына да келіп жеткен кезде көптеген
университеттер ішкі бақылау саясатын қайта қарауға кірісіп, студенттердің білімін
бағалаудың жаңа әдістерін ұсынуда. Білімді бағалау жүйесін қайта қараудың негізгі
мақсаттарының бірі – әуелгі кезекте білім сапасы мен мамандарды даярлау деңгейін
арттыру. Өйткені білім алушылардың білімін бағалау оқытушыға өз қызметінің
нәтижелеріне объективті қарай отырып, проблемаларды алдын-ала болжап, түзетуге
мүмкіндік беретін кері байланыс механизмі қызметін атқарады. Сонымен қатар
студенттердің білімін бағалау білім беру құралының да қызметін атқарады [1].
Бағалау жүйесінің өзекті мәселелерін зерттеудің қажеттілігі
Бұл тақырыпқа зерттеушілердің, оқытушылар мен студенттердің үлкен қызығушылық
танытуына қарамастан, білімді бағалау жүйесінің әлі де шешілмей жатқан өзекті
мәселелері жетерлік [2, 3, 4].
Студенттердің білімін объективті бағалау мәселесінің аса өзекті болуының басты
көрсеткіші ретінде білімнің қате бағалануының қоғамдағы салдарын атап көрсетуге
болады. Қате бағалану нәтижесінде көп жағдайда
әртүрлі пәндер бойынша білім
мазмұнының ауқымын, өздеріне қойылатын талаптың деңгейін, соған сәйкес өз білімінің
шамасын анық білмегендіктен, көптеген студенттер өз мүмкіндіктерін артық бағалайды.
Бұл феномен әлеуметтік салыстыру теориясы және себеп-салдардың атрибуциясы
теорияларымен түсіндіріледі. Аталған теорияларға сәйкес адамның өзін-өзі артық бағалауы
заңды, алайда ол адамның өз өміріне және қоғамға күрделі мәселелер тудыруы мүмкін [5].
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан2050» Стратегиясында жоғары білім мен ғылым саласындағы алда тұрған жұмыстың ұзақ
мерзімді басымдықтары ретінде оқытудың және түлектерді жұмысқа орналасуға ықпал
жасаудың тиімді жүйесін құру, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру, Қазақстанның
тұрақты дамуын ғылыми экономика ұстанымдары негізінде қамтамасыз ету көрсетілген [6].
Демек, түлектің жұмыспен қамтылуына бірден-бір әсер ететін оның білім дәрежесін
көрсететін бағаларының деңгейі десек, жоғары бағаны талап ететін оқыту мазмұны мен әділ
бағаны қоятын жүйе еліміздің экономикасын арттыруға тікелей өз әсерін тигізеді.
Қазақстандық білім беру жүйесінде бүгінгі күнде жаңғырту үдерісі жүзеге асырылуда.
Алайда білім мазмұнының жаңаруы мен бағалау жүйесінің дәстүрлі түрден ажырамауына
байланысты үлкен қайшылықтар туындауда.
Мысалы, 2016 жылдан бастап педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламаларының
барлығына 2 кредит көлемінде жүргізілетін міндетті «BOT 2205 Бағалаудың өлшемдік
технологиялары» пәні енгізілді. Аталған оқу пәнінің Типтік оқу бағдарламалары 2016 жылғы
ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес дайындалып, бекітілген.
Бұл құжатқа сәйкес студент меңгеруі тиіс білім мазмұны білім алушылардың жетістіктерін
3
диагностикалаудың әдістері мен құралдарының қазіргі жағдайы мен одан әрі оқыту туралы
шешім қабылдау үшін критериалдық бағалауды пайдалану жолдарын, сондай-ақ
оқушыларды объективті бағалау үшін оқыту нәтижелерін жоспарлау, рубрикаторларды
әзірлеу мен пайдалануды қамтиды. Пәннің зерттеу нысаны – оқушылардың оқу жетістіктерін
критериалды бағалау үдерісі, ал зерттеу пәні – білім жетістіктерін критериалды бағалау
жүйесін жүзеге асыру әдіс-тәсілдері, түрлері мен құралдары.
Аталған пәннің егізілуі - болашақ педагог мамандарға критериалды бағалау негіздерін
оқытудың қажеттігін ескеруден туындағаны түсінікті. Алайда, басқа пәндерді былай
қойғанда, тікелей критериалды бағалауды меңгертуге бағытталған осы пәннің өзі бойынша
да көптеген ЖОО-да аталған мәселенің теориясы ғана айтылып, студенттердің пән мазмұнын
меңгеру дәрежесін бағалау үдерісі дәстүрлі жүйеге сәйкес жүргізілуде.
Осы аталған қайшылықтар ЖОО-да ашық, валидті оқу сапасын бағалау
технологиясын құрудың қажеттілігін айқындайды.
Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңында
1.1.14 бабында: «Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі - білім беру сапасының
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, жеке адамның, қоғам мен
мемлекеттің қажеттіліктеріне сәйкестігін белгілеудің институционалдық құрылымдары,
рәсімдері, нысандары мен әдістерінің жиынтығы», - деп атап көрсетіледі [7].
Мемлекеттік стандарт талаптарынан ауытқымау – әрбір ЖОО-ның, әрбір жеке
маманның міндеті. Сонымен қатар әрбір оқытушы өзі беріп отырған білім сапасының
студенттің және қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктеріне сәйкестігі тұрғысында да
ойланатын болса, бағалауда қолданып жүрген әдістеріне сын көзбен қарап, әлемдік
жүйедегі озық технологияларға ұмтылары анық.
Бүгінгі күнде қоғамда студент жетістіктерінің барлық ерекшеліктерін қамти алмай
отырған бағалау жүйесіне қанағаттанбаушылық бар екені рас. Себебі еңбек нәтижелерін
объективті бағалау қажеттілігі адамның кез келген әрекетінің табысты болуының шарты.
Адамның әрекеті неғұрлым әртүрлі болған сайын оны бағалау қиындай береді. Білім беруді
басқаруда жүйені дәл және сапалы бағалау маңызды рөл атқарады.
Бағалау әрекетінің басты функциясы – білім беру сапасын жақсарту. Өз сабағының
мазмұнын заманға лайықтап жаңартып, білім сапасына ұмтылған әрбір оқытушы бүгінгі
күні бағалау жүйесіне өзгерістер енгізу қажеттігін көріп отыр.
Сондықтан студенттердің білімін бағалау үдерісінің айқын белгіленген критерийлерге
сәйкес объективті түрде жүргізілуі аса маңызды. Критерийлер мен бағалау үдерісі айқын
және нақты, таза және шынайы болуы керек. Тек осындай жағдайда ғана жұмыс
берушілердің түлектерге деген сенімін арттыруға қол жеткізуге болады.
Бағалау жүйесінің университет беделіне әсері
Студенттердің білімін жеткіліксіз және субъективті бағалау жүйесі университеттің
беделіне нұқсан келтіреді және жұмыс берушілердің, талапкерлер мен ата-аналардың осы
университет беретін біліміне деген сенімін азайтады. Сауатты ұйымдастырылған білімді
бағалау жүйесі ЖОО беделін нығайтудың кепілі болады. Соның нәтижесінде түлектердің
өз кәсіби әрекеттерінде жетістіктерге жетуінің негізі қаланады.
Университет беделін арттырудың екі негізгі факторы бар –студент білімін объективті
бағалау және оқылатын пәндер мазмұнның халықаралық білім стандарттары талаптарына
сәйкес өзектілігі. Беделді рейтингке ие университет түлегіне жұмыс беруші дипломның
бағалар жазылған қосымшасында көрсетілген барлық пәндер тиісті деңгейде
оқытылғанына және студенттің алған бағасы шынымен оның білім деңгейін көрсететініне
сенімді бола алады. Егер дипломында студент белгілі бір пәннен «өте жақсы» деген баға
алды деп тұрса, ол бағаның шынымен де ешқандай асыра қойылмағанын, түлектің шынайы
құзыреттілік деңгейін көрсетіп тұрған өлшем екенін анық біледі. Сондай-ақ
4
«қанағаттанарлық» деген баға да «студентке «екі» қойсақ, оқудан шығып қалады ғой деп,
жандары ашығандықтан қойылмаған баға екеніне айқын көздері жететін болады.
Студент білімін объективті бағалауға кедергі келтіретін факторлар
Студенттің нақты білімі мен дайындық деңгейін көрсететін бағалауды нағыз шынайы,
объективті деп есептеуге болады. Керісінше, студенттердің білімін объективті бағалауға
кедергі келтіретін факторлар, біздің ойымызша, мыналарды қамтиды:
- Студенттің толық білім деңгейін көрсетпейтін, нақты жауаптарды талап етпейтін,
жайылма жауаптармен «құтылып кетуге» мүмкіндік беретін сұрақтар. Бұл көбінесе
проблемалық оқытуға негізделмеген, «білу» мен «түсіну» деңгейлерінен аспайтын,
оқытушының өз айтқанын қайталап айтып бере салуды ғана талап ететін жалпылама
сұрақтар түрінде болып келеді.
- Тақырыпты толық түсінуге ешқандай көмегі тимейтін, маңызсыз ұсақ бөлшектерді
есте сақтауға негізделген сұрақтар. Бұл әсіресе тест түріндегі тапсырмалардың мазмұнында
жиі кезедеседі. Аталған жағдай студенттердің барлық фактілерді толық түсінбеуіне, пәннің
толық мазмұнын түсінуге тырыспауына әкелуі мүмкін. Пәнге осындай тұрғыдағы
көзқараспен келу білім алушының қажет білімді ескермеуінен біліксіз, шала «маман»
болып оқуды аяқтап шығуына жол береді.
- Алдын-ала нақтыланған бағалау критерийлерінің болмауына байланысты әрбір жеке
сұрақ немесе тапсырма бойынша жиынтық баллды қоюдың шарттарын алдын-ала
ескермеуі. Мысалы, егер белгілі бір сұрақтар немесе тапсырма үшін ең жоғары 100 балл
қою керек болса, оқытушы да, студент те 0-ден 100-ге дейінгі аралықтағы әрбір ұпайдың
нақты қандай жағдайда, қандай шарттар негізінде қойылатындығын алдын-ала, анық
білулері керек.
- Оқытушының әртүрлі студенттердің жұмыстарын салыстыруға тырысуы, топпен
салыстыра отырып, ең жақсы және ең жаман жұмыстарды анықтауға тырысуы. Бағалардың
топтағы ең жақсы немесе ең жаман жұмыс деп танылған жұмыстармен салыстыра отырып
қойылуы нәтижесінде субъективизмге жол берілуі. Себебі нақты сол топ ішіндегі ең жақсы
жұмыс деп танылған жауап нағыз жоғары деңгейдегі жұмыс болмауы да мүмкін.
Оқытушының жеке көзқарасы бойынша бағалау кез келген сәтте әртүрлі бағытқа
ауытқып отырмауы керек. Жоғары баға «іліп алары осы ғана» болғандықтан қойылмауы
керек, не болмаса, төмен баға «кафедраның, факультеттің атына кір келтірмеу үшін»
қойылмай қалмауы керек. Бұлай бағалау әдісі студенттердің біліміне қойылатын
талаптардың төмендеуіне әкеліп соғады және сайып келгенде, университеттің беделіне
нұқсан келтіреді. Әрбір баға тек қана алдын-ала бекітілген критерийлерге сәйкес қойылуы
тиіс. Ешқандай субъективті факторлар баға қоюға әсерін тигізбеуі керек.
- Оқытушының жалған сенімі. Көп жағдайда студенттің сырт бейнесі, өзін-өзі ұстауы
және т.б. студенттің білімін объективті бағалауға кедергі келтіреді. Бірде-бір сабақтан
қалмай келіп жүрген, алдыңғы қатарда отырып, барлық дәрісті мұқият жазып, қосымша
сұрақтар қойып отыратын студентті әдетте көптеген емтихан алушылар жақсы бағалауға
бейім болады.
Сол сияқты, керісінше, ұқыпсыз киінетін, сабаққа кешігіп келетін немесе ара-тұра
келмей қалатын, дәрісті мұқият жазып отырмайтын кейбір студенттерді оқытушы толық
танып үлгермей жатып, бірден «қара тізімге» енгізіп қоюы да жиі кездеседі. Студенттің
сырт көрінісі оның білімінің өлшемі емес екенін біле тұра, көп жағдайда бағалауда осы
факторлар шешуші рөл алып кетеді.
Қазақстандық ЖОО мамандарының бағалау жүйесіне көзқарасы
Қазақстандық жоғары оқу орындарындағы бағалау жүйесінің маңызы мен сапасын
айқындау мақсатында сауалнама жүргіздік. Сауалнама 131 респондентті қамтыды.
5
Сауалнаманың «ЖОО атауын жазыңыз» деген бірінші сұрағына берілген жауаптарға
байланысты жауап берушілердің 106-сы еліміздің түкпір-түкпіріндегі 23 оқу орнының
мамандары екені анықталды. ЖОО-дар атаулары мен респондеттердің сандық көрсеткіштері
1-суретте берілді.
Ы.Алтынсарин атындағы АрМПИ
Ш.Уәлиханов атындағы КМУ
3
2
Ш. Есенов атындағы Қаспий МТжИУ
4
Шәкәрім атындағы Семей МУ
5
Х. Досмұхамедов атындағы АтМУ
3
Тараз МПУ
С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ
4
2
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ
12
Павлодар МПУ
3
ОҚМПУ
3
Назарбаев Университет
2
М. Өтемісов атындағы БҚМУ
3
М. Қозыбаев атындағы СҚМУ
4
М.Әуезов атындағы ОҚМУ
3
Л.Н. Гумилев атындағы НҰУ
10
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ
5
Қ. Жұбанов атындағы ӨМУ
Қазақстан-Американ ЕУ
6
2
ҚазМемҚызПУ
3
ЕАГИ
6
Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ
Әл-Фараби атындағы ҚҰУ
5
2
Абай атындағы ҚазҰПУ
14
1-сурет. Сауалнамаға қатысқан ЖОО оқытушыларының саны
Сонымен қатар сауалнама сұрақтарына еліміздің білім беру жүйесіне елеулі үлестерін
қосып жүрген бірнеше гуманитарлық, техникалық, экономикалық колледждердің мамандары
да жауап берді. Сауалнамада жоғары оқу орындарының оқытушыларына арналған деп айқын
көрсетілген бола тұра, әлеуметтік желілер арқылы таратылған сұрақтарға колледж
мамандарының да үн қосуларын бағалау мәселесінің ол салада да өзекті болуынан деп
қабылдадық.
6
Сауалнамаға қатысқан коллледж оқытушыларының сандық көрсеткіштері 2-суретте
берілді.
М.Маметова атындағы ЖПК
1
Шығыс Қазақстан ГК
1
Жаркент ГТК
5
Рудный ӘГК
1
Н.Құлжанов атындағы Торғай ГК
1
Абай атындағы Жамбыл ГК
1
Актобе ГК
2
Ж.Мусин атындағы ПК
3
Мұрын жырау атындағы Маңғыстау ГК
2
М.О.Әуезов атындағы ПК
1
Қ.Дутбаева атындағы Атырау ГК
1
Б.Ахметов атындағы Павлодар ПК
4
Бейнеу ГЭК
1
Есік ГЭК
1
2-сурет. Сауалнамаға қатысқан колледждер оқытушыларының саны
ЖОО-дағы бағалау жүйесін дамыту мақсатында жүргізілген сауалнамамызға қатысып,
жауап бергендері үшін әріптестерімізге алғыс білдіреміз. Жауаптарды саралау барысында
бағалау жүйесіндегі көптеген өзекті мәселелер айқындалып, оларды шешудің жолдарын
болжауға мүмкіндіктер туындады.
Сауалнаманың «Сабағыңызда бағалаудың қай түрін қолданасыз?» деген екінші
сұрағы бойынша «Қалыптастырушы бағалау» деген жауапты 57 респондент (43,5%) таңдаса,
«Жиынтық бағалау» жауабын 35 адам (26,7%) таңдаған. Ал «Дәстүрлі бағалау» жауабын
сауалнамаға қатысушылардың 39-ы, яғни 29,8%-ы көрсеткен (3-сурет).
7
3-сурет. «Сабағыңызда бағалаудың қай түрін қолданасыз?» сұрағына берілген
жауаптардың пайыздық көрсеткіші
«Студент білімін / жұмысын қандай қағидатқа сүйеніп бағалайсыз?» деген үшінші
сұраққа байланысты «бағалау критерийі» деп 19 (14,5%), «дескриптор» - 2 (1,5), «өзін-өзі,
бірін-бірі, топтық жұмысты бағалау» - 15 (11,5%), «кері байланыс» - 1 (0,7), «жоғарғының
бәрін қолданамын» деп 64 (48,9%) және «бұлардан басқа дәстүрлі бағалау жүйесін
қолданамын» деп 30 (22,9%) респондент жауап берді (4-сурет).
4-сурет. «Студент білімін / жұмысын қандай қағидатқа сүйеніп бағалайсыз?» деген
сұраққа берілген жауаптардың пайыздық көрсеткіші
Жоғарыдағы екі сұраққа берілген жауаптардан байқағанымыздай, қалыптастырушы
және жиынтық бағалау түрлерін емес, дәстүрлі бағалау түрін қолданамын дегендердің саны
29,8% болса, бағалаудың жаңашыл қағидаттарына сүйенбей, олардан басқа дәстүрлі бағалау
жүйесін қолданамын дегендердің саны 22,9%-ды көрсетті. Осы жерден жауап берушілердің
дәстүрлі және жаңашыл бағалау жүйесіне қатысты пікірлерінің бірізді болмағанын
байқаймыз.
Бұл көрсеткіштердің екі түрлі себебі болуы мүмкін екенін болжаймыз:
- Біріншіден, мамандар өз жұмыстары барысында оқу үдерісінде бағалаудың жаңашыл
әдістерінің бірқатарын (өзін-өзі, бірін-бірі, топтық жұмысты бағалау; кері байланыс т.б.)
дәстүрлі бағалау жүйесіне кіріктіре қолданулары мүмкін;
- Екінші жағдайда, қалыптастырушы және жиынтық бағалау деген терминдердің нақты
мәнін білместен, соларды қолданамын деген жауап берген болулары мүмкін.
8
Бұдан шығатын қорытынды, ЖОО мамандарына критериалды бағалау жүйесінің әрбір
терминінің мәні мен қолданылу жолдарын түсіндіретін нұсқаулық құжаттар қажет.
«Өз тәжірибеңіз бойынша студентке баға қою кезінде қиындық тудыратын
факторларды атап көрсетіңіз» деген төртінші сұраққа байланысты «Топтағы студент
санының көптігі» деп 29 (22,1%), «Баға қою жиілігі» деп 8 (6,2%), «Студенттердің жиі сабақ
босатуы» деп 13 (9,9%), «Жаттанды «білімді» бағалаудың қиындығы» деп 43 (32,8%) және
«Осы аталғандардың барлығы» деп 38 (29%) респондент жауап берді (5-сурет).
5-сурет. «Өз тәжірибеңіз бойынша студентке баға қою кезінде қиындық тудыратын
факторларды атап көрсетіңіз» деген сұраққа берілген жауаптардың пайыздық көрсеткіші
«Студент білімін дәстүрлі бағалау жүйесіне өзгеріс енгізу қажет деп есептейсіз бе?»
деген бесінші сұраққа байланысты «Қажет деп есептеймін, себебі бүгінгі күнде студент
білімі объективті бағаланбайды» деп 97 (74%); «Қажет емес деп есептеймін, себебі дәстүрлі
бағалау жүйесі дидактика заңдылықтарына толық негізделген» деп 12 (9,2%) және «Бұл
мәселе жөнінде ойланған жоқпын» деп 22 (16,8%) респондент жауап берді (6-сурет).
6-сурет. «Студент білімін дәстүрлі бағалау жүйесіне өзгеріс енгізу қажет деп есептейсіз
бе?» деген сұраққа берілген жауаптардың пайыздық көрсеткіші
Төртінші, бесінші, алтыншы сұрақтарға берілген жауаптарды кешенді түрде саралап
көрелік. Біріншіден, барлық 131 респонденттің де өз тәжірибесінде студентке баға қою
9
кезінде қиындық тудыратын факторлармен кездесетінін байқаймыз. Олардың ішінде басым
көпшілігі 43 (32,8%) «Жаттанды «білімді» бағалаудың қиындығы» деп жауап берген.
«Студент білімін дәстүрлі бағалау жүйесіне өзгеріс енгізу қажет деп есептейсіз бе?»
деген бесінші сұрақ бойынша дәстүрлі бағалауды қолдаушылар саны тағы да өзгереді.
Естеріңізде болса, жоғарыда талдағанымыздай, екінші сұраққа қатысты дәстүрлі
бағалау жүйесін қолданамын дегендердің саны 29,8%, ал үшінші сұраққа қатысты бұл
көрсеткіш 22,9% болған. Ал бұл жерде 9,2%-ды ғана құрап, 2-3 есе кему бағытына қарай
өзгереді.
Оның есесіне, өзгеріс қажет деп есептеп, оның себебі бүгінгі күнде студент білімі
объективті бағаланбайтыны екеніне қосылушылар саны 131 адамның 97-сі, яғни 74%-ын
құрайды. Бұл көрсеткіш орын алып отырған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір жолы
ретінде критериалды бағалау жүйесін енгізу қажеттігі жөніндегі біздің болжамымызды
дәлелдей түседі.
Сонымен қатар 22 респонденттің (16,8%) «Бұл мәселе жөнінде ойланған жоқпын»
деген жауап беруі де алаңдаушылық тудыратын мәселе екені түсінікті. Бұл мәселенің
жауабын біз төменде толықтай ұсынған респонденттердің бірінің: «Жоғары оқу
орындарында оқытушылардың педагогикалық жүктемесіндегі сағат саны шамадан тыс көп.
...Бұл педагогтың сабаққа дайындалатын уақытының өте аз екенін, өзін дамытуға мүлдем
уақыты болмайтындығын көрсетеді», - деген пікірінен табуға болады деп ойлаймыз.
Өзін-өзі кәсіби тұрғыдан дамытуға мүмкіндігі болмайтын маманның жаңа жүйенің қырсырынан да хабары бола бермейді. Олай болса, ЖОО оқытушыларына жаңартылған білім
жүйесінің мәні мен маңызын түсіндіретін біліктілік арттыру шараларын кешенді түрде
ұйымдастыру қажеттігі туындайды.
Сауалнаманың «Егер Сіз әлдеқандай сұрақ, тілек, ұсыныс білдіргіңіз келсе,
төмендегі алаңшаға жазуыңызды сұраймыз» деген соңғы бөлігіне байланысты 131
респонденттің 35-і өз жазбаша пікірлерін ұсынды. Аталған жауаптарды мазмұнына қарай
сегіз топқа бөлдік. 7-суретте жауап топтарының атаулары мен жауап берушілер саны
көрсетілген.
Дәстүрлі бағалауды қолдаушы пікірлер
3
Бағалау жүйесіне өзгеріс енгізуді қолдаушы
пікірлер
4
Бағалаудағы қиындықтар
5
Бағалауға қойылатын талаптар
4
Бағалауға қатысты пікірлер ұсыныстар
7
Жалпылама пікірлер ұсыныстар
6
Тілектер
4
Сұрақтар
2
7-сурет. Жауап топтарының атаулары мен жауап берушілер саны
Зерттеу нысанымыздың ЖОО оқытушы-профессорлық қауымын қаншалықты
толғандыратынын айқынырақ көрсету мақсатында респонденттердің сұрақ, тілек,
ұсыныстарын толық беруді жөн көрдік.
10
1) Дәстүрлі бағалау жүйесін қолдаушы пікірлер:
1. Бағалау жүйесін көп өзгертудің қажеті жоқ.
2. Мен дәстүрлі оқыту жүйесін қолдаймын. Қазіргі жүйе мәңгүрт жастарды
тәрбиелеуге негізделген.
3. Бағалау критерийлері, дескриптор, өзін-өзі, бірін-бірі, топтық жұмысты бағалау
элементтері қамтылған дәстүрлі бағалауды қолданамын және осы бағалауды дұрыс деп
санаймын.
2) Бағалау жүйесіне өзгеріс енгізуді қолдаушы пікірлер:
1. Бағалау жүйесіне өзгеріс енгізу керек деп ойлаймын.
2. Жүйеленген бағалау қажет. Әр ЖОО-ның талабын әр түрлі бірізділендіру қажет деп
есептеймін.
3. ЖОО-дағы бағалау жүйесін әлі де жетілдіре түсу қажет деп есептеймін. Өйткені,
қазіргі жағдайда студенттердің креативтілігі, ғылыми ізденісі, өз бетімен жұмыс жасауы
анық, дәл бағаланбайды, яғни басқа біреудің көлеңкесінде жүретіндер жиі орын алып
жатады.
4. Бағалау жүйесіне өзгеріс енгізу қажеттігі даусыз. Бірақ бағалауға сай жүйе де өзгеруі
тиіс. ЖОО кредиттік жүйге толық енгенде ғана обьективті бағалау жүйесі іске асады. Егер
бағалау әдісін өзгертіп, кредиттік жүйеге енбесе, ештеңе де жаңармайды.
3) Бағалаудағы қиындықтарды атап көрсеткен жауаптар:
1. Тілді үйрету барысында тест арқылы студенттердің қазақша сөйлеу тілін объективті
бағалау мүмкін емес. Өзге ұлт өкілдерінің тілді меңгеру деңгейін анықтау үшін ауызша
сөйлеуді тексерген дұрыс деп есептейміз. Тілдік қатынасты жүзеге асыру барысында
студенттің лексика-грамматикалық материалдарды қаншалықты меңгергендігін бірден
байқауға болады. Жоғары оқу орындарында оқытушылардың педагогикалық жүктемесіндегі
сағат саны шамадан тыс көп. Бұл білім сапасының төмендеуіне әкелетін бірінші фактор деп
есептеймін. Қазіргі уақытта сағат санын қысқартуға байланысты лекцияға бірнеше
топтардағы студенттерді біріктіреді, олардың саны 100-120 студентке дейін барады. 3
кредитпен оқытылатын пән болса, аптасына 1 сағат лекция өтіледі (педагогтың бекітілген
жүктемесінде осылай көрсетілген), ал студенттердің білімін бағалауға бір сағаттан әлдеқайда
көп уақыт кетеді. Бұл педагогтың сабаққа дайындалатын уақытының өте аз екенін, өзін
дамытуға мүлдем уақыты болмайтындығын көрсетеді.
2. Дәстүрлі бағалауда әділетсіздік көп. Талай студентті жылатып жүрген «ұстаздар»
көп. Келіп студенттерден сауалнама алып, оқытушылардың білім деңгейін тексеріп,
сұрыптасаңыздар екен.
3. Студентке апта сайын 1 сабақтан 3 баға қою өте дұрыс емес.
4. Апта сайын баға қою дұрыс емес. Баға бір семестрде әрбір студентке 4-5 рет қана
қойылуы керек.
4) Бағалауға қойылатын талаптар:
1. Бағалау әділ болмаса оқыту да нәтиже бермейді.
2. Бағалау студенттің оқу уәждемесін арттыруға ықпал етуі тиіс.
3. Әділ баға қойылса студенттерде де оқуға деген стимул болар еді.
4. Бағалау студентке стимул жасауы керек.
5) Бағалауға қатысты пікірлер ұсыныстар:
1. Негізі әр ЖОО-ның өз бағалау үлгісі бар. Кредиттік технология бойынша
оқығандықтан оларды дәстүрлі жүйе емес, балдық жүйе арқылы бағалайды.
2. Бізге студент білімін әр сабақта бағалауға тура келеді, себебі оқу кредиттік жүйе
бойынша. Онда студент әр сабақта бағаланып, аптаның аяғында тиісті балын жинауы керек.
3. Бағалауды әрбір оқытушыға үйрену керек.
4. Қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалаудың ара-жігін ажырату керек.
5. ЖОО бағалау жүйесі мектептен бөлек болуы керек.
6. Колледждерге аталған бағалау түрін енгізу қажеттігіне байланысты нормативтік
құжаттар қажет.
11
7. Бағалауда барлық әдістерді қолданған дұрыс.
6) Жалпылама пікірлер мен ұсыныстар:
1. Модульдік оқыту технологияларын қолдана отырып сабақ жүргізу тиімді әдіс болар
еді.
2. Білім саласының жұмысы ескерілсе.
3. Білім беру жүйесіне дұрыстап назар аудару керек.
4. Жалпы білім беру саласына өзгеріс енгізуде ойланып, тәжірибелі ғалым-ұстаздармен
ақылдаса отырып жасаған дұрыс деп есептеймін.
5. Университеттің барлық дәріс аудиториялары жоғары деңгейде сапаға сай құрал
жабдықтармен жабдықталса, яғни барлық оқытылатын пәнге байланысты.
6. Студенттерді үнемі практикадан өткізіп отырса, сол шыңдайды. Жұмыстарынызға
тек кана сәттілік тілеймін!
7) Тілектер:
1. Сәттілік.
2. Сәттілік!
3. Жұмыстарыңызға сәттілік.
4. Сәттілік тілеймін.
8) Сұрақтар:
1. Бағалау жүйесіне байланысты шетелдік оқу орындарына курсқа бару жоғары оқу
орындары ұстаздары үшін қарастырылған ба?
2. Бағалау бойынша өзіміздің нұсқамызды ұсынуға бола ма? Себебі, кафедрада
талқылау жасап, студентті бағалау критерийлерін баяндамаларда ұсынып, мақала
дайындаудамыз.
Берілген 35 пікірдің ішінде бастапқы үшеуі дәстүрлі оқыту жүйесін қолдаушы пікір
берген. Олардың біріншісі: «Бағалау жүйесін көп өзгертудің қажеті жоқ», - деген ескертуін
жеткізсе, келесісі дәстүрлі оқыту жүйесін қолдайтынын айта келе: «Қазіргі жүйе мәңгүрт
жастарды тәрбиелеуге негізделген», - деген өткір ойын жеткізеді.
Кез келген уақытта қоғамдағы жаңа реформаларға қарсы шығатын адамдар тобы
болады. Оның себебін адамның дағдылы әрекеттерден арылғысы, жан рақаты аумағынан
шыққысы келмеуімен түсіндіруге болады. Жаңа деп ұсынылып отырған жүйені зерттеп,
танымай, ерекшеліктерін ажыратпай, тек қана жаман жақтарын санамалау – пессимист
адамға тән қасиет.
Бұл жағдайда Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мақаласында айтылған:
«Қанымызға сіңген көптеген дағдылар мен таптаурын болған қасаң қағидаларды өзгертпейінше, біздің толыққанды жаңғыруымыз мүмкін емес. ...Сананың ашық болуы,
басқалардың ең озық жетістіктерін қабылдай білу, бұл – табыстың кілті, әрі ашық
зерденің басты көрсеткіштерінің бірі», - деген сөздерін басшылыққа алуымыз керек деп
санаймыз [8].
Ал келесі респонденттің: «Бағалау критерийлері, дескриптор, өзін-өзі, бірін-бірі,
топтық жұмысты бағалау элементтері қамтылған дәстүрлі бағалауды қолданамын және осы
бағалауды дұрыс деп санаймын», - деген жауабы арқылы жоғарыда айтылған: «Мамандар өз
жұмыстары барысында оқу үдерісінде бағалаудың жаңашыл әдістерінің бірқатарын (өзін-өзі,
бірін-бірі, топтық жұмысты бағалау; кері байланыс т.б.) дәстүрлі бағалау жүйесіне кіріктіре
қолданулары мүмкін» деген пікіріміздің дұрыстығына көз жеткіземіз.
Алайда осы жерде бұл жауаптың ішкі қайшылығын байқаймыз. Атап айтқанда,
әріптесіміз бағалау критерийлері мен дескрипторларды қолданып жүрген болса, бұл дәстүрлі
емес, жаңашыл бағалау жүйесіне жататынын ескермегені көрінеді.
Дәстүрлі бағалау жүйесі
Жоғарыдағы талдауларымыздың нәтижесінде критериалды бағалау жүйесіне қатысты
басты ұғымдарды ЖОО мамандарының басым көпшілігі нақты білмейтіндігін
12
көрдік,бірқатар терминдерді нақтылап, мәнін ашып алудың қажеттілігін байқадық. Соған
байланысты ең алдымен біздің қолданысымыздағы «дәстүрлі бағалау жүйесі» деген
ұғымның анықтамасы мен сипаттамасына талдау жасаймыз.
Дәстүрлі бағалау деп елімізде кеңінен қалыптасқан төрт балдық бағалау жүйесін
айтамыз. Орта білім беру жүйесінде төрт балдық бағалау болғанымен, соңғы жылдарда білім
мазмұнынының жаңаруымен бірге критериалды бағалау енгізіліп жатқаны белгілі. Яғни,
нақты белгіленген педагогикалық өлшемдер арқылы әрбір бағаның ішкі құрамдауыштары
айқындалуда.
Ал еліміздегі ЖОО-дары кредиттік оқыту технологиясына көшіп, білім алушылардың
оқу жетістіктерін бағалаудың 100 балдық-рейтингілікжүйесі енгізілгенімен, бағалау
өлшемдері нақтыланбағандықтан, көп жағдайда бағалау сол дәстүрлі төрт балл бойынша
есептелуде.
2018 жылғы 12 қазанында"Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін
ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің № 563 бұйрығы жарияланғаны белгілі.
Бұл құжатта:«Білім беру бағдарламасын іске асыру сапасын арттыру және білім
алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында
оқу және қорытынды бақылау процестері бөлінеді», - дей келе, оқу жетістіктерін
бағалаудың балдық рейтингтік әріптік жүйесіне: «Халықаралық тәжірибеде қабылданған
әріптік жүйедегі сандық эквивалентіне сәйкес келетін және білім алушылардың рейтингін
белгілеуге мүмкіндік беретін балл түріндегі оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау жүйесі », деген анықтама беріледі [9].
Осы бұйрыққа қосымша ретінде білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалаудың
жүйесі ұсынылған (1-кесте). Силлабустар мен пәннің оқу-әдістемелік кешендерінен орын
алатын бұл кесте ЖОО жүйесінде қызмет атқаратын әрбір оқытушы-профессор қауымына
жақсы таныс.
1-кесте. Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін төрт балдық жүйе бойынша сандық
эквивалентке сәйкес бағалаудың әріптік жүйесі
Әріптік жүйе
бойынша бағалау
Сандық эквиваленті
А
АВ+
В
ВС+
С
СD+
DFX
F
4,0
3,67
3,33
3,0
2,67
2,33
2,0
1,67
1,33
1,0
0,5
0
Ұпай
(пайыздық
мазмұны%)
95-100
90-94
85-89
80-84
75-79
70-74
65-69
60-64
55-59
50-54
25-49
0-24
Дәстүрлі жүйе
бойынша бағалау
Өте жақсы
Жақсы
Қанағаттанарлық
Қанағаттанарлықсыз
Жаңа бұйрыққа сәйкес енгізілген өзгеріс аса көп емес. Бұрын F – қанағаттанарлықсыз
бағасы 0-49 арасында болса, жаңа құжат бойынша 0-24 аралығында болады да, оған қоса
FX деген 25-49 аралығындағы пайыздық көрсеткішті қамтитын жаңа межесі қосылған.
13
Біздің бұл жердегі баса көрсетпегіміз - берілген кестедегі бағалаудың сандық-әріптікпайыздық мазмұнының дәстүрлі жүйе бойынша «өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық»,
«қанағаттанарлықсыз» деген 4 балдық жүйеге сәйкестігінің берілуі.
Осыкестеге сәйкес ЖОО мамандарының басым көпшілігі негізінен осы төрт балдық
жүйені қолдануда. Ал бағалаудың пайыздық көрсеткіштерін қолдануда критериалды
бағалау шарттарын орындамағандықтан, топтағы басқа студенттердің көрсеткіштерімен
салыстыра келе, көпжылдық тәжірибеге сүйеніп, шамамен, тап сол сәттегі көңіл-күйіне
қарай, ойына бірінші келген санды қойып жүргені белгілі. Демек, оқытудың кредиттік
технологиясының басты шарты – 100 балдық бағалау дұрыс орындалмай келеді.
Дәстүрлі бағалау мен критериалды бағалаудың айырмашылығы
Критериалды бағалау кезінде нақты белгіленген өлшемдер мен шарттарға
байланысты әрбір оқытушы 0-ден 100-ге дейінгі әрбір балдың қайсысын қай уақытта
қоятынын анық білетін болады. Ең бастысы, қандай бағаға лайық жауап бергенін немесе
жұмысын қандай баға мөлшерінде орындағанын студент те алдын-ала біліп отыратын
болады.
Дәстүрлі бағалау мен критериалды бағалауды салыстыратын болсақ, олардың ортақ
белгісі – ортақ нысан ретінде оқу пәнінің болуы деп танимыз. Сонымен қатар екі жағдайда да
ортақ мақсат – студенттің білім деңгейін анықтау болады. Ал олардың айырмашылықтарын
2-кестеде ұсынамыз.
2-кесте. Дәстүрлі бағалау мен критериалды бағалаудың салыстырмалы сипаты
Дәстүрлі бағалау
Педагогикалық өлшемдер
Бағалау
құралы
оқытушының
жеке Бағалау
құралы
технологияға
сәйкес
тәжірибесіне сәйкес қалыптасады, бағалау қалыптасады,
оның
сенімділігі
мен
интуитивті түрде жүзеге асырылады
валидтілігі
сандық
әдіс
бойынша
эмпирикалық деректерге сәйкес жүзеге
асырылады
Өлшемнің
қателігін
бағалап,
оның Өлшемнің
қателігін
бағалап,
оның
нәтижелеріне сенім дәрежесі жайлы шешім нәтижелеріне сенім дәрежесі жайлы шешім
қабылдау мүмкіндігі жоқ
қабылдау мүмкіндігі бар
Алынған бағалардың таңдалған өлшеу пәніне Алынған бағалардың таңдалған өлшеу пәніне
қатысты адекваттылық дәрежесін бағалау қатысты адекваттылық дәрежесін, яғни
мүмкіндігі жоқ
сындарлы шынайылық аумағын бағалау
мүмкіндігі бар
Нәтижелер
салыстырып-салғастыруға Нәтижелерді
салыстырып-салғастыру
келмейді
мүмкіндігі бар
Білім нәтижесінің көлемі мен формасы Білім жетістігінің сапасы бағаланады
бағаланады
Топтағы студенттердің жетістіктері өзара Әрбір студенттің өзінің алдыңғы және одан
салыстырылады
кейінгі жетістіктері өзара салыстырылады
Студент оқытушының қандай баға қоюы Студент нақты критерийлер бойынша
мүмкін екенін алдын-ала біле алмайды
есептеп, оқытушы қоятын бағаны алдын-ала
біле алады
Студентке оқу мерзімінің басында таңылған Студентке баға тек еңбегіне қарай ғана
«жақсы, орташа немесе жаман оқитын қойылады. Бүгінгі тапсырманы дұрыс
студент» деген
«атақ» оқу мерзімі орындамай, төмен баға алса, ертеңгі
аяқталғанша айырылмайды
тапсырманы барлық критерийлерге сай
14
Оқытушы студентке жауап бергені үшін
немесе сабақ оқымағаны үшін баға қояды.
Студент
оқытушы
қойған
бағаның
қаншалықты әділ екенін біле алмайды,
күмәнмен қарайды
орындап, 100 балл алуы әбден мүмкін.
Студент нақты алған бағасының қандай
критерийлерге сай қойылғанын, алдағы
сабақтарда қандай өлшемдер мен талаптарға
көңіл бөлуі қажет екенін анық біліп, соған
байланысты жұмысын жоспарлай алады
«Критериалды бағалау» ұғымының мәні
Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңында
«бағалау критерийлері» термині «бағалау өлшемшарттары» деген қазақша аударма
нұсқасындақолданылған. Аталған заңның 1.1.9-2 бабында: «Білім беру бағдарламасы –
оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды және
оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін, бағалау өлшемшарттарын
қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешені», - деп жазылған [6].
Біздің ойымызша, «өлшемшарт» сөзі – «критерий» терминінің мағынасын жақсы аша
алатын сәтті аударма. Алайда соңғы жылдардағы білім мазмұнын жаңартуға қатысты
енгізіліп жатқан барлық ресми құжаттарда аудармасыз нұсқасы қолданаста жүр. Жалпыға
түсінікті халықаралық терминді аудармасыз қолдану дұрыс деген пікірге
қосылғанымызбен, аталған «өлшемшарт» деген нұсқаның термин мағынасын дәл берудегі
рөлін атап өтуіміз керек.
«Критериалды бағалау» терминін алғаш рет Роберт Юджин Глейзер (1963) қолданған.
Бұл термин нақты стандарттарға сәйкес білім беру мақсаттары мен мазмұнын
қанағаттандыратын білім беру үдерісінің барлық қатысушылары алдын-ала анық білетін,
студенттердің құзыреттілігін дамытуға ықпал ететін, ұжым тарапынан әзірленген
критерийлер арқылы білім алушылардың оқу жетістіктерін саралауға негізделген үдеріс
деген мағынаны білдіреді [10].
Критериалды бағалау жүйесінде білім алушылар іс-әрекеттің субъектісі ретінде әрекет
етеді. Білім алушылар бағалар санын жинақтауға ғана ұмтылмайды. Сонымен қатар білім
алушылардың жетістіктерін бағалау мазмұнды, көпжоспарлы болуы көзделеді [11, 23 б.].
Критериалды бағалаудың негізгі функциялары:
- Білім беру үдерісінің барлық қатысушыларына (оқытушыларға, студенттерге, атааналарға, жұмыс берушілерге) оқылған материалды меңгеру деңгейін анықтауға мүмкіндік
беретін кері байланыс;
- Студент алдына қойылған мақсаттар мен қол жеткізілген нәтижелердің өзара
сәйкестік дәрежесін анықтау;
- Жеке және топтық түзету жұмыстарын жүргізу үшін жеке студент пен жалпы
топтың ағымдық қиындықтарын анықтау;
- Студентті табысты оқу әрекетіне ынталандыратын жайлы психологиялық білім
беру ортасын құру [12].
Критериалды бағалау оқытуда достық ортаны қалыптастыруға, білім алушылардың
оқуға деген қызығушылығы мен ықыласын арттыруға, зерттеушілік және шығармашылық
қызметке белсене қатысуларына мүмкіндік береді. Бағалау үдерісіне білім алушылардың
өздері де қатыстырылады. Сондықтан оларда авторитарлық бағалау жүйесімен
салыстырғанда психологиялық күйзеліс аз болады.
Критериалды бағалау үдерісінде қолданылатын терминдер
Критериалды бағалауға байланысты дайындалған оқу-әдістемелік еңбектерге сүйене
отырып, осы үдерісте қолданылатын бірқатар терминдердің анықтамаларын ұсынамыз [13
– 15].
15
Қалыптастырушы бағалау немесе оқу үшін бағалау (ОүБ) – оқу үдерісін дер
кезінде түзетуге мүмкіндік беретін, білім алушы мен оқытушы арасындағы кері
байланысты қамтамасыз етіп, үздіксіз жүргізілетін бағалаудың түрі. Бұл бағалау түріне
білім алушының семинар, практикалық сабақ, дәріс, зертханалық сабақтарға қатысуын, осы
сабақтарда орындайтын тапсырмаларын бағалауды, білім алушының өздігінен атқаратын
жұмысын бағалауды жатқызамыз.
Жиынтық бағалау немесе оқуды бағалау (ОБ) – белгілі бір оқу кезеңін (семестр,
триместр, оқу жылы, оқу бағдарламасы), сондай-ақ әр жеке пәннің модульдарын аяқтаған
кезде балл және баға қою арқылы жүргізілетін бағалау түрі. ЖОО тәжірибесінде жиынтық
бағалау дегеніміз – аралық және қорытынды бақылау кезінде жүргізілетін рейтинг пен
ағымдағы және мемлекеттік емтихандарды бағалау үдерісі болады.
Тиімді ұйымдастырылған қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалау білім
алушы жетістігінің қойылған оқу мақсаттарына қаншалықты сәйкестігін көруге мүмкіндік
береді. Оқытушы бағалау нәтижелерін оқу үдерісін жоспарлау, рефлексия, оқытудың жеке
тәжірибесін жетілдіру мақсатында қолданады.
Кері байланыс – күнделікті сабақ барысында қолданатын механизмнің бірі.
Материалды меңгеру барысында тапсырманы қаншалықты дұрыс орындағаны жөнінде
білім алушылар бір-бірін және өз-өзін дескриптор арқылы бағалап, ауызша және жазбаша
ақпарат беріп отырады. Осы ақпаратты кері байланыс деп атаймыз. Демек,
қалыптастырушы бағалау мен кері байланыс – бір-бірінен ажырамайтын, тығыз байланыста
жүзеге асатын үдеріс. Кері байланыстың толық мәнін қалыптастырушы бағалаумен
салыстыру барысында түсінуге болады (8-сурет).
Кері байланыс – адамның өзі куә
болған оқиғаға немесе басқалардың
әрекетіне айтылған пікірі,бағасы,
жауапты реакциясы
Қалыптастырушы бағалау –
оқу үдерісін дер кезінде түзетуге
мүмкіндік беретін, білім алушы мен
мұғалім арасындағы кері байланыс
Кері байланыстың негізгі идеясы жасалған істі бағалау емес
(оның жақсы не жаман жасалынғандығын анықтап, дер кезінде өзгеріс
енгізуге,
түзетуге
мүмкіндік
керісінше,бағалаудың
не жасалуы
керектігін
көрсету
8-сурет.
Кері байланыс
пенберу),
қалыптастырушы
өзара
байланысы
8-сурет. Кері байланыс пен қалыптастырушы бағалаудың байланысы.
Адамның бір ерекше қасиеті бар: кез келген адам өзі туралы өзгелердің пікірін естігенді
жақсы көреді. Сондықтан да кез келген әрекеттен кейін басқалардан «Қалай болды? Мен
сырт көзге қалай болып көріндім? Қалай сөйледім (жасадым, отырдым, тұрдым, жаздым,
т.б.)?» деп өзіміз туралы сырт пікірді сұраймыз. Ол әрекетті бақылаған адам өз пікірін
айтады, бағасын береді. Оның пікірі өзіміздің ойымызбен сәйкес келуі немесе келмеуі
мүмкін. Алайда сырт пікір бізге білім мен әрекеттерімізді түзету, өзгерту, жақсарту
мүмкіндігін береді. Біз үшін осындай сырт пікірлер – кері байланыс болады. Осылайша
өзгелердің өзіміз туралы пікірлері бізге өзімізді тануға, ішкі «Мен»-нің қалыптасуына
көмектеседі.
Ал енді осыған қарама-қарсы жағдаятты талдап көрелік:
Сіздің әрекетіңізден кейін бір де бір адам ләм-мим деп жұмған аузын ашпады, өз ойын
айтпады делік. Осындайда өзіңізді қалай сезінер едіңіз? Әрине, мұндай жағдаят ешкімді
қуанта қоймайды. Өйткені кез келген өз әрекетінің басқалар тарапынан ескерілгенін, өзіне
лайықты бағасын алғанын қалайды. «Сырт көз – сыншы» дегендей, сырт пікір адамның өз
16
әрекеттерін реттеуіне, жақсартуына үлкен ықпал етеді. Сол себепті бүгінде кері байланыс
үйренудің (білім алу жүйесінің) маңызды ұғымы деп есептелінеді. Кері байланыс арқылы
алынатын мәліметтер әсіресе өз біліміне түзету мен өзгертулер енгізу ісінде өте маңызды рөл
атқарады.
Кері байланыс ұстаз бен шәкірт арасында сенімге негізделген қарым-қатынас орнатуға
бағытталады. Сонымен қатар ол өткен сабақты бағалау мен талдаудың, келесі сабақты
жоспарлаудың
тиімді түрі болады. 3- кестеде оқытушы мен білім алушының
қалыптастырушы бағалау кезіндегі әрекетін көруге болады.
3-кесте. Оқытушы мен білім алушының қалыптастырушы бағалау кезіндегі әрекеттері
Оқытушы әрекеті
- Білім алушы оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін
қаншалықты түсінгенін, сабақ соңында олардан күтілетін
нәтижелерді білетінін сұрақтар арқылы анықтайды;
- Сұрақтар мен деңгейлі тапсырмалар көмегімен білім
алушылардың оқу мақсатына/сараланған сабақ мақсатына
қаншалықты қол жеткізгенін тексереді;
- Бағалау критерийлерін/дескрипторларды ұсынады
және талқылайды;
- Бағалау критерийлері мен дескрипторларға сүйене
отырып, білім алушылардың жұмыстары мен жауаптарын
бағалайды және аузшы немесе жазбаша кері байланыс
береді;
- Білім алушыларға берілген сұрақтың жауабын
алмастырып, оларға ойлануға уақыт береді;
- Білім алушы жауаптарына «Неліктен?» және
«Қалайша?» сұрақтарымен түрткі жасайды;
- Білім алушылардың әр тобына түрлі әдістер мен
бағалау құралдарын пайдаланады (мысалы: эссе, топтық
таныстырылымдар, жобалар, мини-тесттер, және т.б.);
- Білім
алушыларға
орындаған
тапсырмасының
сапасына сәйкес жағымды кері байланыс береді: тек ғана
«дұрыс-дұрыс емес» деп сипаттамай, не дұрыс
орындалғанын, нені жақсарту қажеттілігін нақты
көрсетеді, жақсарту жолдарын ұсынады;
- Білім алушылардың тапсырмаларды орындау барысын
бақылайды;
- Бақылау нәтижелері мен білім алушылардың
тапсырмаларды орындауын, олардың берген жауаптары
негізінде олардың қайда және қалай дамуы қажеттілігі
бойынша шешім қабылдайды.
Білім алушы әрекеті
- Оқу үдерісіне белсене
қатысады;
- Бағалау
критерийлерін
талқылауға немесе құруға
қатысады;
- Оқытушыға және бірбіріне сұрақтар қояды;
- Бағалау критерийлері мен
дескрипторларға
сүйене
отырып,
өздерінің
жұмыстарын бағалайды және
ауызше немесе жазбаша кері
байланыс береді;
- Бағалау критерийлері мен
дескрипторларға
сүйене
отырып, өзара жұмыстарын
бағалайды
және
кері
байланыс береді;
- Бағалау критерийлері мен
дескрипторларға
сүйене
отырып, топтың жұмыстарын
бағалайды
және
кері
байланыс береді;
- Тапсырмаларды
таңдау
мен орындауға қатысады.
Кестеден сабақтың өн бойында кезең-кезеңімен жүзеге асатын қалыптастырушы
бағалау әрекеттерін көреміз. Бұл үдерісте білім алушының бағалау критерийлері мен
дескрипторлардың мәнін түсінуі оның оқу үдерісіне белсене қатысуына жол ашады. Ол
үшін бағалау критерийлері мен дескрипторды студенттермен бірге талдап, қалай
ұйымдастырылатынын үйрету қажет.
Соның ішінде, әсіресе, өзара бағалау және өзін-өзі бағалаудың маңыздылығына көңіл
бөлу керек. Себебі, білім алушылар өзінің білім алуы үшін өзіне жауапкершілік алуы тиіс,
оны олар үшін басқа ешкім істемейді. Яғни, студенттер оқытуды бағалау үдерісіне тартылуы
қажет.
17
Өзін өзі бағалау және өзара бағалау
«Өзін-өзі бағалау мотивациясы біздің танымдық процестерімізге ықпал етеді: өзін-өзі
жоғары бағалайтын адамдар басқалардан өзінің артықшылығын сезіну және өзге
адамдарды жеңілгендер ретінде қабылдау арқылы сәтсіздікке ұшырағанда өзіне қолдау
көрсетеді. ... Өзін-өзі құрметтеу секілді, өзін-өзі бағалау да үлкен жетістікке жеткізеді»
[16].
Бағалау студенттердің барлық психикалық процестерінің дамуына әсер етеді.
Зерттеулер бағалаудың зейінді шоғырландыру үдерісімен қарым-қатынасының бар екенін
көрсетеді. Педагогикалық тәжірибеде мұғалім алдағы міндеттің мотивациясын саралап,
оқушылардың жеке қасиеттеріне байланысты жағымсыз және оң бағалаудың
ынталандырушы әсерін ескеруі керек. Критериалды бағалаудың ынталандырушы рөлі білім
беру міндеттерінің үздіксіз орындалуын қамтамасыз ете отырып, білімнің тереңдеуіне және
кеңеюіне үлес қосып, студенттердің танымдық қызығушылықтарын дамытуға үлес қосады;
олардың білім деңгейін көтеріп қана қоймай, сонымен қатар барлық психикалық
процестерінің дамуына айтарлықтай әсер етеді.
Өзін-өзі бағалау «өткен тәжірибені пайымдау, оқығаны және қол жеткізгені туралы
нақты түсінікті алуға талпына отырып, еске алуға және түсінуге ұмтылыс жасау үдерісі» деп
айқындалады (Мунби және басқалар, 1989).
«Мұғалім бағалауынан өзін өзі бағалауға көшу айтарлықтай қиындық тудыратын қадам
және сыныптастарды бағалау бұл үдерісті жеңілдетуге көмектеседі. Сыныптастарын бағалау
маңызды рөл атқарады, себебі ол ынталандыру деңгейін көтереді, оқушыларға өз тілінде
сөйлеуге мүмкіндік беріп, сынды қабылдауға ықпал етеді, өзіне және мұғаліммен
пікірталасқа түсуіне сенімділігін арттырады, сондай-ақ мұғалімдерге үдеріске араласудан
шектеліп, жай ғана бақылауға мүмкіндік береді» (Блэкжәне басқалар, 2003).
Драхмэнмен Суэтстің (1988) айтуынша, кері байланыс пен құрдастарының ескертулері
тұрақты нәтижелерге қол жеткізуде мұғалімнің сынына қарағанда тиімді болуы ықтимал.
Алайда оқыту үдерісі оқушылардың тапсырманы орындаудың бастапқы кезеңінде өзінің
білімі мен дағдылары және тапсырма аяқталғаннан кейін нені білетіндігі туралы нақты
білген жағдайда ғана тиімді болады (QCA, 2001).
Сонымен, жұппен жұмыс істеу кезінде сыныптастарды бағалау және өзін-өзі бағалау
білім алушылардың бір-бірінің жұмыстарына немесе өз жұмысына жай баға қоюдан
біршама өзгеше. Оқыту үдерісін жақсарту үшін бұл әрекет білім алушыларды өз
жұмыстарының сапасына қатыстыруы және оны қалай жақсартуды ұғынуына көмектесуі
тиіс.
Топ мүшелерін бағалау білім алушыларға бір-біріне құнды кері байланыс ұсынуға
мүмкіндік береді, осылайша, олар бір-бірінен үйренеді және бірін-бірі қолдайды. Бұл оқыту
үдерісінің бағалы өлшемін ашады: қарым-қатынас жасау, талқылау, түсіндіру және бірбірін тартысқа шақыру мүмкіндігі білім алушыларға дербес оқу шегінен шығатын әрекетке
қол жеткізуге мүмкіндік береді. Топ мүшелерін бағалау өзін-өзі бағалау қабілетін дамытуға
көмектеседі, ол білім алушыларға өз прогресі үшін үлкен жауапкершілік алуға көмектесе
отырып, тәуелсіз оқуға ықпал етеді.
Қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру әдістері
Күнделікті тәжірибеде оқытушылар білім алушылардың ілгерлеуін, меңгеру деңгейін
өлшеу үшін қалыптастырушы бағалаудың әдістерін қолданады. Олар негізінен жеке,
жұптық, топтық оқыту формалары арқылы жүзеге асырылады.
Әріптестермен сұхбаттасу барысында топтық, жұптық, жеке жұмыстарды қандай
жолдармен ұйымдастыруға және оларды қалай бағалауға болады деген сұрақтар өте жиі
қойылады. Соған орай төменде сабақ барысында қолдануға болатын жаңартылған білім
беру бағдарламасы аясынан алынған және тәжірибе негізінде анықталған тиімді деген
18
оқыту сызбаларының бірнеше мысалдарын ұсынамыз (9, 10-суреттер). Сызбалардағы
әрекеттерді оқытушы әр сабақтың мазмұны мен мақсатына қарай өзгертіп қолдануына
болады.
9-сурет. Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясынан алынған «Білім беру мазмұнын
игеруді ұйымдастыру» сызбасы
10-сурет. Тәжірибе барысында алынған оқыту сызбасы
«МЕН-СЕН-БІЗ» әдісі арқылы жоғарыда аталған оқытудың үш түрін де тиімді
ұйымдастыруға болады.
МЕН - Жеке жұмыс:
- Тыңдалған немесе оқылған материалдың мазмұны туралы ойланып, негізгі
ақпаратты бірнеше сұрақ ретінде жазып алыңыз...
19
- Қойған сұрағыңызға өзіңіз жауап беріңіз...
СЕН- Жұптық жұмыс:
- Әріптесіңізге өзіңіз қойған сұрағыңызға қалай жауап бергеніңіз туралы айтып
беріңіз.
- Олардың да жауаптарын тындаңыз.
- Негізгі ақпаратты жазып алыңыздар.
БІЗ – Топтық жұмыс:
- Ең негізгі ақпаратты топпен толтырып, басқа топқа таныстырыңыздар.
- Кері байланыс беріңіздер...
«СҰРАҚ-ЖАУАП-БАҒАЛАУ» әдісін студенттердің критериалды бағалауды үйрену
кезеңінде жүргізген тиімді. Бұл әдіс жұптық түрінде өтеді.
Мақсаты: Әр жұп сұрақ құрастырады, жауап береді және бір-бірін бағалауды
үйренеді.
Ұйымдастыру: Әр жұпқа төмендегі кесте беріледі.
1 жұп: Берілген мәтінді оқи отырып, негізгі мәселе туралы екі немесе үш сұрақ
құрастырады. Құрастырған сұрақтарын басқа жұпқа береді.
2 жұп: Басқа жұптың құрастырған сұрақтарын мәтінге сүйене отырып, «Жауап »
деген бағанға жауабын жазады.
3 жұп: Сұрақ пен жауапты оқи отырып, «Екі жұлдыз, бір тілек» түрінде ауызша
немесе жазбаша кері байланыс береді.
Сұрақ
Жауап
Бағалау
(ауызша немесе жазбаша)
1.
2.
3.
«ЕКІ ЖҰЛДЫЗ, БІР ТІЛЕК» әдісі кері байланыстың мәнін жақсы ашады. Бұл әдіс
студенттердің шығармашылық жұмыстарын (шығарма, эссе, т.б.) бағалауда қолданылады.
Орындалу формасы – жұптық жұмыс. Студенттер бір-бірінің жұмыстарын тексере келе,
жұмыстың екі жақсы тұсын (екі жұлдыз) атап өтеді, одан кейін қай тұсын тағы да толықтыра
түсу керектігі жөнінде бір ұсыныс-тілегін білдіреді.
«ҮШ МИНУТТЫҚ ЭССЕ ЖАЗУ» әдісін тәжірибемізде студент саны көп
аудиторияда дәріс соңында қолданудың тиімділігін байқадық. Бұл әдіс арқылы әрі
студенттерді тізім бойынша түгендеудің қажеттілігі болмайды (эсселерді тексеру барысында
сабақта жоқ студент өз-өзінен анықталады), әрі барлық олардың барлығының жаңа дәріс
материалын жақсы түсінгендігін анықтауға болады.
Оқытушы дәріс мазмұнына қарай үш сұрақ құрастырып, студенттерге ұсынады.
Мысалы:
1. Сіздіңше бүгінгі оқып білгеніңіздің ішіндегі сіз үшін ең маңыздысы не болды?
2. Қай сұрақ есіңізде қалды?
3. Сіз үшін қиындық тудырған сұрақ?
Оқытушы келесі сабақта студенттердің көпшілігі түсінбеген мәселелерді қосымша
есеп, әдіс, мысалдар арқылы қайталап түсіндіреді.
Тапсырмаларды бағалау критерийлері
Келесі қарастыратын мәселе ол – тапсырмаларды бағалау түрлері. Төменде өз
тәжірибемізде қолданып жүрген бағалаудың түрлерін ұсынамыз. Бұл бағалаудың түрлерін
тек топтық жұмыс та немесе жұптық жұмыста ғана қолдану керек деп бөліп жармаймыз.
Себебі, әр ұстаз өзінің әдістемесіне қарай және аудиторияда отырған білім алушылардың
20
қажеттілігіне қарай бейімдеп, өңдеп қолдана алады. Сондықтан да, қандай бағалаудың
түрін қолданбасақ та, біздің басты мақсатымыз ол - оқу нәтижесіне жету.
1. Эссені бағалау парағы (бір-бірін бағалау)
Үш адамнан тұратын топта өз жұмысыңыз және басқа 2 студенттің жұмысы туралы
жауап беріңіз.
Бағалау критерийлері
1-есім
+/ -
2-есім +/
-
Менің
есімім
+/ -
Реттілігі сақтай отырып, жоспарланған ба?
Кіріспе бөлімі жазылған ба?
Негізгі бөлім бірнеше абзацқа бөлінген ба?
Дәлелдер, ақпараттар берілген бе?
Абзацтарды байланыстыру үшін сөз тіркестері мен
сөйлемдерді дұрыс қолданған ба?
Қорытынды бөлімі бар ма?
Топта жоғарыда ұсынылған ақпаратты пайдалана отырып, қай жұмыс ең үздік
екендігін талқылаңыз.
Өз
жұмысымды
қалай
жақсартуға
болатыны
туралы
ескертпелер____________________________________________________________________
________________________________________________________
2. Эссені бағалау критерийлері
Рубрикатор
Құрылымы
Эссе
мазмұнының
ашылуы
Критерий
Дескриптор
Эссе құрылымы қатаң сақталса - 3;
Эссе
құрылымын
1-2 құрылымдық бөлігі болмаса - 2;
сақтауы
3-4 құрылымдық бөлігі болмаса – 1.
Тақырыпқа
тікелей
Аталған сөйлемдер болмаса - 3;
қатысы
жоқ,
1-3 сөйлем болса - 2;
жалпылама
4-6 сөйлем болса – 1.
сөйлемдердің
6-8 сөйлем болса – 0.
болмауы
3 не одан көп мықты аргумент болса - 3;
Аргументтердің
2 аргумент болса - 2;
сандық көрсеткіштері 1 аргумент болса – 1.
0 аргумент болса – 0.
Аргументтері
Аргументтердің
сапалық
көрсеткіштері
Ұпай
3
3
3
Аргументтері айқын, нақты, дәлелді болса –
3;
Аргументтері басты ұстанымынан алшақтау
3
болса – 2;
Аргументтері еш қисынсыз болса – 1;
Аргументі жоқ болса – 0.
21
3 аргументі жақсы талданса – 3;
Пікірге
қатысты
2 аргументі жақсы талданса – 2;
аргумент анализінің
Өзіндік
1 аргументі жақсы талданса – 1;
3
тұжырымдары сапалық
Аргументтерінің анализі бөлігі жоқ болса –
көрсеткіштері
0.
3. Тақырыптық бейнеролик жасау тапсырмасын бағалау критерийлері
Рубрикатор
Критерий
Дескриптор
Ұпай
Мазмұны
Тақырып жан-жақты ашылса - 3;
Мазмұнының бөлім
Тақырып шала ашылса - 2;
тақырыбын ашу деңгейі
Тақырып дұрыс ашылмаса – 1.
3
Өзіндік пікірі
Жоғары – 3
Шығармашылық деңгейі Орта – 2
Төмен - 1
3
Ақпараттың
молдығы
Тақырыпты ашатын
мәліметтердің сандық
сапалық көрсеткіштері
Көп – 3
Орташа – 2
Аз - 1
3
Кескіндер
дің сапасы
Эстетикалық талғамға
сай келуі
Сай келеді – 3
Орташа – 2
Төмен 1
3
Дыбыс сапасы
Әуеннің үйлесімділігі
Құлаққа жағымды - 3
Орташа – 2
Нашар - 1
3
Ұпай саны
Баға (%)
11-15
95-100
9-10
90-94
8-9
85-89
6-7
75-84
4-5
65-74
2-3
50-64
0-1
0-49
4. Ұсынымды (презентацияны) бағалау парағы
Түстері мен
сұлбалары
(өрнектер,
үлгінің суреті,
мысал)
Ақпарат
Тамаша
оқылады
(3 ұпай)
+/-
Жақсы оқылады
(2 ұпай)
+-/
Әлсіз оқылады
(1/0 ұпай)
+/-
Тақырыпқа
Тақырыпқа
Тақырыпқа
22
Кері
байлан
ыс
мазмұнының
тереңдігі
Ақпараттың
сапасы
қатысты ақпарат
мазмұны жанжақты
Түсінікті, толық
және мәнерлі
сипатталған
Кестелер,
сызбалар
Кестелер мен
сызбалар мәтін
мазмұнын толық
ашады
Тақырыптар мен
тақырыпшалар
Барлық атаулар
мен
тақырыпшалар
анық көрінеді,
жақсы оқылады
Барлық мәтіндер
түсінікті, жақсы
оқылады, көлем
мен түстегі
кішігірім
өзгерістер мәтінді
түсінуді
қамтамасыз етеді
Шрифт жақсы
таңдалған,
түсінікті және
жеңіл оқылады
Емлелік, стильдік
қателер жоқ.
Мәтіннің көлемі
мен түсі
Шрифт
Емлелік, стильдік
тұрғыдан дұрыс
жазылуы
қатысты ақпарат
мазмұны біраз
ашылған
Негізінде түсінікті
сипатталған,
алайда, анығырақ
сипатталғаны
дұрыс болар еді
Кестелер мен
сызбаларда мәтін
мазмұнына
қатыссыз
элементтер бар
Көпшілік атаулар
мен тақырыпшалар
анық көрінеді,
жақсы оқылады
Мәтін түсінікті
және жақсы
оқылады, көлем
мен түстегі
өзгерістер мәтіннің
жақсы оқылуын
қамтамасыз етеді.
Түсінікті жазылған,
шрифт жақсы
таңдалған, жеңіл
оқылады.
Бірқатар емлелік,
стильдік қате бар
қатысты ақпарат
мазмұны дұрыс
ашылмаған
Түсініксіз
сипатталған,
толық емес, анық
емес.
Кестелер мен
сызбалар мәтінді
толықтырып
тұрған жоқ
Мәтінді тақырып
пен
тақырыпшыларды
ң барлығы дерлік
ашпайды.
Мәтіннің кейбір
бөлігі түсінікті
және жақсы
оқылады, көлем
мен түстегі
өзгерістер мәтінді
түсінуге кедергі
жасайды
Шрифт дұрыс
таңдалмаған,
түсініксіз, қиын
оқылады
Емлелік, стильдік
қате көп
5. Таныстырылымды/қорғауды бағалау парағы
Бағалау
критерийі
+/(3 ұпай)
+/(2 ұпай)
+/(1 ұпай)
+/(0 ұпай)
Ишарат тілі
(ым тілі)
Қозғалысы
тыңдаушыларға
елестетуге
көмектесті
Қимылы мен
дене
қозғалысы
өте аз
Қимылы мен
дене
қозғалысы
жоқ
Көзбен көру
арқылы
байланысу
Көзбен көріп
байланысу
арқылы
тыңдаушыларды
ң зейінін
ұстайды
Кіріспе және
Қимылы мен
дене
қозғалысы
сөйлеуін
сүйемелдеді
Көзбен
көріп
байланысуд
ы келісу
үшін
пайдаланады
Анық
Тыңдаушыла
рмен көзбен
көріп
байланысуы
өте аз
Көзбен көру
арқылы
байланыс
жоқ
Не кіріспе, не
кіріспе
Кіріспе мен
23
Кері
байла
ныс
қорытынды
Өзін-өзі
қадағалау
деңгейі
Дауысы
қорытынды
белгілер
тыңдаушыларды
ң зейіні мен
көңіл-күйлерін
аулау үшін
қолданылды
Еркін және
қатесіз сөйлейді
Сөзі жатық,
дауыс ырғағы
тыңдаушыларды
қызықтырады
кіріспе мен
қорытынды
жасалды
қорытынды
қолданылды,
бірақ екеуі
емес
немесе
қорытынды
анық
жасалмады
Біраз
қателіктер
жібереді,
бірақ
қобалжымай
, тез түзетеді
Дауыс
ырғағы
қанағаттанар
лық, бірақ
сөзі
толықтай
жатық емес
Аздап
қобалжиды,
қателерін
түзетпейді
Күйгелектік
байқалады,
қателерін
түзетпейді
Дауыс
ырғағы
көбінде бір
сарынды
Дауыс
ырғағы бір
қалыпты
6. Жазылым жұмыстарын (реферат, курстық жұмыс т.б.) бағалау парағы
Дескриптор
Тақырып жан-жақты ашылған
Тақырыпқа қатысты өз пікірін білдірген
Өз пікіріне дәлелдер келтірген
Келтірілген мысалдарды талдаған
Пікірге қатысты ойын жинақтаған
Пікірлер арасындағы логикалық
байланыс сақталған
Ақпарат көздерін қолданған
Қолданған фактілер мен дәлелдердің
авторы мен қайнар көзін көрсеткен
Құрылымына, көлеміне (сөз санына)
қойылатын талаптарды сақтаған
Грамматикалық ережелерді сақтаған,
жазылым барысында сауатты қолданған
Ойын жүйелі қорытындылаған
?/+/ -
Кері байланыс
7. Жаңартылған мазмұндағы оқулықтарға сараптамалық талдау жасау тапсырмасын
бағалау критерийлері
Жаңартылған мазмұндағы оқулықтар орналасқан сайтқа сілтеме: http://okulyk-edu.kz/
Ескерту:
 Файл атауы студенттің фамилиясы, атымен сақталуы керек (басқа атаумен сақталған
құжаттар қабылданбайды);
Оқулыққа сараптама жасау парағы
Оқу басылымының атауы:
24
Білім деңгейі, сынып:
Оқу басылымының авторлары:
Басылып шыққан жері, жылы:
№ Оқулыққа қойылатын ғылыми-педагогикалық талаптар
1. Берілген пән саласы бойынша негізгі ғылыми түсініктердің, терминдердің,
анықтамалардың берілуі
2. Пән мазмұнына қатысты теориялық мәліметтер, ережелер, идеялар, заңдылықтар,
гипотезалардың берілуі
3. Мазмұндау тілінің түсініктілігі, терминдер мен түсініктердің мағынасын ашатын
анықтамалық-әдістемелік аппараттың болуы
4. Негізгі, қосымша және түсіндірме мәтіннің, иллюстрациялық материалдардың түрлі
формаларда берілуі, олардың мақсатқа сәйкестігі
5. Негізгі мәтін мен иллюстрациялық материалдар арасындағы теңгерімділік
6. Оқу мазмұнындағы грамматикалық қателер мен жалған ақпараттар
7. Оқулық мұқабасы безендірілуінің пән мазмұнына сәйкестігі
8. Әртүрлі сыныптардағы оқулықтар арасындағы пән бойынша оқу мазмұнының
сабақтастығы
9. Оқулықтың құрылымдық компонеттері мен бөлімдерінің талапқа сай әзірленуі,
мазмұнындағы оқу материалдарының жүйелілігі
10. Материалдарды талдау, синтездеу, іріктеу және жүйелеуге арналған сұрақтар,
тапсырмалар, жаттығулар жүйесінің берілуі
11. Бір сабақта оқуға арналған оқу материалының ұсынылған орташа көлемінің
сақталуы
12. Ізденушілікке, модельдеуге, өздігінен орындауға
арналған шығармашылық,
практикалық, жобалық, практикаға бағдарланған тапсырмалардың берілуі
13. Сын тұрғысынан ойлауды, аналитикалық дағдыларды дамытуға арналған
тапсырмалардың берілуі
14. Ақпарат
көздерімен,
иллюстрациялармен
(таблицалармен,
карталармен,
схемалармен, фотосуреттермен, графиктермен, диаграммалармен, т.б.) жұмыс істей
алу дағдыларын дамытуға арналған сұрақтар, тапсырмалар, жаттығулар жүйесінің
берілуі
15. Оқушылардың жеке және топтық оқу әрекеттерін, оқу процесіне қатысушылардың
қарым-қатынасын ұйымдастыруға арналған тапсырмалар жүйесінің берілуі
16. АКТ құзіреттілігін, электрондық ақпараттық ресурстармен жұмыс істей алу
дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар, жаттығулар жүйесінің берілуі
17. Иллюстрациялар мазмұны мәтіннің оқу мазмұнына, этикалық және эстетикалық
талаптарға, жас және психологиялық ерекшеліктерге сәйкестігі
18. Оқушыларға арналған оқу ақпараттарына дереккөздердің (сілтемелердің) берілуі
19. Глоссарийдің берілуі және оның сапасы (жаңа терминдер, оқу мазмұнынан алынған
терминологиялық қатар)
20. Оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін есепке алу, оқу
мазмұнының соған сәйкестігі
21. Денсаулыққа нұқсан келтірмеу талаптарының ескерілуі
22. Оқу мазмұнының оқушылардың танымдық қызығушылықтары мен зияткерлік және
шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталуы
23. Оқу мазмұнының оқушыларға кәсіби бағдар беруге бағытталуы
24. Оқу материалдарының мазмұндалу стилінің оқушылардың жас ерекшеліктеріне
сәйкестігі, қолжетімділігі мен түсініктілігі
25. Оқу материалдары мен иллюстрациялық материалдар мазмұнында патриотизмге,
25
отансүйгіштікке, ұлттық мәдени құндылықтарды бағалауға ықпал етуші, мемлекет,
қоғам отбасы және жеке тұлға алдындағы жауапкершілік сезімдерін тәрбиелеуші
құралдардың болуы
Рубрикатор
Критерий
Дескриптор
Ғылыми-педагогикалық
талаптардың барлығы
Сараптаманың
толық жасалуы бойынша толық талдаудың
болуы
Оқулықтың бетін,
тапсырманың нөмірін,
Нақты
мысалдардың мәтіннің тақырыбын нақты
көрсете отырып талдау
берілуі
жасалуы
Талдау тілі
Теминдерді қолдануда
және стильдік, емлелік
қателердің болмауы
20-25 талап бойынша - 3
10-19 талап бойынша - 2
1-9 талап бойынша - 1
Ұпай
3
11-15 мысал берілсе – 3
6-10 мысал берілсе – 2
1-6 мысал берілсе - 1
3
Қате болмаса – 3;
1-2 қате болса – 2;
3-4 қате болса – 1;
5-тен көп қате болса - 0
3
Ұпай саны
Баға (%)
9
95-100
7-8
87-94
6-7
75-86
4-5
65-74
2-3
50-64
0-1
0-49
Қорытынды
Қорыта келе, зерттеулер нәтижесінде еліміздің ЖОО-нда қолданыста жүрген бағалау
өлшемдерінің жеке оқытушының, пәннің, оқу орнының, аймақтың ерекшеліктеріне тәуелді
сипатта, әркелкі бағытта, дәстүрлі төрт балдық жүйе бойынша жүргізіліп келе жатқанын
анықтадық. Бұл жағдай болашақ маманның кәсіби құзыреттілігінің қалыптасуына кері
әсерін тизгізуде.
Соған байланысты, білім берудің әрекеттік мазмұнының өзекті мәселелерін шешудегі
еліміздегі орта білім беру жүйесіне енгізіліп жатқан жаңартылған мазмұндағы білім беру
жүйесінің тәжірибелері мен халықаралық зерттеулерді саралай келе, критериалды
бағалауды талапқа сай жүзеге асырудың келесі жолдарын ұсындық:
1. Сабақтың мақсаты мен тапсырманың арасындағы байланысына көңіл бөлу. Бұл
тапсырманың студентке беретін пайдасын нақтылап алу;
2. Жауап алу кезінде «жұппен талқылау және қалғандарымен бөлісу» әдістерін жиі
қолданып, өзара бағалау және өзін-өзі бағалау мүмкіндіктерін кеңейту;
26
3. Білім алушыларға өз жұмысының сапасын бағалауға көмектесу үшін нақты бағалау
критерийлері мен дескрипторлар ұсыну;
4. Уақыт өткен сайын білім алушыларға өз жұмыстарын және басқалардың жұмысын
бағалауды үйретіп, бағыт беріп отыру;
5. Сабақта және сабақтан тыс уақытта білім алушылармен проблемаларды шешу
жолдарын талқылап, пайымдауға және тәсілдерді салыстыра бағалай отырып,
стратегияларды әзірлеуге мүмкіндік беру;
6. Білім алушыларды өз әрекеттерін талдап отыруға үнемі әрі жиі итермелеу және
олардың болашақ қадамдарын анықтауына жол көрсету;
7. Бағалау барысында білім алушыларды тиісті сөйлеу дағдыларын дамытуға үйрету,
талқылауға және ойлауға мүмкіндік беру.
Сонымен, критериалды бағалауды енгізу арқылы студенттің қызығушылығын
тудыратын өзіндік әрекеттерін ұйымдастырудың нақтыланған алгоритмдерін жасауға, оқу
материалдарының сипаттау түрінде емес, сыни тұрғыдан ойлануға ықпал ете берілуіне;
тапсырмалардың студенттің болашақ өміріне пайдасын тигізетін құзыреттіліктер
қалыптастыруға негізделе құрылуына қол жеткізуге болады. Бұл өз кезегінде еліміздің
әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуына үлес қосатын болашақ мықты маманның
қалыптасуына жол ашады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Талызина Н.Ф. Управление процессом усвоения знаний. М., 1984.
2. Ромашкина, Г. Ф. Оценка качества образования: опыт эмпирического исследования.
Университетское управление: практика и анализ, 2005.
3. Базарбаева Ж.М., Ермекбаева Д.К., Есимсиитова З.Б. Объективность оценки знаний
студентов – необходимое условие повышения качества подготовки специалистов //
International Journal of Applied and Fundamental Research. - №7, 2012.
4. Землянская Е.Н. Новые формы оценивания образовательных результатов студентов
[Электронный ресурс] // Психологическая наука и образование psyedu.ru. 2015. Том 7. № 4.
C. 103–114. doi: 10.17759/psyedu.2015070410.
5. Ишмухаметов И., Брук М. Проблемы оценки знаний студентов в процессе освоения
предметов гуманитарного цикла. - Starpaugstskolu zinātniski praktiskās un mācību metodiskās
konferences rakstiю. – Латвия: Институт транспорта и связи, 2005.
6. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан — 2050» Стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттің
жаңа саяси бағыты. Жолдауы.- Астана, 2012.
7. Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы
//http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319_#z216
8. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар. Рухани
жаңғыру» атты мақаласы // Егемен Қазақстан, №70 (29051). 12.04.2017.
9. «Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың
қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2011
жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығына өзгеріс енгізу туралыҚазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 563 бұйрығы //
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017554
10. Айтпукешев А.Т., Кусаинов Г.М., Сагинов К.М. Оценивание результатов обучения:
методическое пособие. – Астана: Центр педагогического мастерства, 2014.
11. 2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін
ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік нұсқау хат.
– Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2017. – 340 б.
12. A Basis for Practice: The Middle Years Programme. – International Baccalaureate
Organization, 2006.
27
13. Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы. Мұғалімге арналған
нұсқаулық. - Астана, 2015.
14. Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау
бойынша нұсқаулық. Оқу әдістемелік құрал. - Астана, 2017.
15. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың
деңгейлі бағдарламасының негізінде әзірленген педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу
орындарының бітіруші курс студенттеріне қосымша кәсіби білім беру курсы бағдарламасы.
Бірінші басылым. - Астана, 2015.
16. Майерс Д., Туенж Ж. Әлеуметтік психология. 12-басылым. Алматы: Ұлттық
аударма бюросы, 2018.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе………………………………………………………………………..…...
3
Бағалау жүйесінің өзекті мәселелерін зерттеудің қажеттілігі………………..
3
Бағалау жүйесінің университет беделіне әсері…………………………….….
5
Студент білімін объективті бағалауға кедергі келтіретін факторлар............
5
Қазақстандық ЖОО мамандарының бағалау жүйесіне көзқарасы…………..
7
Дәстүрлі бағалау жүйесі…………………………………………………………
15
Дәстүрлі бағалау мен критериалды бағалаудың айырмашылығы……………
16
«Критериалды бағалау» ұғымының мәні………………………………………
18
Критериалды бағалау үдерісінде қолданылатын терминдер........................
19
Өзін өзі бағалау және өзара бағалау................................................................
21
Қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру әдістері.....................................
22
Тапсырмаларды бағалау критерийлері...........................................................
25
Қорытынды..............................................................................................................
33
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................
34
28
Скачать