Загрузил leokatic0210

3 слайд Жұқпалы ауруларды иммунды алдын алу немесе иммунды емдеу

реклама
Жамбыл Жоғары Медициналық Колледжі
Тақырыбы: Жұқпалы аурулардың иммунды
алдын алу және иммунды емдеу
Орындаған:Сайлаубай Н.Б.
Тобы: ЕА/120
Қабылдаған:Касымов Н.А.
2020 жыл
Жоспар
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
• Иммунитет дегеніміз?
• Алдын алу
• Вакцинды-алдын алу шараларының тиімділігін
бағалау.
III.Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
Иммунитет (латынша im-munitas-босап шығу
арылу,құтылу) немесе төтемелілік-организмнің
антигендік қасиеттері бар жұқпалы және жұқпалы емес
бөгде заттарды,жұқпалы аурулар қоздырғышын немесе
олар бөліп шығаратын кейбір улы заттарды
қабылдамаушылық қасиеті және оларға қарсы тұру
қабілеті. Иммунитеттің қалыптасуына тұтас жүйе
ретінде бүкіл организм қатысады,өйткені оның қорғану
механизмі бір-біріне байланысты,әрі нейрогуморалды
реттеу жағдайында әрекет етеді. Иммунитет туралы
ғылым-иммунология,антиген атты бөтен
субстанциялардың әсер етуіне организмнің жауап
беруінің генетикалық,молекулалық және клеткалық
механизмдерін зерттейді.
Кейбір жануарлар мен адамның қанында организмді
жұқпалы аурудан қорғайтын заттар іштен туа пайда
болады, ондай иммунитетті туа пайда болған
иммунитет деп атайды. Бұл қасиет тұқым қуалайды.
Туған күнінен бастап, өзінің барлық тіршілік ету
кезеңдерінде түзілетін организмнің қарсы тұру
қабілеттілігін жүре пайда болатын иммунитет деп
атайды. Ол табиғи және жасанды деп екіге бөлінеді
(екеуі де белсенді және енжар болып ажыратылады).
Бұл иммунитеттің табиғи жолмен түзілген белсенді
түрі жұқпалы аурулармен науқастанып тұрғаннан
кейін пайда болады.
Тірі вакциналар дегеніміз-вируленттілігі
жойылған немесе
әлсіздендірілген,макроорганизмде көбею және
белсенді жасанды иммунитет қоздыру
қабілеттілігі сақталған,бірақ ауру туғыза
алмайтын микроорганизмдердің тірі
аттенуацияланған штамдары болып
табылады.Туберкулезге,обаға,бруцеллезге,түйне
меге,сары қызбаға,гриппке,қызамыққа,бөртпе
сүзекке,Қу қызбасына қарсы вакциналар тірі
вакциналарға жатады.
Химиялық вакциналар- жұқпалы аурулар
қоздырғыштарының клеткаларынан немесе
олардың бөлшектерінен арнайы химиялық
немесе ферменттік өңдеу жолымен бөлініп
алынған,ерітілген антигендерден
тұрады.Осындай жолмен алынған кешендер
суда ерімейтін заттарға сіңіріледі(алюминий
немесе фосфат гидроксиді).Заттектерден
барынша құтылу
ультрадыбыстың,центрифугалардың,хроматогра
фияның кейбір химиялық агенттердің көмегімен
тазартылады.
Қазақстан Республикасының егу(вакцинациялау)күнтізбесі
Туберкулезге қарсы вакцина. ДДҰмәліметтері бойынша
соңғы оншақты жылдар бойы 12 елде 14 тақырыптық зерттеулер
жүргізілген. Бұл кезде БЦЖ егілген адамдардың жағдайы
туберкулезбен ауырған және бақылау тобындағы адамдардың
жағдайымен салыстырылды.Тиімділігі 2% дан 83%-ға дейінгі
деңгейде болды. ДДҰ ұсынысы бойынша барлық елдерде
туберкулезге қарсы күресуде ең бастысы ауруды жылдам
анықтап,тиімді емдеу жүргізу болып табылады. Ал БЦЖ-мен
бірінші рет және қайталап егу туралы ДДҰ-ның мынадай
тұжырымдары бар:
1.Туберкулезбен сырқаттанушылық деңгейі жоғары және ауру
жойылған елдерде БЦЖ егуді кешіктірмей,туа салысымен
емшек жасындағы балаларға,тым болмаса өмірінің бірінші
жылының соңына дейін жасау керек.
2.БЦЖ-мен қайталап егу туралы шешім қабылдау үшін
туберкулиндік терілік сынаманы пайдалануды тоқтату керек.
3. БЦЖ қабылдаған адамдарға қайталап егудің қажеті
жоқ.Өйткені ондай практика ешқандай ғылыми
факторлармен негізделмеген.Туберкулез
вакцинасының (БЦЖ) құрамында миобактериялардың
авирулентті тірі штамдары бар.Ондай штамды
А.Кальмет және К.Герен ірі қара малдың
микобактерияларынан алған.Бір ампулада
препараттың 20 дозасы болады.Қолданар алдында
вакцинаны натрий хлоридының 0,9% ерітіндісімен
сұйылтады.Нәрестелерге вакцинациялауды туғуннан
кейінгі төртінші күнге дейін педиатрдың тексеруінен
соң таңертең егу кабинетінде жүргізіледі.
Егу курсы бұлшық етке 3 рет енгізетін инъекциядан
тұрады және арнайы схема бойынша атқарылады.
Жаңа туған нәрестелерге:
1-ші рет-туғаннан кейін 24сағат ішінде
перзентханада
2-ші рет-АКДС-пен бірге 8-аптада(2айлық жаста)
3-ші рет-АКДС-пен бірге 16-аптада(4айлық жаста)
Егде жастағы адамдарға:
1инъекция-біріншілік егу
2инъекция-біріншіден кейін 1-ай өткесін
3инъекция-екіншіден кейін 6ай өткесін жасалады.
Жалпы қарсы көрсеткіштер:бұрын енгізген
вакцина мөлшеріне анафилактикалық реакция
беру;лейкоз,лимфопролиферативті аурулар
кезінде немесе иммундысупрессивті әдіспен
емдегенде дене салмағына қарай тәулігіне
2мкг/кг астам мөлшеріндегі стероидтармен бір
аптадан артық уақыт емдегенде болатын
біріншілік иммундық тапшылықтар,дене
қызбасы байқалатын немесе жалпы жағдайы
бұзылған ауыр және орташа деңгейдегі
аурулар
Жеке вакциналар үшін қарсы көрсеткіштер.БЦЖ:
жас нәресте шала
туған,генерализацияланған.Қайталап вакциналауға
қарсы көрсеткіштер:бұрын туберкулезбен
науқастанғандығы,БЦЖ-ның бірінші инъекциясына
тыртық пайда болу,клиникалық белгілері пайда
болған АИВ(ВИЧ) инфекция.АКДС:үдемелі
жүйкеклік патология.АДС және АДС-М: қарсы
көрсеткіш жоқ.ОПВ(полиомиелиттік вакцина)жанұя
мүшелерінің арасында иммундытапшылық болу,АИВ
–инфекция.Қызылша-қарсы көрсеткіш жоқ.Паротитқарсы көрсеткіш жоқ
Сіреспеге қарсы егу.Сіреспеге қарсы белсенді
иммунизациялау инфекциядан алдын ала сақтанудың сенімді
жолы.Мұндай иммунизациялау балалық жаста АКДС,АДС
және АДС-М препараттарын егуден тұрады.Одан басқа
жоспарлы түрде сіреспеге қарсы ересек адамдардың кейбір
топтары егіледі:әскери қызметкерлер және кәсіби тіршілігіне
байланысты жиі жарақат алушылар,сондай-ақ
құрылысшылар.жер қазу және ауыл шаруашылығы
жұмыстарымен айналысатындар.Ересек адамдарды белсенді
иммунизациялауға пайдаланылатын препараттар әр түрлі
болады.Жоспар бойынша міндетті түрде әрбір 10 жылда бір
рет (26,36,46,56 жаста) АДС-М анатоксин егіледі.Одан басқа
иммунизациялау АС анатоксин енгізумен орындалуы
мүмкін.(1 мл де 20 бірлік мөлшері бар,консерванты-0,01%
мертиолат ерітіндісі).Тері астына енгізу арқылы екі түрлі
нұсқада қолданылады:0,5 мл ден екі қайтара немесе 1 мл
мөлшерінде бір рет егу.
Құтыру ауруына қарсы егу.Құтыруға қарсы
инактивацияланған дақылдық вакцина сириялық
атжалманның бүйрегінен алынған клетка
дақылдарында өсірілген құтыру вирусының
вакциндық штамынан (Внуково-32)
дайындалады.Вирус ультракүлгін сәуленің әсерімен
инактивацияланады,мұздатып ,лиофильдік әдіспен
құрғатылады.Дайын препарат-қызғылт-ақ түсті
шамалы жылтырайтын сұйыққа айналады.Ерітілген
вакцинада түйіршіктенген бөлшектер болмауы тиіс.1
ампулада 3 мл вакцина бар,тоңазытқышта құрғақ
жағдайда сақтайды,пайдалану мерзімі-1,5 жыл.
Зоонозды инфекцияларға қарсы егу.
Зоонозды жұқпалы ауруларға қарсы егу осы инфекциялар
бойынша эпидемия болып есептелетін аймақтардың
халықтарына және ол аудандарға басқа жақтан
келгендерге жүргізіледі.
1.Туларемиялық тірі вакцина.
2.Лептоспироздық вакцина.
3.Түйнемелік тірі вакцина.
4.Обаға қарсы вакцина
5.Кене энцефалитіне қарсы вакцина.
6.Қу қызбасына қарсы тірі вакцина.
7.Бруцеллездік тірі вакцина
Бактериофагтар (фагтар)
Бактериофагтар енгізілгеннен кейін адам организмінде бірнеше күн
сақталып,патогенді микробтарды жояды.Бактериофагтар
микробтардың клеткаішілік паразиті болып табылады.Кейбір
жұқпалы аурулардың алдын алу және оларды емдеу үшін қосымша
дәрмек болып табылады.Олар организмде жағымсыз реакциялар
тудырмайды,сондықтан оларды қолдануға байланысты қарсы
көрсеткіштер жоқ.Препарат жарамдылығы:2-10градус
температурада жыл бойына сақталады.
Қолдану әдісі:бактериофагты тамақ ішер алдында 1,5-2 сағат бұрын
қабылдайды,оны қабылдау алдында 25-30 мл 3% сода ерітіндісін ішу
керек.Таблеткалы құрғақ бактериофагтың асқазан сөлінің және
ішектің сілтілік ортасының еріткіштік әсерінен қорғаушы төзімді
қабықшасы бар.Сондықтан оны қабылдаған кезде асқазан сөлін
бейтараптаудың қажеті жоқ.
Қорытынды
Шараларды бағалаған кезінде егілген мен
егілмеген деп бөлу болмайды,көңіл
аударылып отырған тұрғындар тобын
барлығының сырқаттанушылығы
ескеріледі.Бақылау тобы ретінде ешқандай егу
жүргізілмеген жерде мейлінше салыстыруға
келетін тұрғындар тобын іріктеп
алады.Шаралардың тиімділігін бағалаудың
сенімділігін арттыру үшін бірнеше
тәжірибелік және бақылау топтары болу
керек.
Қолданылған әдебиеттер
•
•
•
•
С.Ә.Әміреев Ж.Т.Темірбеков-Эпидемиология 396-454 бб
https://ppt-online.org/511490
https://slide-share.ru/virus--7667
https://drive.google.com/folderview?id=1DjjbwgCTNPan9zWz4
9c3OHdyhHG7x1hP
Скачать