Uploaded by Гульнар Мейрбекова

ОТзыв

advertisement
Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектепгимназиясының 6 «Ә» сынып жетекшісі Темірғали Зарина
Ержанқызының жұмысы туралы
ПІКІР
Темірғали Зарина Ержанқызы Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы
орта мектеп-гимназиясына 2013 жылы математика пәнінің мұғалімі болып
қабылданған. 2013 жылдан бері сынып жетекші болып жұмыс жасайды.
Қазіргі кезде 6 «Ә» сыныбының жетекшісі.
Зарина Ержанқызының сынып жетекші ретіндегі жұмысын кәсіптік
міндетті атқарудың үлгісі деп есептеуге болады: жалпы психология бойынша
білім негіздерін жақсы меңгерген; тәрбие жұмысының мазмұны, өткізу түрі,
әдісі және негізгі принциптерін сақтайды; сынып жұмысын өз деңгейінде
ұйымдастырады; сынып жетекшісі ретіндегі педагогикалық қызметінің
оқушыларды жеке тұлға ретінде қалыптастырудағы маңызын жетік
түсінеді.
Сынып
ұжымының жұмысын тиімді жоспарлап, нәтижелі
ұйымдастырумен
қатар
жүйелі
талдау
жасайды.
Зарина Ержанқызы өз жұмысында интербелсенді әдіс-тәсілдерді шебер
қолданып, тәрбие жұмысын ұйымдастыруда оқушылардың жеке басының
ерекшеліктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға
жағдай жасайды. Сынып жетекшінің ұйымдастыруының арқасында сынып
оқушылары
республикалық қашықтықтан өткізілген олимпиадаларға
қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. Кез келген жұмысты қолға алғанда
жауапкершілік пен белсенділік танытады. Үлгі сынып сағаттарын, басқа да
тәрбиелік шаралар ұйымдастыру барысында әріптестері арасында өзінің істәжірибесімен бөліседі. Тәрбие жұмысы туралы мақалалары аудандық
«Нұрлы Көксу» газетінде жүйелі түрде жарияланып отырады. Мектепгимназия бойынша биылғы оқу жылында қолға алынған «Қазақтың жүз әні»
және «Жүз кітап» жобаларын іске асыруға Зарина Ержанқызы белсенді
атсалысып, оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруды
басты назарда ұстайды.
Зарина Ержанқызының 6 «Ә» сыныбының психологиялық ахуалы қалыпты:
оқушылар өзара достық және сыйластық қатынаста,бір-біріне қамқорлық
жасауға дайын.
Зарина Ержанқызы оқушылар арасындағы құқық бұзушылық пен зорлықзомбылықтың алдын алу бойынша тынбай еңбек етеді: тақырыптық атааналар жиналыстарын өткізіп, сауалнама, сынып сағаттары, әңгімелесу
жұмыстарына ата-аналар қауымдастығын тиімді қатыстырады. 6 «Ә» сынып
оқушылары мектепішілік, аудан және облыс көлеміндегі іс-шараларға
белсене қатысады. Олар мектепте қабырға газеттерін шығарып, байқаулар
ұйымдастырады. Зарина Ержанқызы оқушылардың бос уақытын тиімді
ұйымдастырумен қатар олардың қосымша білім алуына ереке көңіл бөледі. 6
«Ә» сыныптың 10 оқушысы музыка мектебінде, 10 оқушысы спорт
мектебінде білім алады. «Бейбітшілік әлемі»
халықаралық қазақ
творчестволық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «Нұрлы әз Наурыз»
фестивалінде Ахмет Амира домбырада ойнау бойынша ІІ орын, Женисова
Нұрай вокал бойынша І орын иеленіп,Түркия мен БАЭ жолдама алды.
Республикалық би байқауында Шалқанова Томирис І орын,Ұлан Елжас
Республикалық «Дала сазы» байқауында вокал бойынша І орын, Бейсен
Жібек республикалық көркем сөз байқауында І орын, Республикалық
шығармалар байқауында Серікқызы Назерке ІІ орын, Нұрбек Сая ІІ орын,
Дүйсенбай Назым І орын, Самат Данат І орын, Нұрланбек Еркебұлан және
Шадет Нұрай республикалық бейнелеу өнері байқауында І орын иеленген.
Самат Данат киокушинкай-каратэден облыстық жарыста І орын, Алмухан
Мейір жасөспірімдер арасында дзюдодан өткен облыстық жарыста ІІ орын
иеленген.
Сынып жетекші оқушыларының ата-аналарымен тығыз байланыс орнатып,
ата-аналар арасында педагогикалық кеңестер беріп, тәрбие жұмысын
ұйымдастыру дәрежесін анықтау мақсатында сауалнамалар ұйымдастырып,
қорытындысы бойынша нәтижелі жұмыс жүргізеді.
Зарина Ержанқызы- өмірлік және педагогикалық ұстанымы жоғары,
білікті маман. Әріптестері, оқушылар мен олардың ата-аналары арасында
беделді.
Мектеп-гимназия директоры
М.Төлекенов
Download