Uploaded by Алтынай Ақылбекова

Белиз

advertisement
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
Географиялық орналасуы
Жер бедері
Геологиясы мен топырағы
Климаты
Гидрографиясы
Топырақ жамылғысы
Өсімдік әлемі
Жануарлар әлемі
Экологиялық проблемалары
• Белиз
—
Орталық
Америкадағы мемлекет. 1973 жылға
дейін Британдық Гондурас аталып келді.
• Координатасы: 17°15′ с. е. 88°45′ б. б.
• Солтүстікте
Мексикамен,
батыста
Гватемаламен шектеседі.
• Белиздің шығысын Кариб теңізі шаяды.
• Елдің аумағы — 22 966 км².
• Халқының саны — 308 мын адам (2009).
• Белиз атауының шығу тегі туралы анық мәліметтер жоқ. Бір
болжам бойынша шығу тегі майя тілінің be’lix, аудамасы
«көмескі су» дегенді білдіреді, сөзі болуы мүмкін. Ол Белиз
өзендерімен байланыстырылады. Тағы бір болжам
бойынша бұл атаудың шығу тегі конкистадорлар қате
айтқан XVIII ғасырдағы қарақшы Питера Воллейнстің
атымен баланысты. Конгодан келген африкандықтардың
солай атауы да мүмкін, өйткені Анголада да Белиз бар.
Елдің
солтүстік
бөлігі-ойпатты,
батпақты жазық. Оңтүстік бөлігінде
жағалау жазығы ішкі таулы-төбелі
аймақтан бөлінген. Оның орталық
бөлігін солтүстік-шығыстан оңтүстікбатысқа созылып жатқан Майя
таулары орналасқан. Мұнда елдің
ең биік нүктесі – Виктория шыңы
бар (1120 м). Осы таулардан
оңтүстік-батысқа
қарай
Қайо
округінің шегінде биіктігі 900 м-ден
асатын бедер жіпше созыла
орналасқан. Жағалауды бойлай,
одан 30 км қашықтықта бөгет рифі
созылып жатыр. Белиз аумағының
40% - ы ылғалды тропикалық
ормандармен жабылған.
Белиз Солтүстік Америка және Кариб тектоникалық тақталарының
қиылысына жақын орналасқан. Кариб плитасының шығысқа
жылжуы
Белиздің
негізгі
құрылымдық
ерекшеліктерін
қалыптастырды: Майя таулары, терең сумен қоршалған жағалау
атоллдары және Коралл бөгет рифінің орналасуы. Майя таулары
магмалық, метаморфтық және шөгінді жыныстардан тұрады,
олардың жасы 125-320 миллион жыл. Қоршаған жазық жазықтар
бор, әктас, құмтас т.б. жыныстармен (жасы 1,6-65 миллион жыл)
жабылған, олар Белиздің осы ұзақ уақыт бойы жылы таяз теңізбен
жабылғанын көрсетеді. Төрттік (плейстоценды) жыныстар және
жағалаудағы және су астындағы қазіргі заманғы шөгінділерБелиздегі ең жас шөгінділер циклі және негізінен әктас шөгінділері
болып табылады. Доломит, барит, боксит, касситерит және алтын
қоры бар болғанымен, көлемі кен өндіруге жеткіліксіз.
• Белиздің климаты—тропикалық-пассатты.
• Шілде айының орташа температурасы 24-26 ° С, қаңтар-20,24 ° С. Жазғы температура жағалаудан алыс аудандарда 38 °
С-тан асуы мүмкін.
• Солтүстік-шығыс пассат көп жауын-шашын әкеледі. Жылдық
жауын-шашын мөлшері солтүстікте 1340 мм-ден (Коросаль
округі) оңтүстікте 4520 мм-ге дейін (Пунта-Горда) өзгереді.
• Жауын-шашын маусымы мамырдан қарашаға дейін
созылады, құрғақ маусым қаңтардан мамырға дейін болады.
• Кариб теңізінен келетін құйындар, тасқындар мен
дауылдармен қосылып, елді өте көп шығынға ұшыратады.
Елдің солтүстігінде Рио-Ондо және Белиз ірі өзендері өтеді,
олар бұрын орман тасымалдау үшін пайдаланылған. Елдің
оңтүстігінде жауын-шашын солтүстікке қарағанда едәуір көп
болғандықтан, олар Майя тауларынан бастау алатын шағын
өзендерде су тасқынына әкеліп соғады, бұл автомобиль
көлігінің қозғалысына өте кедергі келтіреді.
• Осы аймақтардағы кейбір топырақ түрлері өте құнарлы
және кем дегенде соңғы 4000 жыл ішінде өңделді.
• Сибун ривер және нью-ривер өзендерінің аңғары құнарлы
аллювийлі топыраққа ие.
• Таулы
аудардардың
бетін
эрозияға
ұшыраған,
құнарлылығы төмен, майда топырақ қабаты жауып жатыр.
• Шамамен елдің жарты аумағы тропикалық ормандармен
жабылған. Белиздің оңтүстік- батыс және солтүстік
аумағында қау жапырақты және қылқанды ормандар көп
өседі.
Жағалауы
мангр
өскіндерімен
көмкерілген.Ормандар кедр, қызыл ағаш, махагони мен
қарағай секілді шаруашылыққа пайдалы, қымбат
ағаштарға бай. Бұрындары кампеш ағашынан бояу,
саподилла ағашынан Чикле сағызы алынатын.
• Жануарлар әлемі әр-алуандығымен көзге түседі. Онда
жалпақ тұмсықты маймыл, ягуар, сауытты аңдар мен үлкен
игуандар және т.б жануарлар өмір сүреді. Құстар өте көп,
олардың арасында тоты құстар мен колибрилер бар. Теңіз
шаянтектестер мен балықтарға, тасбақаларға толы.
Белиздегі экологиялық проблемаларға ормансыздану және
судың сарқынды сулармен, өнеркәсіптік қалдықтармен, ауыл
шаруашылығы ағынымен ластануы жатады.
Белиз Базель конвенциясының, биологиялық әртүрлілік туралы
Конвенцияның,
Рамсар
конвенциясының,
СИТЕС
Конвенциясының, қалдықтарды және басқа да заттарды
тастаумен теңіз ортасын ластауды болдырмау туралы
Конвенцияның, Кит аулау кәсіпшілігін реттеу туралы
халықаралық
конвенцияның,
Монреаль
хаттамасының,
МАРПОЛ 73/78, Біріккен Ұлттар Ұйымының теңіз құқығы
жөніндегі конвенциясының, Біріккен Ұлттар Ұйымының
шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі конвенциясының және
Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы
негіздемелік конвенциясының қатысушысы болып табылады.
Download