Загрузил rustembekovaaidana

makhabbat filosofiasy

реклама
ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
МИНИСТРЛІГІ
«ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ»
АҚ
Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы
СӨЖ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:Махаббат философиясы
Орындаған:Рустембекова А.
Тобы:В-ФҚА-02-17
Қабылдаған :Профессор Кемелбеков Қ.
Шымкент 2019
1
ЖОСПАР:
Кіріспе ....................................................................................3
Негізгі бөлім ..........................................................................5
2.1. Махаббаттың философиялық негізі.Оның түрлері.......5
2.2.Батыс әлеміндегі махаббат философиясы......................9
2.3. Қазақ халқының махаббат философиясы.....................11
III. Қорытынды ..............................................................................21
IV Пайдаланылған әдебиеттер ...................................................22
I.
II.
2
I.Кіріспе.
Дүниедегі ең киелі, ең қасиетті сезім – махаббат. Ол-адам жанының асыл
қасиеті, асқақ мұраты, риясыз, ынтық, нәзік сезімі. Махаббаттың құдіреттілігі
сонша, ол бүкіл әлемді өзіне бағындыратын ұлы күш. Адамның бүкіл санасын
жаулап алатын, оны ақылға сиғысыз іс-әрекеттерге итермелейтін құдірет иесі.
Махаббат адамды толықтай өзгертеді, оны барлығына да үйретеді. Жақсылыққа
да, жамандыққа да.
Махаббат мәселесі қазіргі философия ғылымында өзекті мәселеге айналуда.
Қазір махаббат пен мейірімділікке негізделген жаңа үлгідегі әлемді тану
жолында жаңа көзқарасты өзара түсінік философиясын қалыптастыру мәселесі
күн тәртібінде тұр.
Махаббат көп жағдайда адамның дәстүрлі әлемі туралы түсінігімен
анықталады. Әрбір халық өздерінің көп ғасырлық өзінің тарихында бұл ұғымға
мифология, дін, философия, этика, музыка, поэзия сияқты дәстүрлі мәденитінің
элементтерін енгізді.
Махаббат – өмір бастауы. Әдебиеттің, поэзияның, прозаның т.б. дені –
махаббат тақырыбы. Махаббат туралы жазылған философиялық трактаттар да
баршылық. Махаббат – адамгершілік негізі, мейірімнің көзі, инабат тәрбиесі,
сезім тұнығы. Адамдардың арасындағы «тартылыс» заңы да сол махаббатқа
сүйенеді. Жүрегінің жылуы мен қайырым шапағаты мол, өмір бойы адамға
ғашық болып өткен Абайдың: «Махаббатсыз дүние бос. Хайуанға оны
қосыңдар», – деп айтқаны сондықтан.
Махаббат бәрімізге таныс нәрсе сияқты. Бірақ жастар махаббаттың мәніне үңіле
бермейтін сияқты. Көптеген жастар үшін махаббат театрланған ойын сияқты.
Махаббаттың мәнін түсіну үшін «адамтану» деген күрделі ғылымды меңгеру
керек. Әдетте махаббат ұғымы оңды-солды, неге болса соған қолданыла береді.
Махаббат тақырыбы әдебиетте, сонау көне заманнан бері сөз болып келеді.
«Ләйлі-Мәжнүн», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек» эпостарын
қоспағанда махаббатқа арналған рубаяттар мен ғашықтық қиссалар қаншама?
Сонау Хауа-Ана мен Адам Атадан бастап, бүгінгі күнге дейін тіл біткеннің
бәрінде махаббат суреттеледі. Оның барлығын қамту мүмкін емес. Махббат көп
мағыналы түсінік. Ол үлкенге де, кішіге де ортақ.
Махаббаттың сезімі ретінде мағынасы мен абыройы оның өзімшілдіктің
күші арқасында тек өзіміздің бойымыздан ғана түйсінетін басқадағы міндетті
түрдегі орталықтық мағынаны біздің барлық тіршіліктік күшімізбен мойындауға
бізді мәжбүрлейді. Махаббат біздің сезімдеріміздің бірі ғана ретінде ғана емес,
ол біздің барлық өмірлік мүдделеріміздің өзімізден басқаға ауыстырумен,
біздің жеке өміріміздің біздің жеке өміріміздің өзіндік орталығын қайта
ауыстырумен маңызды. Бұл кез келген махаббатқа тән бірақ жыныстық
махаббатқа басымдырақ болып келеді; ол басқа махаббаттың түрлерін үлкен
пәрменділігімен және тартымды мінезімен және толық жан жақты өзара
түсінісу мүмкіндігімен айырықшаланады; тек осы махаббат қана екі өмірдің
3
шынайы және айырмасыз бірігуіне жетелеуі мүмкін, ол туралы құдай сөзінде
төмендегідей айтылған: екі дене біреуге айналады, яғни бір нақты тіршілік иесі
болады.
Егер де адам философияның негізгі обьектісі болса, онда адамзат махаббаты
атты тақырып өте маңызды философиялық ой кешулердің бірі болуы керек.
Маххабат ең алдымен өнердің обьектісі болып табылады, бірақ сонымен бірге
философиялық тұрғыдан ойлануды қажет ететін махаббаттың өлшемдері
болады. Өнер образдардың тілімен сөйлесе, философия ұғымдар тілімен
сөйлейді, яғни өнер де философия да бір мәселе жөнінде айтып отырғанымен,
мұны олар әр түрлі мағынада айтады. Махаббат философиядан бұрынырақ пайда
болған, бұл екеуінің бұрынғыдан келе жатқан туыстығы махаббат ұғымының
өзіне байланысты, сондықтан философия ежелгі грек тілінен аударғанда
даналыққа деген құштарлықты білдіреді.
Махаббат-бұл адам өміріндегі ерекше күрделі рухани құбылыс. Сондықтан
ол философтар мұқият және жан-жақты түсінеді. Махаббаттың философиялық
талдауы — бұл ең алдымен ой арқылы сүйіспеншілікті тануға, осы феномен
туралы ең ортақ ой-пікірлерді жасауға ұмтылу. Махаббат философиясы оның
шынайы адам болмысының басты көзі ретінде ұтымды ұғыну деп саналады.
Махаббат философияда адамның тұрмыс тіршілігінің мәні ретінде көрінеді: жеке
және қоғамдық. Өйткені, адам бүкіл әлемді, өмірді жақсы көрсе де,
философиядағы махаббат таза адам болмысы ретінде қарастырылады. Оның
барлық түрлерінің негізінде жатқан махаббаттың ең іргелі түрі басқа адамның
өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілікті сезінуді, оған көмектесу ниетін
болжайтын адами (бауырлас махаббат) тууға деген махаббат болып табылады.
4
II .Негізгі бөлім:
2.1.Махаббаттың философиялық негізі.Оның түрлері
Жалпы махаббат деген сөздің мағынасы кең. Махаббат деген сүйіспеншілік,
ынтызарлық, ғашықтық деген сөздердің баламасы ретінде айтыла береді.
Сүйімнің алуан түрлі сипаттары мен аспектілерін білдіру үшін гректер төрт
түрлі терминдерді қолданды, олар: эрос, филиа, агапэ, строгэ.
«Эрос» —сөзін олар обьектіні өздеріне толығымен иеленіп алу мақсатымен, сол
обьектіге бағытталған сезімдерді білдіру үшін қолданды.
«Рhilia» — сөзі жеке немесе әлеуметтік таңдау еріктеріне байланысты біріккен
индивидтердің байланысын білдіреді.
«storge» — сөзі болса айырбастауға берілмейтін мәңгі органикалық түрде
туыстық жақындықпен байланысты махаббатты білдіреді. Бұл ата ана мен бала,
ері мен әйелі, отаны мен азаматтары арасындағы өте нәзік әрі өз өзіне деген
сенімді махаббат.
«Аgape» — термині гректерде ғашық адамының, сүйіктісінің белгілі бір
ерекшеліктерінің, оның ерекше бір мінезінің негізінде пайда болатын саналы
махаббатты білдіреді.
Махаббат ұғымының сырлы әлемін жүрек пен көкейкөздің (интуицияның)
үлесіне қалдырып, оның эзотерикалық, тылсым бейсаналық табиғатын
мойындағанның өзінде, ғалам жаратылысының мәні, хақты тану мүмкіндігі, адам
рухани ізденісінің түп мақсатына қатысты ақыл-ой деңгейіндегі толғаныстарды
шешуде де махаббат философиялық категория қызметін атқарды. Бұл бойынша,
Махаббат-ғаламның, адамзат жаралуының телеологиялық себебі, оның рухани
жетілуінің, эстетикалық ләззаттануының, этикалық ғибраттануының негізі.
Махаббат әрбір адамды бейтарап қалдырмайтын, адам өмірінің мәні мен
маңызы, сырлы әлемі. Сондықтан Махаббат жайлы әрбір адамның жеке
көзқарасы, өзіндік ой-пікірі, түсінігі болуы және оның әр алуан болуы заңдылық.
Махаббат әрбір адамның әлемдегі, қоғамдағы, отбасындағы өзінің орнын
белгілеуге, өзін-өзі, ақиқат мәнді, жаратылыс сырын тануға мүмкіндік беретін
маңызды таным-түйсігі. Сол себептен Махаббаттың сипаты да түрліше.
Француз жазушысы Стендаль Фредерик махаббат психологиясын зерттейтін
«Ғашықтың жайы» атты кітап жазған. Кітап форма жағынан ғылыми зерттеу
еңбегі сияқтанғанымен, оны жазу үшін автор 20 жылдан астам уақыт жұмсаған.
Бірақ, кітап дәм-татуы жоқ сылдыр сөз емес, күні бүгінге дейін «Махаббаттың
қасиетті кітабы» саналып келе жатыр. Кітапта Стендаль махаббатты төрт түрге
бөлген:
Жалынды махаббат – төл мүддемен санаспайтын махаббат;
Қызғылықты махаббат – ақыл-парасатты ардақтайтын махаббат;
5
Физиологиялық махаббат – тән рахатына ғана берілетін махаббат;
Атаққұмарлыққа салынатын махаббат – достық сүйіспеншілікті көтермелейтін
махаббат.
Ал ХХІ ғасыр психологтары махаббатты мынадай үш түрге бөледі екен:
Сананың (мидың), яғни, ақылдың ғашық болуы. Махаббаттың бұл түрі
«Махаббат-есеп» деп аталады. Ол алып-ұшқан сезімді тежейді. Анығын
айтқанда, бір адамның мінезіне, ақылдылығына ғашық болады.
Сезімнің, жүректің (тылсымның) ғашық болуы. Бұл кезде сезім ақылға (есепке)
бағынбайды. Әдетте «Нағыз махаббат» деп осыны түсінеді. Психологиялық
толқындар мидың оң жақ жартысына өтеді. Махаббаттың бұл түрі – «Махаббатсезім» деп те аталады. Себепсіз-ақ ғашық болады. Сұлулыққа, сүйкімділікке,
асқақтыққа.
Рухтың, яғни, жоғары сананың (ар-ожданның) ғашық болуы. Ол кезде бәрі
тәрбие мен дәстүрге бағынады. Сезім де, сана да тежеледі. Психологиялық
толқындар адамның ар-ұяты аясында өтеді. Махаббаттың бұл түрін «Махаббатдостық» деп те атауға болады. Өзара сыйластық, құрметтеуге, жауапкершілікке
сүйенеді.
Рәшид-әд-дин Хамадани (1247-1318) махаббаттың 8 түрі болады деген.
Бірінші түр – қарапайым адамдардың арасындағы махаббат, ол ымыраласудан
араздасу кезеңіне дейін созылады.
Екінші түр – әйел мен еркектің арасындағы сезімдік білгірліктің тұтануынан
өшуіне дейін созылады.
Үшінші түр – ата-ананың махаббаты. Әке-шешенің перзентіне сүйіспеншілік
бесіктен көрге дейін баянды.
Төртінші түр – жұбайы мен зайыбының некелескен сәтінен айырылысар кезіне
дейін болатын жақындасу махаббаты.
Бесінші түр – қолындағы бар сыйлығын тарап біткенше құдіреті күштілердің
құзырына табынатын кедей сорлының жарамсақтығы сияқты құлқынқор
махаббат.
Алтыншы түр – табысудан айырылысуға дейін созылатын, ғашықтардың
арасындағы табиғи махаббат.
Жетінші түр – адам баласының Құдайға мінәжат етуінен туындайтын махаббат.
Сегізінші түр – шынайы махаббат, ал оның бастауы да, құрдымы да болмайды.
Платон махаббатты сезімдік және рухани махаббат деп екіге бөліп қарастырды.
Сезімдік махаббат — сұлулыққа сұқтанатын махабаттың төменгі сатысы.
Рухани махаббат — адамның белсенді танымдық қызметінің қайнар бұлағы деп
қарады.
Орыс философы В.Соловьев махаббаттың үш түрлі типтерін ажыратады, олар:
1)махаббат ол көбінесе береді де, бірақ ештеңе алмайды, бұл ата-ананың балаға
деген махаббаты;
6
2)махаббат ол көбінесе алады, бірақ ештеңе бермейді, бұл баланың ата -анаға
деген махаббаты;
3)махаббатта осы жоғарыда көрсетілген белгілердің екеуі тепе-тең түседі, бұл
жыныстық немесе ерлі зайыптылардың махаббаты.
Махаббат философиясында махаббаттың мынадай түрлері бар, олар:
-ата-ана мен бала арасындағы махаббат,
-аналық махаббат,
-әкелік махаббат,
-ағалық махаббат,
-өз өзіне деген махаббат,
-құдайға деген махаббат және
-жануарларға деген махаббат және т.с.с.
Аналық махаббат
Тең дәрежелілер арасындағы махаббаттың формалары болып табылатын ағалық
және жыныстық махаббатқа қарама қарсы аналық махаббат бар. Негізінен ана
мен бала арасындағы байланыс өзінің табиғаты жағынан тең дәрежеде емес,
өйткені бала әрдайым көмекті қажет етеді де, ал ана әрдайым сол көмекті беріп
отырады. Өзінің альтуристік және шексіз сипаттағы ана махаббаты –
махаббаттың ең жоғарғы түрі болып табылады және бүкіл эмоционалдық
байланыстардың ішіндегі ең қасиетті сезім болып табылады. Шынымен де
аналық махаббаттың ең жоғарғы жетістігі ол ананың сәбиіне деген махаббаты
емес, оның өсіп келе жатқан ұрпаққа деген махаббаты болып табылады.
Трансценденциялануға деген қажеттілік ол адамның өзінің санасының
түпкірінде жатқан негізгі қажеттіліктерінің бірі болып табылады. Ол осы жарық
дүниедегі өзінің роліне қанағаттанбағандықтан, өзін кубоктан қалай болса солай
лақтырылып тасталған ойынның тасы ретінде қабылдай алмайды. Ол өзінің
енжар ролінің шеңберінінен асып шығып, өзін жасампаз ретінде сезінгісі келеді.
Осы әлем мен адамның жаратылысынан қанағат алуға қол жеткізудің көптеген
жолдары бар, осындай қол жеткізудің аса жеңіл әрі табиғи жолы ол – аналық
қамқорлық пен оның жасампаздығына деген махаббат. Өйткені ана бала арқылы
өзінің шеңберінен асып шығады. Балада ол өз өзінің шеңберінен шығады,
ананың махаббаты оның өміріне мән мен мағына береді. (Бала тудыру арқылы
трансценденциялануға деген өзінің қажеттілігін қанағаттандырудағы еркектің
қабілетсіздігінің өзінде оның өзінің қолынан туғандары мен идеяларының
шеңберінен асып шығуға деген қажеттілік жатыр). Бірақ бала өсуі керек. Бала
ананың ыстық алақаны мен ыстық ұясынан шығып тәуелсіз тұлғаға айналады.
Аналық махаббаттың негізгі мәні ол баланың өсуіне қамқорлық жасау, өз
аяғынан тік тұрып кетіп өз алдына өмір сүруіне жағдай жасайды. Жыныстық
махаббаттан аналық махаббаттың ең басты ерекшелігі нақ осыда. Жыныстық
махаббатта бір біріне қарама қарсы екі адамның бір тұтастықққа бірігуі көрініс
береді. Ал аналық махаббатта бір тұтастық пен бірлікте болған екі адам бір
бірінен ажыратыла бастайды. Анасы баласының өзінен ажырап бөлектене
7
бастағанына көніп қана қоймай, сонымен бірге оны қалыпты жағдай деп
қабылдап бұған өзі көмектесіп жағдай жасауы керек. Нақ осы қиын кезеңде
аналық махаббат өте қиын да күрделі жағдайға душар болады. Өйткені бұл
жағдай анадан өзінің сүйікті адамының бақытынан басқа қолындағы бар
нәрсесін беруді, барлығын құрбан қылуды, бірақ бұдан мұның еш қайтарымын
күтпеу қабілеттілігін, бар жан тәнімен берілуді және адалдықты талап етеді. Нақ
осы кезеңде көптеген аналар аналық махаббаттың осындай күйкісіне шыдай
алмай, қабілетсіздік танытады. Өсіп келе жатқан балаға деген ананың махаббаты
алуды емес, тек беруді ғана көздеген, ешқашан баладан қайтарымды күтпейтін
шынайы, таза да пәк махаббат және бұл — махаббат атаулының ішіндегі ең
күрделі формаларының бірі. Егер әйел өз күйеуін, бүкіл адамзатты өз баласын,
басқа адамдарды сияқты жалпы жақсы көруге қабілетті болса ғана шынайы ана
бола алады. Ол егер де әйелде жалпы адамзатқа деген осындай махаббат
болмаса, онда ол бала өсем дегенге дейін, жас сәбиге ғана нәзіктік танытқан ана
бола алады. Шынайы ана — баласы өзінен алыстап жыраққа кетсе де ол оны
жақсы көруін жалғастыра бермек.
Ағалық махаббат
Ағалық махаббат бұл махаббаттың барлық түрлерінің негізінде жатқан
махаббаттың фундаментальды түрі. Ағалық махаббат ол жауапкершілік
сезімінен, басқаға әрдайым көмектесуден, оған мейірімділік танытып, қамқор
болудан көрініс табады. Әлсіздерге, кедейлерге көмек көрсетіп, мейірбандық
таныту бұл ағалық махаббаттың бастамасы болып табылады. Тек өзіңнің
ағайындарың мен жақындарыңа ғана көмектесіп мейірімділік таныту да бар,
бірақ ол шынайы ағалық махаббат емес. Бұл адамдыққа жатпайды. Өйткені жанжануарлардың өзі балаларын ғана жақсы көріп оған қамқорлық танытады.
Мысалы, дәрменсіздер өзінің қожасын жақсы көреді, өйткені оның өмірі
қожайынының қолында. Бала өзінің ата анасын жақсы көреді, өйткені олар оған
керек. Бірақ та шынайы махаббатта ешқандай мақсат болмайды. Алдына
ешқандай мақсат қоймағандарға ғана шынайы махаббат ашыла бастайды.
Ағалық махаббат бұл тең дәрежедегілер арасындағы махаббат, бірақ тең
дәрежелілер де әрдайым тең болмайды. Апа, сіңлілер мен ағалар арасындағы
махаббат – бұл да ерекше феномен. Балалар алғаш рет ойнағаннан бастап біреуі
үлкен аға немесе үлкен апа болып жатады. Өйткені, отбасындағы жасы үлкен
балалар ата анамен бірге кішкентайларға қамқорлық танытып, оларға әлеуметтік
жағынан қолдау көрсетеді.
Еркек пен әйел арасындағы махаббат
Егер де аналық махаббат пен ағалық махббатта таңдау жоқ болса, немесе ана өз
балаларының барлығын жақсы көруге немесе аға өз інілерінің барлығын жақсы
көруге негізделсе, онда жыныстық махаббат бұлардан өзгеше. Мұндай махаббат
терең дифференциацияланған, мұндағы махаббат таңдауға негізделген, адам бір
ғана жалғыз адаммен тұтастықта болып, бас қосып бірігуге құмартады.
8
Э. Фроммның пікірінше, махаббатқа қарағанда жыныстық құмарлық тек дене
құмарлығымен, жалғыздық алдындағы қорқыныш сезімімен, біреудің жүрегін
жаулап алумен ғана шектеледі.
Махаббат ол кездейсоқтан пайда болмайды. Ол адамның бүкіл ішкі әлемінің
біртіндеп өзгеріске ұшырап, қайта жандануы жаңа бір күй кешуі. Стендаль
махаббат сезімінің пайда болуын былай суреттеп береді:
1) Таң қалу
2) Ғашық адам сүйіктісінің сұлулығына сүйсініп оны құшағына алып сүюді
армандайды.
З) Ғашық адамына деген үміт оты оянады.
4) Махаббат оянады.
Адам өз ғашығын барлық сезім органдарымен сезіне бастайды.
5) Алғашқы кристаллдану процесі басталады.
Адам өзінің сүйікті ғашығын қуаныш пен ләззатқа бөлеуі үшін, барлық
құрбандықтарға дайын бола бастайды және мұны ол қуанышпен іске асырады.
Кристалдану – бұл ойдың ерекше бір қызметі.
6) Күмәнның тууы.
Ғашық адам өзіне жақын тұрған бақытқа күмәндана бастайды; ол өзіне жылт
етіп көрінген үміттің өзіне күмәнмен қарай бастайды. Ол өзін өмірдің басқа да
қуаныштарына бөлегісі келеді де кейін оны жоғалтып та алады. Осыдан ол
бақытсыздық сезіміне бөленіп, осы сезімнен кейін ол ойға шомады.
7) Екінші кристаллдану процесі.
Екінші кристаллдану процесі басталғанда ғашық адам «ол да мені жақсы көреді»
деген ойға келеді.
Ғашық адам үш түрлі ойдың арасында ойланып толғана бастайды:
1. Оған ешкім тең келмейді.
2. Ол мені сүйеді.
3. Оның сүйетіндігінің дәлелдеріне қалай көз жеткізуге болады? Махаббаттың
ұзақтығы екінші кристаллдану процесінде анықталады, осы кезде ғашық
адамыңның жауабын ала аласың немесе ала алмайсың. Екінші кристаллдану
процесі тез беріле салатын махаббат жағдайында өтпейді.
Сонымен бірге мына жағдайды ескеру керек. Өзінің табиғаты жағынан әйелдер
еркектерге қарағанда сезімтал келеді. Әйелдердің өмірінде сезімнің алатын орны
ерекше. Көптеген әйелдер үшін сүюден гөрі сүйікті болу өте маңызды. Өйткені
бұл қасиет әйелдердің психологиялық табиғатының өзінде жатыр. Ал ер адамдар
болса , сүйікті болудан гөрі сүюді қалайды. Махаббатты осылайша жіктеуге
Махаббат иесі сезімінің нысанын, көздеген мақсатын белгілеуі негіз болады.
Махаббаттың сезімдік әсер тұрғысынан күйініш пен сүйініш, қорқыныш пен
үміт өзара ұласа жүріп, адам бойында күйіп-жанған ынтық сезім, қанат бітірер
ұшқыр қиял, риясыз пейіл, мейірім-шапағат түрінде көрініс беруі Махаббаттың
9
бар түріне тән жалпы сипаты болып табылады. Яғни Махаббаттың қай түрі
болсын адамды ізгілікке, мейірімділікке, адалдыққа тәрбиелейді.
2.2.Батыс әлеміндегі махаббат философиясы
Платоннан бастау алған классикалық махаббат философиясында, жалпы алғанда,
біздің күнге дейін сақталған идеялардың белгілі бір шеңбері қойылды. В. С.
Соловьев немесе Д. фон Гильдебранд Платонмен бірге жүріп, жалпы Платон
ойының ортасында қалады. «Амурологиялық» проблематиканың орны мен мәні
классикалық философия аясында бірте-бірте өзгереді. Жаңа уақыттан бастап
махаббат туралы пайымдаулар философияның шетіне жылжиды. Бұл
амурологиялық дискурс аясында жасалған және адам туралы философиялық
ілімнің іргетасына салынған кейбір маңызды идеялардың философиялық мәнмәтіндерге, ең алдымен, моральдық-философиялық, сондай-ақ антропологиялық
және мәдениеттанулық мән-мәтіндерге көшуіне байланысты. Бірақ ХІХ
ғасырдың ортасынан бастап махаббат тақырыбы философияға оралып, С.
Кьеркегор мен
Л. Фейербахтың, орыс діни философтарының назарын аудара отырып, кейінірек
ХХ ғасырда – М. Шелер мен Гильдебрандтың феноменологиялықаксиологиялық антропологиясына айналды. Махаббат классикалық теориясына
екі сипат тән:
а) нормативтік тұрғыда, оларға деген махаббат мәні бойынша
дессексуализацияланған және деэротизацияланған;
б) метатеоретикалық тұрғыда, олар әдетте, өзінің этикасын – махаббат этикасын
қамтиды.
Махаббат ұғымындағы принципті бұрылыс З. Фрейдтің ашылуымен және
олардың философиялық ойымен алдын ала анықталған болатын. Фрейд махаббат
мәніне қатысты жаңа идеяларды әкелмесе де, оның антропологиялық ілімі, атап
айтқанда, махаббат көзі мен оның психикалық табиғатын түсінуге
революциялық
әсер
етті.
Феноменологиялық
антропологияда
да,
постструктурализмде эростың психоаналитикалық (негізінен фрейдистік)
интерпретациясы, ниет, қарым – қатынас, тұлғалық өзін-өзі көрсету скепсис
және (әдіснамалық) тітіркену тудырады, дәл осы фрейдизмнің арқасында
классикалық, көбінесе перфекционистік, постклассикалық-дербестікке деген
сүйіспеншілікті
түсіну
басталды.
Махаббаттың
классикалық
және
постклассикалық теориялары арасындағы шекара хронологиялық атрибуция
емес,
әдіснамалық
айырмашылықтармен
анықталады.
Классикалық
философияда, кем дегенде, модерндік, постклассикалық философияда
(постмодерндік дәуірдің манифестацияларының бірі болған) жүйелі анықталған
үрдістерді қадағалау оңай, ал жаңа философияның пайда болуымен классикалық
философияның стилі сақталуда – сондай – ақ махаббат философиясында жаңа
теорияларда көрініс табатын элементтер классикалық теорияларда, ал
соңғылардың тән элементтері-жаңа махаббат теорияларында кездеседі. Әлбетте,
амурологияның коммуникативтік парадигмасы махаббаттың жаңа теорияларына,
10
оның перфекционистік амурологияға кері әсерін тигізгені сөзсіз. Махаббат
басқаруға және ақылға қонымды түсіндіруге берілмейді. Ол туралы тек ол бар
және көп емес деп айтуға болады. Оның пайда болу механизмін және көптеген
көріністерді түсіндіру мүмкін емес. Антикалық мифологияда, мысалы, оны
ғажайыптар жасауға қабілетті ерекше ғарыштық күш деп санаған. Осирис
Изидтің әйелі күйеуін махаббат жасымен қайта тірілтті.
Бір күні Жер бетінде пайда болған махаббат адамзат өмірінде өз орнын алды.
Бірақ оған деген көзқарас әрдайым қарама-қайшы болды. Ол өмір сүрді .Оның
құрметіне кескіндеме мен музыканың ұлы шығармаларын жасады, өлеңдер
жазды, сарайлар салды. Махаббат үшін түрмеге отырғызылып, монастырьларға
жіберді, тіпті отқа жағады. Бүгінгі күні Махаббат философиялық және мәдени
оқу-жаттығуларда бекітілген тұлғаның рухани өрлеуінің мәндерін өзіне тартатын
ең құпиялы күштердің бірі болып саналады. Бірақ ең бастысы адам болмысының
киелі проблемаларын шешуге, тұлғааралық бірлікке, басқа индивидпен бірге
болуға бағытталған жоғары сезім ретінде сүйіспеншілікті түсіну болып
табылады. «Бұл басқа адаммен бірлікке деген құштарлық ұмтылыс барлық басқа
да адами ұмтылыстардан күшті, — деп жазды философ және психолог Эрих
Фромм. — Бұл ең басты құмарлық, бұл біртұтас отбасына, клан, қоғамға, бүкіл
адамзатқа ортақ күш. Махаббат жоқ адамзат күн де өмір сүре алмайды» . Фромм
бойынша мәдени дамыған тұлғаның сапасы ретіндегі махаббат адам
болмысының мәнін түсінуге және түсіндіруге мүмкіндік береді.
Махаббат-бұл адам өміріндегі ерекше күрделі рухани құбылыс. Сондықтан оны
философтар мұқият және жан-жақты қарастырады. Махаббаттың философиялық
талдауы — бұл ең алдымен ой арқылы сүйіспеншілікті тануға, осы феномен
туралы ең ортақ ой-пікірлерді жасауға ұмтылу. Махаббат философиясы оның
шынайы адам болмысының басты көзі ретінде ұтымды ұғыну деп саналады.
Махаббат философияда адамның тұрмыс тіршілігінің мәні ретінде көрінеді: жеке
және қоғамдық. Өйткені, адам бүкіл әлемді, өмірді жақсы көрсе де,
философиядағы махаббат таза адам болмысы ретінде қарастырылады. Оның
барлық түрлерінің негізінде жатқан махаббаттың ең іргелі түрі басқа адамның
өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілікті сезінуді, оған көмектесу ниетін
болжайтын адами (бауырлас махаббат) тууға деген махаббат болып табылады.
Философия интеллектпен ғана емес, эмоциямен, әлеуметтік сезімдермен,
адамның рухани көріністерінің барлық спектрімен де айналысады. Осыған орай,
махаббат — адам арасындағы ерекше байланыстар мен қарым-қатынастарды
дамыту процесінде пайда болатын тұлғаның феноменалды әлеуметтік
опсихологиялық жай-күйі сияқты адам қабілеттілігінің рухын метафизикалық
тұрғыдан түсіну мүлдем заңды.
Махаббат философиялық танымының негіздері, бүгінгі таңда көбісі Ежелгі
Грецияда қалыптасты деп санайды. Ал Рим жеке және әлеуметтікпсихологиялық құбылыс ретінде сүйіспеншілікті түсіну грек дәстүрлерін сәтті
жалғастырды. Сол уақыттың жағдайын оңайлатпастан, антикалық түрде
махаббаттың екі түрлі түрін ажыратқан деп батыл айтуға болады. Бұл махаббатқұмарлық және платоникалық махаббат. Біріншісі адамның сезімдік-эмоциялық
11
жағдайын болжайды, ол ақыл-ойға, өзін-өзі тануға қарсы тұрады. Демек, бұл
махаббат түрі-бұл өз әл-ауқатына жол емес. Платоникалық махаббат бұл сөздің
ең жақсы мағынасында жеке адамның өзіне деген қамқорлығының сезімтал
идеалын білдіреді. Мұндай махаббат жеке адамды көтереді, өйткені ол соқыр
құмарлыққа ұшырамайды, ақылмен бағытталады, адамгершілік тәрбиемен
байланысты.
2.3 Қазақ халқының махаббат философиясы
Көркем өнер, нақтылай алғанда, әдебиет халықтың сана-сезімін, көркемдік ойлау
қабілетін дамытатын рухани дүние бола отырып, адамзат өркениетімен, адам
тағдырымен байланысты сан- салалы мәселелерден құрылады. Солардың бір
арнасы — екі адамның арасындағы ғашықтық сезім. Әр тағдыр иесінің көзімен
көріп, көңілімен түйсінетін бұл қасиетті ұғым адам баласымен бірге жасап
келеді. Адам ата мен Хауа анадан бастап бірде қуантып, бірде жылатып келе
жатқан махаббат құдіреті терең.
Қазақ әдебиеті тарихындағы көркем туындылардың бәрі де өзінің түптөркіні —
халық ауыз әдебиетінен нәр алып, дәстүрлік жалғастық табады. Бүгінгі таңдағы
биік сатыға көтерілген, әлем әдебиетінің алтын қорына қосылған іргелі
туындылары бар қазақ әдебиетіндегі алуан тақырыптар, сан түрлі сарындар,
өлмес идеялар, өміршең мұраттардың қай-қайсысы да о баста ауыз әдебиетінде,
оның ішінде поэзия саласында көрініс тапқан, дәстүрлік тұрғыдан бұрынғыдан
жалғастық тауып, мол арна тартқан. Бұл орайда біз сөз етіп отырған махаббат
тақырыбы да алғаш осы халық ауыз әдебиетінде, нақтылап айтқанда, халықтық
ән-өлеңдерінде, эпостық жырларда кең көрініс тапты. Көнеден жеткен, авторы
белгісіз мына шумақтар соның бір дәлеліндей:
«Көрдім де бір сұлуды болдым ғашық,
Алашқа білдірмедім аузымды ашып.
Жарасқан бал, шекерге күміс қасық,
Жүрерміз сүйтіп қашан араласып» -,деген жігіт арманы,
«Мен нәзік болсам да едім текті нәзік,
Сөзіңді келем деген еттім азық.
Кезінде келем деген келмеген соң,
Құлындай сақау шыққан кеттім азып»-, деген қыз назын білдіретін шумақтағы
қыз жүрегінің ықыласы мен ғашықтық сезімнің көрінісі махаббаттық сарынның
халықтық әдебиетте суреттелген алғашқы үлгілердің бірі деуге болады.
Ал қазақ ауыз әдебиетінің үлкен бір саласы болып табылатын жырлардағы
суреттелетін ғашықтық сарыны өзінше бір төбе.
Фольклорлық үлгілердің қашаннан-ақ эстетикалық сипаты мол болып отырған,
онда әсемдік ойдан жырақ сұлулықтан тыс дүние жоқ. Бұлар халықтық ой
сананың туындысы ретінде үнемі эстетикалық оймен терең астасып жатады.
Фольклор туындыларында көркемдік сын мен түсінік егіз ұғым болып құрылып,
әуел бастан, әсемдікті жырлау талабымен ұштасып отырады. Өмірдегі
12
құбылыстар — ел қорғаған батыр, бас бостандығынан айырылып сол үшін
күрескен ұл мен қыз, ақылгөй дана қарт әсемдік заңдарына сәйкес жырланады.
Эпостық жырлардың ең көне үлгілерінің бірі — «Қозы-Көрпеш — Баян-Сұлу»
жыры. Жыр Қарабай мен Сарыбайдың түзде жүрiп құда болуымен басталады.
Жырдың басты тақырыбы, негiзгi идеясы — махаббатты дәрiптеу. Тiлi көркем,
композициясы шебер құрылған. Оқиғаны дамытуы, көркемдiк шеберлiгi, образ
жасау жағынан бұл — күрделi де кесек туынды. Бас кейiпкер Қозы- Көрпеш
кiршiксiз таза махаббат иесi болып бейнеленедi. Ол батыр, аңғал, адамгершiлiгi
мол жiгiт ретiнде суреттеледi. Қозы сияқты Баян да адал ниеттi, ақ жарқын,
кiршiксiз таза махаббатты көксеген, өзiнiң сүйгенiне қосылуды арман еткен,
ақылына көркi сай қыз ретiнде бейнеленген.
«Қозы-Көрпеш — Баян-сұлу» жыры басталғаннан-ақ оның басты тақырыбы
сұлулық пен әсемдiк екендiгiн бiрден-ақ байқауға болады. Нәзiк ойлы музыка
сазындай жайдары, ашық, әсем әнмен басталатын жыр қалың тоғай iшiнде
адасып елеңдеп жүрген маралды әдемi, нәзiк қылды сезiмге әсер ету мақсатымен
суреттейдi. Марал мен Баян арасында үлкен жақындық бар. Бiрi — табиғаттың
еркесi, аң сұлуы болса, екiншiсi — ел еркесi, адамзаттың сұлуы. Жырдағы осы
ғайыптан келген табиғаттың ерке сұлу маралы болашаққа кiршiксiз, таза
махаббаттың символындай жарқ етiп көрiнедi. Табиғаттың өзi елжiреп, сұлулық
нұрын төгiп тұрғандай сезiледi. Жыр әсемдiктi тап басып, тiлсiз табиғат пен адам
өмiрiн қатар алып, сұлулықтың құпия әсем сырына бой ұрады.
Қазақтың лиро-эпос жырларына көшбасшы болған «Қозы-Көрпеш — БаянСұлу» жырынан кейiнгi тiлi көркем, көлемдi сюжеттi жыры — «Қыз Жiбек»
жыры болып саналады. Ел арасына ауызша да, жазбаша да кең тараған жыр.
Төлеген Базарбайдың еркiнен тыс сүйiспеншiлiк iздейдi. Жiбекке ғашық болады.
Жiбек сияқты сұлуға ғашық тек Төлеген ғана емес. Сол елдiң атқа мiнер
азаматтарының бiразының қолы жетпей жүрген аруды, сырттан келген Төлегенге
жетектетiп жiбермейтiнi белгiлi. Сондай елдегi көп ғашықтарының бiрi —
Бекежанның қолынан қаза табады.
Жырдың суреттеуi бойынша батырдың сүйген жары елден асқан сұлу, ұзын
бойлы, талдырмаш, сүмбiл қара шаш, қасы қияқтай, оймақ ауыз, күлiм көз,
айқабақ, алтын кiрпiк, қызыл ерiн, алма мойын, аршын төс болып келедi. Оның
өзi түгiлi басына таққан үкiсiн, зерлi бешпентiн, алтын жүзiгiн, қызыл түймесiн,
әсем қылықтарын жырға қосады. Онымен бiрге болған күндер дүниенiң бар
қызығына татиды. Ғашықтық сезiмнiң барлығы бiрдей ойын-күлкi, назды қылық,
қызықты дәуренмен өте бермей, сүюдiң азабын да тартады. Кiшкенеден бiрге
өскен ғашық жарынан қапелiмде айырылып қалып, зарығып, оның көшiне iлесiп,
соңғы рет жолығып, сақинасын алып қоштасады.
Жырлардағы Қозы Көрпеш пен Төлегеннiң елден жалғыз аттанып, ұзақ шөлдi
кезiп, жапандағы жалғыз үйге кезiгiп, не жол тосқан анталаған жаумен жалғыз
алысуы — аса қорқынышты, қауiптi оқиғалар. Олардың әрекеттерiнен ерлiк пен
асқақтық сезiледi. Оларға iлесе мұңды, аянышты оқиғалар туып отырады.
13
Лиро-эпостық жырларда көбiнесе кейiпкердiң қиындықпен қолы жеткен аз
уақыт iшiндегi бақытты өмiрi мен қуанышы жырланады. «Қозы-Көрпеш — БаянСұлу» жырының Шөже ақын жырлаған нұсқасында Қозы мен Баян қайта тiрiлiп,
отыз бiр жыл өмiр сүредi. Сөйтiп, аз уақыт болса да бақытты болсын деп,
тыңдаушысы жасып, сағы сынып мұқалмасын дегендей, тамсандырып, өкiнiш
тудырмай, көңiлiн жайландырады. Халық идеясынан туған тiлек, қысқа
бақытсыз өмiрдi қолдамай, мәңгiлiк халық жадында қалатын өмiрдi көксейдi.
Қазақтың лиро-эпосындағы әсемдiк сұлу табиғаттың қойнында туып, алтын арай
сәуле мен нұрға шомылып жасалады. Табиғаттың тылсым күшi мен сұлу көркi,
жыр әсемдiгiн өткiрлей түсу үшiн кеңiнен пайдаланады. Ең әлсiз, момын құс
бозторғай да, қанатымен су шашқандай, ғашық жарларға көмектескен болып,
хабар жеткiзiп отырады. Қозы Көрпеш Баянды iздеп шыққанда жүгенi
шылдырап күрең ат келiп, Қозы оны ерттеп мiнедi. Баянның асыранды, бақпа
тотысы мен торғайы болады. Қозы Көрпеш өлiп, Баян жалғыз қалып, оны
жоқтағанда, менiмен бiрге зарлансын деп, ботасы өлген боз түйенi алдыртады.
Төлегеннiң өлiмiн алты қаздың естiртуi лиро-эпос жырына тән адам мен
табиғаттың арасындағы үйлесiмдiлiктi (гармония) аңғартады.
ХІХ ғасырдың алғашқы жартсындағы қазақ елiнiң әлеуметтiк-қоғамдық
тiршiлiгiн, тұрмыс- салтын қамтитын, халық арасына кең тараған, оқиғасы
реалистiк өмiрден алынған қазақтың лиро- эпостық жырларының бiрi — «Айман
— Шолпан» жыры. Жыр Маманның екi қызын әуелi сұлулық, бақыт, салтанат
құшағында көрсетедi де, кейiн екеуiн тұтқынға түсiрiп, теңсiздiкке ұшыратады.
Бұл шендестiру Маман мен Көтiбардың бақ салтанатын мақтай келiп, олардың
өте ұсақ, халықтық мiнезге жат адамдар екенiн, феодалдық зорлық бар жерде
қазақ қызының бағы жанбайтындығын көрсетедi. Жырдағы Шолпан мен
Арыстанның махаббаты екi елдi бiтiстiруге себеп болады. Ал, жырдағы Айман
— өте ақылды, сирек кездесетiн би қызының үлгiсi. Айманның махаббаты
романтикалық- трагедиялық сарында емес, прозалық-реалистiк арнада
баяндалған. Өз басының мүддесiне келгенде, ол — бас бостандығын iздеген,
үлкен махаббат иесi болған образ.
Жоғарыда аталған қазақтың ғашықтық жырларынан басқа ХІХ ғасырда туып,
сюжеттiк негiзiне әлеумет теңсiздiгiн, феодалдық қоғам қайшылығын арқау
еткен «Мақпал қыз», «Құл мен қыз», «Күлше қыз — Назымбек», «Есiм серi —
Зылиха» жырларының да көркемдiк-тарихи мәнi ерекше. Бұл жырларда
айтылатын Мақпалдың сүйгенi — Әбен, Айымның ғашығы — Талайлы,
Зылиханың жары — Есiм бұқара халық ортасынан шыққан кедей-жалшылар.
Қолдары қысқа кедей жiгiттерiнiң өздерiнiң сүйген қыздарына қосыла алмай, ру
қоғамының ескi салтынан соққы жейдi.
«Құл мен қыз» жырындағы Айым үшiн байлық пен бақ мақсат емес, өз басының
еркiндiгi қымбатырақ. Жырда бұрынғы қазақ салтында сирек кездесетiн азатшыл
қыздың «жiгiт таңдау» салты суреттелген. Небiр сұмдық жiгiттердiң iшiнен
есiктегi құл Талайлыға өзi ғашық болады. Жiгiттiң бойынан өзiне қажеттi деп
есептейтiн — ақылдылық, серiлiк, шешендiк, батырлық т.б. азаматқа тән
қасиеттердi табады. Жырдың негiзгi идеясы — еркiн махаббат. Мақпал мен
14
Сегiздiң арасындағы сезiм аз күндiк құмарлықтың құлы емес, тағдырға
мойынсұну, өмiрлiк заңға бағыну. Десек те, санаға салып мойындағандарымен,
жүрек өз әмiрiне бағындырып, қос ғашық жасырын кездесiп шер тарқатысады.
Бұл екеуi де ескi көзқарас, яғни әдет-ғұрыптың, құрбаны болған жандар. Жырда
осы жағына баса назар аударылған. Жырда басы артық кейiпкер де жоқ. Көлемi
қысқа, эпизодтары аз, тiлiнде екiжақтылық басым: қара өлеңмен айтылған жерде
салт өлеңдерiнiң, ал жыр үлгiсiндегi өлеңдерде батырлық жырлардың әсерi
айқын сезiледi.
«Күлше қыз — Назымбек» жыры мазмұны жағынан «Қозы-Көрпеш — БаянСұлу» жырына ұқсас келген. Жыр бесiкқұда салтымен басталады. Оқиғасы ХVІ
ғасырдағы Орманбет хан мен қырық сан Қырым жұртының заманымен
байланысты. Баян мен Қозы махаббатын Баянның екi апасының зары тудырса,
Назымбек пен Күлше қыз махаббатын жырда сары бота тудырған. Бұл —
жырдың өзiне тән ерекшелiгi. Жырдың сюжетi қазақ халқының төл өмiрiнен
алынып, айтыс элементi аралас келетiн фольклор стилiнде жазылған. Бұған
дейiнгi талданған жырларда жоқ ғашығын iздеуге шыққалы жатқан Назымбекке
бiр сәуегей қарияның өнерлi жiгiттер мен ат-тұрманын сай етiп, ақ батамен
аттандыру салтын көрсетедi. Бұл жағынан Төлеген сапарындағы салтқа ұқсайды.
Жалпы жырлардағы батырдың сүйгенiне немесе жауға батамен аттануының
астарында көп мән бар. Көбiне жырдағы бата беру салты кейiпкердiң
тағдырымен, алдағы iс-қимылымен тiкелей байланысты болып отырады. Батасыз
аттану, немесе терiс бата алу, жырдағы болатын трагедияны да алдын ала
сездiрiп тұрады. Бұны бiз «Қыз Жiбек» жырынан анық білемiз. Ал, «Күлше қыз
— Назымбек» жырында Назымбекке сәуегей қарияның берген батасы қабыл
болып, кейiпкер дегенiне жетедi. Жаныс байдың антын бұзып, екi ғашықтың
дегенiне жетуiне тiлектестiк бiлдiрiп, жыр сәттi аяқталады. Жырдың көркемдiк
ерекшелiгi әлсiз болғанымен, оқиғасы тартымды.
Лиро-эпос жыры әсемдiктi көбiне лирикалық тәсiлде суреттейдi. Жыр ойлы,
нақышты, нәзiк саз бен аса көркем, биiк талғамды жандарға арналады. Жағымды
кейiпкерлер ақылды да тапқыр, жаужүрек әрi асқан көрiктi болып келедi.
Мұндағы негiзгi сарын адам өмiрiндегi әсем сезiмдi аялау, кiршiксiз саф, таза
күйiнде өмiрден өту болып саналады. Кейiпкерлер өмiрдiң қиын-қыстау
шатқалынан жасқанбастан, өз көңiлi сүйiп ұнатқан ғашық жар iздейдi. Лиро-эпос
жыры өзiнiң тақырыбы жағынан өткен дәуiрдiң күрделi әлеуметтiк
проблемасына құрылған мазмұнды, шыншыл шығарма.
Лиро-эпостық жырларда көбiне адам еркiндiгi, әйел теңдiгi мәселелерi
көтерiледi.
VІІ–ХІІ ғасырларда ең жоғары өркендеу дәрежесiне жетiп, дүниежүзiлiк тарихи
маңызға ие болған бiртұтас араб-мұсылман мәдениетiнiң ықпалына басқа елдер
сияқты қазақ сахарасы да iлiктi. Араб-мұсылман мәдениетiнiң өзi көптеген
халықтардың жасаған мәдени мұраларының көркем де озық үлгiлерiн сiңiру
арқылы биiкке көтерiлiп, өзiндiк өрнек қалыптастырған болатын. «Шығыс
мұралары қазақ даласына әр түрлi жолмен келiп жеттi. Бiрiншiден, олар
халықтардың күнделiктi қарым-қатынастары арқылы ауызша түрде жеттi.
15
Екiншiден, бұлар қолжазба күйiнде таралды. Бiрақ шығыс сюжеттерi қазақ
халық ауыз әдебиет творчествосының арасында жырланды. Сондықтан қазақ
эпикалық дәстүрi өз әсерiн тигiзбей қойған жоқ» .
Шығыс халықтары әдебиеттерiнiң өзара байланысы және бiр-бiрiне жасаған игi
әсерi әр түрлi. Солардың бiрi — көркем шығармалардың адамгершiлiк мазмұнмағынасын, оқиға желiсiн, жазу- өрнек тәсiлдерiн түсiне, өрбiте, өсiре қабылдау
болып табылады. Соның айқын дәлелi ретiнде Рудаки, Фирдоуси, Низами,
Физули, Навои, Саади, Хафиз, Жәми шығармаларын қазақ ақындары өзiнше
дамыта жырлап, тыңнан толғап, «нәзира» дәстүрiмен, халық арасына таратқан
нұсқаларын айтуымыз керек. Атақты Абайдың өзi шығыстық желiге «Масғұт»,
«Ескендiр», «Әзiм» дастандарын жазса, Ш.Жәңгiров «Ескендiр Зұлқарнайды»,
Т.Iзтiлеуов «Рүстем–Дастанды» жырлады.
Бүгiнде араб, парсы, үндi аңыз-ертегiлерiнен келген «Мың бiр түн»,
«Тотынаме»,«Жүсiп-Зылиха»,«Сейфүлмәлiк», «Мұңлық–Зарлық», «Бозжiгiт»,
«Шәкiр–Шәкiрат» сияқты ғашықтық дастандар қазақ топырағында қайта түлеп,
жаңарып, бай фольклорлық мұраларымыздың қатарын толықтырды.
«Бозжiгiт» жыры «Қозы-Көрпеш — Баян-Сұлу» жырымен ұқсас, сарындас
болып отырады. Оқиғасы да Қозы мен Баянның қайғылы өмiрiн, өкiнiштi
махаббатын еске түсiргендей. «Бозжiгiт» жырының қай нұсқасын алсақ та,
Бозжiгiт пен Қарашаш сұлудың махаббаты күштi, әсерлi, аянышты болып
жырланған. Әсiресе Қарашаш бейнесi өте сәттi шыққан. Шығыс дастандарының
көбiне ортақ тәсiл — бiр-бiрiн түсiнде көрiп ғашық болса да, оқиға желiсiнде ол
өз бақыты үшiн күрескер ретiнде, сүйгенi үшiн байлықтан да, мансаптан да
бастартқан асыл жар ретiнде жырланады. Бозжiгiт қазаға ұшыраған кезде оның
басына там тұрғызып, ежелден келе жатқан ғашықтар дәстүрiн бұзбай, өзiн-өзi
өлтiрiп, сүйгенiмен мәңгiлiк құшағында ғана кездеседi.
Жырда Бозжiгiт тәрбиелi, бiлiмдi, адал махаббатты аңсайтын адам ретiнде
суреттеледi. Махаббат жолында кездескен қиыншылықтарға төзе бiлген
қайратты, алға қойған мақсатына жету үшiн алған беттен қайтпайды.
Қиындықты жеңе отырып сүйгенiн тапса да, қыз әкесiнiң қатал, рақымсыз
қыңырлығын жеңе алмай, қаза табады. Жырдағы Қарашаш зарында төрт түлiк
малды өлеңге қосуы немесе екi ғашықтың алғашқы кездесу қуанышында
қыздардың жар-жар айтуы, естiрту, көңiл айту сияқты қазақ ауыз әдебиетiнiң
жоғалған шiдерiн тiлге тиек ете отырып, өзi қонып шыққан үйдiң сұлу қызы
Ләйлiмге деген iшкi жан толқынысы, көңiл-күйi сөз етiледi. Бiржан —
патриархалды- феодалдық заманның етектен тартқан ескiлiгiне, қарадүрсiн заңжосығына, зорлықшыл iсiне, әлеуметтiк әдiлетсiздiгiне асқақ әндерiмен, уытты
жырларымен қарсы тұрған суреткер.
Батыстың «Ромео мен Джульеттасы», шығыстың «Ләйлi–Мәжнүнiмен» үндесiп
жатқан, махаббат мұңын шертетiн «Таһир–Зуһра» дастанының сюжетi араб, үндi
елдерiнде бұрыннан кездесетiнi белгiлi. Қазақ арасында бұл жырдың екi нұсқасы
бар. Бiр вариантында өлең мен қара сөз араласып баяндалып, тiлi шұбар болып
келсе, екiншiсi таза өлеңмен баяндалады. Бұл жырда да осыған дейiнгi талданған
16
дастандар сияқты бiрiн-бiрi шын сүйген екi ғашықтың бақытына жетуiне, керi
кеткен әдет-ғұрып пен күштiлер билеген кезеңнiң құрбаны болған жастардың
өмiрi суреттеледi. Екi жастың қайғылы махаббаты жыр болған бұл дастанда
өмiрдегi ең аяулы нәрсе — жан сұлулығы; достыққа, ғашықтыққа берiк болу;
арманына жету үшiн қара күш иелерiмен, қиындықпен күресе бiлу, көңiлi
сүйгенiн кiршiксiз сақтай бiлу керектiгi жырланады.
«Жүсiп–Зылиха», «Сейфiлмәлiк-Бәдiғұлжамал» — ел арасына кең тараған
ғашықтық дастандар. Шығыс сюжетiне құрылса да, қазақ халқының ауыз
әдебиетiмен орайласып, үйлесiп кеткен шығармалар.
«Жүсiп–Зылиха» дастанының ауыз әдебиет нұсқаларымен қатар, жазба
варианттары шығыс әдебиетiнде, түрiк тiлдес халықтардың әдебиетiнде өте көп
жайылған. Бұл дастанның ұзақ кiрiспесiнде, жырдың ұзын-ырғасында ислам
дiнiн, құдайды, пайғамбарларды мадақтайтын шумақтар берiлiп, араб-парсы
сөздерi, сөз тiзбектерi көп қолданылса да, поэманың негiзгi идеясы
адамгершiлiктi, гуманизмдi уағыздайды және ғашықтық жеңбейтiн кедергi жоқ
деген ұғымды Зылиханың Жүсiпке деген махаббаты арқылы суреттейдi.
«Жүсiп–Зылиха» — гуманистiк идеяға толы, поэтикалық образдары қарапайым,
көркем шығарма. Бұл дастандағы ғашықтық желiсiн дамыта түсуде парсы
ақындары бiраз еңбек сiңiрген. Зылиханың Жүсiпке деген ынтықтығын ақтап,
дәлелдей көрсету жолында ақындық iзденiстер жасалған. Өз күйеуi бола тұра,
қолбаласына ғашық болған әйел бейнесi шығыс салтына келiспес едi. Осыдан
барып, «түсiнде көрiп, сырттай ғашық болу» желiсi кiргiзiледi.
Әли қисасын негiзге ала отырып, ХХ ғасыр басында «нәзира» үлгiсiмен
жаңғырта жазған Жүсiпбек Шайхұсламұлы болды. Жәмиге дейiнгi нәзиралық
үлгiлерде Жүсiп сюжеттерiнен негiзгi мәселе ретiнде әке мен бала махаббаты
ғана сөз болса, Әлиде Жүсiп пен Зылиха сүйiспеншiлiгi де қатар жүрiп отырады.
Түрiк әдебиетiндегi ғашықтық тақырыбы Әлидiң «Қиса Жүсiпке» ден басталады
деуге болады.
Шығыс тақырыбына жазылған қазақ дастандары — ғасырлар бойы халқымызбен
бiрге жасасып келе жатқан аса құнды мұралар. Махаббат пен ерлiк қоса өрiлген
осы аталған ғашықтық дастандар тақырыптық, идеялық жағынан болсын,
оқиғаны суреттеуi, көркемдiк ерекшелiктерi жөнiнен болсын қазақ халқының
ауыз әдебиетi нұсқаларымен орайласып, үйлесiп жатады.
Ғашықтық дастандар мен лиро-эпостарда өмiрдегi ең аяулы нәрсе — жан
сұлулығы, достыққа, ғашықтыққа берiк болу, арманына жету үшiн қиындықпен
күресе бiлу керектiгi жырланады.
Лиро-эпостарда екi ғашықтың мәңгiлiк сүйiспеншiлiгi, ескi салт-санаға қарсы
күресi, замана сыны, көршiлес елдермен өз елдерiмiздiң арасындағы тарихи
байланыс көрiнiс тапқан. Бұл жырлардың ұрпақ тәрбиесiнде адамгершiлiк,
гуманистiк, эстетикалық маңызы зор. Аталған жырлардың қай-қайсы да жар
таңдаудағы адамның ақыл-парасатының биiктiгiн тiлге тиек ете отырып,
махаббат пен сүйiспеншiлiктiң нәзiк сырларын, сұлулық пен сыпайылықтың
көңiл қобызын қозғар сиқырын, адамзат баласының өмiрлiк идеясы мен идеалын
17
паш етедi.Қазақтың лиро-эпостық жырларымен сарындас, үндес, идеялас, түр
жағынан да соларға өте жақын болып келетiн Алтын Орда дәуiрiнiң ең таңдаулы
туындыларының бiрi саналатын ақын Хорезмидiң «Мұхаббатнаме», Құтбтың
«Хұсрау — Шырын» дастандары.
«Мұхаббатнаменiң» негiзгi бөлiмiнде жiгiттiң сүйген қызына деген мөлдiр
махаббаты жырланады. Махаббат тек адамзатқа ғана тән ғажайып, асыл қасиет
екенiн ақын зор шеберлiкпен суреттейдi. Дастанның басты қаһармандары бiрiнбiрi сүйген екi ғашық қыз бен жiгiттiң арасындағы сүйiспеншiлiк. Сүйгенiне
қосылу үшiн барлық қауiп-қатерге бас тiгетiнiн айтады.
Дастанда Хорезми қыздың тек сұлулығын ғана жырламай, оның асқан
ақылдылығын, адалдығын, адамгершiлiгi жоғары, инабаттылығын айта отырып,
махаббатты әлеуметтiк мәселе дәрежесiне дейiн көтере бiлген. Адамдар
бойындағы жақсылық қасиеттердi дәрiптей отырып, жамандықтан жирендiредi.
Осындай ой-пiкiрлерi арқылы өзi өмiр сүрген ортаның әдiлетсiздiгiне бiршама
наразылығын бiлдiргендей болады. Ал дастанда феодал-клерикал топтың адам
бойындағы асыл сезiмдi аяқасты етiп, қыз-келiншектердiң еркiмен ешкiм
санаспайтыны жөнiнде, соның салдарынан бiрiн-бiрi ұнатқан екi жастың
қайғылы оқиғаға ұшырап жатуы жайында сөз қозғалмайды. Мұның басты себебi
сол кездегi тарихи-қоғамдық жағдайға байланысты болған жайт. Сондықтан
дастанда жырлаған махаббат тақырыбына әлеуметтiк-қоғамдық тұрғыдан мән
берiп қараған жөн деп бiлемiз.
«Хорезмидiң «Мұхаббатнаме» шығармасын танып-бiлу арқылы бiз бүгiнгi қазақ
әдебиетiндегi поэма жанрының өмiрге келу жолдарын, қазiргi қазақ тiлiнiң даму
сатыларын, халқымыздың өткендегi әдет-ғұрпын, салт-санасын т.б. тереңiрек
ұғынатын боламыз» , — дейдi Н.Келiмбетов.
ХІІІ–ХІV ғасырлар әдебиетiнде ғашықтық желiсiн негiзгi мәселе етiп алған
қисса-дастандар да туа бастайды. Көпке белгiлi Низамидiң «Хұсрау уа Шырын»
дастанын Оянушылық дәстүрiмен халық тiлiнде түрiкше сөйлеткен ақын Құтб.
Құтб дастанның бұрыннан мәлiм құрылысы мен сюжетiн толық сақтай отырып,
өз оқырманының түсiнiгiне лайық жазған.
Дастанға арқау ретiнде алынған негiзгi кейiпкерлер — 590–628 жылдары Иранда
патша болып, өз баласы Шируяның бұйрығымен өлтiрiлген Хұсрау мен оның
сұлу әйелi Шырын.
Шығарманың оқиғасы Шырын мен Хұсраудың махаббаты, iзгiлiк пен
адамгершiлiктi үлгi етуге құрылған. Кейiнгi қиса-дастандарға тұрақты желi
болып тартылған: Балаға зарығу, оның көрiктi, бiлiмдi, қайратты болып өсуi,
сұлудың даңқын естiп, сырттай ғашық болуы, iздеп баруы, түрлi
қиыншылықтары, қызға ғашық болған бәсекелес кейiпкермен (Фархад) арадағы
қақтығыстың шешiлуi, т.б. тұрақтылықтар бұл дастанда жүйеге түскен. «Қиса
Жүсiпке» қарағанда да, «Хұсрау уа Шырын» нағыз ғашықтық қиса-дастан
ерекшелiктерiн қалыптастырған шығарма деуге болады.
Дастанда Шырын — өз махаббатына өле-өлгенше адал жан. Хұсрауды жантәнiмен берiлiп сүйедi. Сүйiспеншiлiк жолындағы қиыншылық атаулының бәрiн
18
жеңедi. Хұсраудың жағымсыз қылықтары мен жеңiл-желпi мiнездерiне де
кешiрiмдiлiкпен қарайды. Махаббат жолында құрбан болады.
Осы шығармадағы тағы бiр көңiл аударатын бейне — Фархад. Фархад арқылы
нағыз ғашық адамның бейнесi жасалған. Шырынға деген шынайы сүйiспеншiлiгi
оған күш-жiгер бередi. Фархадтың өлiмi оның жеңiлiсi емес, жеке басының
трагедиясы болып табылады.
ХVІІІ ғасырдың екiншi жартысында жыраулармен бiрге ақындар творчествосы
көрiне бастады. Жыр мен жырау және толғау қаншалықты көне болса да, арғы
замандардан келе жатса да, ақын мен өлең — кейiнгi дәуiр жемiсi. Жыраулар
көбiне елдiк, ерлiк iстердi, замана жайын сол қалпында алып толғаса, ол туралы
ой қозғаса, топшылаулар жасаса, ақындар негiзiнен күнделiктi өмiр
құбылыстарын, адамдар қатынастарын, мiнез-құлықтарын, махаббат, сезiм
сырларын т.б. поэзия тiлiнде сөйлеттi, өмiрде iрiлi-ұсақты шындық сипаттарын
нақты көруге, суреттеуге ойысты. Аз да болса осының алғашқы нышандарын
Шал, Көтеш, тағы басқа ақындар өлеңдерiнен көремiз.
Шал ақын өзінің мына бір өлең жолдарында сұлу қыздың келбетін былай
суреттеп өтеді:
Дегдар қыз екенсің бір алма мойын,
Ұжмақтан жаратылған жұпар қойын.
Жарқырап зуһардай екі қөзің
Таранған әр тарапқа созып мойын .
Қазақ әдебиетінде сүйіспеншілік, ғашықтық мәселесіне тұңғыш рет арнайы
тоқталған Абай болатын. Ауызбен айтуға ұят саналып, әркімнің өз жүрегінде
тұншықтырылып келген сүйіспеншілік сезім ешқандай есерлік емес, қайта,
адамгершілік асыл қасиеттердің қатарына жататын, мораль нормаларының
мықты бір өлшемі екенін танытқан. Абаймен бірге әдебиетке махаббат лирикасы
келді.
Ақын Абай уағыздаған махаббат — адам санасы мен сезiмiнiң, жан мен тән
сұлулығының, үзiк- үзiк ғашықтық пен құшақ құмарлығының, жүрек дiрiлi мен
дiлғарлығының үндесiп, үйлесiп, ортақ тiл табысқан, ырғақты, сазды күй боп
толқып, толысқан нағыз өмiршең, жасампаз махаббат. Ақын Абайдың махаббат
сөзi, ақын уағыздаған махаббат сезiмi — нағыз адамдыққа, сұлулық пен
әсемдiкке негiзделген, мәңгi өшпейтiн, мәңгi жарқырап, маздап тұратын мәндi де
үлгiлi сөз, махаббаты да құдiреттi сезiм. Махаббат — адамдық сезiм. Адам бар
жерде махаббат бар. Бiрақ сол адамның өзiн де адам қып ұстап тұрған нәрсе —
махаббат. Егер махаббаттан айрылса, адамның өзi де адамдық қасиеттен
айрылады, адам болудан қалады. Мiне, осы — ақын, әрi ойшыл Абайдың
махаббат турасындағы негiзгi қағидасы, пәлсапасы, берiк тоқтамы.
«Махаббатпен жаратқан адамзатты» деген қағида Абай, Шәкәрім секілді ислам
ілімінен сусындаған қазақ ойшылдары шығармаларының негізгі мәні мен
маңызы болғандығы мәлім. Пәктікті сүюге, сұлулықты түсінуге, кемелдікті
тануға талаптанудың барлығы махаббаттан басталатындығын айтқан.
19
Қазақтың жазба әдебиетiндегi алғашқы поэмалардың ХIХ ғасырдың екiншi
жартысында пайда бола бастағанын айта келiп, ғалым Ә.Нарымбетов:
«Революцияға дейiнгi қазақ әдебиетiнде шығыс немесе халықтың аңыз әңгiмесi
негiзiнде жазылған поэмалар болды. Қисашыл ақындардың «Мұңлық —
Зарлық», «Шәкiр — Шәкiрат», «Алтын балық» сияқты дастандарын былай
қойғанда, Абайдың немесе оның дәстүрiндегi ақындардың жазған «Масғұт»,
«Ескендiр», «Дағыстан», «Еңiлiк — Кебек» сияқты поэмалар т.б. — бәрi де жаңа
еуропалық поэзияның үлгiсiне толық көшiп болмаған едi, негiзi шығыстың
дастандық поэзияларының үлгiсiнде жатыр. Демек, шын мәнiндегi, яғни
орыстың және дүниежүзiлiк классикалық поэзияның үлгiсiндегi, сюжеттi
поэмалар жасау қазақ совет ақындарының творчестволық тәжiрибесiнде
шешiлдi», — дейдi .
ХХ ғасырдың басында шынайы көркем үлгiдегi, мазмұндық және идеялық
астары
терең
поэмалар
көбейдi.
Бұл
кезеңде
С.Торайғыровтың,
Ш.Құдайбердиевтiң, М.Сералиннiң т.б. түрлi сипаттағы поэмалары жазылды. Ал
осынау реалистiк поэма жасау дәстүрiнiң түптамыры оның алдындағы Абай
шығармашылығында жатқаны бәрiмiзге мәлiм. Абай қазақтың ұлттық
әдебиетiнде бұрыннан бар дастаншылдық, қисашылдық дәстүрдi өз талантымен
өңдеп, жаңғыртып, оған жаңа дәуiрдiң ыңғайымен жаңалап, туған жұртына қайта
ұсынды. Романтикалық поэмалардың табиғатына реалистiк қасиет дарыта
жырлады. Сөйтiп, соны сипаттағы қазақ поэмасының негiзiн қалады.
Шәкәрiм дастандарының барлығы романтикалық сарынның үнiн бәсеңдетiп,
шынайы суретке, терең философиялық толғамдарға, әлеуметтiк мәселелердi
нақтырақ бейнелеуге бет бұрды.
Ақын поэмаларының барлығында екi жастың арасындағы махаббат оқиғалары
баяндалады.Бұл-сонау шығыстық поэзиядан келе жатқан дәстүрлi тақырып.
Шәкәрiмнiң
шығармаларында
жырланатын
махаббат
мәселесi
ақынның«…жалпы гуманистiк көзқарастарының бөлiнбес бiр саласы ретiнде
көрiнiп, жаңа ғасыр басындағы бостандық идеяларына, адамдық право туралы
ойларға шебер үндеседi» .
Ел аузында аңыз болып бұрыннан айтылып жүрген «Қалқаман–Мамыр»
дастанындағы ғашықтар арасындағы трагедиялық оқиғаға ақынның құлағы
қанық болып өскен.
Ғашықтар трагедиясы Шәкәрiмге өзгелерден өзгеше әсер еттi. Ақын осынау
махаббат мұңлықтарының басындағы қайғылы хал мен ел, қоғам басындағы
трагедияны асқан шеберлiкпен, ақындық көрегендiкпен ұштастыра отырып, ол
туралы тамаша туынды жасай бiлдi. Ел iшiндегi бiр ғана махаббат тарихын
баяндау арқылы ақын қазақ қоғамының сол кезеңдегi этнологиялық,
психологиялық сыр-сипатын ашып бердi. Поэманың басты құндылығы оның
әлеуметтiк астарының тереңдiгiнде жатыр дейтiнiмiз сондықтан.
Қорыта айтқанда, қазақ әдебиетіндегі махаббат сарыны алғаш рет ауыз әдебиеті
үлгілерінде көрініс тапты. Сан ғасырлар бойы ауыздан ауызға көшіп, халық
көңілінің сүзгісінен өтіп өңделген, жаңарған аңыздар бүгінмен сабақтас. Аңыз20
жырлардағы өмір үшін, махаббат үшін күрес, жақсылыққа ұмтылу, түрлі
әрекеттер арқылы сол дәуірдегі әлеуметтік жағдайды жақсартуға тырысу, сол
жолдағы қаһармандардың ерлігі халықтың өмірге құштарлығын, арманмұраттарының биіктігін танытады. Халықтық мұралардан арна тапқан ғашықтық
сарын, өршіл де асқақ арман-аңсарлар одан әрі роман жанрында өрбіп,
жалғастық тапты.
III.Қорытынды:
Махаббат деген не, ертеден ойлаған, таласқан, бір-бірінен сұраған және жауап
берген, қайтадан сұраған. Неге адам Махаббатсыз өмір сүру қиын? Орыс
философы И. А. Ильин (1882-1954) осыған байланысты, «өмірдегі ең бастысы
махаббат пен махаббаттың жер бетіндегі ортақ өмір сүрудің құрылатынын,
өйткені махаббаттан сенім мен рухтың барлық мәдениеті туады» деп атап өтті.
Бұл жағдай, шын мәнінде, махаббат адамдардың қарым-қатынасында және
әсіресе олардың рухани қарым-қатынасында берік байланыстырушы буын екенін
көрсетеді. Әртүрлі философиялық ілімдер, сондай-ақ діндер адамның сүю
қабілетін өз мүддесінде түсінуге және пайдалануға ұмтылады. Алайда, бүгінгі
күні ол адам болмысының жеткілікті ойластырылған саласы екенін мойындау
керек. Шынында да, махаббат туралы көп айтылады және философиялықпсихологиялық талдау көп нәрсеге ұқсайды деп жазылған. Бірақ бұл адамдардың
қарым-қатынасы
мен
қарым-қатынасындағы,
олардың
тағдырын
қалыптастырудағы феноменалдық сала, оны жан-жақты философиялық қарау
бізге қажет болып табылады. Айта кетерлігі, бүгінгі таңда педагогтар мен
психологтар, ғалымдар мен философтар, әлеуметтанушылар мен саясаткерлер,
дәрігерлер мен жазушылар. Алайда, егер біз гуманитарлық пәндер бойынша
оқулықтарға қарайтын болсақ, онда бұл мәселелер оларда іс жүзінде
қарастырылмайды, ал егер қарастырылса, онда жалпы декларативті түрде
қарастырылатынын көреміз. Мысалы, сезімдерге, эмоцияларға арналған
тарауларда психология оқулықтарында махаббат туралы ғана айтылады, ал
философияның көптеген құралдарында бұл тақырып мүлдем қозғамайды.
Сонымен қатар философиялық ой тарихында осы ғажайып және өте күрделі
рухани құбылыс туралы пайымдаудан жалтарған бір де бір түпнұсқа автор
болған жоқ. Ал егер адам тақырыбы — шын мәнінде бүкіл әлемдік
философиялық жүйелердегі жетекші тақырып екенін мойындайтын болсақ, онда
адамдық махаббат мәселесі оның ерекше рухани көлемі мен колоритіне алынған
аса маңызды, анықтаушы болып саналады. Ол философиямен, ғылыммен,
өнермен, моральмен және дінмен тығыз байланысты. Тек махаббат пен махаббат
арқылы адам өзін, өзінің әлеуетті мүмкіндіктерін, сондай-ақ ол өмір сүретін
әлемді көреді.
Махаббат – адамгершілік негізі, мейірімнің көзі, инабат тәрбиесі, сезім тұнығы.
Адамдардың арасындағы «тартылыс» заңы да сол махаббатқа сүйенеді.
Жүрегінің жылуы мен қайырым шапағаты мол, өмір бойы адамға ғашық болып
өткен Абайдың: «Махаббатсыз дүние бос. Хайуанға оны қосыңдар», – деп
айтқаны сондықтан. Махаббат тақырыбы әдебиетте, сонау көне заманнан бері
21
сөз болып келеді. «Ләйлі-Мәжнүн», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек»
эпостарын қоспағанда махаббатқа арналған рубаяттар мен ғашықтық қиссалар
қаншама? Сонау Хауа-Ана мен Адам Атадан бастап, бүгінгі күнге дейін тіл
біткеннің бәрінде махаббат суреттеледі. Оның барлығын қамту мүмкін емес.
Махаббат көп мағыналы түсінік. Ол үлкенге де, кішіге де ортақ.
IV.Пайдаланылған әдебиеттер:
1.С. Мырзалы «Философия» Алматы ,2011ж
2.Ж.Р.Қазақбаева «Философия негіздері» Қарағанды, 2013ж
3..Философиялық сөздік –Алматы ,1996ж.
4. Ғарифолла Есім «Қазақ философиясының тарихы» -Қарағанды, 2006ж
5. Рысқалиев Т. Х. «Философия тарихына шолу»-Орал, 2005ж
6. Қыраубаева А. «Қазақ əдебиетінің шығыстық қиса-дастандардың
түптөркіні мен қалыптасуы» — Алматы, 1997ж
7. Қазақ əдебиетінің тарихы: Он томдық. — 9-т. — Алматы, 2005ж
22
Ситуациялық сұрақтар:
1)Қазіргі кездегі некеге отырған кезде құрылатын келісім шартқа (брачный
договор) қалай қарайсыз???
2)Қазіргі кезде некеге “ақша үшін тұру”,“брак по расчету” деген көп кездеседі
неліктен???
3)Шын махаббат бар екеніне сенуге не себепші болды????
4)Махаббат күші құдіретті деген рас па???Неліктен?
5)Өз махаббатыңыз үшін қандай тәуекелге барасыз?
23
Скачать