Uploaded by Ruchka Ruchka

Мейірбикенің жұмыс орындағы қауіпсіздігі

advertisement
Мейірбикенің жұмыс орындағы қауіпсіздігі
Физикалық күш
Ауырлықтарды ауыстыруы (пациенттерді, аппаратураларды, каталкаларды
және т.б.) — мейірбикенің омыртқасының жарақаттануына және
ауырсынуына әкеліп соғатын негізгі себептері.
Омыртқаның анатомиялық және физиологиялық ерекшіліктері.
Омыртқа жотасы – бүкіл дененің тірегі. Ол бір-бірімен буын арқылы
жалғасқан 33-34 омыртқадан тұрады. Омыртқа жотасын беске бөледі: 7
мойын, 12 көкірек немесе кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз, 4-5 қуйымшақ
омыртқалары. Мұның ішінде құйымшақ және сегізкөз омыртқалары бірбірімен бірігіп кеткен, қалғандары жеке-жеке болады. Әрбір омыртқаның
денесі, доғалары және ө с і н д і л е р і болады.
Омыртқаның тығыз жері — денесі. Омыртқалардың доғалары жүлын
орналасатын омыртқа жотасының к а н а л ы н (өзегін) құрады.
Омыртқаның 7 өсінділері бар: омыртқаның ортаңғы тұсынан басталып
артқа қарай өскен 1 арқа өсіндісі, доғаның шетінен басталып жоғары және
төмен бағытта орналасқан жұп 2 буын өсінділері, екі жанында орналасқан
жұп бүйір өсінділері болады. Омыртқалардың жалпы құрылыс ы үқсас
болғанымен, өзіндік ерекшеліктері де болады.
7.1-сүрет: 1.омыртқа денесі; 2.омыртқа дискі; 3. омыртқа тесігі; 4.пульпозды
ядро; 5.фиброздық сақина.
Ауыртпалық көбірек түсетіндіктен бел омыртқаларының денесі жақсы
жетілген және ірі келеді, әсіресе, соңғы V-ші омыртқа көкірек
омыртқаларынан анағүрлым ірі болады. Эволюциялық даму кезінде
қабырғалар көлденең өсінділерімен бірігіп бітуіне байланысты өсінділері
ұзын болады.
7.2-сүрет: а. Сау омыртқааралық диск; б. Зақымдалған диск. в. Грыжа
(жарық).
Ересек адамның сегізкөз омыртқаларының арасы бірігіп сегізкөз сүйегіне
айналады. Оның сыртқы ортасында бірігіп кеткен арқа өсінділерінен пайда
болған ортаңғы сегізкөз қыры, оның екі жағынан бірігіп кеткен буын
беттерінен пайда болған бүйір қыры, көлденең бүйір өсінділерінен пайда
болған бүйір қыры болады. Біріккен омыртқа тесіктерінен пайда болған
сегізкөз каналы омыртқа жотасы каналының жалғасы болып есептеледі.
Оның алдыңғы және артқы бетінде нервтер мен тамырлар өтетін тесігі
болады. Сегізкөздің бүйір жақтарында қүлақша тәрізді жамбас сүйегімен
жалғасатын буын беті болады. Оның артқы жағының бүдырлы жеріне
тарамыстар бекиді. Ер адамның сегізкөз сүйегі әйелдер сүйегінен жіңішке
және ұзын дау болады. Адамның IV-V-ші қүйымшақ омыртқаларының
денесі бірігіп қүйымшақ сүйегіне айналған. Мұны жануарлардың қүйрық
омыртқаларының рудименті (қалдығы) деп есептейді. Олардың өсінділері
жойылып, денесі ғана қалған. Тек І-ші қүйымшақ омыртқасында ғана қалған
өте қысқа көлденең өсінділері бар.Омыртқа аралығындағы шеміршектер
жоғарыдан төмен қарай калыңдай түседі. Ол шеміршектердің ұзын дығы
бүкіл жотаның 1/4 бөлігіне тең. Бұлар омыртқа жотасын серпімді етіп, жанжаққа қимылдауға мүмкіндік тудырады. І-ші қүйымшақ омыртқасы тек қана
жартылай шеміршекпен жалғасқан, сондықтан арасында аздаған кеңістік
болады да, басқа омыртқалардың жалғасуынан ерекшелеу жарты ай тәрізді
болады. Ұзынды-қысқалы сіңірлер омыртқа жотасын бекітіп, қимылдау
мүмкіндігін төмендетеді, оны үзілуден сақтайды. Екі ұзын сіңір байламдары
бастың шүйде сүйегінен басталып, мойын, көкірек жөне бел омыртқа
бөлімдерінен өтіп, сегізкөздің жоғарғы жағына дейін жетеді. Алдыңғы ұзын
сіңір байламы омыртқалардың денесінің алдынан жайпақ лента тәрізді
созылып жатады, ал артқы байламы омыртқа каналының ішімен жіңішке
лента іспетті созылып, омыртқа аралығында сәл жалпақтанады. Қысқа сіңір
байламдары көршілес екі омыртқа доғаларын, арқа және көлденең
осінділері сегізкөзбен құйымшақ сүйектерін байланыстырады. Бұл
байланыстар мен омыртқа иілістері соққы, сілкіну, солқылдау
жағдайларында денені серпімді етіп, зақымнан сақтайды, түрлі қимыл
қозғалыстарын тудырады. Көрші омыртқалардың бір-бірімен қимылы
шектелгенімен, жалпы омыртқа жотасының қимыл мүмкіндігі мол. Ол 160
градусқа дейін еңкейіп, 145 градусқа дейін шалқаяды, оңға-солға 165
градусқа, ал оз осінде 120 градусқа дейін қозғалады. Бұған қоса, омыртқа
жотасының иілістері дененің серпімді болып, жеңіл қозғалуына мүмкіндік
тудырады.Остеохондроздың даму себептеріОмыртқа остеохондрозы ( грек.
osteon — сүйек chondros — шеміршек) және оның кейінгі көріністері
тамыршалық ауырсынуы тәрізді мейірбикелердің арасында жиі кездесетін
ауру. Остеохондрозбен көбінесе жастар ауырады. Остеохондрозбен
ауыратындардын арасында 10 % мүгедектікке шалдығады. Осы әйгілі ауру
омыртқамен омыртқааралық дискіге күш түсуі адамның тік жағдайымен
байланысты.Үнемі тік жағдайда болу омыртқааралық дискіні тоздырады,
сол себептен аурудың қозуы мүмкін. Остеохондрозда күш түскен сайын
омыртқааралық дискілерде дегенеративті-деструктивті өзгерістер дамиды.
Омыртқааралық дискінің дегенерация процессі пульпоздық ядроның
икемділігін төмендетіп, амортизаторлық қызметін жоғалтады. Кейбір
жағдайда грыжа пайда болады. Грыжа жұлынмен тамырларды қысып
ауырсыну күшееді. Остеохондроздың дамуына себеп болатын макро және
микрожарақаттар, статикалық и динамикалық шамадан артық артуы және
вибрация.Остеохондроздың алдын алу шаралары.ЕМ-гі еңбекті дурыс
үйымдастыру шаралары, шамадан артық артуын болғызбайды.Бұлшық
еттерді жұмысқа біртіңден енгізу өте маңызды, мысалы аз күште ұсақ
бұлшық еттерді, шамадан артық кезінде үлкен бұлшық еттерді. Естеріңде
болсын !Іле қатты қозғалудан сақ болындар. Барлық қозғалыстарды
біртінден ырғақты жасаңдар. Мейірбикелік персоналдарға өте жие ауырлық
заттарды көтеруге болатын жағдайлар кездеседі, оның ішінде пациентерді.
Осыны омыртқааралық дискіге аз күш түсіру үшін тиімді жасау керек.
7.3.Медициналық қызметкерлер арасында қауіп болатын факторлар.




Биологиялық сұйықтармен жұмыс істегенде жұқпаның қауібі;
Химиялық заттардың (дезинфекциялық заттар, дәрілер, анестезиялық
газдардың қалдықтары)қауібі;
Сәулеленуге (рентген аппараттары, изотоптардың қалдықтары,
радиобелсенді ұласуының (зәр, нәжіс, құсық) қауібі;
Психологиялық стрестер.
Биологиялық сұйықтармен жұмыс істегенде негізгі қауіпсіздік ережелері:
-арнайы жұмыс киімін қолдану(респиратор, резенке қолғап, көзілдірік,
алжапқыш);
Қолдарының жарақаттары лейкопластырмен жабылуы керек. Терісі
биологиялық сұйықтармен ластанған кезінді жедел түрде екі минуттін
ішінде 70%-тық спирт ертіндісімен сүртіп, ағынды сумен жуып қолың жеке
жөргекпен сүрту. Қан шырышты қабаттарға тигенде оны ағынды сумен
жуып, 1%-тық бор қышқылымен шаю; ауызды 70%-тық спиртпен шаю.
Химиялық заттармен жұмыс істегенде жалпы қауіпсіздік ережелерін
сақтау(дезинфекциялық және дәрілік заттарда) міндетті түрде арнайы
киімдермен биялайларды қолдану тиіс; дезинфекциялық ертінділерды
арнайы желдеткіші бар бөлмеде маскамен респиратор киіп жүргізеді.
Химиялық заттар теріге, киімдерге тисе, онда ағынды сумен жуып
ауыстыру керек.
Антибиотиктерді қолданғанда, мейірбике қолын жиі жұғандықтан кәсіби
дерматит дамуы мүмкін. Оны алдын алу үшін қорғаныш киімдерді қолдану.
Терінің сезімталдығынан қолға латекс немесе мақтасы бар полихлорвинил
(ПВХ) биялайлар қолданылады. Жұғыш ұнтақтармен жұмыс істегенде
биялайларды киіп, қолдарын дымқылдататын кремдер жағады.
Газараласқан наркотикалық заттармен жұмыс істегенде қауіпсіздік
ережелерін сақтау:



наркозды жартылай ашық немесе жартылай жабық түйісімен қолданған
кезінде газдың қалдықтарын далаға қарай шығарады;
жүктілі әйелдер,мейірбикелергазараласқан наркотикалық заттармен
жұмыс істеуінен және наркоздан кейінгі пациентті күтуден
босатылады;
барлық наркозбен байланысты күту процедуралар, жедел түрде
өткізіледі, пациентке жақын еңкеюге болмайды. Отадан өткен пациент
палатаның ластану көзі боп саналады, себебі 10 күн бойы анестезиялық
газдар дем арқылы шығады.
ЕМ –гі сәулеге шалдығудан қауіпсіздік ережелерін сақтау:




сәуле көзінен неғұрлым алшақтау, әсіресе жылжымалы рентген
аппаратпен жұмыс істегенде;
рентген кабинетінде пациенттерді тексергенде қорғаныш киімдерді
қолдану (қорғасыннан жасалынған алжабқыш, жылжымалы экран);
жүктілі әйелдер,мейірбикелеррентгенконтрастықзаттармен және сәуле
диагностикамен жұмыс істеуінен (ангиография, ретроградтық
холангиография т.б.);
жүктілі
әйелдер,мейірбикелер
сәулелі
процедураларды
алатынпациенттерді күтуден босатылады.
ЕМ-де денсаулыққа қауіп әкелетін тек физикалық факторлары ғана емес,
стрестық жағдайларда әсер етеді. Өте жиі елдер жағымсыз эмоциялардың
билігінде, немесе айналадағы агрессиялық жағдайда болуы мүмкін.
Байсалды адамның өзі осындай жағдайларда өзін өзі ұстай алмауы мүмкін.
Осынын барлығы тікелей медицина қызметкерлеріне қауіп туғызады.
ЕМ-де мейірбикелер әр түрлі улы заттардың әсеріне шалдығады.Мысалы:
хлор және фенол заттары, антибиотиктер, бактерицидтық сабындар, күн
сәулесі, ультракөк, т.б
Алдын алу шараларыулы заттардың әсерін азайтуға бағытталған.
- дезинфекциялық қасиеттері бар химиялық заттарды жоғары температурада
тазалайтын жұғыштармен ауыстыруға болады. Олардың нәтижесі арзан
және тиімді болады.
-көзілдірік, биялай, алжапқыш, ауруханалық халат т. б. Улы заттармен
жұмыс істегенде ұласуды азайтады, ал маскамен респираторлар улы
шандардан керекті деңгейде қорғауымен қамтамас етеді.
- дезинфекциялық ертінділерды арнайы желдеткіші бар бөлмеде маскамен
респиратор киіп жүргізеді.
-улы заттармен жұмыс істегенде, әдістемелік талаптарын назар аударып оқу
керек.
- Терінің сезімталдығынан аллергиялық реакция болмау үшін қолға латекс
немесе мақтасы бар полихлорвинил (ПВХ) биялайлар қолданылады. Жұғыш
ұнтақтармен жұмыс істегенде биялайларды киіп, қолдарын дымқылдататын
кремдер жағады.
-егер көзге химиялық препарат тисе, көп мөлшерде суық сумен жуады.
Ауызға түскен жағдайда шайып су ішуге болады. Химиялық заттар теріге,
киімдерге тисе, онда ағынды сумен жуып ауыстыру керек.
Көп дәрілердің жағымсыз әсерлері бар, бірақ медициналық персонал осы
туралы ескермейді.
Дәрілер ағзаға әр түрлі жолмен кіреді:
• тікелей ұласу: кремдермен мазьдар арқылы биялайсыз жұмыс істегенде;
• дем алғанда: аэрозольдар арқылы;
• асқорыту жолдары
персоналдың
арқылы:ластанған
қол
ауызға.Медициналық
1-5 % антибиотиктармен, әсіресе пенициллин, неомицин, стрептомицинмен
ұласады.
Антигистаминдық препараттар (прометазин), хлорпромазин, аминофилин
тері реакцияларын шақырады.
Кейбір антибиотиктердің (актиномицин-Д, миктомицин-С, стрептомицин)
тератогенндық әсері бар.
Медициналық персоналға қауіпсіздік ережелерін сақтамасацитостатиктер
жағымсыз әсер етеді.
Дәрілермен жұмыс істеген жағдайда қолданылатын талаптар
•қолдарын дәрілермен жұмыс істегеннен кейін жуады. Тіліктер немесе
терісі сыдырылған жерлері болса су өткізбейтін байлам салады;
• жергілікті әсер ететін дәрілерді ешқашан жаланаш қолдарынмен
ұстамайды;
• қолдарына биялай кию немесе шпателді қолдану;
• толық түрде қорғаныш киімдерді киеді, әсіресе цитостатиктермен т.б.
дәрілермен жұмыс істегенде (көзілдірік, биялайлар(ПХВ), ұзын женді халат;
• ертінділерді жан жаққа шашыратпандар;
• бүкіл шашыраған немесе шашылған заттаарды суық сумен жуады.
Ескерту! Маскалар улы заттар, булар, шандар, аэрозольдардан қорғамайды.
Алдын – алудың универсалдық шаралары аурахана ішіндегі жұқпаның
тарауында қарастырылған.
Жоғары айтылған факторларынан басқа мейірбикенің денсаулығына әсер
ететін айналадағы микроклимат, шу, вибрация, ультрадыбыс, жұмыс
орындағы жеткіліксіз жарықтану т.б.
Download