Қазақстанның ішкі және сыртқы туризмі қарқынды дамып келе жатыр ма? Турсынбаев Райымбек 11В Мақсаты: Қазақстанның ішкі және сыртқы туризмінің қазіргі кездегі жағдайын анықтау. Еліміздегі қандай жерлер туризмнің ошағына айналуы мүмкін. Жалпы туризмді қалай әрі қарай дамытуға болатынын анықтау. Кіріспе Мемлекеттің дамуының бір жолы – туризм дегендей, көптеген елдер осы туризм арқасында дамып, әйгілі болып жатыр. Туризм деп отырғанымыз, адамдардың бос уақытында әсем табиғатта демалуы, өзенкөл, теңіз-мұхиттарға немесе аралдарға барып уақытын өткізуі, яғни саяхаттауы боп табылады. Туризмнің арқасында, біз елімізді басқа елдерге таныта аламыз, сонымен қатар, елдегі экономиканы дамыта аламыз. Негізгі бөлім Туризм саласының дамуына ықпал ететін факторлар: - кез-келген елде, Қазақстанда да туристік рекреациялық ресурстың болуы; -туризмге тура немесе жанама салалардың және кәсіпорындардың дамуы; - сыртқа шығу туризмнің елге шетелдік валютаны тартуы; - аз мөлшерде шығын шығарып табыс табу; -халықты жұмыс орнымен қамтамасыз ететін орта және шағын бизнестің дамуы; - қызмет көрсету секторының өсуі; - елдің әлемдік қауымдастыққа белгілі болуы және бет-бейнесінің қалыптасуы. Туристік фирмалар туристік фирмалар шетелдегі туристік фирмалар Диаграммада көріп отырғаныңыздай, елімізде 800-ден астам туристік фирмалар бар және 80-ге жуық басқа елдердің туристік фирмаларымен келісім жасадық. Туризмнің негізгі дамыған жерлері -Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Алматы мен Астана қалалары боп табылады. Елімізге 2011 жылдан бастап, туристер көптеп келе бастады. Ондағы туристер Ресей, Қытай, Германия, Пакистан, Польша және Турция елдерінен келді. Көбінесе Бурабай, Шыңбұлақ, Алтынемел, Көкшетау, Байқоңыр аймақтарына келген болатын. Аталған жерлер болашақта туризм ошағына айналуы әбден мүмкін. • Бірақ біздің туризмнің дамуына кедергі жасап отырған, бұл әуекомпаниялардың рөлінің төмен болуы, инфраструктураның нашар болуы, теміржолдардың жағдайының нашар болуы, яғни сапасы нашар болуы, тас жолдардың нашар болуы, жарнаманың аздығы, қызмет көрсету дәрежесінің төмен болуы сияқты. Туризмді дамытудың негізгі бағыттары: • Туризм инфрақұрылымын дамыту • Маркетинг стратегиясын әзірлеу • Қазақстанның туристік бейнесін қалыптастыру • Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету • Кадрлар даярлау мен ғылыми қамтамасыз ету Қорытынды • Қазақстан әлемде туристік бағытта әлі де болса белгісіз ел. Сондықтан да елдің туризмін дамыту үшін кең көлемде шаралар қажет. Негізгі шаралардың бірі Қазақстан жерінде туристік фирмалар мен агентсволардың халықаралық туристік жәрмеңке және көрме конференцияларын өткізу. Туризм саласы жағынан ЮНЕСКО бағдарламаларына қатысу. Одан басқа Еліміздің туристік қуатын жарнамалауда ұлттық әуе қатынасын және басқа да транспорттық кәсіпорындарды пайдалана білу. Сонымен бірге Қазақстанда әлемдік спорт, туристік шараларды өткізу қажет. Қорыта айтқанда Қазақстан Республикасы аталған бағыттар мен шараларды іс жүзінде жасаса, онда елдің туризмі қарқынды дамитын болады.