КІРІСПЕ Қосалқы станцияларда трансформатор болады, олар кернеуді түрледіру үшін қолданылады. Электір қондырғыларға мыналар жатады : бір немесе бірнеше трнсформаторлар мен автотрансформаторлар, жоғарғы кернеулі тартылу құрылғылары, қосымша қондырғылар және т.б. Қосалқы станцияларда синхронды компесаторлар, статикалық конденсаторлар, реакторлар орнатылуы мүмкін . Қосалқы станцияны топтастырғанда, мына мәліметтерді алуымызға болады : 1) желінің номинал кернеуін таңдаймыз . 2) электр желінің конфигурациясын таңдау . 3) қосалқы станциядағы трасформатордың типін және қуатын таңдау және сым қимасын таңдау . 4) тұтынушылар саны және т.б. . Қосалқы станцияда көбінесе 2 трансформатор орнатылады. Мұндай қосалқы станцияда резервтік байланыс болмағандықтан орташа және төменгі кернеуде қуаты бірдей трансформаторлар алынады. Егерде бір трансформатор істен шығатын болса, онда екінші трансформатордың жүктемесін көтерсе, онда осыған қосуымызға болады. Қосалқы станцияларда жоғарғы кернеумен 110-220 кВ және екі төмендеткіш кернеумен 35 кВ және 6-10 кВ үш орамды трансформатор қолданылады. Қосалқы станцияны жобалағанда мынадай талаптар қойылады : а) нормалды және авариялық режимде электрмен жабдықтау б) жоғарғы кернеулі таратылу қондырғыларында сенімді транзиттің болуы в) техникалық-экономикалық жағынан салыстыру . Электр станцияларының және қосалқы станциялардың негізгі қондырғылары Синхрондық генераторлар Электр станцияларында электр энергиясын өндіру үшін үш фазалы айнымалы тоқты синхрондық генераторлар қолданылады. Бұл синхрондық генераторлар турбинаның діңгегімен бірге жалғасқан. Жылыту электр станцияларында 3000 айналымдық генераторлар қолданылса, ал гидроэлектр станциялары мен атомдық электр станцияларында 1500 айн/мин-тік генераторлар қолданылады Күшейткіш трансформаторлар және автотрансформаторлар. Трансформаторлардың типтері және параметрлері Электр станциялары мен басқа да станцияларда қолданылатын күшейткіш трансформаторлар электр энергиясын бір шамадан екінші шамаға дейін өзгерту үшін қолданылады. Әсіресе үш фазалық трансформаторлар көп қолданылады. Мұндай трансформатордағы электр қуатының жойылуы басқа бір фазалық трансформаторларға қарағанда 12-13%-ке төмен, ал қолданылатын материалдың мөлшері 20-25%-ке төмен. Трансформатордың негізгі параметріне (генератор сияқты) номиналдық қуат, номиналдық кернеу, номиналдық тоқ, қысқа тұйықталу кезіндегі кернеу, бос жұмыс істеп тұрған кездегі тоқ және қысқа тұйықталу кезіндегі тоқ параметрлері жатады. Шамалары 110 кВ және одан да жоғары болатын қондырғыларда автотрансформаторлар көптеп қолданылады. Жай трансформаторларға қарағанда автотрансформаторлардың кейбір ерекшеліктері бар. 1.3 Белгілі жүктеме бар қосқыштар (РПН) Мұндай қосқыштар трансформаторлар орамының тармақтарында тізбекті үзбей қосады және трансформатордың қуатына байланысты ( ) өзгертуге мүмкіндік алады. Ал өзгеру ауқымы құрайды. Мұндай реттегіштер тек қана трансформатордың жоғарғы кернеулік орам жағына орналасады. 1.4 Синхронда компенсаторлар және генераторлар. ЭС-да электр энергиясын өңдіру турбо және гидрогенераторлардың көмегімен іске асады. Турбо генератор КЭС, ЖЭО, АЭС-да орналасқан. Ал гидрогенераторлар ГЭС және ГАЭС-да. Турбо және гидрогенераторлардың роторы булы және гидравликалық турбинаға әсерінен айналымға келеді. Синхронды компенсаторлар әдетте қосалқы станцияларда орнатылады және ол желідегі кернеуді реттеу үшін қызмет етеді. Синхронды компенсаторлар, синхронда электрқозғалтқыштар түрінде жасалған. Кең ауқымда тоқ қозуының өзгерісі мен жүктеме жоқ кезінде жұмыс істейді. Қайта қозу тәртібінде компенсаторлар реактивті қуатты желіге береді, ал қозбағанға дейін тәртіпте оны желіден алады. Гидрогенератор синхронды компенсатор тәртібіне жеңіл ауыса алады. Өте қажет кезде кейбір турбогенераторлар электр станцияларында турбо генераторды моторлы тәртіпке ауыстырады. 2 Электр энергетикасы саласындағы қауiпсiздiктiң жалпы талаптары 1. Электр жабдықтарын, электр және жылу желiлерiн, тұтынушылар қондырғыларын пайдалану кезiндегi ұйымдастырушылық iс-шаралары адам өмiрi мен денсаулығы және қоршаған орта үшiн қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге тиiс. 2. Электр жабдықтары, электр және жылу желiлерi, электр және жылу энергиясын өндiруге, беру мен пайдалануға арналған тұтынушылар қондырғылары, электр және жылу энергиясы техникалық реттеу объектiлерi болып табылады. 3. Тұтынушылардың электр энергиясын қабылдау шығыстарындағы электр энергиясының сапа көрсеткiштерi белгiленген нормаларға сәйкес келуге тиiс . 4. Электр энергиясының сапасын бағалау тәртiбi электр энергиясын беруге арналған шарттарда белгiленедi. 5. Магистральдық және тарату құбырларында жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етуге арналған жылу энергиясының параметрлерi ұсталынатын температура кестесiне, желiлiк судың қауiпсiз және сапалық сипаттамалары көрсеткiштерiне сәйкес келуге тиiс. 2.1 Электр энергетикасы саласындағы жабдықтар мен электр қондырғыларын жобалау кезiндегi қауiпсiздiк талаптары 1. Электр желiлерiн жобалау және пайдалану кезiнде осы Заңға және техникалық регламенттерге сәйкес электр энергиясына белгiленген талаптардың орындалуы қамтамасыз етiлуге тиiс. 2. Электр және жылу энергиясын өндiруге, беруге және тұтынуға арналған электр станцияларының, электр және жылу желiлерiнiң жабдықтары, тұтынушылардың қондырғылары техникалық регламенттерде белгiленген техникалық талаптарға сәйкес келуге тиiс. 3 Қосалқы станцияларға қызмет көрсету жөніндегі электрмонтері Жұмыс сипаттамасы. Кернеулік, жүктеме, температура және басқа да параметрлер бойынша белгіленген режимді қамтамасыз ететін қосалқы станциялардың жабдықтарына қызмет көрсету. Қосалқы станциялардың тарату құрылғыларында режимдік шұғыл қайта қосулар өндірісі. Қосалқы станциялардағы жұмыс өндірісінде жұмыс орындарын даярлау, бригаданы жұмысқа жіберу, жұмыс істейтін бригаданы қадағалау және жұмыс орындарын қабылдап алу. Апаттарды жою кезінде шұғыл қайта қосулар өндірісі. Қосалқы станциялардың жабдығын тексеру. Қосалқы станциялардың жеке қажеттіктер қалқандары мен құрамалардағы, коммутаторлық аппараттар тартпаларындағы, ашық және жабық тарату құрылғыларының қайталама коммутация тізбегіндегі ақаулықтарды жою жөніндегі көлемі бойынша үлкен емес және қысқа мерзімді жұмыстарды орындау. аккумуляторлы батареялардың параметрлерін анықтау. Жарық беретін желілер мен арматураны лампа және қорғағыштарды ауыстырып жөндеу жөніндегі жұмыстарды орындау. Шұғыл және техникалық құжаттаманы жүргізу. Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылғысы және қолдану қағидаты, бастапқы біріктіру тәсімі, жеке қажеттіктер, шұғыл ток және электромагнитті блоктау желілері, релелік қорғау және автоматиканы пайдалану қағидаттары, олардың қолданыс аймағы, телемеханика құрылғыларын пайдалану қағидаттары мен қызмет көрсету ережесі, қосалқы станцияларда қолданылатын қорғау құралдары мен айлабұйымдарды сынау мерзімдері, қосалқы станцияларда орнатылған байланыс түрлері және оларды пайдалану ережесі, көлемі ІҮ топтан кем емес қауіпсіздік техникасы ережесі, электр техникасы негіздері. . Қызмет көрсетілетін қосалқы станциялардың сипаттамасы: ІІІ дәрежелі күрделіліктегі 35 кВ кернеуліктегі қосалқы станциялар – біліктілік тобы – ІІІ ; ІІ дәрежелі күрделіліктегі 154, 110, 35 кВ кернеуліктегі қосалқы станциялар біліктілік тобы – ІV ; ІІ дәрежелі күрделіліктегі 220 кВ кернеуліктегі қосалық станциялар және І дәрежелі күрделіліктегі 154, 110, 35 кВ кернеуліктегі қосалқы станциялар біліктілік тобы – V ; І дәрежелі күрделіліктегі 330 кВ кернеуліктегі қосалқы станциялар мен 220 кВ қосалқы станциялар және 800 кВ-қа дейінгі тұрақты ток қосалқы станциялары - біліктілік тобы – VI ; 400, 500, 750 кВ кернеуліктегі қосалқы станциялар және 800 кВ-қа дейінгі тұрақты ток қосалқы станциялар - біліктілік тобы – VII*. Қосалқы станцияларға қызмет көрсету жөніндегі электрмонтері Жұмыстың сипаттамасы: күрделілігі ІІІ дәрежелі кернеуі 35 кВ қосалқы станциялардың жабдықтарына қызмет көрсету. Кернеу, жүктеме температура және басқа параметрлері бойынша белгіленген режимді қамтамасыз ету. Қосалқы станциялардың тарату құрылғыларында режимді жедел ауыстырып қосуды жүргізу. Апат жағдайларды жою. Қосалқы станциялардың жабдықтарын қарау. Тарату желілерінің жабдықтарында, қалқандарда және өзіне қажетті құрастыруларда, коммутациялық аппараттардың жетектерінде, қосалқы станциялардың жабық және ашық тарату құрылғыларындағы екінші рет коммутациялау тізбегінде көлемі бойынша шамалы және қысқа уақытты жұмыстарды жүргізу. Аккумулятор батареяларының параметрлерін белгілеу. Жарық беретін желілердің және лампалар мен сақтандырғыштарды ауыстырумен арматуралардың ақаулығын жою. Жұмыс орындарын дайындау. Жұмысшыларды жұмысқа жіберу, және олардың жұмысын қадағалау. Апат жағдайларды жою кезінде жұмыс орындарын қабылдау. Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың міндетін және құрылуы, бірінші қосылулардың сұлбасын, өзіне қажетті, жедел токтың және электр магнитті блокировкалардың желілерін, қорғаныс реле және автоматика қызметінің міндетін және өңірін, телемеханика құрылғыларының міндетін, қорғаныс құралдарына және аспаптарына сынақ жүргізу мерзімі, қосалқы станцияларда белгіленген байланыс түрлері, оларды қолдану ережесі, электротехника негіздері . Күрделілігі ІІ дәрежелі кернеуі 35, 110, 150 кВ қосалқы станциялардың жабдықтарына қызмет көрсету кезінде - 4-разряд , Күрделілігі І дәрежелі кернеуі 35, 110, 150 кВ қосалқы станциялардың жабдықтарына қызмет көрсету кезінде - 5-разряд , Күрделілігі ІІ дәрежелі кернеулі қосалқы станциялардың және кернеуі 500 кВ тұрақты ток қосалқа станциялардың жабдықтарына қызмет көрсету кезінде - 6-разряд , Күрделілігі І дәрежелі кернеулі қосалқы станциялардың және кернеуі 500 кВ тұрақты ток қосалқа станциялардың жабдықтарына қызмет көрсету кезінде - 7-разряд , 4 Электр энергиясын өндiру мен беруге қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi 1. Электр энергиясын өндiру мен беруге қатысушылардың: 1) жасалған шарттар негiзiнде жүйелiк қызмет көрсетудi пайдалануға; 2) жүйелiк оператордан электр энергиясын өндiру және беру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру үшiн қажеттi техникалық ақпаратты алуға құқығы бар. 2. Электр энергиясын өндiру мен беруге қатысушылар: 1) жүйелiк операторға Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiн орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқаруды жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпарат пен электр станциялары жұмысының техникалық-экономикалық көрсеткiштерi жөнiнде (өндiру, шиналардан жiберу, өзiндiк қажеттiлiктер, шиналардан электр энергиясын жiберуге жұмсалатын үлестiк шығыстар) нақты ақпарат беруге; 2) коммерциялық есепке алу аспаптарына жүйелiк операторды жiберуге; 3) техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкес электр энергиясының сапасы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге; 4) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiндегi стандартты жиiлiктi реттеу мен ұстап тұруды жасалған шарттар негiзiнде жүйелiк оператормен бiрлесе отырып жүзеге асыруға; 5) техникалық регламенттердiң талаптарына сәйкес негiзгi және қосалқы жабдықты, аварияға қарсы және режимдiк автоматика, релелiк қорғау, диспетчерлiк технологиялық басқару құралдарын жұмыс жағдайында ұстауға; 6) уәкiлеттi орган айқындайтын көлемде өз объектiлерiнде жаңа релелiк қорғау және аварияға қарсы автоматика құрылғыларын орнатуға және олардың пайдаланылып келе жатқандарын жетiлдiруге мiндеттi. 3. Энергия өндiрушi ұйымдар: 1) электр энергиясын, спот-сауда-саттықта (олар өндiретiн электр энергиясының көлемiнiң он процентiнен аспайтын), теңгерiмдеушi нарықты және экспортқа өткiзiлетiн жағдайларды қоспағанда, тиiсiнше шектi, есептiк немесе жеке тарифтен аспайтын тарифтер бойынша өткiзудi жүзеге асыруға; 2) заңнамада белгiленген тәртiппен уәкiлеттi органмен келiсiм жасасуға, онда көзделген инвестициялық мiндеттемелердi орындауға және олардың орындалуы туралы есептi жыл сайын уәкiлеттi органға табыс етуге; 3) инвестициялық шарт жасасқан жағдайда инвестициялық бағдарламаны орындауға және оның орындалуы туралы есептi уәкiлеттi органға және табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органға жыл сайын табыс етуге мiндеттi. 4. Электр энергиясын тиiсiнше шектi, есептiк немесе жеке тарифтен асырып өткiзген жағдайда, энергия өндiрушi ұйым, электр энергиясын спот-саудасаттықта (олар өндiретiн электр энергиясы көлемiнiң он процентiнен аспайтын), теңгерiмдеушi нарықта және экспортқа өткiзу нәтижесiнде алынған сомаларды қоспағанда, көтерме және (немесе) бөлшек сауда субъектiлерiне асып кеткен соманы қайтаруға мiндеттi. Энергия өндiрушi ұйым табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган енгiзген инвестициялық бағдарламаны орындау туралы нұсқаманы белгiленген мерзiмде орындамаған жағдайда, энергия өндiрушi ұйым көтерме және (немесе) бөлшек сауда нарығының субъектiлерiне инвестициялық бағдарламаны орындау үшiн көзделген және оны iске асыру мақсатында пайдаланылмаған алынған қаражатты қайтаруға мiндеттi. Инвестициялық бағдарламаны орындау үшiн көзделген қаражат деп энергия өндiрушi ұйымның тиiсiнше есептiк немесе жеке тарифтен аспайтын тарифтердi қолдану кезiнде алған нақты табысы (түсiмi) мен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен есептiк тарифтi анықтау немесе жеке тарифтi бекiту кезiнде көзделген нақты шығындар арасындағы айырма түсiнiледi.