Uploaded by Tori Di

наурыз100

advertisement
Сценарий. Қазақ халқының салт - дәстүрлері
Материал жайлы қысқаша түсінік:Сабақтан тыс іс-шаралар. Қазақ халқының салт
дәстүрлерімен таныстыру
Материалды ашып қарау
Цель: формирование представления учащихся о культуре, традициях и обычаях казахского
народа.
Задачи:
1Воспитывать чувство патриотизма, любви к Родине Республике Казахстан;
2 Развивать познавательный интерес к традициям и обычаям казахского народа.
3 Расширять кругозор учащихся и обогащать словарный запас.
4 Развивать творческие способности, речь, внимание, память.Ход мероприятия:Звучит
музыка
Ведущий : Қайрлы күн!
Ведущий : Добрый день!
Ведущий : Біз — ҚазақстанРеспубликасының азаматымыз. Ата Заңымызда біз — Қазақстан
халқымыз деп жазылған. Біз еліміздің өркендеп,жайнай беруіне жауаптымыз. Тұрғылықты
қазақ халқымейірімді, дархан халық.
Ведущий : Мы — народ Казахстана. В республике под единым шаныраком живут люди
более ста национальностей. Все они — равноправные граждане нашей страны.
Ведущий 1: Казахстан, милый сердцу край, воспетый великими акынами.
Бескрайные степи, обширные луга. Қазақстан - бұл біздің Отанымыз,Қазақстан – бұл
біздің ардағымыз. Қазақстан – барлық елдің туған жері,Қазақстан – қазағымның туған елі.
Казахстан
свободы,
это
–
это
имя
страны,
Казахстан
–
Казахстан – это солнечный свет
крылья
это
имя
Казахстан –
народа!
Ведущий 1 марта 1995 года Указом президента была создана Ассамблея
Казахстана, являющаяся уникальным общественно-политическим институтом,
оптимальной моделью взаимоотношений различных этносов и конфессий. Цель
ассамблеи — повседневно слышать голос человека, голос каждого народа любой
национальности
Отан дейміз от жаққан жерімізді
Отан дейміз өсірген елімізді
Отан
дейміз туған жер, атамекен
Биік тау, орман, тоғай, көгімізді.Ортақ бізге бір
Отан,
Ортақ
жердің
байлығы.
Еңбек
ортақ,
жер
ортақ
Ортақ жердің байлығы.Ведущий: В казахской культуре - как в зеркале
отраженье души:Оружие, посуда -чудо как хороши !Доброта и сердечность, трудолюбие,
мастерство,Гостеприимство казахов всем известны давно.Ведущий. А сейчас мы вам
покажем самые интересные обряды, которые до сих пор имеют место в семейном
укладе казахов.Ведущий: Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар. Біздің ауылға қош
келдіңіздер! Төрлетіңіздер, қонақ болыңыздар!Богата казахская национальная культура
не только легендами и сказаниями,но и многочисленными обрядами и традициями.
Особенно, с рождением и воспитанием ребенка у казахов сложилось множество
обычаев ,обрядов. Теперь мы хотим представить перед вами традиционный
казахский
обряд
Традиция «Бесікке салу»- Сәлеметсіздерме- Сәлеметсіздерме, кіріңіздер! Төрлетіңіздер, отырыңыздар!- Бүгін бізде үлкен той. Дүниеге кішкентай сәби келді. Сол
сәбиімізді бүгін бесікке бөлейміз.- Бауы берік болсын!Әже- Қане, бесікті әкел. Бесік –
өмірге жаңа келген періште сәбидің ақ отауы, оның өскенде ардақ тұтар асыл бұйымы.Әже
1: - Енді бесікті аластайық. Алас, алас, баладан алас, Көзі жаманның көзінен
алас!Алас, алас, бәледен алас, Тілі жаманның тілінен алас! Алас, алас, алас,Әже2: Ал енді баланы бесікке салайық Бесігіңе жата ғой, Тәтті ұйқыға бата ғой. Балам жатсын
бесікке, Пәлесі қалсын есікте. Бала: - Ата, ата бата беріңіз!Ата:Көтерейік білекті,Нұрға
бөлеп
жүректі.Бөбекке
бата
берейік,Ағынан
айтып
тілектіАумин
апасы: - Ал енді, қызым бесік жырыңды айтып, сәбиіңді ұйықтата ғойАнасы: Бесік
жырыӘлди-әлди, ақ бөпем,Ақ бесікте жат бөпем!Жылама, бөпем жылама,Жілік
шағып
берейін.Байқұтанның
құйрығын,Жіпке
тағып
берейін,Әлди-әлди,
аппағым,Қойдың жүні қалпағым,Жұртқа жаман болса да,Өзім үшін аппағым!
ДОМБРА
елімізді
көгімізді.
Стих Отан дейміз от жаққан жерімізді
Отан дейміз туған жер, атамекен
Отан дейміз өсірген
Биік тау, орман, тоғай,
Традиция «Тұсау кесу»Балалар, бізде бүгін тағы бір той: кішкентай ,,,, тұсаукесер
тойы. Сендердей үлкен азамат боп кетсін деген ниетпен тұсауын кесеміз.(Әуенмен
анасы мен баласы келеді)Әже: Келе ғой , келе ғой балам.Тәрбиеші:Тұсау кесу
дегеніміз – кішкентай балаға тез жүріп кетсін деп ырымдап, ала жіппен байлап, бата
тілек айтып кеседі. Ал ендеше ақсақал, кішкентай балаға бата беріңіз!Ата: Өмірге аяқ
баса бер,Асулардан аса бер,Жүгіре қойшы құлыным,Желбіресін тұлымың,Елгезек
бол, ерінбе,Ілгері бас шегінбе.АуминӘже: Менің өзім кескенім ұят болар, қонақтарға
рұқсат берсекҚонақ: Ой Рақмет, кесейін.Апай:Тәй, тәй, тәй, тәй!Қаз, қаз, балам, қаз
балам,Қадам бассаң мәз болам!Күрмеуіңді шешейін,Тұсауыңды кесейін!Тәй, тәй,
тәй,
тәй!
Песня 2а
ИграУ казахского народа есть очень много различных национальных игр, носящих
чаще всего состязательный характер. Есть испытание на силу, на выносливость, и
на умение держаться на седле, и на быстроту.А теперь и мы хотели вам предложить
поиграть в национальные игрыИгра1 игра «Байга» (пер. конные скачки у казахов) как
конный вид спорта представляет собой комплекс соревнований в беге на длинные или
короткие дистанции по гладкой или пересечённой местности.2 игра «Қыз қуу» «Догони
девушку» «Кыз-куу» - одна из интересных и зрелищных народных игр, которая проводится
на открытой местности. В игре участвуют два наездника - девушка и джигит. По сигналу
ведущего наездница должна помчаться по направлению к джигиту. Когда она достигает
наездника, он устремляется вслед за ней. Если наезднику удается ее догнать, ему
предоставляется право обнять и поцеловать девушку. Достигнув рубежной линии, они
скачут в обратном направлении, но теперь наездница пытается догнать джигита и если ей
это удается, она стегает джигита плеткой. ТанецСказка Колобок «Бауырсақ» 2а«Алдар
көсе»3вПесня
Егорова ВВедущий 1: Казахская
национальная
кухня
в полной
мере отражает суть народа, его историю, культуру и традиции. Гостеприимство с давних
времен было отличительной чертой казахского народа, гостям в доме всегда оказывают
должный приём и отводится почётное место. Самое популярное блюдо у казаховбешбармак, баурсаки.. Это главное блюдо национальной кухни. У казахов есть
замечательный обычай «Шашу». Любое радостное событие сопровождается разбрасыванием
конфет или денег на счастье, благополучие. Казахи верят, что сладости, подобранные во
время «Шашу» приносят удачу. Так пожелаем всем — денсаулық зор болсын, бақыт болсын,
достық болсын. Счастья, удачи, здоровья!Казахская музыкаСау болыңыздар!
Салт дәстүрді білесізбе?» сайысы.
Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні - Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты
көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып,
Наурыз тойын тойлатып жаңа жыл келді. Той кұтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол
болсын! Ұлыс мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!
Дәстүр - халықтың атадан балаға көшіп, жалғасып және дамып отыратын тарихи
әлеуметтік, мәдени - тұрмыстық, кәсіптік, салт - сана, әдет - ғұрып, мінез - құлық,
тәлім - тәрбие және рухани іс - әрекеттер көрінісі. Бүгінгі біздің мақсатмыз - заман
өзгерсе де ұлттық салт - дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салып, ұлттық мұраны
қайта жаңғырту.
Сайысымыздың кезеңдерімен таныстыру.
1. Таныстыру
2. Құрақ құрау
3. Сұрақ жауап
4. Бестас ойыны
5. Шаш өру
Тақырыбы: Салт - дәстүрім – таусылмайтын байлығым.
Мақсаты: оқушыларға қазақ халқының салт - дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін
ұғындыру, баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету.
Көрнекілігі: суреттер, ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, ұлттық бұйым көрмелері.
Барысы:
1 - жүргізуші:
Ата салтым – асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын.
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,
Өткенімді бүгінменен жалғадым.
2 - жүргізуші:
Қазағымның салт - дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
Салт - дәстүрді ардақтайық, ағайын.
Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған.
Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,
Үлкен, кіші, жасымыз, кәріміз де.
Төрлетіңіз, қадірменді қонақтар,
Гүл - гүл жайнап мына біздің төрімізге.
Өнерлі халық - өміршең халық, қазақтың әдет ғұрпына бағытталған «Салт - дәстүр – асыл қазына»
атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Ән: «Қазақтың салт - дәстүрлері»
1 - жүргізуші. Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын салт - дәстүрлер туралы қысқаша мәлімет беріп
өтсек.
Қазақ халқының салт - дәстүрлері:
Отау көтеру дәстүрі
Отбасы, тұрмыс дәстүрі
Еңбек дәстүрі
Тәрбие дәстүрі
Наурыз дәстүрі
Қаза ғұрпы
Ислам тағылымы
2 - жүргізуші:
Шашу, шашу шашайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойда,
Керемет рәсім жасайық.
Бала: Сүйінші, сүйінші, дүниеге сәби келді.!
Әжелер: Ой айналайын балам, бұл қуанышты хабар ғой! Сүйінші сұрау шын қуаныштың белгісі.
Қазақ сүйіншіден нені аяған, мінекей сүйіншіңді ала ғой.
1 - жүргізуші: Ой қандай керемет, дүниеге бір қазақ келді десейші!. Балаға қандай ат қойсақ болады
екен?
Қазақтың ғұрыптарының бірі «Ат қою» рәсіміне кезек берейік.
«Балаға ат қою» рәсімі жасалады.
2 - жүргізуші: Енді дүниеге келген баланы бесікке салуға әжелеріміз де дайын сияқты. Қызықты
үзбей «Бесікке салу» рәсіміне кезек берген дұрыс сияқты, сен қалай ойлайсың? «Бесікке салу»
рәсімі жасалады.
1 - жүргізуші:
Халқымның қолөнері аса көркем,
Қуанады, сүйсінеді оны көрген.
Қазақ халқының тұрмыс тіршілігіне бір сәт саяхат жасап қайтсақ қайтеді?!. Бүгінгі кеште
ұйымдастырылған қолөнер бұйымдарын қарашы, қандай керемет! «Шешеден көріп тон пішер, әкеден
көріп оқ жанар» демекші біздің сыныптың қыздары кесте тігіп, тоқыма тоқып, көрпе құрап отыр,
ұлдарымыз болса қамшы өріп қызу жұмыс үстінде. Бұның өзі қазақтың тұрмысының тамаша көрінісі
емес пе?!
2 - жүргізуші; Айтпақшы біз атын қойған кешегі сәбиіміз бүгінде жүруге талпынып жүрген тәрізді.
Бүгін әжелеріміз сол сәбидің тұсауын кеседі дейді.
«тұсау кесу»рәсімі жасалады. Әже: Жолың болсын деселік,
Жолыңа нұр төселік.
Жарылқасын алдыңнан,
Тұсауды кесейік,
Күрмеуіңді шешейік. (Сәбидің тұсауын ала жіппен кеседі.)
1 - жүргізуші: Баталы құл арымас,
Батасыз құл жарымас.
Батаменен жер көгереді.
Баламызға аталарымыз батасын берсін....
2 - жүргізуші: Қарашы, ана жақта да қазақ жастары уақыттарын қызықты өткізіп жатқан тәрізді. Сол
жаққа барып қайтсақ қайтеді...
Қыздар бұл ойнап жатқан ойындарың қандай ойын, қалай аталады?
(Қыздар «Бес тас» ойынын түсіндіріп береді.)
1 - жүргізуші: Жігіттеріміз де қызу ойынға кіріскен тәрізді, ал жігіттер қандай ойын ойнап
жатсыңдар?
(Ұлдар «Асық» ойынын түсіндіреді.)
1 - жүргізуші:
Ата - дәстүр абырой көтергенде,
О, бұл сөздер сүйектен өтер демде.!
Тоқталамыз енді біз, ал халайық,
Қанатты сөз, мақал мен мәтелдерге.
«Сөздің көркі - мақал» деген ұғым бар. Біздің ойынымыз қыза түскен тәрізді. Мақалдап сөйлеу
жарысына да кезек берейік. Қане, екі жақтан жарысқа кім шығады? - Ассалаумағалейкүм,
қарсыласым. «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді» деген, сәлем беруге
келдім.
- Амансың ба, досым. «Қуыс үйден құр шықпа»деген, тізеңді бүгіп дәм ауыз ти.
- «Сыйлап берген су сатып алған балдан артық»дегендей жайғассақ жайғасайық.
- «Сыйға сый, сыраға бал»демекші өткенде өздеріңе риза болып қайттық қой.
- «Аз да бітер, көп те бітер, татулыққа не жетер»демекші татулық пен ауызбірлікке не жетсін!
- «Төртеу түгел болса алар, алтау ала болса алдырар»деген ғой, о не дегеніңіз?
-«Бірлік түбі - тірлік»деген ғой бабаларымыз, бірлік болсын.
-«Биік төбеге шықсаң, көзің ашылады, жақсымен сөйлессең, көңілің ашылады»дегендей көңіліміз
марқайып қалды ғой.
-«Әңгіме әңгіме дегізер, әңгіме бұзау емізер»демекші қой қайтайын, мал келетін уақыт болды.
-«тау тауға қосылмас, адамға адам қосылмас»деген, әлі кездесерміз, сау бол!
2 - Жүргізуші:
Қарап отырсақ қазақтың мақалдап сөйлеген сөзінің өзі бір шұрайлы, тәрбиелік мәні зор, астарлы.
Бұған осы көріністен - ақ көз жеткізген боларсыздар.
1 - Жүргізуші:
Құрметті көрермен қонақтар, сіздерге де көңіл бөлген дұрыс сияқты. Қазақта қонақкәде деген бар.
Олай болса сергіту сәтімізде сіздерге қояр тапсырмамыз бар. Мына үзік - үзік сөздерден мақал
құрастыру керек.
1. Ұяда ұшқанда (Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің.)
2. Ата... бала...(Ата - бәйтерек, бала - жапырақ.)
3. Ер... ез...(Ер біл өледі, ез мың өледі.)
4. Өле... бөле...(Өле жегенше бөле же.)
5. Таяқ... сөз...(Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді)
6. Мал... жер...(Мал баққандікі, жер жыртқандікі.)
7. Тентектің... түстен...(Тентектің ақылы түстен кейін кіреді.)
8... сүйіндіреді,... күйіндіреді...(Жақсы сөз сүйіндіреді, жаман сөз күйіндіреді.)
9. Мысыққа..., тышқанға...(Мысыққа ойын керек, тышқанға өлім керек.)
10. Мектеп..., білім,(Мектеп - кеме, білім - теңіз.)
2 - жүргізуші:
Құрметті оқушылар, бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты - заман өзгерсе де ұлттық салт дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғырту. Бүгінгі тәрбие
сағатымызда өздеріңіз куә болған дәстүрлерді көкейлеріңізге тоқып, саналарыңызға сіңіріп
алсаңыздар артық болмас.
«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар»демекші, салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын
сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт - дәстүрінің жанашыры болатындығына сенімдімін.
Еліміздің жарқын болашағы сіздердің қолдарыңызда, құрметті оқушылар!
Қыдыр ата және Ұлыс күні[өңдеу]
Қазақтар Ұлыс күнді «жыл басы» санайды . Бұл күн – аспан денелері өздерінің ең бастапқы
нүктелеріне келіп, күн мен түн теңелетін, жан-жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін,
жер үстіне шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні – ұлыс күн» деп
атаған. Григориан күнтүзбесі бойынша ескіше – 9 наурыз, жаңаша 21-нен 22-не қараған түн осы
күнге сәйкес келеді . Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы
Қызыр аралайды екен. Сол себепті осы түн «Қызыр түні» түні деп аталады . Қыдыр мұсылман
елінде ел аралап жүрген адам бейнелі «әулие», адамға «қамқоршы», «дәулет» беруші. Діни
наным бойынша әр бір нәрсенің иесі болады-мыс. Мысалы: «құт», «дәулет», «ырыс». Олар түрлі
құс, адам, жәндік бейнесінде ел кезіп жүреді-міс. Солардың бірі Қыдыр .
Тақырыбы: Армысың, әз Наурыз!
Мақсаты:
1.Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салтдәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және көркейту.
2.Оқушылардың ойлауын дамыта отыра, ой қиялын, өрісін, іздену негіздерін
дамыту.
3.Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың
салт-дәстүрін қастерлеуге, сақтауға тәрбиелеу.
1-жүргізуші.
Бағыма көктемменен еніп едің
Іздедім шуағыңнан көңіл емін.
Бір мезгіл жоғалғаным табылғандай
Шаттанды шашуыңнан төңірегім
Көркейтсін баспасын да даланы мұң
Тербетсін табиғатты дана жырың
Қош келдің төрімізге төрлет бүгін!
2-жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Бәріміздің көптен күткен Наурызымыз да
келді!
Наурыз тойларыңыз құтты болсын! Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда
еңбектеріңіз өнімді боп, тілектеріңіз қабыл боп, аман-есен тойдан тойға жетіп, ескі
ауыртпалықтарыңыз ескі жылда кетіп, жаңа жылда, жаңа үміт, жаңа тіршілікпен,
осы ұлыстың ұлы күнінде елімізге, жерімізге Наурызымыз есігін қуанышпен
ашсын. Барлық жақсы ниет-тілектеріңіз қабыл болсын! Бүгінгі дайындаған
«Армысың, Әз Наурыз» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
1-жүргізуші:
Алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры Әкімжанов Арыстан Мырзахметұлына
беріледі.
2-жүргізуші:
Уа, жараңдар, жараңдар!
Бәрің бері қараңдар,
Наурыз думан басталды,
Бір сәт зейін салайық.
Ұштасқан оймен мәңгілік
Біздерде бар сан ғұрып,
Ғасырлардан ғасырға
Келе жатқан жаңғырып.
1-жүргізуші:
Күттіріп келген жыл басы,
Бізбен бірге жырлашы.
Елімнің дастарханына
Береке, ырыс сыйлашы.
Ата-бабам тойлаған
Наурызымыз армысың!
2-жүргізуші Наурыз байланысты тағы қандай ерекшеліктер бар, халықтан сұрап
көрейікші. (Дайындалған карточкаларды алып, сұрақтарға жауап береді).
Наурызнама – шат-шадыман, ойын – сауық. Тойда ат жарыс, палуан күрес,
басқа да спорт сайысы, айтыс, түрлі ойындар өткізіледі, көңілді жұмбақтар, ән,
өлеңдер, наурыз жырлары айтылады. Наурызнамада қыздар жиналып бас қосып,
ұйқыашар әзірлейді. Ол ет, уыз сияқты дәмді тағамдардан жасалады. Жігіттер қыз
– келіншектерге сақина, сырға, айна, тарақ сияқты сыйлықтар береді. Оны «селт
еткізер» деп атайды.Бұл дәстүрлі сыйлықтағы айна пәктікпен жастықтың, тарақ
әдемілік пен сұлулықтың, иіссу - бүршігін жаңа жарған жауқазындай құлпырудың,
жайнай түсудің белгісі.
Бұл күні қарттарға арналып жылы – жұмсақ тағамдардан «белкөтерер»
деп аталатын дәм дайындалып таратылады.
Наурызкөже – Наурыз тойына тән көпшілікке арналған мерекелік тағам.
Оны әр үй жеті түрлі дәмнен( сүт,ет,су,тұз,тары,құрт,жеміс,т.с.с.) жасап, оған
қазы,шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып мерекемен құттықтауға келгендерге
ықыласпен ұсынады. Наурызкөженің дәстүрлік, мерекелік, ұлттық тағылымы өте
зор.
1-жүргізуші:
Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Жас балаша нұрланып,
Жадырасып бәріміз.
2-жүргізуші
Наурыз тойы, Наурыз тойы,
Құтты болсын ағайын.
Наурыз тойы, Наурыз тойы,
Келді біздің Жаңа жыл!
Олжас пен Диас «Наурыз тойы»
1-жүргізуші:
Құт береке, Наурыз айым келді деп,
Жер түледі, жасыл желек желбіреп,
Айналайын атамекен кең далам.
Толықсиды нұрға толып, елжіреп
2-жүргізуші:
Әр елдің салты басқа демекші, әр ауыл наурыз мерекесін өзінше тойлайды.
Ендеше біздер «Отбасылық үлгі ауылындағы » наурыз мерекесі қалай өтіп жатыр
екен. Соны тамашалайық. Бізбен бірге болыңыздар.
(Ауыл бейнесі. Ортада стол, ата, әже,немересі, келіні)
Немересі: Ата осы Наурызтөл деген не?
Ата: Балам-ау Наурызтөл дегеніміз, Наурыз айында мал төлдей бастайды. Олар
«наурыз төлі» деп аталып, төл басы ретінде бағаланып, мал-жанды қазақ баласы
оны ерекше күтіп бағады. Төл басы сатылмайды, ешкімге сыйға берілмейді.
Мұндай малды көбіне өз қызығына, тойына, құрбан айт күндерінде сойып, ырым
етеді.
Немере: Рахмет, Ата. Келесіде біліп жүретін боламын.
Қыдыр ата келеді. Амандасады, үстелге отырады
1-жүргізуші:
Уа жараңдар, жараңдар!
Көңілің бар алаңдар
Ата менен анаң бар
Үлкен кіші ағаң бар
Наурыз тойын тойлаймыз
Бәрің бері қараңдар!
2-жүргізуші:
Бермен жақын тұрыңдар,
Сөзіме көңіл бұрыңдар.
Жауқазындай Наурыздың
Жарапазан жыры бар.
Жарапазан айтатын Бекзат, Амангелді келеді.
Бекзат:
Айтамыз жарапазан отбасына,
Тілейміз денсаулықты бас – басыңа.
Тілесек денсаулықты бас – басыңа,
Амандық келер әр күн отбасыңа.
Айтамыз жарапазан ауылыңа,
Береке, бірлік берсін қауымыңа.
Береке, бірлік берсе қауымыңа,
Бас имес кімдер келіп ауылыңа
Амангелді:
Айтамыз жарапазан еліңізге,
Байлаңыз жақсы орамал белімізге.
Байласаң жақсы орамал белімізге,
Кетеміз мақтай - мақтай елімізге.
Айтқанмен жарапазан тоямыз ба?
Дәстүрін халқымыздың қоямыз ба?
Дәстүрін халқымыздың біз ұмытсақ,
Дүниеде екі бірдей оңамыз ба?
Қыдыр ата: Жарайсыңдар балаларым, өнерлерің өрге жүзсін.
Ата: Қыдыр атадан бата сұрайық
Қыдыр атаның батасы
Азамат боп ержетіңдер,
Ақылды болып ержетіңдер
Азамат болыңдар көрікті,
Ғұмырың болсын берікті
Азамат болыңдар ардақты
Мінездерің болсын салмақты
Өнерлі болыңдар жан – жақты
Осы айтқанның бәрі қабыл болып
Алла берсін сендерге зор бақты! Әумин.
Ата: Бәйбіше, бүгінгі Наурыз мейрамын қос мерекеге ұластырып құдағиды
шақырып немеремізді бесікке салғызайық.
Көрініс «Бесікке салу»
(Жастар келеді: Нұрсұлтан, Жанибек, Даурен) Амандасады.
Жанибек: Наурыз мерекеңіз құтты болсын. Наурыздан наурызға аман жетейік.
Сізге сәлем беруге келдік.
Ата: Ия балам өркенің өссін!
Үстелге отырады. (Келіні көже ұсынады)
Даурен: Ата мерекелерңізге арнап бір ән шашу дайындап келдік. Соны орындап
берейік.
1-жүргізуші:
Аспанымда ақша бұлттар аунайды,
Наурыз тойы көңілімді баурайды.
Тебіренген табиғат та мәз мейрам,
Аңқылдаған қазағымнан аумайды.
Жігіттердің орындауындағы «Қазақ осы» әнін қабыл алыңыздар.
Немересі: Ата, біздің ауыл не себепті Абылай хан ауылы деп аталады. Абылай
хан деген кім, қандай адам болған?
Ата: Қазақ елінің Үш жүзінің басын біріктірген хан болған.....
Көрініс. Абылай хан туралы. (Атасы әңгімелеп отырғандай болады, көрініс
көрсетіледі)
Ата: Міне, балам. Абылай хан осындай болған.
1-жүргізуші:
Қош келіпсің, Наурыз!
Арман тойы халықтың,
Қуанышы халықтың,
Құтты болсын қадамың!
Сені тойлап қарсы алып,
Бар әлемге жар салып,
Сәлем бердік біз сізге!
2-жүргізуші:
Жүріңдер Наурызға басып аяқ,
Қалыс қауым болмасын некен саяқ.
Ән шырқап, би билейтін қауым болып,
Тұрмайық, уақыт келді өнерді аяп.
Назарларыңызға «Назерке» би ұжымының орындауындағы «Қазақ биін»
ұсынамыз.
Осыдан кейін қазақтың ұлттық дәстүрлері көрсетіледі.
1. Келін түсіру. Бет ашар.
Сәукеле киген қалыңдықты екі жеңгесі екі жағынан сүйемелдеп жұрттың алдына
алып шығады. Олардың қарсы алдына ақын келіп домбырамен (сырнаймен) беташар
жырын айтады. Ата-баба аруағына, тойға қатысып отырған үлкен кісілерге өлеңмен
аттарын атап, сәлем беруге келінді шақырады. Екі жеңгей келінді ілестіре иіліп,
жұртшылыққа сәлем береді. Әр сәлем сайын аты аталған адамдар, жұртшылық
ризалық алғыстарын білдіріп отырады. Қыдыр ата бата береді.
2. Тұсау кесу.
Жасы бірге толған, қазақша жасандырып киіндірген, үкі таққан бір немесе бірнеше
баланы (ұл не қыз) қаумалаған елдің ортасына алып шығады. Жүргізуші тұсау кесу
дәстүрінің мән-маңызын түсіндіріп, хабарлайды. Елге сыйлы ұл болса – ағаны, қыз
болса – апаны ортаға шақырады. Баланың тұсауын кесіп беруге шақырады.
Тұсау кесуші баланың аяғына жіп байлап, ырымдап бәкімен (қайшымен), көк шөппен
тұсауды кеседі. Тұсау кесу сөзін айтады. Ала жіпті байлағаным, адамның ала жібін
аттама дегенім. Көк шөппен кескенім, басқаның жайлы болсын дегенім, өмірің ұзақ
болсын дегенім деп ырымдайды.Қызыр ата бата береді.
3. Балалар күресі. 5 жұп 10 бала кілемге шығып күреседі.
4. Балалар сурет салу сайысы.
5. Отбасылық эстафета жарыс.
6. Қызметкерлердің өнер көрсетуі: ән салуы.
7. Арқан тарту. Тұрғындар екі команда болып арқан тартысады.
8. «Наурыз көже» жарысы. Дәмге шақыру.
9. Музыка ойналып, балалар би билеп, той жалғасады.
1-жүргізуші.
Жарқырасын Сұлужондай жеріміз!
Асып-тасысын байлығымыз, кеніміз
Ел сүйсініп дәулетіне елімнің,
Малға толып жатсын барқыт беліміз!
2-жүргізуші:
Тойла бүгін тауларым мен боз далам,
Тойла бүгін қарттарым мен бозбалам.
Мереке боп келген бүгін Наурызым!
Береке бол ешқашанда тозбаған!
Осымен дайындаған шағын мерекелік концертіміз аяқталды. Келесі Наурызда
аман сау кездесуімізге алла нәсіп етсін. Хош сау болыңыздар!
НАУРЫЗ СЦЕНАРИЙІ
Аула. Мерекелік безендірілген. Күйлер, наурызға арналған әндер орындалады.
Жүргізуші:
Салтымен ата-бабаның
Жаңғырды қайта заманым
Тіршілік басы, о, Наурыз
Қайырлы болсын қадамың!
Наурыз басталғанын хабарлап арнау оқиды, халықты көрісуге шақырады. Жаппай
көрісіп, қол алысу рәсімі өтеді.
Бата беру үшін Қыдыр атаға сөз береді.
Қыдыр ата бата береді:
Ал тыңдаңдар батамды:
Ардақтаңдар атаны!
Тойсаңдар, тасып, бөспеңдер,
Топастықты кешпеңдер,
Ананың сүтін ақтаңдар,
Арларыңды сақтаңдар!
Жалқаулық жаудан жаман-ды,
Жеңіңдер оны күреспен:
Жеңіске жетер бірлескен.
Кең пейіл, дархан халқымыз,
Кеңейді дәстүр-салтымыз;
Дәстүрін елдің сыйлаңдар
Дүстүрлі салтты тойлаңдар!
Орындалсын ойларың,
Тойға ұлассын тойларың!
Әумин!!!
Жүргізуші қадірлі қонақтарды таныстырады және оларға сөз береді.
Жүргізуші қонақтарды, халықты ағаш егуге шақырады. Музыка ойнап тұрады.
Ағаш егіледі.
Download