Uploaded by lizzat71

мультимедийный продукт

advertisement
Кіріспе
Қазіргі ғасыр оқыту процесінде жаңа технологияны пайдалануды талап
етеді. Жаңа технология студенттерді сабақ процесіндегі белсенділігін
арттыруға тікелей әсер етеді. Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын
жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын
қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
Дипломдық
жоба
тақырыбының
өзектілігі.
Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты
міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби
шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқыту және
тәрбие берудегі жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру,
халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге шығу» делінген [1].
«Ақпараттық Қазақстан - 2020» Мемлекеттік бағдарламасында «Білім беру
саласында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) дамытудың
барлық жаңа үрдістерін ескеру және оларды білім беру процессінде пайдалану
елдегі білім беру деңгейін жаңа деңгейге шығаруға көмек береді» және «Білім
беру саласына АКТ-ны толыққанды енгізу және АКТ көмегімен сапалы
білімнің қолжетімділігін арттыру үшін мынадай шаралар іске асырылады:
мультимедиа-технологияны қолдану арқылы цифрлық ғылым және білім
ресурстары жүйелі түрде дамытылады» делінген [2]. Осыған қарай дипломдық
жобаның тақырыбы өзекті болып саналады.
Дипломдық жобаның ғылыми жаңалықтары деп бағдарламалық
қамтаманы құрастыру барысында заманауи әдістерді қолдануын есептесе
болады, яғни қажетті ақпараттар Macromedia Flash бағдарламасы көмегімен
құрастырылды. Сонымен қатар, мультимедиялық бағдарламалық өнімдің
негіздері анықталып, компонентері мен құрылымы айқындалды және моделі
жасалды, өнімдің тиімділігі бағдарламаны іске асыру арқылы негізделді.
Дипломдық жобаның практикалық маңыздылығы құрастырылған
бағдарламалық өнім «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз
ету» кафедрасының сабақтарында оқу процессінде қолдануымен анықталады.
Ғылыми мәселенің заманауи жағдайы. Соңғы жылдары заман
ағымына сай білім беру жүйесі электрондық байланыс, онлайн сабақтар
арқылы іске асырылуда. Күнделікті сабақта компьютер, электрондық оқулық,
интернет қолдану жақсы нәтиже беруде. Осы тұрғыдан, ақпараттықкоммуникациялық технологияны – интерактивтік оқыту технологиясының
(ИОТ) құнды құралдарының бірі болып саналады. АКТ оқу үрдісіне
пайдалану мүмкіншілігі өте кең: тексті редактірлеуге, қарапайым есепке, оқу
ойындарын ұйымдастыруға, зертеулерді моделдеуге, тренажер ретінде,
ақпараттық-іздеу немесе сараптаушы жүйе ретінде және бағдарламалауға
үйрету ретінде.
10
Оқыту үрдісінде оқыту әдістерін тиімді пайдалану, білім беру жүйесін
тұтастай ақпараттандыру арқылы жаңа мультимедяилық оқыту технологиясын
енгізу оқыту процесінде толыққанды дамуына мүмкіндік жасайды.
Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар
қолдану арқылы студенттің ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып,
қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру - ең негізгі мақсат болып
айқындалады.
Диплом жобаның мақсаты кафедраның бірінші курс студенттеріне
«Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері» пәнінен Python бағдарламалау
тілін оқыту үйрену мәселесінде мультимедиялық бағдарламасын құру болып
табылады. Оқу үрдісінде түрлі мультимедиялық ресурстар сабақ тақырыбын
түсіндіруді жеңілдетіп, қиын мәселерді шешуге көмектесе алады.
Диплом жобаның мақсатына жету үшін келесі есептерді шешіледі:
- зерттеу обласындағы ақпараттық жүйелер мен қосымшаларға шолу;
- құрастырылып жатқан бағдарламалық модуль қызметін анықтау;
- бағдарламалық модульді құрылымдық жобалау;
- құрастырыуға қажетті бағдарламалық құралдарын таңдау, негіздеу;
- құрастырыуға қажетті аппараттық құралдарын таңдау, негіздеу;
- қойылған есепті шешу алгоритмін құрастыру;
- жұмыс орындағы тіршілік қауіпсіздік мәселелерін қарастыру;
- құрастырылған бағдарламаның экономикалық тиімділігін есептеу.
Дипломдық жобаның зерттеу нысаны ретінде оқу үрдісінде
ақпараттық-коммуникациялық
технологияны
пайдалану
әдістері
қарастырылды.
Дипломдық жобаның теоретика әдістемелік негізі ретінде ақпараттық
технологиялар саласындағы оқу және ғылыми әдебиеттер, ақпараттық
жүйелер дамуының мәселесіндегі ізденістері орын алады.
Зертеудің практикалық базасы ретінде оқу үрдісіндегі құжаттар,
ғылыми әдебиеттер, Flash бағдарламасы мен техникалық құжаттары орын
алды.
11
1 Есептің қойылымы
Білім беруде интерактивті технология (интерактив сөзі-inter (бірлесу) act
(әрекет) сабақ барысында студенттерді сабаққа қатысуын ұйымдастыратын
оқыту тәсілдерінің бірі болып табылады. Қазіргі кезде экономиканың және
тіршіліктің барлық салалары компьютерленген. Оқытушылар да күнделікті
сабақтарда компьютерлерді, электрондық байланысты, электрондық
оқулықтарды, интернетті қолдану арқылы жақсы нәтиже алуда [3].
Осы тұрғыдан, мультимедиялық оқыту технологиясының құнды
құралдарының бірі болып - ақпараттық-коммуникациялық технологиясы
саналады. Ақпараттық-коммуникациялық технологиясы бағдарламашылардың
оқу үрдісінде де негізгі құралы ретінде және бағдарламалауға үйрету ретінде
де қолданылады [4].
Мультимедиялық интерактивті оқыту әдісінң негізгі қағидасы –
педагогикалық қарым-қатынас пен диалог арқылы жеке тұлғаны
қалыптастырып дамыту. Интерактивті оқыту – бұл, ең алдымен білім алушы
мен мұғалімнің арасында тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып
табылады. Интерактивті әдіске сондай-ақ әр түрлі көмекші құралдарға:
интерактивті тақта, кітаптар, бейне материалдар, слайдтар, флипчарттар,
компьютерлер және т.б. жатады.
Оқыту үрдісінде заманауи әдістерін тиімді пайдалану, білім беру
жүйесін тұтастай ақпараттандыру арқылы жаңа мультимедиялық
интерактивті оқыту технологиясын енгізу оқыту процесін толыққанды
дамуына мүмкіндік жасайды.
Бүгінгі күні ақпараттық технологиялар мен инновациялық әдістерді
қолдану арқылы студенттің ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін
дамытуға, қызығушылығын, белсенділігін арттыруға - ең негізгі мақсат болып
анықталады. Интерактивті негізде оқудың мақсаты – білу емес, үйрене білу.
Оқытушылар үшін ең негізгі мақсат – әр сабақты тартымды, тиімді,
түсінікті етіп өткізу. Оны жүзеге асырудың бір жолы – заман талабына сай
ақпаратты технологияларды, мультимедияны қолдану
Оқыту үрдісінде жаңа ақпараттық технологиялардың әдіс–тәсілдерін
қолданудың келесі тиімді жақтары бар:
­ Студенттердің оқуға деген ынтасы артады;
­ Әр студенттің жеке қабілеті анықталады;
­ Студенттердің тереңірек білім алуына жағдай пайда болады;
­ Әр студент өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады;
­ Студенттер өз білімін бағалай білуіне бағыттауға мүмкіндік береді.
Білім беру жолында мультимедиялық технологияны оқу үрдісін
оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың және интерактивті оқыту үшін
бағдарламалық модуль құрудың маңызы аса зор. Оқу үрдісінде түрлі
мультимедиялық ресурстар тақырыпты түсіндіруді жеңілдетіп, қиын
мәселерді тез түсініп, шешуге көмектесе алады.
12
Осы салаға арналған ақпараттық жүйелер мен қосымшаларды шолу
жасаймыз.
1.1 Ақпараттық жүйелер мен қосымшаларға шолу және талдау
Компьютерлік оқыту мысалдарының пайда болуымен компьютерлік
оқыту бағдарламаларын құруға білім берудің алауан түрлі саласының
мыңдаған мамандары біріге бастады. Бірақ қазіргі уақытта адамдардың көбісі
оқыту бағдарламасынан басқа мультимедиялық интерактивті оқыту
бағдарламаларына ден қоя бастады.
Мультимедиялық оқыту бағдарламасын құрудың мақсаттарының бірі
оқытылатын процесті жан-жақты визуалды болуына, ал басты
тапсырмаларының бірі – оқытудың мағынасын толық қабылдауға, түсінуге
дайындау мүмкіндігімен қамтамасыз ету. Мультимедиялық оқытудың
технологиялық құралдарын келесідей топтастыруға болады:
­ Аппараттық
құралдар,
Интернет
және
мультимедиалық
бағдарламалар.
­ Электрондық оқытуды әзірлеудің бағдарламалық құралдары.
­ Оқу үрдісін басқарудың ақпараттық жүйесі.
Мультимедиялық интерактивті оқыту бағдарламаны құрудың негізгі
платформаларын қарастырайық [5].
Айрен – білімді тексеру тесттер құруға, Интернет арқылы жергілікті
желіде немесе жеке компьютерлерде тестілеуді жүргізуге мүмкіндік беретін
тегін бағдарлама. Бұдан өзге қатысушыларға тестілеуді жүргізуде желіні
қолданбай, нәтижені сақтамай (өзін тексеру режимі), тестті автономды
орындайтын файлдар форматында таратуға мүмкіндік беретін тесттерді тарату
қарастырылған.
AVELife TestGold Agent – TestGold технологиясы бойынша тестілеуді
жүргізуге арналған тегін бағдарламалардың бірі. Бағдарламалық қамтамасыз
ету бір жеке компьютерде тестілеуді, аралық тестілеу электрондық пошта
көмегімен жұмыс орнында локальді желідегі берілгендерді сақтауды
орталықтандыруды
ұйымдастыруын
жүргізуге
мүмкіндік
береді.
Бағдарламалық қамтаманың берілгендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің
жоғары деңгейлі механизмі бар және ол тестілеудің нәтижесінің дұрыстығын
жоғарылатады;
SunRau TestOfficePro – тесттер құратын, тестілеу жүргізу және
нәтижесін өңдеуді жүргізетін бағдарлама. SunRau TestOfficePro көмегімен кезкелген оқу пәндерінің білім деңгейін көтеру мақсатымен кез-келген білім беру
мекемелерінде (жоғарғы оқу орнындарда, колледждерде, мектептерде)
емтихан және тестілеуді жүргізуді ұйымдастыруы мүмкін. Бағдарламалық
қамтаманың тест құруға мүмкіндік беретін tMaker бағдарламасы бар.
TestTurn – қолдануы бойынша қарапайым және шағын тестілеуді
жүргізетін тегін бағдарлама. Тестті орындаудағы аталған хаттамаларды
13
баспаға шығару мүмкіндігі және сақтауды, көп қолданушылық жұмыс
режимін іске асырады;
LCDS – жоғары сапалы интерактивті электронды ресурс көмегімен
құралған және жарияланатын оқу материалдарын жетілдіруші тегін жүйе. Ол
жоғары мамандырылған мәтін, интерактивті тапсырма, конкурс, тест,
анимациялы
эффекті,
демо-роликтер,
басқа
да
мультимедиялық
материалдарды құруға мүмкіндік береді [5].
SunRau BookOffice- мультимедиялық жабдықтарды қолдана отырып,
электрондық кітаптар мен оқулықтарды көру мен құру үшін арналған
бағдарлама пакеті.
xDLS SE – қашықтықтан оқытудың тегін жүйесі. Кең таралған, көп
платформалы масштабталған архитектурасына ие, барлық негізгі
функцияларды қолдайды (оқу материалдарын жариялау, тестілеу, әкімшілік
ету) білім беру мекемелерінде және бірлестіктерде түрлі есептердің кешенді
шешу үшін қолданылады;
Moodle- жеке желілік курстарды, білім беру сайттарын талдау үшін
арналған орта, жүйені нақты білім беру жобасының ерекшеліктермен реттеу
және қажетті жағдайларда жаңа бөлшектер кірістіруге мүмкіндігін беретін,
ашық кодта таралады;
Прометей - Интернетте виртуалды университетті құруға және оқу
процесін өтініштерді қабылдаудан бастап қортынды сертификатты тапсыруға
дейін автоматтандыра отырып қашықтықтан оқытуды жүргізуге мүмкіндік
беретін өнім;
CourseLab - Интернет желісінде қашықтықтан оқыту жүйесінде,
дискілерде немесе кез-келген тасымалдағыштарда қолдануға арналған
интерактивті оқу материалдарын (электрондық курстарды) құрастыратын
мықты құрал;
WebTutor - таңдау, бағалау, тестілеу және тұлғаны оқыту, берілгендерді
жүйелеп
сақтау,
сонымен
қатар
ұжымдық
коммуникацияларды
ұйымдастыруымен байланысты бизнес үрдістерді кешенді автоматтандыруға
арналған жүйесі;
ATutor –ашық кодпен қолданушының қалауына сай қол жетімділік пен
бейімделу мүмкіндігін қамтамасыз ететін оқу контентін (Learning Content
Management System - LCMS) вебке-бағытталып басқару жүйесі.
Сонымен компьютерлердің пайда болуы және дамуы жаңа
технологияларды жасауға әкелді және әкелуді әлі жалғастырып жатыр, оның
ішінде білім беру саласы да бар. Жоғарыда көрсетілген ақпараттық жүйелер
мен қосымшалардың біреулері оқыту үрдісін тек қарапайым бөлігін ғана
камтиды, мысалы, тест өңдеуші бағдарламалар. Ал екіншілері оқу үрдісін
толық басқаруңа бағытталған, мысалы қашықтықтан оқыту жүйелері. Ал
тағы бір бөлігі оқу контеттерді құрастыру орталары болып келеді. Ал
дипломдық жобаға берілген тапсырма арнайы бір тақырыпқа, яғни «Python
тілінде программалау негіздері» тақырыбын оқып меңгеру үшін
мультимедиялық интерактивті тәсілдерін пайдалануды бағдарламалау
14
керектігін білдіреді. Сондықтан берілген тақырып бойынша зерттеулер
жүргізіліп бағдарламалық өнім құрастыру қажеттілігі туды.
Компьютер материалдарды шектеусіз ұсыну мүмкіндігі есебінен, әр
түрлі оқулық тапсырмаларды қолдану және білім алушының моделін құру
арқылы оқу әрекеттерін басқарудағы жаңа мүмкіндіктерді ашады.
1.2 Бағдарламалық кешенді құрастыру негіздемесі
Жасалып жатқан мультимедиялық интерактивті оқыту бағдарламасы
ақпараттық коммуникациялық саласына жататының анықтадық. Білім
саласының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу, білім беруді
ақпараттандыру және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім
беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарттарының бірі.
Жаңа ақпараттық технологиялар дегенiмiз — бiлiм беру саласында
ақпараттарды даярлап, оны бiлiм алушыға беру үрдісін түсінеміз. Бұл
процестi icкe асыруда негiзгi құрал компьютeр болып табылады. Компьютер
— бiлiм беру iсiнде бұрын шешiмiн таппай келген жаңа, дидактикалық
мүмкіндіктерді шешуге мүмкiндiк беретiн күшті құрал [6]. Бұл жағдайда
компьютерлік ақпараттық технологияға келесілер жатады:
­ қолданбалы бағдарламалар пакеті (модулі);
­ зертханалық практикумдер;
­ ойындардың бағдарламалы;
­ компьютерлік тренажерлер;
­ үйренушілерге зерттеу кезінде оқытылатын пәндер бойынша білім
алуына мүмкіндік беретін эксперттік - үйрену жүйелері және басқа
компьютерлік құралдар.
Оқу үрдісінде ЭЕМ практикалық іс жүзінде қолдану мәселенің маңызы
өте зор. Ғылым мен техниканың жетістіктерін оқытушы, студент, түрлі
мамандықтарда білім алушыларды тиімді түрінде оқыту үшін қолданудың
маңызы зор. Қазіргі таңда қағаз түріндегі оқулықтарға бәсекелес болып
келетін электрондық дидактикалық құралдар (мультимедиялық оқулық,
оқытудың интерактивті тренажерлары, электрондық энциклопедия,
медиатека) дәстүрлі сабақ беру формасын көрнекілеу үшін кең қолдануда.
Сондай ақ, жоғары оқу орындарда алгоритмдеу, бағдарламалау сабақтарында
осындай дидактикалық құралдардың ретінде электрондық мультимедиялық
интерактивті құралдарды құрастырудың ролі зор деп санаймыз.
Оқыту үрдісінде компьютерге негізделген жеке әдістемелер оқу
мақсаттары мен жағдайларына байланысты дипломдық жобаға Алгоритмдеу
және беғдарламалау негіздері [7] пәніне арналған Python тілі негіздері үшін
мультимедиялық интерактивті оқыту бағдарламалық өнімін құрастыруға
тапсырыс берілді.
15
1.3 Бағдарламаны құрастыруға берілген техникалық тапсырма
Бағдарламаның тағайындалуы.
Қазіргі заманғы білім беру мекемелерінде оқыту процесінде
компьютерлік технологияларды қолдануға, кәсіби қызмет дағдыларын алуға
көп көңіл бөлінеді. Кафедраның теориялық оқыту сабақтарындағы және
практикалық сабақтарындағы электрондық басылымдармен жұмыс істеудің
практикалық тәжірибесі көрсеткендей, білім беру мекемесінің ақпараттық
ортасында электрондық оқулықтарды пайдалану білім алушылардың пәндерге
қызығушылығын арттыруға, оқыту сапасын жақсартуға, жұмыс уақытын
тиімді бөлуге мүмкіндік береді, бұл келесі функцияларды орындаумен қол
жеткізіледі:
 оқу процесін белсендіруге;
 оқыту процесін жекелеп өткізу;
 материалды беруде көрнекілікті арттыруға;
 теориялық білімнен практикалыққа көңіл аударуға;
 оқуға деген қызығушылықты арттыруға мүмкіндік жасайды.
Компьютерлік технология оқу процесінде компьютердің қатысуымен –
жаңашылдық, ал оның ішінде мультимедиялық құралды қолдану – оқуға деген
қызығушылықты арттырады.
Функционалдық талаптар.
Құрастырылып жатқан мультимедиялық құрал келесі мәселелерді
шешуді қамтамасыз етуі қажет:
 Қолданушыға ыңғайлы және түсінікті интерфейс ұйымдастыру;
 Бағдарламаның құрылымы бойынша ыңғайлы навигацияны
ұйымдастыру;
 Деректерді тиімді бейнелеуді ұйымдастыру;
 Деректерді қарап шығу мүмкіндігі мен ыңғайлылығы;
 Білімді бақылау жүйесін басқа әрекеттерден қорғау;
 Қолданушыны оқыту үшін қажет толық материалды ұсыну;
 Бағдарламада батырмалар, мәзір командалары, сілтемелер, икондар
бойынша навигациялауды қамтамасыз ету;
 Пайдаланушының қате әрекеттерін хабарлама шығару арқылы
бақылау.
Ақпараттық деректер.
Есеп қойылымы бойынша тест сұрақтары мен жауаптарын сақтайтын
сыртқы файл қолдануы тиіс.
Кіріс деректер болып: текст, графика, кесте түрінде бейнеленетін
барлық ақпараттар және тест сұрақтары мен жауаптары.
Шығыс деректер: Экрандағы бейнелері, білім алушының жинаған
бағасы.
Сенімділікке қойылатын талаптар.
16
Сенімділік –орнатылған мәндер аралығындағы уақытта берілген
режимде және қолдану шарттарында талап етілетін техникалық қызмет
көрсету, транспорттау және сақтау функцияларын орындау қабілеттілігін
сипаттайтын барлық параметрлерді сақтайтын объект қасиеті [8].
Сенімді бағдарлама ең алдымен нақты уақытта функциялау процесінде
жұмыс істеуден бас тарту ықтималдығының жеткілікті төмен болуын
қамтамасыз етуі қажет. Сондықтан сенімділіктің негізгі көрсеткіштері - бас
тартуды болдырмау және дайындық коэффициенті. Бағдарламалардың барлық
түрі үшін сенімділік ұғымы және теория әдістерін қолдануға болмайды –
оларды нақты уақытта және сыртқы ортамен тікелей байланыста жұмыс
істейтін бағдарламалық құралдарға қолдануға болады. Кері жағдайда
функциялаудың сенімділік ұғымын қолдануға болмайды.
Техникалық және жүйелік бағдарламалық құралдарға қойылатын
талаптар.
Айтылған техникалық тапсырыс бойынша келесі параметрлері бар IBM
типті компьютерді қолданылуы тиіс:
 процессор Pentium немесе Celeron 166 МГц такттік жиелігінен кем
емес, қолайлысы Pentium II 400 МГц;
 дыбыс платасы;
 дисплей SVGA типті, 125 Mб видеобуферлі, 1800x1200 пиксел
графикалық экраныменен, 16 регистрлі палитрасыменен;
 жедел жады көлемі 512 Mб, қолайлысы 1 Гб (мультимедиялық
мүмкіндіктерді қолдау үшін);
 қатты диск 800 Mб кем емес, мысал үшін Macromedia Flash орнату
үшін 650 Мб қажет.
Құрастырылып жатқан бағдарлама Windows XP және одан жоғары
орталарында жұмыс атқару тиіс. Бағдарламаның интерфейсі түсінікті және
қолайлы болу тиіс.
Ақпараттық сәйкестікке қойылатын талаптар.
Бағдарламалық қамтамасыздандыру құрамы жүйелік бағдарламалық
құралдардан және қолданушылық бағдарламалық құралдардан (арнайы және
қолданбалы) тұрады:
Дербес компьютердің қызметін қолдауға арналған жүйелік
бағдарламалық құралдар – бұл операциялық жүйе.
Интерактивті оқыту бағдарламалық модулін құрастыру үшін арнайы
бағдарламалық құрал – Macromedia Flash.
Құжаттық қамтамасыз етуші - Microsoft Office XP.
17
2 Бағдарламалық қамтаманы жобалау
2.1 Зерттеу объектісін талдау
Диплом жобасына таңдалған тақырыптың объектісі ретінде алгоритмдеу
және бағдарламалау негіздері пәнінің Python тілін оқыту, үйретумен
байланысты есептерді қарастырамыз.
Ақпараттық заман көптеген мәселелерді тудырды, олардың ішіндегі ең
маңыздысы
оқыту
мәселесі
болып
табылады.
Оқытудың
автоматтандырылуымен байланысты мәселелер ерекше қызығушылық
тудырады, өйткені техникалық құралдарды пайдаланбай-ақ "қол әдістері" өз
мүмкіндіктерін баяғыдан таусты. Компьютердегі түрлі "электрондық
оқулықтар", мультимедиялық бағдарламалар, әдістемелік құралдарды ұсыну
әдеттегі
баспа
басылымдарының
алдында
бірқатар
маңызды
артықшылықтарға ие. Электрондық оқулық оқылатын материалды баспа оқу
әдебиетінен, материалды беру тәсілдерінен басқа түрде түсінуді жеңілдетеді,
білім алушының қажеттіліктеріне, оның дайындық деңгейіне, зияткерлік
мүмкіндіктеріне және амбицияларға сәйкес бейімделуге жол береді,
жұмыстың барлық кезеңдерінде өзін-өзі тексеруге кең мүмкіндіктер береді,
шексіз шыдамды тәлімгер рөлін атқарады, түсіндірмелердің, қайталаулардың,
кеңестердің және т. б. іс жүзінде шексіз санын ұсына отырып [9].
2.1.1 Құрастырылып жатқан бағдарламаның қызметі
Жасалып отырған мультимедиялық бағдарламаның негізгі мақсаты –
бірінші курс студенттеріне Python тілі жайлы негізгі мәліметтерді,
жұмысының ерекшеліктерін игеру, технологиялармен танысу, жұмыс істеуде
практикалық дағдыларын үйрету болып табылады.
Мультимедиялық бағдарламаның негізгі қызметтеріне төмендегілер
кіреді:
 Білім алушының жұмысына қосымша көмек беру;
 Практикалық деңгейде оқыту, көптеген есептерді орындау;
 Алған білімді тестілеу және тексеру.
Мультимедиялық бағдарламаның құрудан күтілетін нәтижелер:
 Теориялық материалдың ашықтығы, түсініктілігі;
 Практикалық сабақтарды игеру жеңілдігі;
 Жұмыстың қарапайымдылығы;
 Қолданушыға ыңғайлы интерфейсі.
Сонымен қатар мультимедиялық бағдарламаның мазмұнымен бірге,
безендіру стиліне де көңіл бөлінгені дұрыс. Себебі қазіргі кезде кез келген
қолданушыны ақпараттың мазмұны ғана емес, сыртқы пішіні де аса
қызықтырады.
18
2.1.2 Бағдарламаны құрылымдық жобалау
Бағдарламаны құрастыруға құрылымды түрде көрсету себебі оны
автоматтандырылатын функицяларға декомпозициялауда (бөлу) жатыр: жүйе
функционалдық ішкі жүйелерге бөлінеді, олар өз кезегінде тағы да есептерге
бөлінетін т.с.с. ішкі функцияларға бөлінеді. Бөліну процесі нақты
процедураларға дейін жалғаса береді. Сонымен қатар автоматтандырылып
жатқан жүйе бірегей түрін жоғалтпайды, барлық ішкі компонентар бір бірімен
байланыса отырады [10].
Бірінші тарауда келтірілген қосымшаларды талдау нәтижесінде
мультимедиялық бағдарламаның құруда оқытудың әдістемелік деңгейін
арттыру үшін мынадай дидактикалық шарттарды ескеру керектігін
анықтадық:
­ Мультимедиялық бағдарламаның теориялық мәліметтер тараулар
мен тапқырыптарға бөлінген болу керек;
­ Берілетін тақырыпқа қатысты ақпарат нақты әрі қысқа берілу керек;
­ Белгілі бір тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық беттен атрық
болмауы тиіс. Егер мәтін көлемі бірнеше экрандық бетті қамтитын болса, онда
алға/ кері жылжу батырмалары болу керек;
­ Адамның көру қабілетіне байланысты бір қатардағы мәтін 60-65
таңбадан аспауы тиіс;
­ Материалға қатысты өз бетінше дайындалу үшін әдебиеттер тізімі
болу керек;
­ Теориялық материалды нақтылау үшін практикалық тапсырмаларды
орындау қызметтері болу керек. Тапсырмалар студенттің тікелей қатысуымен
орындалу керек;
­ Алынған білімді тексеру үшін тақырыптарға бөлінген немесе жалпы
қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест материалдар қарастыры
керек;
­ Экран бетіндегі мәліметтер иллюстрациялық, анимациялық тұрғыдан
көркем болу керек, дегенімен пайланушыға кері әсерін тигізбеу керек.
Тапсырманы тексеру барысында бүкіл тапсырманың дұрыстығын
анықтау немесе тапсырма элементтерін дұрыстығын жеке анықтау мүмкіндік
қарастырылу керек. Мемлекеттік стандарт бойынша электронды оқулықтың
басылымына мынадай талаптар қойылады: оның құрылымы, функциясы,
мазмұны, оқыту элементтері, көркемделуі, құжаттандырылуы.
Мультимедиялық электрондық оқулықтың құрылымы контексінде
ерекше назар аударылуы тиіс келесі құрамдас бөліктерді атап өтуге болады:
- Мазмұны (теориялық және практикалық материалдар, демонстрациялық
элементтер, оқулық құрылымы);
- бақылау және бағалау (кері байланыс, материалды меңгеру сапасын
анықтау);
19
– техникалық іске асыру (бағдарламалық компоненттер, оқулық бойынша
навигация, оқулық элементтері арасындағы өзара байланыс, оқулық
интерфейсі).
Құрастыруға берілген бағдарлама сұлбасы келесі 2.1 суретте
келтірілген.
Айтылғандарды ескере отырып, құрастыруға берілген бағдарлама
интерфейсі сұлбасы келесі 2.2 суретте келтірілген.
Сонымен, бағдарлама құрылымың ішкі құрылымдарға бөлгенде,
автоматтандырылған жүйе біртұтастығын жоймайтындығын көрдік, құрылым
ішіндегі әр-бір компонент бір-бірімен байланысты.
2.1.3 Ақпараттар ағынын талдау
Ақпараттар ағынын зерттеу жұмыстары басқарылып жатқан
нысандардың жалпыланған қызметтерін анықтауға мүмкіндік береді және
нысанды талдаудың алғашқы қадамдарының бірі болып келеді [10]. Біздің
жағдайда басқару нысаны ретінде python тілінің негізгі түсініктері,
бағдарлама жазу мүмкіндіктері, тілдің негізгі инструкциялары, т.с.с.
пайдалануға арналған мультимедиялық оқу бағдарламалық өнімі орын алды.
Ақпараттар ағынын талдау арқылы бағдарламаның кейбір жалпы
қасиеттерін нақтылауға бағытталған есептер жиыны білеміз. Проблеманың
бұл тұжырымы программалау тілі және есептеу ортаның жалпы «қауіпсіздік»
семантикалық құрылымын анықтайды. Мультимедиялық бағдарламаны
қолдану маршруты келесі 2.3 суретінде берілген.
2.2 Бағдарламалық және аппараттық құралдарын таңдау, негіздеу
Бағдарламалық қамтама – техникалық құралдардың қалыпты қызмет3
жасау және ақпараттық жүйе есептері мен мақсаттарын іске асыруға арналған
бағдарламалар кешені [11]. Бағдарламалық қамтама құрамына жалпы жүйелік,
қолданбалы және арнайы –функционалды бағдарламалар кіреді.
Жүйелік
бағдарламалық
қамтамасыздандырудың
сипатталуы
бағдарламалық
құралдардың
қолданылуы
жүйелік
тағайындаумен
байланысты. Жүйелік бағдарламалар, қолданушыларға сол есептеуіш жүйе
жағынан қызмет көрсетуде есептеу жүйесі ретінде қызмет көрсетеді.
Қолданбалы бағдарламалық құралдардың сипатталуы қолданушының
есептерін қамтамасыз ету және ұйымдастыру жолымен, қызмет етуімен
байланысты.
Арнайы функционалдық бағдарламалық құралдар автоматтандырылған
жүйенің арнайы есептерін шешуіне бағытталған, яғни басқа жүйеде емес сол
жүйеде шығатын есептерін шешеді және де осы жүйеде сәйкесінше
қолданады.
20
ЭЕМ және автоматтандырылған жүйелерге арналған бағдарламалық
қамтама деп тұтас комплексте ұйымдастырылған және ЭЕМ-мен
жабдықталған жұмыс орнындағы белгілі бір функцияны жүзеге асыруды
қамтамасыз ететін, есепті шешу мақсатында үнемі пайдалануға арналған
бағдарламалық құралдардың жиынтығын айтады.
2.2.1 Жалпы жүйелік бағдарламалық қамтаманы таңдау
Жасалып жатқан интерактивті оқыту бағдарламалық модулі Windows
XP [12] операциялық жүйесінде жүзеге асырылады. Ол қолдануға ыңғайлы,
қазіргі дербес компьютерлерде тиімді жұмыс істейді, счтандартты
технологиялармен жұмыс істеуге, аппараттық құралдарды баптауға мүмкіндік
береді, қолданушы үшін орнату және баптау қарапайымдылығын қамтамасыз
етеді. Бұл операциялық жүйені таңдауға ИОБМ қолданатын барлық оқу
орындарында көптен бері осы жүйе орнатылғаны негіз болды.
Берілген ОЖ таңдаудың себебі, берілген бағдарлама құрылып жатқан
бағдарламалау бөлімшесінде Windows XP ОЖ ұзақ уақыт бойы қолданылған.
Типтік бағдарламалық құралдар стандарттық құралдарға ұқсас болып келеді.
Бірақ оларды белгілі бір жүйенің құрамымен эксплутациялағанда олардың
адаптациясын жүргізу міндетті. Бұл бағдарламалардың комплексі
қолданушыларға бағытталған және өңдеу ақпараттардың типтік есептерін
шешуге арналған. Олар компьютердің функцияналдық мүмкіндіктерін
кеңейтуге, берілгендерді өңдеу процестерін басқаруда қолданылады.
Виртуалдаудың жаңа құрылғылары, веб-ресурстары, Windows 7
интеграциялы мүмкіндігімен басқару құрылғысын жетілдіру уақытты үнемдейді,
шығындарды кемітеді деректер қоры мен тиімді динамикалық басқару үшін
платформаны көрсетеді. Windows PowerShell 2.0, IIS 7.0 сервер диспетчерінің
жаңартылған қызметтері, Hyper-V™, сияқты Windows Server 2008дің басқа да
мықты құрылғылары жүйені басқаруды жоғарылатады және тапсырыс
берушілерге жаңа бизнес-талаптарға тез әсер етуіне мүмкіндік береді.
Windows Server 2008 үш негізгі артықшылықтарды қамтамасыз етеді.
Жақсартылған бақылау - Windows Server 2008 сервер мен желінің
инфрақұрылымын бақылауға,есептің біріншікезекті маңыздылығын шешуге
икемденуге мүмкіндік береді.
Жоғарытылған қатқылдық – төменде белгіленген Windows Server 2008
мүмкіндіктері компанияның үздіксіз ауыстыру талаптарына жауап беретін
деректер қорының қатқыл және динамикалық орталықтарын құруға мүмкіндіктер
береді.
Жақсартылған қорғаныш - Windows Server 2008 сіз өз бизнесіңізді көтеруге
қажетті сенімді қалыпты қалыптастыратын ОЖ мен ортаның қауіпсіздігін
күшейтеді.Қолданушының сервер,желіден,берілгендермен жазбалық өрістерін
соққы мен тойтарыстардан қорғау Windows Server келесілер есебінен
қамтамасыз етеді.
21
Windows Server 2008 кілттік мүмкіндіктері. Интернетке бейімделу.
Internet Information Services 7.0 ,қосымшалар мен қызметтерге арналған мықты
Интернет-платформа көмегімен веб-серверді басқаруды жеңілдетіңіз. Бұл
модульдік платформа веб-қызмет жағдайымен басқару жабдығымен есептері
негізіндегі қарапайым интерфейсі бар,түйіндердің өзара байланыстығын қатаң
бақылауды қамтамасыз етеді және жетілдірілген қауіпсіздік қатарын қамтиды
[12].
Internet Information Server (IIS) 7 и .NET Framework 3.0 ақпаратты
өңдеуді бірігіп қолдану нәтижесін көрсетуді қамтамасыз ету арқылы
қызметкерлерді бір-бірімен деректермен байланыстыратын қосымшаларды
жасау үшін кешендік платформаны қалыптастырады.
Виртуализациялау. Бір серверде бірнеше Windows, Linux сияқты
бірнеше операциялық жүйелерін виртуалдауын жүзеге асырыңыз.Осы
тезнологиялармен заідастырудың қатал саясаты мен бүгінді виртуалдаудың
артықшылықтарымен сонымен экномикалық артықшылықтарын қолдану
қиындық тудырмайды.
Windows Server 2008 копания талаптарына өзгерістермен жауап беретін
тез әсер ететін және динамикалық деректер орталықтарын құруда ыңғайлы.
Терминалдар
қызметі
мен
жойылған
қосымша
қызмет
терминалдарының тобы кедергісіз жойылған қатынасты және VPN желіні
қолданбай қосымшаларды жеңіл және қолайлы құруға мүмкіндік беретін
локальді дербес компьютермен қосымшаның сәйкестігін қамтамасыз етеді.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Windows Server 2008 - Windows Server
барлық өнімінен біршама қорғалғаны. ОЖ-нің жоғарылатылған қауіпсіздігі
және қауіпсіздіктің жаңа жүйелері желіге қатынастың қорғаныш жүйесін қоса
алғанда,құқыұты басқару федералді қызметі және домен бақылаушы тек оқу
үшін, желінің, деректердің, бизнесті жоғарғы деңгейлі қорғалуын қамтамасыз
етеді.
Windows Server 2008 сервермен желі, деректер және есептік жазбаларды
қолданушыларды енулермен соққылардан қорғауға мүмкіндік береді.
Желіге қатынауды қорғау технологиясы аталған қауіпсіздік саясатының
талаптарына жауап бермейтін компьютерлерді жоюға мүмкіндік береді және
желі үшін қатынауды шектеу механизмін,кемшіліктердің ескіруі және
үзіліссіз сәйкестікке тексеруді қамтамасыз етеді.
Құқықтарды басқарудың федеральді қызметі конфеденциальды
берілгендерді қорғауды жақтайды,тәуекелге баруды қысқартуға көмектеседі,
регулятивті нормаларды сақтау және ақпаратты кешенді қорғау
платформасын қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Оқу үшін арналған доменді бақылау Active Directory толық дерек
қорының шектеуімен Active Directory қызметін бүктеу үшін серверді бұзу мен
қылмыс кезінде қорғауды жақсартуға мүмкіндік береді.
Компания ресурстарына арналған беріктілік негізі. Бүгінгі Windows
Server 2008 - Windows Server отбасының ең мықты және сенімді ОЖ-сі.
Сервердің негізгі орнату компоненттерінің, PowerShell, Windows Deployment
22
Services саймандығының,жақсартылған желілік технологияларға және
кластерлеу технологиясының арқасында Windows Server 2008 жұмыс
ауыртпалықтары мен қосымшалар үшін арналған ең сенімді және әмбебап
Windows платфорамын қамтамасыз етеді.
Сервер диспетчері серверді орнату мен реттеуді тездетеді және ортақ
консолдан серверлік рольдерді ағымдағы басқаруын жеңілдетеді.
Сервердің негізгі компонеттерін орнату- және қызмет көрсету мен
жаңартуды талап ететін серверді құру кезіндегі керекті компонеттері және
қолданушының графикалық интерфейссіз ішкі жүйесі бүктелетін таңдалған
рольдердің жаңа орнатылу нұсқасы.
2.2.2 Функционалды бағдарламалық қамтаманы таңдау
Осы интерактивті оқыту бағдарламалық модулін жүзеге асыруға
Macromedia Flash технологиясын қолданғаны жөн, үйткені Flash бағдарламасы
толық мультимедиялық қосымшаны құрастыруға қажетті барлық құралдарды
қолдайды: векторлық мәтінді құру және өңдеу, векторлық графиканы өңдеу,
көлем жағынан интернетке қолайлы форматтарды қолдау, мультимедиялық
презинтацияларды жасау, анимациясымен безендіру, дыбыс, бейне
форматтарды өңдеу және т.с.с.
Flash техналогиясының негізгі векторлық графикалық форматынан
Shockwave Flash (SWF) құрылды [13]. Бірақ бұл ең алғаш векторлық формат
емес, SWF құрушылары ойдағыдай тапқан графиканың бейнелеу мүмкіндігі
арасындағы үйлесімді, онымен жұмыс жасайтын инструментальді құралдар
және қорытындысында Web – парақтарының қосылуының механизмі. SWF
қосымшасының артықшылығы оның жеңіл тасымалдауында, яғни бұл формат
әртүрлі аппараттық – программалық платформада қолданылады (сонымен
қатар, ОЖ – сі Mac OS Macintosh компьютерлер және Windows ОЖ – мен
жабдықталған IBM компьютерлері). Тағы бір SWF – тың ерекшелігі: құрылған
негізгі бейнелер тек анимацияланып ғана қоймай, сонымен қатар олар
қосымша интербелсенді элементтер мен аудио құрылғылардың болуына
мүмкіндік туғызады. Интерактивті мультимедиялық қосымшалардың
тасымалдауы мен құру мүмкіндігінің күрт өсуі танымал SWF форматының
Web – дизайнерлердің ортасында орындалады. Сондықтан бұл форматтың
пайда болуы Macromedia фирмасында Plug_In компонентінің қоса салынған 2
негізгі желі браузері үшін құрылған: Internet Explorer және Nestcape
Communicator. SWF форматының тарауына Бүкіләлемдік компьютерлік желі
көп әсерін тигізді.
SWF форматының танымал болуының тағы бір себебі, Macromedia
фирмасы бұл форматтың жеңіл және оңай құрал – саймандармен қолданылуы.
Мультимедиялық презинтациялар құру үшін - Macromedia Director
Shockwave Studio, ал графикалық бейнелерді салу үшін — Macromedia
Freehand, Macromedia Fireworks,интербелсенді оқытушы курстарын құру үшін
23
– Macromedia Authorwave, Macromedia Course Builder. Сондықтан да Webпубликациясының ішінде ең танымал, әрі жеңіл қолдануына ыңғайлы болып
келетін — Macromedia Flash болып табылады. Macromedia Flash Web –
парақтарын толық құруға және әрбір сайттың анимациясымен безендірілуіне
мүмкіндік береді. SWF форматының көмегімен, оны әдетте Flash деп атап
кетті [14].
Flash техналогиясының құрамына мыналар кіреді:
­ векторлық графика;
­ анимацияларды қолдау;
­ интерфейстің интербелсенді элементтерін құру мүмкіндігі;
­ әртүрлі графикалық форматтарды қолдау (растрлы графиканы да);
­ Flash фильмдерді HTML форматына қосу;
­ Flash фильмдерін Web- браузерде көру мүмкіндігі;
­ әртүрлі визуальді саймандардың болуы.
Flash технологиясы Shockwave Flash (SWF) форматында қолданылатын
векторлық графикаға негізделген. SWF құрушылары, графиканың тамаша
мүмкіндіктерімен, олармен жұмыс жасайтын құрал жабдықтарды, (шыққан
нәтижені WEB-бетке қоса алатын механизмді тиімді пайдалана отырып,
үйлесімді өнім таба алды. SWF-тың тағы бір ұтып тұрғаны, бұл форматты кез
келген платформада қолдануға болады. (яғни, MacOS операциялық жүйесімен
басқарылатын Macintosh компьютерлері мен Windows ОЖ бар IBM
компьютерлері). SWF–да құрылған бейнелерге анимация ғана қолданып
қоймай оларды интерактивті элементтермен және дыбыспен де әрлеуге
болады.
Осындай қосымша қасиеттерінің арқасында SWF форматы тор
әрлеушілерінің ризашылығына ие болып, қолданысқа кіріп кетті. Macromedia
отбасында дүниеге келгеннен ақ, бұл форматқа Internet Explorer және Netscape
Communicator тор броузерлеріне арналған компоненттері (Plug-In) жасалды.
Ал бұл, SWF-тың бүкіләлемдік торда одан әрі атышулы болуына септігін
тигізді. Нәтижесінде бұл броузер құрушылары SWF-ті қолдайтын компонентті
өз өнімдерінің ядросына қосып қоятынын жария етті. Бұл бастаманы
бағдарламалармен қамтамасыз ететін тағы да басқа өндірістер қолдап әкетті
(мысалға, Adobe фирмасы).
Графика. Қазіргі кезде тор беттерін әрлеуге көбінесе растрлық графика
қолданылады. Оларға GIF (Graphics Interchange Format, ақпарат алмасуға
арналған графикалық формат), JPEG (Join Photographic Experts Group –
Біріккен бейне эксперттерінің тобы) және PNG (Portable Network Graphics –
Жылжымалы графикалық формат) жатады [14].
Растрлық графика нүктелер жиынтығы (пиксель – pixel) арқылы
сипатталады. Бұл нүктелер бір бірімен байланыста болмағандықтан, олардың
әрқайсысының түсі мен координатын анықтау керек. Жай ғана мысал, екі-ақ
түсті (ақ қара) бейнені сипаттаған кезде, әр пиксельдің түсін беру үшін екілік
санау жүйесін пайдаланады: 0 – қара, 1 – ақ.. Ал, 256 түсті бейнені сипаттаған
24
кезде енді әр пиксельге 8-дік санау жүйесін қолданады (256=28). Суреттің
сапасы жақсы болу үшін, әр пиксель үшін 24 разрядқа дейін қолданылады.
Растрлық бейнелердің тағы бір кемшілігі — бейне сапасы, пайдаланып
отырған монитор пиксельдерінің өлшеміне де байланысты. Яғни кей
мониторларда суреттің сапасы әдемі болып тұрса, екінші жерде ол ондай
қасиеттен айырылады. Сапасы нашар суреттердің пикселін көбейтуге
арналған бағдарламалар болғанымен олар да бұл проблеманы толық шеше
алмайды.
Ал енді векторлық графика туралы сөз айтсақ.. Векторлық графика –
орналасуын математикалық формулалар арқылы сипаттайтын қисықтар
жиынтығынан туратын бейне. Мысалға, кез келген шеңберді бейнелеу үшін 34 сан ғана керек, радиус, центр координаттары, сызық қалыңдығы. Осыған
байланысты, векторлық графика растрлық графикаға қарағанда бірнеше
артықшылықтарға ие:
­ Математикалық формулалармен сипатталған суреттер, растрлық
графикаға қарағанда жадыда аз орын алады.
­ Бейнені өзіміз қалаған кез келген масштабқа сапасын жоғалтпай,
өзгертуге болады.
­ Кез келген платформаға еш «қатесіз» көшіруге болды.
Әрине, векторлық графиканың өзіне тән кемшіліктері болады, мысалға,
реалға жақын суреттерді бейнелей алмаймыз. Мұндай мәселені шешімі, жан
жақты қанағаттандыратын ортақ бір келісім керек. Мінекей, FLASH
авторлары осы шешімді тиімді пайдаланды: тор бетін құру кезінде сіз тек қана
векторлық емес растрлық бейнелерді де импорттауыңызға болады.
Анимация. FLASH тағы анимация негізі объектінің қасиетін өзгерту
болып табылады. Мысалға, объектілер көрініп немесе жоқ болып кетуі, өзінің
тұрған орнын, көлемін, өлшемін, түсін, көріну деңгейін өзгертуі мүмкін [16]
FLASH та объектіні анимациялау механизмінің үш түрі бар.
­ Кадр бойынша(«классикалық») анимация, яғни автор әрбір кадрды өзі
жасайды немесе басқа қосымшадан импорттап алып олардың көріну ретін
анықтайды;
­ Автоматтық анимациялау (tweened анимация), яғни автор бірінші
және соңғы кадрды ғана құрады, ал қалғанын FLASH автоматтық түрде
құрады. tweened-анимацияның екі түрі бар, біріншісі анимация, объектінің
қозғалысына негізделсе (motion animation), екіншісі анимация объектінің
трансформациялануына (пішінін өзгерту) негізделген (shape animation);
­ Сценарийге негізделген анимация; сценарий – ActionScript деп
аталатын FLASH тілінде жазылған әрекетті сипаттау. Бұл тіл синтаксисі
көптеген тор шығармаларын жасауда қолданылатын басқа тілдердің
синтаксисіне ұқсас келеді. (мысалға, JavaScript және VBScript).
Бұл механизімдердің артықшылықтарымен қатар кемшіліктері де
болады. Tweened – анимацияның басқалардан бөліп тұратын екі
артықшылығы бар: Біріншіден, авторға енді әр кадрды жеке-жеке құрып
отырудың енді қажеті жоқ; Екіншіден, мұндай FLASH «мультфильмін»
25
ойнату үшін алғашқы және соңғы кадрларын сақтап алса болғаны, бұл фильм
көлемін әрине кішкене етіп сақтауға септігін тигізеді.
Бірақтан, tweened – анимация, объектінің қасиеттері бірдей өзгеретін тек
қарапайым сюжеттерде ғана пайдалануға болады. Ал, ActionScript сценарийі
арқылы объектіге күрделі қозғалыстар жасауға болады. Ол үшін, ActionScript
тілін білу керек. Сонымен, егер өзіңіздің «мультфильміңізді» құрғыңыз келсе
қай механизіммен жүзеге асыратыңызды таңдап алыңыз.
Macromedia компаниясының торында арнайы «күн торы» (Site Of The
Day) деген рубрикасы бар, ол жерден FLASH технологиясын жете пайдаланып
отырған торларға сілтеме берілген.
Flash арқылы интерактивті фильмдер құруға болады, ойнату барысында
тор қонағы тышқан немесе пернетақта көмегімен фильмнің басқа фрагментіне
өтіп кете алады, объектілерді қозғалта алады, және формаға ақпарат енгізе
алады т.с.с. Flash фильмдердің интерактивтілігі ActionScript тілінде рет
ретімен жазылған командалардың көмегімен, оқиғаға қатысты іске асады.
Мысалы, мұндай оқиғаға, белгілі біл кадрға секіру саналады.
Интерактивті объектіге батырмалар (мысалға, басқару тақтасының қызметін
атқаруға жинақталса), фильм фрагменттері немесе жеке кадрлар. ActionScript
–ке қатысты емес стандартты командалар бар, оларға фильмді ойнату,
тоқтату, дыбысын қосу мен өшіру, берілген адреске өту сияқты оншақты
стандартты командалар бар. Бұл тілде күрделі сценарийлер де құруға болады,
бірақ ол үшін бағдарламалау тәжірибесі болу керек қолданушының.
Дыбыс. Flash дыбыстың фильмде қолдану үшін бірнеше жол ұсынады.
Сіз, тоқтамай, сюжеттің мазмұнына қарамай, қолданушының әрекетіне жауап
бермей ойнап тұра беретін дыбыспен жабдықтай аласыз. Ал проектіңіз одан
әрі қызықты болу үшін әр батырманы басқанда дыбыс шығатындай етуге
болады. Және тағы бір жолы, ActionScript сценарийлерін пайдалану. Flash та
дыбыспен қамтамасыз етудің екі түрі бар оқиғалы басқару (event sound) және
ағымды (stream sound) [16].
Оқиғалы басқару дыбыс кезінде берілгендер аяғына дейін жүктеліп
болғаннан кейін ғана дыбыс оны тоқтатқанға дейін ойнатыла береді. Ал
ағымдағы дыбыс үшін алғашқы кадрлар жүктелгеннен кейін ақ ойнату
басталып кетеді.
Дыбыспен жұмыс істеу оңай болу үшін, Flash авторларға келесі
мүмкіншіліктерді ұсынады:
­ Дыбысты кітапханаларға бөліп қоюға болады, яғни енді бір
кітапханадағы дыбысты бірнеше фильмдерде қолдануға болады.
­ Дыбысты, экспортталатын фильмнің сапасы мен көлеміне қарап,
параметрлерін өзгертуге болады. Яғни автор, дыбыс сығу жолын өзі таңдай
алады.
Мәтінді құру және өңдеу. Flash — фильмге мәтіндік өрісті қосу үшін
келесі әрекеттерді орындау қажет: құралын панелінен қосу; мәтіндік өрісті
тышқанның көмегімен жұмыс үстелінің позициясы арқылы шертеміз;
қорытындысында бұл позицияда мәтіндік меңзер шығады және ерекшеленген
26
рамка қоршалған; tрекшеленген рамканың оң бұрышында маркер болады және
ол мәтіндік өрістің типін анықтайды. Соған көңіл бөлген жөн [17].
Арнайы бағдарламалық құралдар автоматтандырылған жүйенің арнайы
есебі бойынша жасалады. Олар нақты ақпараттық жүйені құру кезінде
жасалатын, бағдарламалар жиынтығынан тұрады. Мұндай бағдарламалық
құралдар мамандандырылған автоматтандырылған жұмыс орындарының
толық қанды жұмысын қамтамасыз етеді.
2.2.3 Аппараттық құралдарды таңдау
Мультимедиялық бағдарламаны орнату үшін бірнеше қолданушыға
біруақытта қызмет көрсете алатын, компьютер қажет. Ол үшін аппараттық
бөлікпен байланысты жоғары өнімділікті болуы тиіс. Сонымен қатар,
компьютер студентке тәулік бойы сенімді қызмет жасауы қажет [18].
Мультимедиялық бағдарламаны құрастыру мен қолдану үшін дербес
компьютердің келесі сипаттары ұсынылады:
­ Intel Celeron 2000
­ 300 МГц кем емес процессордің тактілік жиілігі;
­ 512 Мб кем емес оперативті жады;
­ 40 Гб кем емес винчестер көлемі;
­ 128Mб SVGA видеодисплейінің адаптері;
­ CD ROM немесе DVD ROM құрылғысы;
­ перне тақтасы мен тышқан манипуляторы.
ЭЕМ осы үлгісі қазіргі кезде ең көп тараған, бағасының арзандығымен
және оның есептеу ресурстарының ақпаратты өңдеу үшін жеткілікті болуымен
анықталады.
27
3 Бағдарламалық қамтаманы іске асыру
3.1 Есепті шешу алгоритмін құрастыру
Алгоритм дегеніміз – есепті шешу процесін анықтайтын дәл нұсқау [19].
Аталған анықтаманың мәнін аша отырып, бұл нұсқауда қандай да бір жүйенің
есепті шешу үшін бастапқы деректерге қолданатын операциялар мен
ережелердің белгілі бір ретте орындалуы туралы нұсқаулар беріледі.
Құрастырылып жатқан мультимедиялық бағдарлама Macromedia Flash
8.0 құралдарымен жасалды. Жасаудың бірінші кезеңі бастапқы мәтінді
түзетуден, қалыптастырудан, оптимизациялаудан тұрады. Бұл кезеңде алдын
ала (MS Office Word редакторында) таңдалған мәтін Macromedia Flash 8.0
деректеріне түрлендірілді. Әрі қарай мультимедиялық бағдарлама бойынша
навигацияны баптауға тура келді, сосын жұмыс swf файл ретінде дайын
болды. Одан кейін бақылау материалын – білімді тексеруге арналған тест
және кейбір бағдарламалық қамтаманы дайындау ғана қалды. Бірақ мұндай
тәсіл материалдың көптігінен ол жеке беттерде – жеке файлдарда орналасып,
бұл файлдар жиынтығының тұтастығын сақтау қиын болғандықтан ыңғайсыз.
Алынған файлдарды біріктіру үшін бас беттің қабықшасы қолданылады.
Келесі кезең алынған файлдарды бір *.exe файл – ға конвертациялаудан
тұрады. Бұл жұмыс Macromedia Flash компиляциясы арқылы орындалды,
сурет 3.1.
3.1.1 Модульдер арасындағы байланыстарды сипаттау
Жасалған бағдарламаның қажетті функциялардың бір–бірінен тәуелсіз
орындауға қабілетті, модульдерінен тұрады. Мұндай файлдық құрылым
бағдарламалық кешен жұмысында мүмкін болатын қателіктерді азайтуға
арналған. Барлық модульдер қолданушы үшін ыңғайлы және түсінікті
интерфейс ұйымдастыратын, бір спецификалық қабықшаға біріктірілген [19].
Әрбір модуль (.swf) кеңейтілімдегі құрылымдалған файлдан тұрады.
Модульде
ішкі
(бағдарламаның
өзіндегі
функциялармен
және
процедуралармен) және сыртқы жүйелік файлдар арасында деректер алмасу
ұйымдастырылған. Мультимедиялық бағдарлама үш модульден тұрады:
теориялық бөлім, практикалық бөлім және тестілеу.
Бағдарламада
қолданылған
функциялар
мен
процедураларды
қарастырайық.
Кластар – бұл жаңа объектіні құруға қажетті анықтама немесе шаблон.
Кілттік сөз: new. Мұнда класс прототипінің анықтамасы да кіреді. Және де
ешқандай мән қайтарылмайды, себебі жаңа құрылған объект қайтарылады.
new операторын қолданған сайын, сіз кластың жаңа нұсқасын құрасыз. this
28
кілттік сөзі жаңа құрылған нұсқаға сілтенеді. Аргументтер әрбір объектіні
белгілі бір қасиеттермен бөлу үшін қолданылады [16].
Осы модульдерді біріктіретін қабықша екі бөліктен: навигация және
жұмыс өрісінен тұрады. Навигация батырмалар арқылы виртуалдық жұмыс
бойымен жылжуды қамтамасыз етеді. Жұмыс өрісі бағдарламаның негізгі
бөлігі, онда теориялық мәліметтер, практикалық тапсырмалар және тест
сұрақтары жүктеледі.
Бас форманы жүктегенге дейін титулдық формасы жүктеледі. Одаң соң
мазмұны орналасқан бас форма жүктеледі. Навигатор көмегімен қажетті
формаға көшуге болады. Модульдер арасындағы байланыс сурет 3.2
келтірілген.
3.1.2 Файлдық жүйенің логикалық және физикалық құрылымы
Мультимедиялық
бағдарлама Macromedia Flash МХ арнайы
бағдарламалық қамтмасында құрылды. Macromedia Flash 8 бағдарламалық
пакеті ActionScript тілінде бағдарламалаудың кең мүмкіндіктерімен, барлық
бағыттар бойынша әр түрлі процестерді графикалық түрде көрсетуге арналған
[16].
Осы форматтағы айнымалы атының суффиксі айнымалы типін
көрсететін қатар болып табылады. Қосымшаның инициализациясы оның
бастапқы күйін беруге қолданылады. Инициализация функциясы қосымшада
бірінші кезекте және бағдарламамен – бір рет қана шақырылады. Функцияны
шақырудың қалғандарының барлығы оқиғалармен басқарылуы тиіс.
// 1 кадр
this.init();
function init()
{
if (this.inited != undefined)return;
this.inited = true;
// мұнда инициализация коды бар...
}
Объектіні құру кезінде оның прототипіне объектінің барлық
нұсқаларына таратылған функциялар мен қасиеттерді қосыңыз. Бұл жедел
жадыда әрбір функцияның бір ғана көшірмесі болатындығына кепілдік береді.
Өз ережелеріңізбен коструктор ішінде функцияларды анықтамауды жасау
қажет – бұл объектінің әрбір нұсқасы үшін сол функцияның жеке көшірмесін
құрады және жедел жадының бекер шығындалуына әкеп соғады.
Объектіні құрудағы ең жақсы практиканың бағдарлама коды:
MyObject=function(){}MyObject.prototype.name="";
}
}
29
Мұраласуды құруға арналған "__proto__" қасиетінің тапсырмасы Flash
Player 5 – те іске асырылды. Бұл практика Flash Player 8 – де қолдау таппаған
және оны қолдануға да ұсынылмаған. __proto__ қасиеті тек оқуға (read-only)
арналған қасиеттер ретінде қарастырылуы керек. Мұраласуды құрудың дұрыс
тәсілі — бұл прототиптер тізбегін құру. Прототиптер тізбегін құру үшін ішкі
класс (subclass) конструкторының функциясының "prototype" қасиетін келесі
синтаксисті қолданып, үстіңгі класс нұсқасына орнатыңыз:
ChildClass.prototype = new ParentClass();
Программа коды:
function Shape()
}
}
Егер жасаушылар мұндай мұраласу формасы барлық конструктордың
міндетті емес деп тануына әкеледі, келесі код оны болдырмайды:
_global.SuperClassConstructor = function()
// конструктор коды осында орналасады
}
}
Дипломдық жобада жасалынып жатқан бағдарламалық қамтамасыз ету
тұтас пакет түрінде ұйымдастырылды. Пакет деп берілген бағдарламалық
қамтамасыз етуді алда бағдараманы сүйемелдеу және жасау мақсатында
бірлесіп жұмыс істеуге бағытталған әртүрлі міндеттегі файлдар жиынтығына
айтылады. Құрылымның сыртқы түрі 3.34 суретте көрсетілген.
3.1.3 Интерфейстер класын сипаттау
Бұл бағдарламалық өнім процедуралар мен функциялары бар көп
модульді қосымша болып табылады. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін ішкі
модульдерді біріктіретін бас модульді құру қажет [20]. Бағдарламада ыңғайлы
навигациясы мен мультимедиялық бағдарлама бойынша ауысу батырмалары
бар басқаруы жүзеге асырылған.
Зерттеу нәтижесінде техникалық міндетті ескере отырып, бағдарлама
құрылды. Бағдарламада келесілер есептелініп жатыр:
­ Теориялық мәліметтер экран бетіне бейнелеу;
­ Интерактивті жұмысты жасау;
­ Теориялық мәліметтерді меңгерудің нәтижесін бақылау.
Мультимедиялық
бағдарламаның
құрылымын
жүзеге
асыру
нәтижесінде әрбір элемент жеке SWF-файлдар тобы түрінде орындалып, ЕХЕфайла түрлендірілді.
Төменде (сурет 3.4) жобалау барысындағы бірінші форма көрінісі
келтірілген.
30
Мультимедиялық бағдарлама тиімді құрылымын жасау үшін ондағы
навигацияның дамыған жүйесін қарастыру керек. Мынадай мүмкіндіктер
қарастырылылды:
- құжаттың алдыңғы және келесі беттеріне өту;
- ағымдағы құжаттың соңынан басына өту;
- жеке сілтемелерден тұратын, яғни, мазмұн көмегімен теориялық
материал бойынша жылжу.
Берілген форманың Action Script-ті Далее батырмасына жазылған:
Symbol 1
Button ”ДАЛЕЕ”
on(release)
nextFrame();
Button”ВЫХОД”
on(release)fscommand("quit");
// бұл команда барлық көрсетелген фреймдерге беріледі
Import: Import to Library:
frame g1,g2,g3,g4,g5,g6,g7,g8,g9,g10,g11,g12,g13,
g14,g15,g16,g17,g18,g19,g20,g21,g22,g23,g24, lg25.
Мультимедиялық бағдарламаның бас мәзір беті келесі сурет 3.5
келтірілген.
Бұл форманың Action Script барлық модульдерге өтуі жазылған:
Мысалы үшін «Авторы» формасына өту:
on(press) {
avt._visible=true;
// авторлар
}
«Тест» тапсырмаларына өту:
on(press)
}
Бөлімдер арасында өту үшін жоғарыда орналасқан раушан гүлдерге
басамыз, бұл жерге келесі код жазылған:
on(press)
{
}
Ал бөлім ішінде есептер арасында өту үшін бағдарлама терезесінің
төменінде орналасқан алға/ кері қарай бағыттаған батырмаларды басамыз, бұл
жердегі код келесідей:
on(press) {
prevFrame();
}
Келесі 3.6 суретте мультимедиялық бағдарламаның практикалық
материалдарының өңдеу режимы көрсетілген.
31
Бұл форманың Action Script экрандағы объектіні жылжытуға, жазылған.
Объектілерді жылжыту коды:
v1._visible=x1._visible=false;
c6.onRelease=function(){
stopDrag();
}
Енді, мультимедиялық бағдарламаның интерактивті тапсырмаларын
өңдеу барысын қарастырайық. Мысалы үшін, жауапты қолмен/пернетақтамен
енгізу тақырыбына сәйкес тапсырманы қарастырайық, сурет 3.7.
Бұл тапсырманың ерекшілігі жауап клавиатурадан енгізіледі. Тексеру
батырмасын басқан кезде енгізілген тоғыз жауап жеке жеке тексеріліп, дұрыс/
дұрыс еместігі арнайы белгімен көрсетіледі. Дұрыс жағдайда жауап терезесі
жасыл түске, ал дұрыс емес жағдайда қызыл түске боялады.
Форманың Action Script тақырыпқа байланысты тапсырмаларды
орындау барысына жазылған. Скрипт Тексеру батырмасына жазылған:
if (opt4.text == "false"){
proc4.gotoAndStop(2);
}
else {
proc4.gotoAndStop(3);
}
Келесі 3.8 суретте тапсырманы ашылатын тізімнең таңдау мысалын
дайындау режимы көрсетілген.
Ашылатын тізім box компонентасы, оның негізгі қасиеті selectedIndex.
Егер бірінші тізімнен бірінші, ал екінші тізімнен үшінші элемент таңдалса,
онда экранға Дұрыс сөзі шығады (da2- префиксі). Басқа жағдайда Дұрыс емес
(net2- префиксі) сөзі шығады.
on (press) {
if ((int1.text == "24") && (chb1.selectedIndex == 3)&&
}
}
Келесі 3.9 суретте АОЖ-ның видео бейне файлдарын қосуы көрсетілген.
Суреттегі оң жақта бағдарламаның барлық модульдерімен жұмыс істеу үшін
қолданылатын деректердің кітапханасы берілген. Жоғарғы бөлігінде
қолданылатын материалдың көлеміне сәйкес келетін уақытша шкала
көрсетілген.
32
Flash – те видео файл тек қана мувиклип ретінде өңделеді, сондықтан
қажетті L1. FLV файлды BROWSE көмегімен таңтап, L1.MOV форматына
өзгертеміз (сурет 3.10).
Келесі сурет 3.11-де тапсырма нәтижесін қолмен енгіңзу келтірілген.
Ал, нәтижесін енгізу коды келесідей:
on (press) {
if ((a1.text == "0")&&(b1.text=="3"){
}
}
Анимация сәйкесінше бет ашылғанда автоматты түрінді іске қосылады:
on (press) {
}
Келесі 3.12 суретте тест тапсырмаларын өңдеу режимы көрсетілген.
Бұл форманың Action Script тақырыпқа байланысты тест сұрақтарын
өңдеу мен дұрыс жауаптарын белгілеуге жазылған.
stop();
i = random(4)+1;
if (i == 1) {
otv1._x = 98;
};}
Келесі 3.13 суретте тест нәтижесін шығару режимы көрсетілген.
Бұл форманың Action Script тақырыпқа байланысты тест нәтижелерін
есептеуге және тестке жұмсалған уақытты есептеуге жазылған:
tim = getTimer() - startTimer;
// Таймерді қосу
tim = tim/1000;
RezultTime.text = String(tim);
// Таймер мәнің шығару
3.2 Бағдарламалық құжаттау
Бағдарламалық құжат – бағдарламалық өнімді құрастыруға,
пайдалануға, жұмыс істеуне арналған деректерді мазмұндатын құжат [20].
Бағдарламалық құжат жалпыланғанда екі топқа бөлінеді: технологиялық
және
пайдаланушылық.
Технологиялық
құжаттар
техникалық
сипаттамалардан тұрып бағдарламаны жобалаушы, құрастырушы және
сүйемелдеуші мамандарына арналып жазылады. Пайдаланушылық құжаттар
қолданушыларға арнап жазылады. Бұл құжаттар бағдарламаны берілген
салада дұрыс игеріп пайдалануға жол береді.
33
Диплом жобада пайдаланушылық құжаттын
қолданушыға инстукциялары ретінде қарастырылады.
бағдарламашы
мен
3.2.1 Қолданушыға арналған нұсқалар
Бағдарламаны қолданушы үшін, Form1.exe орындалушы файлын іске
қосамыз.
Бағдарлама іске қосылғаннаң соң пайда болған БАС терезеде қажетті
батырманы басу керек.
Бұдан соң бағдарламаның жұмысы басталады, модульді жүктеу және
олардан ақпаратты оқу орындалады.
Әрі қарай жұмыс белгілі бір талаптармен орындалуға сәйкес
жеңілдетілген навигация батырмалары бойынша жүргізіледі.
Қолданушылар үшін бағдарламада арнайы анықтама бар.
Бағдарламадан шығу батырмасын басу арқылы орындалады.
Сонымен, құрастырылған бағдарламада қолданушының жұмысын
жеңілдету үшін орнату мен жою қосымша файлдары да қарастырылған.
3.2.2 Бағдарламашыға арналған нұсқалар
Құрастырылған бағдарлама Windows операциялық жүйесіне арналған.
Бағдарламалық кешенді қайта өңдеу үшін компьютерде Macromedia
Flash МХ бағдарламалық пакеті, Flash Player қосымшасы орнатылу керек.
Сонымен қатар бағдарламадағы суреттер файылы - img, дыбыстық
файлдар – wav, бейне файлдары –mp4 DATA каталогында орналасу керек.
Негізгі компоненттердің қолданылатын командалары:
BackColor – Ағымдағы белгілеуден фон түсін орнатады немесе алады.
Value түстің атынан немесе оның он алтылық RGB эквивалентінен (мысалы,
#FFCC00) тұруы тиіс.
Bold – Жартылай қара мен қалыптының арасындағы ағымдағы
белгілеуде текстің астын сызуды қосады.
Copy – Белгілеп алынғанды ауыстыру буферіне көшіреді.
CreateBookmark – Якордың атын алады немесе оны ағымдағы белгілеуге
құрады. Value – якордың атынан тұратын қатар.
CreateLink - URL сілтемелерді алады немесе жаңа сілтеме құрады. Value
параметрі URL-дан тұруы керек.
Cut – Ағымдағы белгілеуді ауыстыру буферіне қиып алады.
Delete – Ағымдағы белгілеуді тазартады (оның ішіндегілерінің
барлығын жояды).
Find - Value параметрі берілген ағымдағы белгілеуде тексті табады.
FontName – Ағымдағы белгілеу үшін шрифті орнатады. Value осы
шрифтің сипаттамасынан тұрады (FONT тегіндегі сияқты).
34
FontSize – Шрифтің өлшемін орнатады. Value – 1-ден 7 –ге дейінгі
сандардан тұрады.
ForeColor – Текстің түсін орнатады. Value түстің атынан немесе оның он
алтылық RGB эквивалентінен (мысалы, #FFCC00) тұруы тиіс.
FormatBlock – Ағымдағы блокты форматтауды орнатады немесе алады.
Value тегтер-сипаттамалардан тұруы мүмкін.
Indent – Белгіленген тексті бір өсу бірлігіне шегініске арттырады.
InsertButton – Ағымдағы белгілеу орнына батырма идентификаторын
қайта жазады. Value – батырма идентификаторынан тұратын қатар.
InsertFieldset – Енгізу өрісі үшін.
InsertHorizontalRule – Горизонталь жолақ үшін.
InsertIFrame – Фреймдер үшін (IFRAME).
InsertImage – Бейнелер үшін.
InsertInputButton – Батырмалар үшін.
InsertInputCheckbox – Чекбокстар үшін (checkBox).
InsertInputFileUpload –Файлды таңдау элементі үшін.
InsertInputHidden – Жасырын өріс үшін (hidden)
InsertInputImage - Бейнелер үшін.
InsertInputPassword – Паролді енгізу өрісі үшін.
InsertInputRadio – Радио-батырма үшін (Radio)
InsertInputReset – reset батырмасы үшін.
InsertInputSubmit – Submit батырмасы үшін.
InsertInputText – Тексті енгізу өрісі үшін
InsertParagraph – Жаңа бөлім (абзац) қояды.
InsertOrderedList – Тізім мен қарапайым текст арасындағы ағымдағы
белгілеудің стилін қосады.
InsertUnorderedList – Бұл да солай.
InsertSelectDropdown - Drop-down элементін ағымдағы белгілеу орнына
жазады. Value элемент идентфикаторынан тұрады.
InsertTextArea – TextArea элементі үшін.
Italic – Қисық пен кәдімгі арасындағы ағымдағы белгілеуде текстің
астын сызуды қосады.
JustifyCenter - Ағымдағы белгілеу орналасқан барлық блок үшін ортасы
бойынша теңестіруді орнатады.
JustifyLeft - Ағымдағы белгілеу орналасқан барлық блок үшін сол жақ
шеті бойынша теңестіруді орнатады.
JustifyRight – Ағымдағы белгілеу орналасқан барлық блок үшін оң жақ
шеті бойынша теңестіруді орнатады.
Outdent – Белгілеу орналасқан, барлық блок үшін шегіністі бір бірлікке
азайтады.
OverWrite – Енгізу кезінде тексті қою және тексті ауыстыру режимдері
арасында қосылады. Value: true - ауыстыру, false - қою.
Paste – Ағымдағы белгілеудің орнына ауыстыру буферінен тексті қояды.
Refresh – Ағымдағы құжатты жаңартады.
35
RemoveFormat – Ағымдағы фрагменттен форматтаудың барлық тегтерін
жояды.
SelectAll – Құжаттың барлық мазмұнын белгілейді.
UnBookmark – Ағымдағы белгілеп алуда барлық закладкаларды жояды.
Underline – Асты сызылған және кәдімгі арасында ағымдағы белгілеп
алуда текстің астын сызуды қосады.
Unlink – ағымдағы белгіленген фрагменттен барлық гиперсілтемелерді
жояды.
Unselect – Белгілеуді алып тастау.
36
4 Тіршілік қауіпсіздігі
Компьютерді қолданудың көптеген мәселелерінің ішінде (жаңа
ақпараттық технологиялардың бейнесі ретінде) компьютердің адам
денсаулығына әсер ету проблемасын ерекше бөліп көрсету керек. Оның
маңыздылығы мен өзектілігі АТ-ның қазіргі қоғамның өмірі мен қызметінің
барлық салаларына ену жылдамдығы мен тереңдігімен анықталады. Жаңа
ақпараттық дәуірдің пайда болуы жағдайында жеке тұлғаның қалыптасуы
орын алатын балалар компьютер тарапынан айтарлықтай әсер етеді.
ДК пайдаланушының денсаулығын қорғау — педагогикалық,
медициналық, құқықтық, техникалық, ұйымдастырушылық бірқатар
факторларды ескеретін теңдестірілген кешенді тәсіл негізінде шешілуі мүмкін
көп қырлы мәселе. Алайда, бұл мәселемен көптеген мамандар айналысқанына
қарамастан, олардың жұмысы әлі де тиімсіз. Компьютермен дұрыс жұмыс
істеу мәселесін баяндаудағы екпін педагогикалық қызметте есептеуіш
техниканың техникалық сипаттамасынан (оның маңыздылығына ешкім күмән
келтірмейтін)
пайдаланушының
биологиялық
және
әлеуметтік
ерекшеліктеріне ауыстырылуы тиіс. Денсаулықты қорғау мәселесі — бұл
электростатикалық өрістің, жұмыс істеп тұрған белсенді компьютер
тарапынан әлсіз электромагнитті, рентгендік және басқа да сәулелердің
әсеріне ұшырайтын пассивті организмдердің реакциясын зерттеу емес. Бұл өз
қызметінің жаңа, ерекше жағдайларын барабар қабылдауды қалыптастыру
мәселелері [21].
4.1 Бағдарламашының тиімді еңбек жағдайының анықтау
Қазіргі заң жұмысшылардың еңбекті сақтау құқығын қамтамасыз етуге
бағытталған, бұл сала ұлттық саясаттың негізгі принциптерін бекітеді,
өндірістегі жазатайым жағдайлар мен денсаулыққа келтіретін зияндарды
ескерту мақсатымен және өндірістік факторлар келтіретін қауіпті, зиянды
әсерлерді азайту үшін және иелік түрінен тәуелсіз барлық шаруашылық іс
әрекеттер мен өндірістердің барлық түріне арналған [22].
Еңбекті қорғау бұл, заңды және басқа да нормативті акттер негізіндегі
әлеуметтік экономикалық, ұйымдастырушылық, техникалық, гигиеналық
және емдік-профилактикалық іс шаралар мен құралдарға сүйенген жүзеге
асушы жүйе, еңбек процесінде адамның қаіупсіздігін, денсаулығының
сақталуын және оның жұмысқа қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз етеді.
Өндірісте, мекемелерде, кооперативтерде, фермерлік шаруа қожалықтарында
және басқа да әр түрлі иеліктер мен шаруашылықтарда оның ішінде тәуелсіз
жұмыс берушілер мен еңбектік қарым-қатынаста тұратын барлық
жұмысшылар еңбекті қорғау құқығына ие;
Жұмыс орнындағы еңбекті қорғау нұсқауы «Есептеу орталықтағы
жұмысшылар үшін уақытша санитарлық мөлшерлер мен ережелер» және
37
компьютерлік бейне дисплей терминалдағы қолданушылардың еңбегін қорғау
жөніндегі оқу-әдістемелік құралдары негізінде ұйымдастырылған.
Адамның тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыздандыру, ең алдымен қауіпті
және зиянды өндірістік факторларды дұрыс бағалағаннан тәуелді.
Адам ағзасының бірдей өзгеруі әр түрлі себептерден тууы мүмкін. Бұл
мысалыға, өндірістік ортаның факторларынан, миға және күш қажет ететін
жұмыстардың өз деңгейден асып орындауынан, көңіл-күйне, жүйке жүйесіне
ауырлық және т.б. осы себептер сияқты.
Прграммистік өндірістік жұмысы оны бірқалыпты отырыс қалпында
ұзақ отыруына әкеліп соқтырады. Сондықтан оның ағзасы физикалық
қимылдан кемшілік көреді.
Сондықтан бұл кәсіпте жұмыс істейтін адамдар үзіліс жасап, физикалық
жаттығуларды жиі орындау керек. Программистің жұмыс орны жұмыс шарты
бойнша отырып жұмыс істеу үшін индивидуалдық жұмыс орнына жатады.
Программистің жұмыс бөлмесі 6 мІ аумақты бөлменің биіктігі 4 м-ден
кем емес болуы керек.
Еңбекті қорғау өзін сәйкес заң шығаратын және басқа нормативтік
актілердің негізінде жұмыс істейтін, еңбек процесіндегі қауіпсіздікті,
денсаулықты сақтауды және адамның жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз
ететін, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық, техникалық, гигиеналық және
емдік-профилактикалық шаралармен құралдардың жүйесі ретінде ұсынады.
4.2 Жұмыс орнындағы эргономикалық талаптар
Жұмыс орнындағы еңбекті қорғау нұсқауы МЕСТ 4559-88 «Есептеу
орталықтағы жұмысшылар үшін уақытша санитарлық нормалар мен
ережелер»
және
компьютерлік
бейне
дисплей
терминалдағы
қолданушылардың еңбегін қорғау жөніндегі оқу-әдістемелік құралдары
негізінде ұйымдастырылған [23].
ЭЕМ компьютерлерінде жұмыс істеуге медициналық тексеруден
өткендер және еңбекті қорғаудан білімдерін тексергендер, оқытылғандар және
электрлі қауіпсіздіктен бірінші біліктілігін арттыру тобы бар адамдар рұқсат
тіледі.
Дисплей немесе мониторлармен жабдықталған жұмыс орнында еңбек
ету келесі зиянды және қауіпті факторлармен байланысқан:
- Көз ауруы,
- Гиподинамия,
- Еңбектің монотондығы,
- Статикалық электрдің жоғары деңгейі,
- Дисплей экранының жарықтандырылуы,
- Көңіл-күйдің ауырлығы,
- Электрлік тоқпен зақымдану мүмкіндігі.
38
Жоғарыдағы айтылған факторлардың алдын алу үшін және оларды
төмендету үшін келесі ережелерді ұстау керек:
Жаңа мүмкіндіктер бағдарламалық қамтамасыз етудің жаңа қасиеттерін,
әсіресе ЭЕМ-мен адамның қарым-қатынас формаларын дамытуды
туындатады. ЭЕМ-мен пайдаланушы қызметінің психологиялық табиғи
болуын,
бағдарламаның
оқыту
мақсаттары
мен
функцияларына
барабарлығын, пайдаланушының ЭЕМ-мен жұмыс істеу ыңғайлылығын және
оның денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету қажет [23].
Психологикалдылық және эргономикалық БҚ (бағдарламалық құралдар)
сапасының аса маңызды сипаттамаларының бірі болып табылады. Қазіргі
уақытта кеңінен насихатталатын және "бағдарламалық қамтамасыз етудің
достылығы" бағдарламалық құралдардың әзірленуін психологиялықэргономикалық қолдаудың болуын көздейді.
БҚ қолдану дидактикалық мақсаттарды психологиялық және
эргономикалық қолдау арасында ерекше назар аударады. Психологиялық
табандылық пайдаланушының жас ерекшелігіне сәйкес, эргономикалық
талаптарды, ақпаратты қабылдау, ерекше ақпарат үшін ерекше аймақтарды
бөлу және т.б. қамтамасыз етумен тығыз байланысты.
Автоматтандыру практикасында болашақ пайдаланушының қызметін
жобалау мәселелері әдетте стихиялы түрде шешіледі, ең жақсы жағдайда
жүйелік-техникалық қамтамасыз ету авторларының тәжірибесі негізінде, ал
көбінесе кездейсоқ пайымдауларға сүйене отырып. Сонымен қатар,
пайдаланушы қызметінің жобасы автоматтандырылған жүйеге арналған
құжаттама құрамына кірмейді, оны әзірлеудің аяқталған өнімі болып
табылмайды.
Нәтижесінде, пайдаланушы шешетін міндеттердің класын анықтау,
оның ЭЕМ-мен өзара іс-қимыл жасау тілін жобалау, диалог түрін таңдау,
дисплей форматтарын әзірлеу сияқты маңызды мәселелер бойынша
психологиялық және эргономикалық негізделген шешімдер жоқ, бұл әдетте
ЭЕМ-ді қолдана отырып міндеттерді шешу кезінде пайдаланушылардың
төмен уәждемесіне, олардың қызметінің тиімділігінің төмендеуіне,
шаршағандығының артуына, есептеу техникасы құралдарын игеруде
қиындықтардың туындауына әкеледі.
Пайдаланушы қызметінің техникалық және бағдарламалық құралдарын
психологиялық-эргономикалық
қамтамасыз
етуді
құруға
жобалық
бағдарламалық-зерттеу тәсілі ұсынылды. ЭЕМ пайдаланушы қызметінің
жобасын әзірлеудің бастапқы кезеңі мынадай жобалық, жүйелік техникалық,
психологиялық және эргономикалық сәттерді қамтиды:
- пайдаланушының жүйелі-психологиялық сипаттамалары;
- БҚ көмегімен шешілетін міндеттердің класын логикалықпсихологиялық сипаттау;
- көрсетілген міндеттерді шешудің негізгі стандартты рәсімдерін
бағдарламалық қолдау тізбесі;
- ақпараттық технологияларды жүзеге асырудың тиімді стратегияларын,
39
іске асыру құралдарын, процедураларын, іс-қимылдарын қамтитын
компьютерлендірілген қызмет құрылымын сипаттау.
Пайдаланушылардың жеке айырмашылықтарын ескеру керек, атап
айтқанда, әр түрлі деңгейдегі ақпаратты алу мүмкіндігін қарастыру керек.
Компьютер экранында ақпаратты ұсыну нысандарын таңдау кезінде тек
оқу қызметінің мазмұнынан ғана емес, сонымен қатар компьютер ұсынатын
мүмкіндіктерден де шығу қажет: тиімді шешім стратегияларын іске асыру
және "қол" технологиясында қол жетпейтін мақсаттарға жету.
Адамның ЭЕМ-мен қарым-қатынасының ерекше ырғағына байланысты
мәтіндерді түсіну проблемасы ерекше рөлге ие болады. Бұл бағдарлама
мәтіндерін түсінуге ғана емес, сонымен қатар компьютер экранында
пайдаланушыға ұсынылатын мәтіндерді түсінуге де қатысты. Компьютер
сияқты жаңа құралдарды пайдалану кезінде жаңа дағдылар мен біліктердің
қалай пайда болатынын зерттеу қажет.
ЭЕМ-мен өзара іс-қимыл жасау рәсіміне; ЭЕМ-мен пайдаланушының
диалогының түрлеріне; дисплей форматтарын жобалауға; пайдаланушының
қателерін бақылауға; ЭЕМ-мен пайдаланушының диалогының уақытша
параметрлеріне; экрандағы ақпаратты ұйымдастыруға; экрандағы ақпаратты
кодтауға; ЭЕМ-мен пайдаланушының өзара іс-қимыл жасау тіліне қойылатын
талаптар.
Экранда ақпаратты ұйымдастыруға қатысты бірқатар эргономикалық
талаптарды ерекшелеуге болады:
- экранда ұсынылатын ақпарат түсінікті, логикалық байланысқан,
мазмұны мен функционалдық мақсаты бойынша топтарға бөлінген болуы
тиіс;
- экранда ақпаратты ұйымдастыру кезінде артық кодтауды және
ақталмаған, нашар сәйкестендірілетін қысқартуларды болдырмау керек;
- пайдаланушы үшін үйреншікті терминдердің орнына ЭЕМ-ге қатысты
терминдерді пайдалануды экранда азайту ұсынылады;
- ақпаратты көрсету үшін экранның жиегі аймағын пайдаланбау;
- экранда пайдаланушы осы сәтте өңдеген ақпарат ғана болуы керек.
Қазіргі заманғы бағдарламалық құралдарда экранда ақпараттың бір
бөлігін бөлу үшін бірқатар тәсілдер қолданылады: ақпаратты қайта
құрылымдау және аймақтарды бөлу, ақпараттың бөлінген бөлігі үшін
терезелер, сондай-ақ ақпараттың бір бөлігі үшін инверсиялық сурет және
пайдаланушылардың назарын тартатын түрлі әсерлер (жылтылдау және т.б.).
Бұл тәсілдерді пайдалану психологиялық тұрғыдан негізделген, әсіресе БҚ
үшін, функционалдық жағынан эргономикалық түрде негізделуі тиіс.
Ұсынылады: сұрақ-жауап хабарламалары мен кеңестерін экрандағы
негізгі ақпараттан оның көлденең сызығымен бөле отырып, экранның жоғарғы
жағына орналастыру; әр түрлі хабар түрлерін бір-бірінен, қосымша ақпарат
аймағында бөлу қажет.
Мысалы, нұсқалар үшін инверсиялық суретті қолдануды ұсынуға
болады; Қосымша ақпаратты экранында орналастыру аймақтары нақты
40
сәйкестендірілуі тиіс - кеңестер аймағы, түсініктеме аймағы, басқару
хабарламаларының аймағы, қателер туралы хабарларға арналған аймақ;
экранды аймақтау кезінде жеке аймақта белгілер ауқымын өзгертуге жол
беріледі; ПЭВМ пайдаланушысының назарын тартатын әсерлерді
(жылтылдау, жоғары жарықтылық, кері контраст), бұл қажет болған және
психологиялық негізделген жағдайларда ғана пайдаланушы қызметінің
жобасына сәйкес қатаң қолдану керек. Сонымен, жұмыс орнындағы
эргономикалық талаптарын қарастырайық [24].
Статикалық электрдің деңгейін төмендету үшін дисплейдің экранын
бағдарламашының көзінен 550-700 мм кем емес қашықтықта орналастыру
керек.
Дисплей экранының жарықтандыруын төмендету үшін оны
терезелерден немесе электрлі жабдықтардан жарық ағынына перпендикуляр
орналастыру керек.
Көздің шаршауын төмендету үшін жұмыс орнының жарықтығын 300500 люкстан кем емес; экранның жарықтығы – 100 км/кв.м-ден аз емес; нүкте
жарығының ең аз өлшемі – 0,6 мм аз емес, белгі суретінің қарама-қарсылығы 0,8; регенерацияның жиілігі – 72Гц аз емес болуы керек.
Көңіл-күй ауырлығы және гиподинамия әсерін төмендету үшін
техникалық үзіліс және физикалық жаттығулар жасау керек.
Жұмыс басында қойылатын қауіпсіздік талаптар:
Сыртқы киімді және жеке заттарды сыртқы киімді ілетін жерде
қалдыру. Жұмыс үстелінен қажет емес барлық заттарды алып тастау;
ДЭЕМ-ның жүйелік қорабының үстіне кітаптарды, қағаздарды,
құжаттар мен басқа да заттарды қоюға рұқсат етілмейді;
ДЭЕМ-сын басқа электрлі құрылғылармен бірге қосуға рұқсат
етілмейді;
Қажет жағдайларда жасанды жарық немесе үстелдік шамды қосу керек;
ДЭЕМ қорабының қақпағын, қауіпсіздік қаптамалардың беріктігін көру
және құралдарды қосатын желілердің, штепсельдік разъемдардың және
қосқыштардың дұрыстығына көз жеткізу керек;
Дисплей экран бетінің шаңдануына және баспаға шығару
құрылғысының шұңқырына қағаздың дұрыс орналасқанына көз жеткізу керек.
Жүйелік қораптағы желдеткіш ішіне шаңның толып қалмауын және басқа
құралдардың кіріп кетпеуін қадағалау;
Орындықтардың биіктігін және аяқ қойғыштың орналасуын тексеру
керек. Монитор экранын көзден дұрыс орналастыру керек;
Жұмыс барысында қауіпті жағдайлар туындағанда немесе байқалғанда
оны дереу бөлімді басқаратын басшыға хабарлау керек.
Жұмыс уақытысында қойылатын қауіпсіздік талаптар:
ЭЕМ компьютері қосылғанда оның тек қана штепсельдік негіздерінің
оңашаланған бөліктерінен ұстау. ДЭЕМ қораптарын рет-ретімен қосу үшін
пайдалануға арналған нұсқауды ұстау керек;
41
Статикалық электр дәрежесінің туындауынан сақтау үшін дисплейдің
экран бетін ұстауға рұқсат етілмейді;
Компьютерде жұмыс істеу ұзақтығы 4 сағаттан аспауы керек. Әр 2 сағат
ішінде 10 минуттық үзіліс жасау және түскі астан кейін физикалық
жаттығулар, ремаксациондық гимнастика және аутогендік жаттығулар жасау
керек;
ДЭЕМ электрлі қосылғышы қосылған кезде рұқсат етілмейді:
ДЭЕМ қорабының қақпағын және сақтандырғыш қаптамаларды алуға,
ішкі бөліктерді сүртуге, желілерді ауыстыруға;
ДЭЕМ қорабының басқа құрылғыларды қосатын сымдарды ауыстыруға;
Жұмыс орнының орнатылған кескін үйлесімін өзгертуге, сулы
шашықпен сүртуге, ДЭЕМ қораптарын ауыстыруға;
Компьютер алдында тамақтануға.
ДЭЕМ бағдарламалаушысының жұмыс орнында рұқсат етілмейді:
Темекі тартуға, отты жандыруға;
Тез жанатын, қауіпті жарылғыш және химиялық активті, оңашалауды
құртатын өнімдерді сақтауға.
Жұмыс аяқталғанда қойылатын қауіпсіздік талаптар:
Жұмыс істеп жатқан барлық бағдарламаларды, каталогтарды жауып,
компьютерді өшіруге дайындау;
ДЭЕМ-ді және электрлі жарықты желіден өшіру;
Жұмыс орнын тазалау;
Өрт қауіпсідігінің жоқтығына көз жеткізу. Бөлімнің бастығына
жұмыстың аяқталғандығын хабарлау және жұмыс барысында пайда болған
қателіктер мен кемшіліктерге есеп беру.
4.3 Электр қауіпсіздігі
Бізге тағы ең қажет электр қауіпсіздігі МЕСТ 12.1.038-89 құжаты
негізінде 400 Гц-ге дейін жиілікте тұрақты және айнымалы токпен жұмыс
істейтін электр қондырғыларының қорғаныс жерлену мен нөлденуіне
арналған, және қорғаныс жерлену мен нөлдену арқылы электр қауіпсіздігін
қамтамасыз етеді [26].
Стандарт жарылысқа қауіпті аймақтар, электр тасымалдаушылар,
кемелер, металлдық сыйымдылықтарда, су астында, жер асты мен
медициналық техниканың қорғаныс жерлену мен нөлденуіне қолданбайды.
Қорғаныс жерлену мен нөлдену, оқшаулаудың бұзылғанының
арқасында электр қондырғысының ток жүрмейтін металл бөліктері кернеу
астында қалғаны, адамның сол металл бөліктеріне тиіп кеткен жағдайда
электр тогынан қорғау керек. Қорғаныс жерлену электр қондырғысының
металлдық бөлімімен жер немесе жерге балама арасындағы әдейі жасалған
электрлік байланыста айтады.
42
Нөлдену электр қондырғысының металлдық бөлімімен қоректі көздің
жерленген нүктесі арасында қорғаныс нулдік өткізгіш арқылы электр
байланысы айтылады.
Қорғаныс жерлену мен нөлденуге электр қондырғыларының ток
жүргізбейтін металдық бөлімдерінің басқа түрлі қорғаныс әдісі болмаған
жағдайда қамтылу керек. Электр қондырғыларының қорғаныс жерлену мен
нөлденуін келесі шарттарға сәйкес орындау керек:
- Айналмалы токтың номинальді кернеуінің 380 В-тан, тұрақты токтың
440 В-тан жоғары болған кезде міндетті түрде болу керек.
- МЕСТ 12.1.013-78 құжатына сәйкес қауіпті және аса қауіпті
жұмыстарда айналмалы токтың номинальді кернеуінің 42-380 В аралығында,
тұрақты токтың 110-440 В аралығында болған кезде міндетті түрде болу
керек.
Электр қондырғыларында қорғаныс жерлеу ретінде алғашқы кезеңде
табиғи жерлегіштер қолданылуы керек. Өнеркәсіптік ғимараттардың
темірбетон іргетасын табиғи жерлендіргіш ретінде алғанда, қосымша табиғи
емес жерлендіргіштер қажет болмайды. Шекті кернеу мен жерлендіргіш
құралдарының кедергісі жылдың кез келген мезгілінде қамтылу керек.
Бір немесе көп қызмет атқаратын электр қондырғыларына жерлендіргіш
қызметін атқаратын құралдар, осы электр қондырғысының жерлендіргіш
қызметін атқаратын барлық талаптарына сәйкес болу керек.
Жерлегіш мен нөлдену қорғанысқа қолданылатын өткізгіш ретінде осы
қызметке арнайы жасақталған құралдарды пайдалану керек, немесе құрылыс
металдық, электромонтаждық конструкцияларды қолданған жөн. Нөлдегіш
өткізгіштер ретінде алғашқы кезеңде жұмысқа қабілетті тұрған өткізгіштерді
пайдалану керек.
Жерлегіш қорғаныс пен нөлденуге қолданатын өткізгіштердің
материалы, конструкциясы мен өлшемі, жылдың барлық мезгіліне және
механикалық пен химиялық әсерлерге тұрақтылықты қамтамасыз ету
4.4 Өрт қауіпсіздігі
Қауіпті құрылыс конструкциясының бөлме мекемесі К1 категорияға
жатады(өрт қауіпсіздігі аз). Себебі мұнда жанатын (кітаптар, құжаттар,
мебельдер, оргтехника және т.б.) және қиын жанатын заттар (сейфтер, әр
түрлі құрылғылар және т.б.) бұлар отпен әсерлескенде жарылыс тұғызбай
жанады. Мекеменің конструкциясы бойынша оны жасанд немесе табиғи тас
материялдарынан, бетннан немесе темірбетоннан тұратын конструкцияға
жатқызуға болады [27].
Мұнан мекеменің құрылысын өрт қауіпіне байланысты төзімділігін III
деңгейге жатқызамыз.
Бөлме ішіндегі өрт жағымсыз жағдайларды тұғызуы мүмкін (құнды
информацияның құртылуы, құндылықтардың өрттенуіне, адам өліміне және
43
т.б.) сондықтан бұл жағымсыз факторларды жою үшін істеу керек: өрттің
пайда болу себептерін жою және алдын алу, мекемеде өрттің пайда болу
жоспарынқұру мекемеден адамды эвакуациялау жоспарын құру керек.
Өрттің пайда болу себептері болуы мүмкін:
– Электроөткізгіштердің розетка және қосқыштардың жөнделмеуі
немесе дұрыс істемеуі қысқаша өшіп қалуын немесе изоляциядағы соққының
п.б. тұғыздырады;
– Зақымдалған электрқұрылғыларды қолдану;
– Бөлмеде электр жылытатын құрылғыларды қолдану;
– Мекемеге найзағайдың соққысынан туындайтын өрттің п.б. әсері;
– Сырқы әсерлердің салдарынан мекеменің өрттенуі;
– Отты дұрыс пайдаланбау және өрт қауіпсіздігін дұрыс ұстамау
жағдайы.
Өрт қаупінен сақтану үшін жұмыс бөлмесіндегі ток өтетін сымға назар
аудару керек. Берілген сым МЕСТ 9098-59 стандартына сәйкес орындалу
керек.
Өрттің алдын алу шаралары: ОП-2м маркалы 2 өрт сөндіретін қолдық
ұнтақты қолдану. Бұл 40-500 С температурасында 2 м қашықтықта өртті
сөндіруге арналған сөндіргіш құрал. Өрт сөндіруші құралдар күн сәулесінен,
ысытқыш құралдардан және өрт кезінде қолдануға ыңғайлы жерде
орнатылған.
44
5 Экономика
Бағдарламалық өнімнің бағалық құрылымын қарастырғанда оның
өмірлік циклі мен конъюктуралық болжамдарын ескеру қажет.
Конъюктуралық болжамдар жеткізу көлемінің болжамына және нарықты
жаулап алу саясатына сәйкес болады. Ғылымдық өнім түрлеріне сәйкес
нарықты жаулап алу мақсатында осыған сай бағалық стратегия қолданады.
Бағдарламалық өнімнің өмірлік циклінің деңгейіне байланысты оны
өндірудің барлық немесе жекелеген кезеңдеріне сәйкес ұсталымдар енуі
мүмкін, олар: жобалау, жасау, енгізу және оқыту.
Экономикалық тиімділік бағдарламалық қамту жобаларын техникоэкономикалық көрсеткіштерді ендіргенге дейін және кейінгі салыстыруды
бейнелейді [28-29]. Тәжәрибе жүзінде бағдарламалық жобаны өңдеуде
бағдарламамен қамтамасыз ету әрекеттегі өндірістің өндірістік тиімділігін
айқындайды, сондай-ақ қолмен есептеуді жүзеге асыратын өндірістермен
салыстыру бойынша бағдарламалармен қамтамасыз етілген.
Бағдарламалармен қамтамасыз етудің тиімділігі натуралды және
құндылық көрсеткіштермен бейнеленеді:
а) ақпараттандырудағы күрделі шығындар;
б) экспллуатациялық жылдық шығындарды үнемду;
в) ақпаратандырудағы капиталдық шығындардың өзін өзі ақтау мерзімі.
5.1 Жобаланатын обьектіге қажетті күрделі шығындар есебі
Өндірістік қуатын негіздеуде жетекші құрал-жабдықтың өнімділігі мен
оның тиімді уақыт қорын есепке алу арқылы жасалынады. Бұл шығындар
кесте 5.1 келтірілген. Жалпы шығындар сметасы келесі кесте 5.2 берілген.
Кесте 5.1 - Бағдарламалық қамтаманы құрудан кейінгі құралжабдықтарға кеткен күрделі шығындарды есептеу
Кесте 5.2 - Күрделі салымдар сметасы
5.2 Еңбекті ұйымдастыру және еңбек ақы мәселелері
Кәсіпорынның жұмыс тәртіптемесі жұмыс аптасының үзілісті немесе
үзіліссіздігіне байланысты болады, сонымен қатар тәулігіндегі ауысым
санына және жұмыс ауысымның ұзақтығына байланысты болады.
Нақты жағдайға байланысты үзілісті өндірістерде жұмыс 3, 2 немесе 1
ауысыммен жүргізіледі.
Диплом жобасындағы таңдалынып алынған жұмыс тәртіптемесіне
қарай бір жұмысшының жұмыс уақыты теңгерімін жасауға болады (5.3 кесте).
Кесте 5.3 - Бір жұмысшының жұмыс уақыты теңгерімінің мысалы (күн)
45
Есептелінген көрсеткіш Ттиімді тізімдік құрамының келген құрамына
қайта есептеу коэффицентін анықтау үшін қолданады.
Үзілісті өндіріс үшін:
К  Тном  253  1,16
Ттиiм 210
Жұмысшылардың санын есептеу 5.4 кестедегі үлгісі бойынша
жүргізіледі.
Кесте 5.4 - Жұмысшылар санын есептеу
Жұмысшылардың еңбек ақы қорын есептеу 5.5 кестедегі үлгісі
бойынша жүргізіледі.
Кесте 5.5 - Жұмысшылардың еңбек ақы қорын есептеу
5.6 кестеде жұмыскерлер саны мен олардың еңбек ақы есептеулер
нәтижелері жинақталады.
Кесте 5.6 - Автоматтандырудың жобаланған сызбасының ендіргенге
дейінгі және кейінгі персонал санының және еңбек ақы қорының өзгеруі
5.3 Бағдарламалық қамтаманы құрастырудың өзіндік құнын
төмендетуді есептеу
Өндірісті автоматтандыру нәтижесінде материалдар, энергия, еңбек ақы,
әлеуметтік сақтандыруға аударымдар т.с.с шығындардың өзгеруі мүмкін. Бұл
есептеулер келесі 5.7 кестесінде берілген.
Кесте 5.7 - Бағдарламалық қамтаманы құрастырғаннан кейінгі шарттыжылдық үнемдеу
Өндірісті автоматтандыруды ендіруден шартты-жылдық үнемдеу
есептеулер негізінде, өндірісті автоматтандыруға дейін және кейінгі өнім
бірлігінің өзіндік құнын есептейді, (кесте5.8).
Кесте 5.8 - Бағдарламалық қамтаманы құрастырғанға дейінгі және
кейінгі жылдық өнімнің өзіндік құны
1. Компьютер 1 сағатта 400Ватт электр көзін қажет етеді.
1 жылда N1ж=400х1752=700800ватт=700,8кВтх17,747теңге=9089теңге
2. Еңбекті қорғауға шығындар 1адам*3800теңге=3800теңге
5.4 Бағдарламалық қамтаманы құрастырудың экономикалық
тиімділігін есептеу
Бағдарламалық қамтаманы құрастырудың
тиімділігі келтірілген шығындармен есептеледі
46
жылдық
экономикалық
Э = [(Ө дейін + Ен • К дейін) - (Ө кейін + Ен • К кейін)]
(5.1)
мұнда:
Ө дейін – өндірісті автоматтандыруға дейін бірлік өнімнің өзіндік құны;
Ө кейін - өндірісті автоматтандырудан кейін бірлік өнімнің өзіндік құны;
К дейін – өндірісті автоматтандырылғанға дейінгі үлестік күрделі
салымдар, күрделі салымдар жалпы сомасының өндірістің жылдық көлеміне
қатынасымен анықталады;
К кейін –өндірісті автоматтандырылғаннан кейінгі үлестік күрделі
салымдар;
Ен - өндірістің экономикалық тиімділігінің нормативтік коэффициенті,
Ен = 0,15.
Сонымен, барлық мәндерді қойып шығамыз:
Э= (3092078+0,15*853413)-(2374876+0,15*775830)=728800
Бағдарламалық қамтаманы құрастыруға кеткен күрделі шығындардың
өтелу мерзімі мына формуламен анықталады:
ОМ 
К 775830

 1,06жыл
Э 728800
(5.2)
мұнда:
К - өндірісті автоматтандыруға кеткен күрделі шығындар;
Э - өндірісті автоматтандырудан жылдық экономикалық тиімділік.
Егер күрделі шығындардың өтелу мерзімі белгілі болса, онда күрделі
салымдар экономикалық тиімділік коэффициентін анықтауға болады:
Е
1
1

 0,94
ОМ 1,06
(5.3)
Жоғарыда
келтірілген
есептеулердің
негізінде
техникалықэкономикалық көрсеткіштердің қорытынды кестесі жасалынады (кесте 5.9).
Соңында жүргізілген техника-экономикалық есептеулер негізінде
ұсынылып жатқан өндірісті автоматтандыру сызбасының техникалық
мүмкіндіктері және экономикалық қажеттілігі бойынша қорытынды
жасалынады
Кесте 5.9 - Техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің жиынтығы
Мультимедиялық бағдарламаны құрастыру есебі жүргізілді. Жылдық
экономикалық тиімділік 728839 теңге, шығындардың өтелу мерзімі 1,06 жыл
және экономикалық тиімділік коэффициенті 0,94. Жүргізілген есептеулер
жоғары экономикалық тиімділікті көрсетті.
47
Қорытынды
Дипломдық жоба «Python тілінде программалау негіздері» оқвту, үйрету
үшін мультимедиялық интерактивті оқыту бағдарламалық өнімді құрастыру
сұрақтарына жасалды.
Зерттеу барысында мультимедиялық оқыту құралы ретінде
компьютерлік технологиялардың орны зор екендігі анықталды.
Бірінші тарауда келтірілген қосымшаларды талдау нәтижесінде
интерактивті құралды құруда оқытудың әдістемелік деңгейін арттыру үшін
қажетті дидактикалық шарттары анықталды: Теориялық мәліметтер тараулар
мен тапқырыптарға бөлінуі; Тақырыпқа қатысты ақпарат нақты әрі қысқа
берілуі; Мәттін арасында
алға/ кері жылжу батырмалардың болуы;
Тапсырмаларды оқушының тікелей қатысуымен орындалуы; Алынған білімді
тексеру үшін бақылау модулі;Экран бетіндегі мәліметтер иллюстрациялық,
анимациялық тұрғыдан көркем болуы.
Екінші тарауда, мультимедиялық оқытудың компьютерлік тәсілдерін
бағдарламалық модуль ішінде оқушылардың тікелей қатысуымен
орындалатын тапсырмалар түрлері анықталды: Экран бетінде объекті
тасымалдау; Енгізу өрістерін пайдалану; Радио батырманы қолдану;
Құсбелгіні (чекбокс) қолдану; Жылжыту арқылы ашылмалы тізім (List box)
қолдану.
Үшінші тарауда айтылғандардың барлығын ескере отырып Macromedia
Flash ортасын мультимедиялық оқытудың бағдарламалық модульдері
құрастырылды. Эргономикалық және навигация ыңғайлылығы талаптарын
есепке ала отырып, мультимедиялық бағдарламаның интерфейсін жасалды;
қажетті талаптарға жауап беретін Macromedia Flash МХ редакторы таңдаплып
алынды; Action Script тілін қолданып мультимедиялық бағдарламаның
интерфейсін жүзеге асырылды.
Сондай
ақ,
дипломдық
жобаның
қосымша
тарауларында
бағдарламашының еңбек жағдай талаптары, бағдарламалық өнімді
құрастырудың экономикалық тиімділігі сұрақтары қарастырылды.
Құрастырылған бағдарламалық өнім толық аяқталған дипломдық
жобаның өнімі болып табылады, сонымен қатар, кез-келген қолданушыға оқу
үрдісін белсендетуге тиімді және ыңғайлы болып келеді. Құрастырылған
бағдарламалық өнім кафедрада «Алгоритмдеу және бағдарламалау»
сабақтарында оқу процессінде қолдануға бағытталған.
48
Download