Загрузил Ajeki Aset

тәрбие сағат

реклама
Асыл сөз
Мақсаты: оқушылардың өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жас
ұрпаққа ана тіліміздің қадір-қасиетін дарыту, туған тіліміздің тұғырының мықты болуына
негіз қалаған аға-ұрпақ өкілдерінің еңбектерінен оқып үйрену, қазақ тілінің мәртебесін
көтеру, оқушыларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты жүйелі айтуға, топ алдында еркін
сөйлеуге баулу.
Көрнекілігі: ақын - жазушылардың тіл туралы айтқан қанатты сөздері, өлең
шумақтары.
1-жүргізуші: Құрметті қауым! Әр адамның азаматтық қасиеті мен мәдениеті өз
халқын, өз атамекенін қалай сүюімен, өз ана тілін қалай білуімен өлшенбек. Ананың ақ
сүтіне уызынан жарыған адам қашан да отаншыл, ұлтжанды болмақ. Әркімнің өз тіліне
деген құрметі өз анасына, өз ұлтына, өз отанына деген құрмет деп білу керек.
2-жүргізуші: қазақ ақындары осылай жырлаған екен. Республикамыздың
мемлекеттік тілі-қазақ тілі құрметіне арналған «Асыл сөз» зияткерлік сайысымызды
бастаймыз. ( сайысқа 10 оқушы қатысады. Сайыс 6 турдан тұрады)
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың сайысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты. (қазылар алқасымен таныстыру. Сайысқа
қатысушыларды ортаға шақыру)
1-жүргізуші: Әрқашанда блім көптік етпеген,
Талапсыз жан мұратына жетпеген.
Сәлем бердік ұландарға талапкер
Дос көңілден, адал, аппақ ниетпен.
Түскен кезде білімнің жарысына,
Жеңсеңдер қол соғамыз табысыңа.
Талапкердің талабы таудай болар,
Аямас тиіп кетсең намысына.
І тур «Бәйге» (Жауап нақты, тез болуы керек. Бағалануы 10 ұпай)
Сұрақтар:
1. Тыныс белгілерінің ережелер жиынтығын тексеретін білім (Пунктуация)
2. Бес нәрсеге асық бол,
Бес нәрседен қашық бол,
Адам болам десеңіз... өлең жолдарының авторы. (Абай)
3. «Тіл дыбыстарын» зерттейтін сала қалай аталады? (Фонетика)
4. Қазақ тілінде неше буын бар? (9)
5. Қазақ тіліндегі буын саны ))
6. Қазақта тұңғыш дана ана кім? ( Қарашаш)
7. Қазақта тұңғыш шешен кім? ( Жиренше)
8. Тіл туралы заң қанша баптан, тараудан тұрады? ( 27 бап, 6 тарау)
9. Екі кісінің сөйлесуі ( Диалог)
10. Желтоқсан құрбандарын ата ( Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол
Сыпатаев, )
11. Үш би
12. Үш арыс (сәкен, Ілияс, Бейімбет)
13. «Алтын адам» табылған жер
14. «Қалқаман- Мамыр» поэмасының авторы
15. Республикалық балалар газеті (Ұлан)
16. «Бөбек» қорының президенті ( Сара Назарбаева)
17. «Фаризаға» өлеңінің авторы
18. Тіл туралы бір шумақ өлең айт
19. Мұхтар Әуезовтің романы
20. «қызыл кітап» поэмасының авторы ( Қадыр мырзалиев)
ІІ тур «Полиглот» ( жұмбақтың шешуін қазақ, орыс, ағылшын тілінде жауап беру)
1. Қарап тұрсаң өзіне,
Сурет түсер көзіңе.
Ол суретің ұқсайды
Дәл қазіргі өзіне. ( Айна)
2. Бетін адам ашады,
Білім нұрын шашады. ( Кітап)
3. Ойды аяқтап соңында «ноқат» тұрады. ( Сөйлем)
4. Сағат сайын қағылады,
Мектептен табылады. ( Қоңырау)
5. Табаныма байладым,
Қос таяқпен айдадым. (Шаңғы)
6. Ти десем тимейді,
7. Тиме десем тиеді. ( Ерін)
ІІІ тур «Бұл қай кейіпкер»
1.Балуан Қажымұқанның күресіне тәнті болып, таңертеңгі гимнастикамен
айналысуды әдетке айналдырған. Орман ішінде көздеген жауымен байқаусызда
кездесіп, қапыда айырылып қалған кім? ( Хамит. С.Сейфуллин «Бандыны қуған
Хамит» )
2. Өзі мерген, өзі құсбегі, үнемі қанжығасы қанды бола тұра үйіне қоржынын
толтырып әкелмейді, қолындағысын жұртқа үлестіріп береді. ( Ораз. С. Мұқанов «Саятшы
Ораз» )
3. Қалыңдығын бір түнде алып қашпақшы болған, жүйрік аты мен тайыншадай
ірі итімен ауылды қасқыр атаулыдан құтқарып отырған. ( Қайсар. Ғ.Мүсірепов «Боранды
түнде» )
4.Үйінде мәз төсеніші де жоқ, өзі кісіге үйір, жолдасқа жанын қиятын. Бар асыл бұйымыүкілі сары домбырасы. ( Әмірқан. Ж.Аймауытов «Әнші» )
5. «Жетім ұлға қызымды бермеймін, малыма ие болып қалады» деп елінен үдере көшіп,
шөл далаға кезігетін кім? ( Қарабай. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры )
6. Сүйгеніне қосыла алмай, Көкенайдың атқан садағынан аман қалған өз елінде қалмай
Бұқар жаққа кеткен... (Қалқаман. Ш.Құдайбердиев «Қалқаман-Мамыр» )
ІҮ тур «Ұлағатты ұлттық ұғымдар» ( 3, 4 саны бойынша жауап береді.)
Үш би
Үш дана (Абай , Шоқан, Ыбырай)
Үш арсыз ( ұйқы, тамақ, күлкі)
Ү тур «Шешендік өнер»
Қазақ тілінің мемлекттік тіл болуы қажет пе?
а) Иә
ә) жоқ
6-тур «Тұлғаны танисың ба?»
1. Соғыста қаза тапқан баласын жоқтап өлең шығарған, немересін алданыш
көрген, халық поэзиясының ірі өкілі, жүз жасаған бәйтерек.
2. Қазақ тіл білімінің атасы, халқын «маса» боп шағып оятқан, Крылов
мысалдарын аударған, оқу-ағарту, әдебиет, мәдениеттегі орны ерекше
халқымыздың бес арысының бірі.
3. Ұлы Абайдың үздік шәкірттерінің бірі, үлкен ақын, Пушкиннің «Дубровский»
повесін поэма етіп қазақша аударған.
4. Заманымыздың заңғар жазушысы, қазақ халқын бүкіл әлемге танытып, классик
атанған, қорғансыздар тақырыбын шығармаларына арқау еткен.
Жүргізуші сөзі: Бүгін тіл мен әдебиетті шын сүйетін жандармен шын жарыс өтті.
Бәйгеде оза шапқан топты шын жүрегімізден құттықтаймыз. Сіздерді де, құрметті
көрермен, осы ойын алаңының төрінде асыға күтеміз. Келесі ойынға қатысушы.
Мүмкін, сіз боларсыз. Сау-саламат болыңыздар.
Скачать