Uploaded by m-ali_1

Ақ халат

advertisement
Басымыз ауырып, балтырымыз сыздаса
жүгінетін ақ халатты абзал жандар
туралы қаншалықты толғақты ой
тербетсең де артық етпейді. Медицина
қызметкері - деген кең ұғым, қастерлі
мамандық.Бұл мамандық иелерінің
жауапкершілігі де мол, атқаратын
жұмыстары да баршылық. Медицина
қызметкерлерінің мысқылдап кірген
ауруды сылып тастау үшін қаншама тер
төгіп, ұйқысыз түндер өткізетінін бірі
білсе, бірі білмейді. Әрине, еңбекті адал
бағалай білген кісілерге медицина
қызметкерлерінің тұғыры таймас биік
тұлға. Жалпы, медицина қызметкері болу
адамға жарық сыйлау деген сөз.
Қазақстандағы медицина қызметкерінің күні Жыл сайын Қазақстанда
маусымның үшінші жексенбісі Медицина қызметкері күні болып табылады.
Оның мерекесі Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы
Жарлығымен белгіленді.
Әлемде бірнеше ардақты да құрметті
мамандықтар бар. Соның бірі –
дәрігерлер. Оларды “ақ халатты
абзал жандар, адам жанының
арашашысы” деп жатамыз. Қалай
атасақ та, артықтық етпейді.
Дәрігерді ұлықтау, құрметтеу – әр
пенденің азаматтық борышы.
Медицина
Шыңғыс Шашкин нейрохирург
Алмаз Ибрагимов –
репродуктолог дәрігер
Дәурен Әділбай –
онколог
Сухраб Жапаров –
тіс дәрігері, медицина ғылымдарының
кандидаты
Т.с.с 100 жаңа есімге 20
медицина қызметкерлерінің
есімі енді.
Қоғамымызда сіздердің алатын орындарыңыз
ерекше. Қаншама адамның жанына дауа, тәніне
шипа болардай ем тауып, қаншама адамның
өміріне араша түсіп жүрсіздер! Ендеше,
адамгершілігі мен парасатты, білімі мен біліктілігі
жоғары, ар-ожданы таза, ертелі-кеш ерінбей, ел
үшін еңбек етіп, халықтың алғыс-сауабын
арқалаған ақ халатты абзал жандарға сәттілік
тілейміз!!!
Download