Загрузил ospanova.1990

9-11 ғасырдағы Қазақстан жайлы араб деректері

Реклама
Мазмұны
1
1.1
1.2
1.3
2
2.1
2.2
2.3
КІРІСПЕ
9-11 ҒАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ЖАЙЛЫ ДЕРЕКТЕРДІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
9-10 ғасырдағы қазақ жері жайлы жазған араб кітаптарының
ерекшеліктері
Араб деректеріндегі Қазақстанның түркі тілдес тайпаларына
сипаттамасы
Қазақстан жері туралы орта ғасырлардағы географиялық
деректер
9-11
ҒАСЫРДАҒЫ
ҚАЗАҚСТАН
ЖЕРІНДЕГІ
МЕМЛЕКЕТТЕР БОЙЫНША ЖАЗБАЛАРҒА ТАЛДАУ
Араб дерегінде Қарлұқ қағанаты мен Қимақ мемлекетінің
этносаяси тарихы
Оғыз, Қыпшақ және Қарахан мемелекеттерінің араб
деректерінде сипатталуы
9-12 ғасырдағы қала мәдениеті бойынша дерекнама
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
3
5
5
7
11
13
13
17
22
24
25
КІРІСПЕ
Араб тіліндегі Қазақстан туралы жазбалар — 8-15 ғасырлардағы
Қазақстан жерін мекендеген халықтар мен тайпалардың тарихын, әсіресе,
Шыңғысхан шапқыншылығы кезеңін зерттеуге қажетті деректемелері мол араб
тіліндегі тарихи-географиялық әдебиет. Араб халифаты заманында арабтардың
шығысты жаулап алып, мұсылман синкретик. мәдениеті мен ислам дінін
таратып, мұсылман дүниесінен шалғайдағы кейбір аймақтармен сауда
қатынасын дамытуының нәтижесінде көрші және алыс елдерден жан-жақты
мәліметтер жиналды. Орта ғасырлардағы араб тарихнамасында Қазақстан
аймағының ерекше орын алуын, біріншіден, арабтардың Орта Азиядағы
жаулап алған жерлеріне билігін нығайтуға, екіншіден, қазақ даласын
мекендеген көшпелі жауынгер тайпалардың шабуылынан сақтануға тырысқан
әрекеттерімен түсіндіруге болады. Қазақстан халықтары туралы ертеректегі
деректер араб тіліндегі классик. тарихи шығармалардан белгілі. 9 ғ-да өмір
сүрген әл-Белазуридің “Китаб футух әл-бұлдан” (“Жорық кітабы”), әтТабаридің “Тарих әр-русул уә-л-мулук” (“Пайғамбарлар мен патшалар
тарихы”) атты шығармаларында 7-8 ғ-дағы арабтардың Орта Азия мен
Оңтүстік Қазақстанның кейбір аймақтарына жасаған жорықтары айтылады.
әт-Табаридің замандасы, бағдаттық әл-Жаһиздың (9 ғ.) “Манақиб әлатрак” (“Түркілердің лайықты қасиеттері”) кітабында Қазақстандағы көшпелі
түркі тайпаларының этнологиясы жөнінде тұңғыш мәліметтер берілген, Аббас
әулеті халифтары ұландарының қатарындағы түрік сарбаздары жайлы, араб
қалалары тұрғындарын таңдандыратын түркілердің жауынгерлігі, олардың
әдет-ғұрпы туралы баяндалған. Тамим ибн Бахр 9 ғасырдың 1-жартысында
Ертіс бойындағы (Солт.-Шығыс Қазақстан) қимақтар елі арқылы тоғыз-оғыз
қағанының астанасын басып өтіп, Шығыс Түркістанға саяхат жасады. Тамим
ибн Бахр қимақтардың мекен-жайы, шаруашылығы жайында мәлімет бере
отырып, Тараз қ-нан қимақ патшасының сарайына дейінгі көрген-білгені
жайлы әңгімелейді. Қазақстан жерін мекендеген тайпалар туралы деректер 9
ғасырдағы араб тілінде жазылған геогр. шығармаларда да ұшырасады. Мұндай
ерте кезден сақталған еңбекке почта мен тыңшы қызметінің бастығы ибн
Хордадбектің “Китаб әл-масалик уә-л-мамалик” (“Жолдар мен мемлекеттер
туралы кітап”) атты әкімш.-геогр. анықтама еңбегі жатады. Онда Оңтүстік
Қазақстан мен Жетісуды басып өтетін Ұлы Жібек жолы, оның бойындағы
қалалар мен қоныстар жайлы айтылып, түрлі елді мекендердің ара қашықтығы
көрсетілген. ибн Хордадбек, көбінесе, халифаттың ерте кездегі байланыс
қызметі архивіне сүйенген. Тарихшы-географ әл-Йақубидің (9 ғ.) “Китаб әлбұлдан” (“Елдер кітабы”) атты геогр. шығармасында Қазақстан түркілері
жайындағы тарихи этногр. кең ауқымды материал қамтылған. Бұл еңбекте
түркілер туралы деректер анағұрлым нақты берілген. Әсіресе, оғыз, қарлұқ,
қимақ, қырғыз, тоғыз-оғыз тайпаларының бірлестіктері туралы мәліметтері аса
маңызды.
3
9-11 ғасырлардағы Қазақ жері жайлы жазған мұсылман географтарихшылары: Ибн Хаукал, әл-Белазури, әт-Табари, әл-Йақуби, Тамим ибн
Бахр, ибн Хордадбек, Құдама ибн Джафар, әл-Факих, әл-Балхи, Ибн Фадлан,
ибн Хаукал, Әбу Дулаф, әл-Масуди, Исхақ ибн әл-Хұсайын және т.б.
Сондықтан курстық жұмыс тақырыбын «9-11 ғасырдағы Қазақстан
жайлы араб деректері» деп алдық.
Зерттеу объектісі – 9 араб деректері..
Зерттеу пәні – 9-11 ғасырдағы Қазақстан.
Зерттеу мақсаты. 9-11 ғасырдағы Қазақстан жайлы араб деректерін
зерттеп, талдау жасау.
Зерттеу міндеттері:
- Араб деректеріндегі Қазақстанның түркі тілдес тайпаларына берген
сипаттамасына талдау жасау;
- Қазақстан жері туралы орта ғасырлардағы географиялық деректерді
анықтау;
- 9-11 ғасырдағы Қазақстан жеріндегі мемлекеттер мен қалалар бойынша
жазылған араб деректерін зерттеу.
Зерттеу әдістері: зерттеу бағытына сәйкес әдебиеттерге талдау жасау,
бақылау, құжаттармен танысу, білім беру саласындағы мемлекет тарапынан
жүзеге асырылып жатқан іс-шараларды талдау, зерттеудің педагогикалық
тиімділігін тәжірибе арқылы тексеру.
4
1 9-11 ҒАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ЖАЙЛЫ ДЕРЕКТЕРДІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 9-10 ғасырдағы қазақ жері жайлы жазған араб кітаптарының
ерекшеліктері
Араб географы, филолог Құдама ибн Джафар (10 ғ.) “Китаб әл-харадж уә
сан(ат әл-китаба” (“Харадж және хатшылық өнер жайлы кітап”) деген ресми
құжаттар мол пайдаланылған географиялық.-әкімшілік шығармасында
халифаттың әкімшілік бөліктері, ірі қалалары, таулары, өзен-көлдері және жеті
климат (ықылым) туралы деректер береді. Мұнда аймақтардағы жол қатынасы,
жер жағдайы, алым-салық мәселесі туралы айтылады. Шығармада көршілес
мұсылман елдері жөнінде мағлұмат беріліп, онда қарлұқ, қимақ, оғыз
тайпалары, Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу шебіндегі жол қатынасы, қалалар
мен елді мекендер, олардың ара қашықтығы жөнінде нақты мәліметтер
жинақталған. Араб географы ибн әл-Факих (9 ғ-дың соңы — 10 ғ-дың басы)
“Китаб ахбар әл-бұлдан” (“Елдер туралы әңгіме кітабы”, 903 ж.) атты тарихи
шығармасында, көбінесе өзіне дейінгі авторлардың (әл-Жаһид, ибн Хордадбек,
әл-Жейхани) мәліметтеріне сүйенеді. Шығармада Азия мен Батыс Еуропа
елдері туралы тарихи-геогр. материалдар мол.
Түркі тайпалары (қарлұқ, қимақ, қыпшақ, оғыз, тоғыз-оғыз т.б.) жайлы,
олардың орналасуы, шаруашылық және мәдени өмірі, елдер, қалалар, сауда
жолдары туралы деректері аса құнды. 10 ғ-дың басында ибн әл-Факихпен бір
мезгілде ибн Русте көп томдық энциклопед. шығарма жазды. Бұл еңбектің
аймақтардың тарихи-геогр. сипаттамасы жазылған бір ғана томы сақталған.
Ибн Рустенің түрлі саяхташылар мен географтардың шығармаларының
негізінде түркі тілдес тайпалар туралы жазған “Китаб әл-алақ ән-насифа”
(“Қымбат алқа туралы кітап”) атты еңбегінің Қазақстан тарихы үшін үлкен
маңызы бар. 10 ғ. — араб геогр. әдебиетінің кемелденген кезі. Бұл дәуірдегі
арабтың көрнекті географ-саяхатшысы ирандық әл-Истахридің (10 ғ.) “Китаб
масалик уә-л-мамалик” (“Жолдар мен мемлекеттер туралы кітап”) атты еңбегі
әл-Балхидің бізге жетпеген геогр. шығармасының өңделген және
толықтырылған нұсқасы болып табылады. Кітапта Парсы теңізі, Мағриб,
Египет, Сирия, Румдар теңізі, Ирак, Үндістан, Хазар теңізі, Армения мен
Әзірбайжан, Хорасан мен Мауераннахрға географиялық сипаттама берілген.
Бұл елдердің әрқайсысының шекарасы, қалалары, бір-бірінен қашықтығы,
қатынас жолдары туралы дерек келтіріліп, азық-түлік, сауда-саттық, қолөнері
жөнінде егжей-тегжейлі жазылады. Сонымен қатар шығармада Шығыс Еуропа
жайында, соның ішінде хазарлар, бұртастар, бұлғалар жайында, бүгінгі
Қазақстан жерін мекендеген түркі тайпалары: оғыздар, қимақтар, қарлұқтар
туралы маңызды мәліметтер бар. Түркі тайпаларының орналасқан жерлері
белгіленген “Дүние жүзінің картасы” берілген. әл-Истахридің еңбегін 10 ғ-дың
соңында ибн Хаукал толықтырып, “Китаб әл-масалик уә-л-мамалик” (“Жолдар
5
мен мемлекеттер туралы кітап”) деп атады. Оның жазбасына қарағанда олар бір
тілде сөйлеген. әл-Истахри мен ибн Хаукал еңбектерінің маңызды бөлігі “Сурат
әл-ард” (“Жер беті”) деп аталатын геогр. карта болып табылады. 10 ғ-да
Қазақстан жері арқылы арабтың 2 саяхатшысы, ибн Фадлан мен Әбу Дулаф
сапар шеккен. Ибн Фадланның “Рисала” (“Жазба”) еңбегінде араб
халифатының астанасынан Еділ бұлғарларына барған елшіліктің сапары
жазылған. Елшіліктің мақсаты хазарларға қарсы араб-бұлғар одағын құру, әрі
бұлғарлар арасына ислам дінін орнықтыра түсу еді. Елшілік Бағдадтан 921 ж.
маусымда шығып, 922 ж. мамыр айында бұлғарларға жетеді. Бұлар Хамадан,
Рей, Нишапур, Мерв, Бұхара, одан Хорезм, Үстірт, Жайық арқылы Еділ бойына
келді. Мұнда орыстар мен хазарлардың әлеум. және рухани өмірінен,
Қазақстанның бүгінгі батыс облысытарын мекен еткен көшпелі түркі
тайпалары: пешенек, башқұрт, әсіресе, оғыздардың этногр., шаруашылық,
тарихи-геогр. жағдайынан маңызды деректер келтірілген. Ибн Фадлан 942 ж.
Қытай мен Үндістанға жасаған саяхаты жайындағы сапарнамасын 2 “Рисалаға”
(“Жазба”) жинақтады. Онда оғыздардың, қимақтардың, қарлұқтар мен
жікілдердің шаруашылығы, діні мен тұрмыс жағдайы туралы деректер берілген.
Жазбада автор көргенінен гөрі естігенін көп әңгімелейді. Бағдат қ-нда туған
араб тарихшысы әрі географы әл-Масудидің (10 ғ.) шығармасы құнды тарихи
деректеме болып табылады. Ол Үндістаннан Атлант мұхитына дейінгі, Қызыл
т-ден Каспий т-не дейінгі аралықтағы елдерге саяхат жасап, ондағы түрлі
қауым өкілдерімен араласып, дидарласу арқылы дүниетанымын кеңейтті.
“Ахбар әз-заман” (“Дәуір тарихы”) атты 30 томдық тарихи-геогр.
энциклопедиядан қысқа ғана үзінділер сақталған. Оның тарихи
шығармаларынан “Мурудж әз-захаб уә ма(адин әл-жауахир” (“Алтын
шайқайтын және жарқырауық тастар алынатын кен орны”) атты еңбегі
ықшамдалған, ал “Китаб әт-танбих уә-ш-шираф” (“Ғибрат және қайыра
қарастыру кітабы”) атты геогр. шығармасы толық күйінде жетті. әл-Масудидің
еңбектерінде түркі тайпалары қимақтар, оғыздар, қарлұқтар, барисхандар,
тоғыз оғыздар, хазарлар туралы құнды тарихи-этногр. деректер және ерте орта
ғ-дағы Қазақстанның тарихи геогр-сы жайында бағалы мәліметтер берілген.
Сонымен қатар Батыс Қазақстандағы 9 ғ-дың 2-жартысындағы тарихи
оқиғаларға қысқаша тоқталады. әл-Макдиси (10 ғ.) шығармаларының ішінде
оның өзі куә болған оқиғаларға негізделген тарихи-геогр. еңбегі маңызды орын
алады. “Ахсан әт-тақасим фи марифат әл-ақалим” (986 ж.), (“Аймақтар жөнінде
мағлұмат беретін таңдаулы тарау”) атты шығармасы елдер мен аймақтарды
араб әдебиетінде толық та, жүйелі түрде сипаттайтын еңбек. Онда Орта Азия
мен Оңтүстік Қазақстан, ондағы халықтардың тайпалық құрамы, қалалары мен
елді мекендері, сауда жолдары, сауда-саттық заттары, шаруашылығы мен діни
көзқарастары, тілі, әдет-ғұрпы жайында маңызды деректер келтірілген.
6
1.2 Араб деректеріндегі Қазақстанның түркі тілдес тайпаларына
сипаттамасы
Қазақстанның түркі тілдес тайпалары туралы мағлұмат араб-испан
географы Исхақ ибн әл-Хұсайынның (11 ғ.) “Китаб ахам әл-маржан фи сихр әлмадаин әл-машһүр фи кулл макан” (“Дүние жүзінің әйгілі қалаларын
сипаттайтын маржан қазына”) деп аталатын Андалусияда жазылған еңбегінде
берілген. Оның түркілер жайындағы деректемелері Гардизи (11 ғ.), әл-Бируни
(11 ғ.) және әл-Маруазидің (12 ғ.) анықтамаларына сәйкес келеді. Кітапта түркі
халықтары, әсіресе, қимақтар жайлы этногр. және тарихи-геогр. маңызды
мағлұматтар бар. Қазақстанның орта ғасырдағы бағалы деректемесі ретінде әлМаруазидің (12 ғ.) “Табаи әл-хайуан” (“Жануарлардың табиғи қасиеттері”)
шығармасын атауға болады. әл-Маруази салжұқ әулетіне жататын Мәлік шаһ
(1072 — 92) пен оның мұрагерлері тұсында (Санжар билігіне (1118 — 57)
дейін) сарай дәрігері болған.
Оның шығармасында бірқатар деректемелерге, соның ішінде, әлЖейханидің (9 ғ.) еңбегіне сілтеме жасалды. Онда түркі халықтары туралы
соны этногр. деректер бар. Әсіресе, 9 ғ-дың басында қимақ, қыпшақ, оғыз
тайпаларының қоныстануына едәуір ықпал еткен халықтардың қоныс аударуы
туралы Қазақстан тарихы үшін аса бағалы мәлімет араб ғалымы әл-Идрисидің
(12 ғ.) “Нұзхат әл-мұштақ фи-ихтирақ әл-араф” (“Аймақтарға сапар шегіп,
шаршап-шалдыққан жанның ермегі”) атты ірі геогр. еңбегінде көрсетілген. әлИдриси Сеутте туып, Кардовода оқыған. Жас кезінен көп саяхат жасап,
Лиссабонда, Англияда, Францияда, Мароккода, Кіші Азияда болған. Автор
геогр. шығармаларының бірін Сицилия королі Роджер 2-ге (1098 — 1154)
арнаған.
Онда Еуропа, Азия мен Африка елдері туралы егжей-тегжейлі жазылған.
Шығыс Еуропа, Кавказ, Орта Азия мен Қазақстанды мекендеген халықтар
туралы этногр. және тарихи-геогр. сипатта жазылған маңызды деректер
келтірілген. Орта ғасырдағы Қазақстан жерін мекендеген қимақ, қыпшақ, оғыз,
қарлұқ, түргеш, азкиш сияқты түркі тайпаларының орналасуы, шаруашылығы,
қалалары, сауда-қатынас жолдары, қолөнері сөз болады.
Автордың кейбір мәліметтері бізге жетпеген жазба деректерден алынған.
Солардың ішінде Шығыс Қазақстан даласынан шыққан, қимақ патшасы Жапақ
ибн Хакан әл-Қимақидің (10-11 ғ.) шығармасы бар. әл-Идриси еңбегіндегі
“Сурат әл-ард” (“Жер беті”) атты геогр. картада кеңінен көрсетілген геогр. және
экон. объектілер шығарманың деректемелік құнын арттыра түседі. 13 ғ-дан
бастап араб тілінде жазған ортағасырлық авторлар өз заманында өтіп жатқан
оқиғалардан гөрі, өткен дәуірдегі тарихшы-географтардың еңбектерінен
үзінділер келтіре жазуды мақсат ете отырып, біздерге жетпеген бірқатар
шығармалардан бағалы деректер келтіреді.
Әл-Идрисидің ізін қуушы араб географы Ибн Саидтың (13 ғ.) “Жеті
аймақ туралы” шығармасы өзіне дейінгі деректемелерге сүйене жазылғанымен,
Қазақстан мен Еділ бойының, Орта Азияның 13 ғ-дың ортасына дейінгі тарихи
7
геогр-сын зерттеуде өз орны бар. Сондай-ақ, қимақтар, олардың татарлармен
қарым-қатынасы туралы қызықты деректер берілген. Осы тектес деректемеге
тарихшы-географ Закария әл-Қазуинидің де (13 ғ.) еңбектері жатады. Ол
бірімен бірі сабақтас 2 тарихи-геогр. шығармаларымен танымал. Оның
алғашқысы “Аджаиб әл-махлукат” (“Жаратылыс ғажаптары”), 2-сі “Асар әлбилад” (“Қалалар ескерткіші”) деп аталады.
Бұл туындыларда түрлі аспан шырақтары, жердің жеті белдеуі (ықылым),
мұхиттар, өзен-көлдер, жан-жануарлар дүниесі туралы мәліметтер, 9-10 ғ-ларда
бүгінгі Қазақстан жерін мекендеген түркі тілдес оғыз, қарлұқ, жікіл, қимақ
тайпалары жөнінде тарихи-этногр. деректер топтастырылған.Сириялық әдДимашқи “Нұхбат әд-дахр фи аджаиб әл-барр уә-л-бахр” (“Құрлық пен теңіз
таңғажайыптары жөнінде баяндайтын мерзімнен іріктеу”) атты космогр. үлкен
еңбектің авторы. Оның шығармасы, көбінесе, араб авторларының 9-11 ғлардағы дәстүрлі шығармаларына негізделе жазылған. Дегенмен, түркі
халықтары жөнінде, олардың орналасу жағдайы туралы тарихи-этногр.
мағлұматтар берілген. Әсіресе автордың қыпшақтардың этник. құрамы
жайындағы мәліметі құнды дерек болып табылады. Сирия ғалымы Йақұттың
(13 ғ.) “Муджам әл-бұлдан” (“Елдердің тізімі”) атты геогр. анықтамасында
моңғол басқыншылығы, моңғол әскерлерінің қыпшақ, алан, бұлғар және
Саксин жерін басып өткендігі жайлы айтылады. Йақұттың замандасы әрі жақын
танысы Ибн әл-Асир (13 ғ.) Сауд Арабиясы, Сирия, Палестинаға саяхат жасады.
1188 ж.
Салах әд-Диннің крест тағушыларға қарсы жорығына қатысты. Оның
қаламынан бірқатар тарихи-библиогр. еңбектер және “әл-Кәмил фит-т-тарих”
(“Тарихтың толық жазбасы”) атты ауқымды тарихи жылнама жарық көрді. Бұл
шығармада моңғол жорығына дейінгі мұсылман дүниесінің тарихы баяндалады.
Автор біздің дәуірімізге жетпеген құнды деректемелерді пайдаланған.
Мұсылман әулеттері мен оған көрші орналасқан мемл-тердің (Араб халифаты,
Самани, Қарахан, Хорезмшах әулеттері, қарақытайлар т.б.) саяси тарихы егжейтегжейлі жазылған. Қазақстанның орта ғ-дағы тарихы үшін ежелгі түркілерге,
қарлұқ, оғыз, қыпшақтарға қатысты саяси, этник., этногр. және мәдени
сипаттағы мағлұматтардың маңызы зор. Ибн әл-Асирдің 1232 жылға дейінгі
саяси оқиғаларды қамтитын тарихи еңбегінде моңғол шапқыншылығы, оның
зардаптары баяндалған. Ибн әл-Асирдің замандасы хорасандық тарихшы,
Хорезмнің соңғы шаһы Жәлел әд-Диннің сарай хатшысы және өмірбаяншысы
ән-Несауидің “Сират ас-сұлтан Жәлел әд-Дин Манкбурни” (“Жәлел әд-Дин
Манкбурни сұлтанның өмірі туралы”) атты еңбегінде түркі тайпаларымен,
соның ішінде қыпшақтармен тығыз байланыс жасаған Хорезмнің ішкі, сыртқы
саясаты, моңғол шапқыншылығы жайында құнды деректер келтіріледі.
Шығармада Хорезм мен қыпшақ даласының достық қатынасы да, қарулы
қақтығысы да баяндалады, қыпшақ қоғамының ішкі құрылысы, оның
шаруашылығы, тұрмыс-жағдайы жайында мәліметтер бар.14-15 ғ-ларда мәмлүк
(қыпшақ) әулеті билеген Египеттің Алтын Ордамен қарым-қатынасы жайында
бірқатар тарихи шығармалар жазылды. Түркі әулеттері мен халықтары, елдері
8
туралы тарихи геогр. құнды деректері бар әкімш. істерге қажетті
энциклопедиялар жарық көрді. 13 ғ-да Египетте қыпшақтан шыққан әз-Захир
Рукн әд-Дин Байбарыс сұлтанның (1260 — 77) өмірбаянына арналған тарихи
еңбек жазылды. Шығарманың авторы — сұлтанның хатшысы Абд әз-Заһир.
Шығармада Алтын Ордамен қарым-қатынас, Қырымнан Итилге (Еділге) дейінгі
жолдар сипаттамасы, сол кезде Дешті Қыпшақ тайпаларымен араласып кеткен
Қырым тұрғындарының тайпалық құрамы жөнінде этногр. мәліметтер беріліп,
Алтын Ордадағы діни және идеол. жағдайлар туралы айтылады.Көрнекті
тарихшы ән-Нувейридің (14 ғ.) “Нихаят әл-араб фи фунун әл-адаб” (“Араб
пәндеріне қатысты тілек шегі”) атты энциклопед. еңбегі 5 бөлімнен құралған.
Тарихқа арналған соңғы бөлімі кітаптың жартысына жуық көлемін қамтиды.
Тарих тарауы негізінен көшірме, ал түпнұсқасында соңғы жылдардағы яғни
1331 жылға дейінгі деректер қамтылған.
Автор түркі халықтары туралы тарихи-этногр. деректер келтіріп,
“Қыпшақ еліне” қысқаша шолу жасайды, тайпаларының саны, ру тартысы
жөнінде баяндайды. Өмірінің ұзақ жылдарын Мысырда (Египетте) өткізіп, әнНасыр сұлтан (1347 — 51) тұсында мемл. хатшы міндетін атқарған дамаскілік
әл-Омаридың “Масалық әл-әбсар фи-мамалық әл-әмсар” (“Қалалар иеліктеріне
көз жіберу жолдары”) атты энциклопедиясының жеке томдарында Шығыс пен
Батыс аралығындағы өзі білетін барлық мемлекеттер жайлы жазылған.
Мұнда Шыңғысхан шапқыншылығының Орта Азия мен Еділ бойына,
Кавказға тигізген әсері, Дешті Қыпшақ жеріндегі қалалар мен сауда жолдары,
қыпшақтардың орналасуы, әдет-ғұрыптары туралы әңгімелейді. Саяхатшы ибн
Баттутаның (14 ғ.) еңбектері де осы дәуірге сай келеді. Ол Танжер (Мағриб) қнда туып, сонда білім алып, қазылық қызмет атқарған. 25 жыл (1325 — 49)
саяхатта болып, 150 мың шақырымнан аса жол жүрген. “Тухфат ән-нузар фи
ғараиб әл-әмсар уә аджаиб әл-асфар” (“Қалалардың таңқаларлық ғажайыптары
мен саяхат тамашасына тамсанушыларға тарту”) атты кітабында өзінің
сапарлары жайында баяндайды.
Түркі халықтарының тарихы үшін Алтын Орданың құрамындағы
Қырымнан Еділ бойына дейін созылып жатқан Оңт. орыс даласы туралы
жазғандары бағалы мәлімет. Астраханнан шыққан ибн Баттута
Константинопольге соғып, одан Алтын Ордаға қайта оралып, Сарайдағы хан
ордасында болады, Еділден өтіп Үстіртке, одан Хорезм, Бұхара, Ауғанстанға
сапар шегеді. Еңбекте Қазақстан жері, қазіргі Ресейдің оңтүстігін мекендеген
ортағасырлық қыпшақтардың шаруашылығы, тұрмысы, мәдениеті жайында өте
бағалы дерек келтірілген.4-15 ғ-дағы арабтың көрнекті тарихшыларының бірі
ибн Халдун. Ол Тунисте ауқатты отбасында туған. 1382 ж. Египетке қоныс
аударды.
14 ғ-дың басында Сирияда болып, соңғы жылдарын Каирде өткізді.
“Китаб әл ибар...” (“Ғибрат пен тәлімдік тәрбие кітабы”) деп аталатын еңбегі 3
кітаптан құралған. Оның 1-кітабының 1-бөлімінде немесе “Мұқаддимде”
(Кіріспе) өзінің әлеум., филос. және саяси-экон. көзқарастары, қоғам мен мемлтің дамуын, адамдардың мәдени және шаруашылық өмірін қамти отырып,
9
адамзат мәдениетіне қатысты пікірлері жазылды. 1-кітап ежелгі халықтардың
тарихы мен автор заманындағы шығыс мұсылман мемл-тері, оның ішінде
Қарахан, Салжұқ, Хорезмшах, Мәмлүк мемл-тері, Таяу Шығыс пен Орта
Азияда билік жүргізген моңғол әулеттерінің тарихын қамтиды. Ибн Халдунның
еңбегінде түркі тайпаларының (оғыз, қимақ, қыпшақ) ерте ортағасырдағы
тарихы жөнінде деректер мол.Египет тарихшыларының ішіндегі көрнектілері:
ибн әл-Фурат (14 ғ.), әл-Қалқашанди (14-15 ғ-дың басы), әл-Махризи (14-15 ғдың басы), ибн Тагриберди (15 ғ.). Бұлардың еңбегінде Алтын Орда мен
Египеттің қарым-қатынасы, түркі халықтары, әсіресе, қыпшақтар жөнінде
қызықты деректер бар. Египет тарихшыларының ішінде ибн Арабшаһтың (15
ғ.) деректері ерекше құнды. Дамаскіде туған, бірақ бала кезінде тұтқындалып,
Самарқанға әкелінген ол Хорезм, Астрахан, Сарай, Қырым, Түркістанда болып,
Дамаскіге қайтып оралады. Кейін Каирге қоныс аударып, қалған өмірін сонда
өткізеді. Ибн Арабшаһтың “Аджаиб әл-мақдур фи нәуаиб ахбар Тимур”
(“Темірдің тағдырын шешкен ғажайыптар”) атты тарихи шығармасында
Темірдің тонаушылық, басқыншылық жорықтары, Алтын Орданың саяси
тарихы және тарихи геогр. жағдайы Оңт. және Батыс Қазақстан жерін
мекендеген халықтар мен тайпалардың тарихы, этногр-сы жайында деректер
берілген.
10
1.3 Қазақстан жері туралы орта ғасырлардағы географиялық
деректер
Орта Азия мен Қазастан жерінде ислам дінінің таралуына
байланыстыVII-VIII ғасырлардан бастап араб саяхатшылары келе бастайды.
Олар жолжазбаларын қосымша сұрастырып білген мәліметтерімен
толықтырып, бірсыпыра деректер қалдырған. Олардың ішінде ибн Хордабек,
ибн Хаукаль, әл-Истрахи, әл- Масуди, әл-Идриси, ибн Фаблен еңбектері аса
бағалы. Бұлардың жол жазбаларында Фараб (Отырар),Тараз (Талас), Испиджаб
(Сайрам), Сабран (Сауран) қалалары мен Сырдария,Шу,Жайық,Жем өзендері
жайлы мәліметтер келтіріледі.
Әл-Истрахи Арал теңізінің картографиялық бейнесін жасаған. Әл-Масуди
Хазар (Каспий) теңізі мен оған таяу шөл аймақтар жайлы жазған. Ибн-Хаукаль
Орта Азияның картасын сызған. Ибн-Фадлан Еділге саяхаты кезінде (Х ғасыр)
Батыс Қазақстан жерін басып өткен. Ол жазбаларында сол өлкенің өзендері
(Шаған, Жем, Сағыз, Ойыл, Жайық,Ырғыз т.б.)мен Үстірттің жер бедері,
табиғаты жайлы әңгімелейді.Саяхатшы Шалқар көлінде болған.
Солармен қатар, Қазақсатн табиғатын танып білуде Шығыс үлгісінде
білім алған ортаазиялық оқымыстылардың да еңбегі зор. Олардың ішінде әлФараби мен Махуид Қашғари сияқты белгілі ғұламалар бар.
Әбу Наср әл-Фараби. (Мухаммед ибн Мухаммед ибн Узлах Тархани)
(870-950 жж) Отырар (арабша аты – Фараб) қаласында туған. Бұл қалада
кезінде Орта Азияның ірі орталығы болған. Жас кезінде осында тәрбие алған
әл-Фараби кейін Енипети, Сирия, Ирак елдерінде болып, білімін толықтырған.
Ұлы ғалым дәрежесіне жетіп, «Шығыстың Аристотелі» атанған.
Әл-Фараби еңбектерінде өз заманындағы ғылым салалары туралы
деректер мол сақталған. Оның «Ғылымдардың шығуы», «Ғылымдар тізбегі»
атты еңбектерінде табиғаттану мәселелеріне айрықша көңл бөлді. Ол
табиғаттану туралы ойларын математикалық есептерге негіздейді. Бұл тұрғыда
оның аспан шырақтарын бақылауы, жұлдыздардың жылжу бағытын анқтау,
Күн мен Айдың тұтылу ұзақтығын есептеп шығаруы көңіл аударады. Ол
математика арқылы қалалардың орныны анықтауға, геогарфиялық бағытты
айыруға тырысады. Осыған лайықты күнтізбе (каленьдар) жасаған. ӘлФарабидің күн сағаты да геогарфиялық құбылыстарды математика жолымен
түсіндіру арқылы жасалған. Сырықтың (қаданың) көлеңкесін өлшеу – ежелден
келе жатқан әдіс.
Іс жүзінде оны былай істеген: ұзын сырық алып жерге тік қадайды.
Ертеңгілікте көлеңке ұзын болады,ал күн түске таяп, аспанда жоғарылаған
сайын көлеңке қысқара береді. Күннің ең жоғары көтерілетін мезгілі -тал түс.
Сол Мезгілде көлеңке ең қысқа қалпында болады да, онан кейін қайтадан ұзара
бастайды. Көлеңкенің ең қысқарған жерін байқап алып, Оның дәл ұшына қазық
қағу керек те, сырық пен кішкене бөлігі болады. Сырық оның оңғтүстік шеті де,
қазық солтүстік шеті. Міне осылайша, меридианның бағыты тек тал түсте ғана
анықталатын болғандықтан, оны тал түс сызығы деп атаған. Осыдан солардың
11
арасындағы шеңберлік гардусты өлшеу, сағат мезгілін айру қиын емес. Ол күн
сағатының (көлеңке әдісінің) негізін кең түсіеген. Басқаша айтқанда күн
сәулесін сызық, жер шарын сфера ретінде алып, сол арқылы шеңберлік
градусты өлшеп, сағат мезгілін есептеп шығарған.
Махмуд Қашқари. (толық аты –жөні – Махмуд ибн әл-Хусейін ибн
Мухаммед ХІ ғ.). Оның әкесі Қашғарда туып-өсіп, соның тұрғыны болғанымен,
өмірінің көп кезеңін Баласұғын қаласында кешкен. Атақты ғалым осы
Баласұғын қаласында туған Махмуд Қашғари арабша жоғарғы білім алған өз
заманының аса көрнекті ғаламы болған. Араб филологиясын жетік білген жіне
өз білімін туған халқының тілі мен әдебиеті, тарихы мен этнографиясы,
географиясы жайында зерттеулер жүргізуге жұмсаған, Махмуд Қашғаридің
«Диуани лұғат-ат-түрік» («Түркі лексикасының жинағы») атты еңбегң
географиялық тұрғыда да маңызды. Онда ол сол заманғы түркі тайпаларының
орналасу реті мен қалалардың, таулардың өзендердің аттарын келтіріп, оған
тарихи және геогарфиялық түсініктер береді. Геогарфиялық тұрғыдан алып
қарағанда Махмуд Қашғаридың қолжазба күйінде сақталған «Дөңгелек
картасы» өте көңіл аударарлық. Бұл картаны К.Миллер,А.Герман,И.И.
Умнияков, Ш.Д. Алиев және басқалары зерттеген. Зерттеушілердің бәрінің ойы
бір жерден шығады. Бұрынға араб географтары картаның ортасына Меккені
алса, Қашғари Қашқариямен Жетісуды, Баласұғын қаласын алған.Қалалар мен
елдерді Ыстықкөл айналасына шоғырландырған. Орта Азия жерін таулар және
жазықтыққа бөліп берген. Бірінші рет Тянь-Шань тауларының Ыстықкөлге
қатар орналасқаны жөнінде мағұлмат берген.
Монғол
шапқыншылығы
кезінде
Қазақстанға
келген
Қытай
саяхатшылары Елюй Чу-Цай (1219 ж) мен Чань Чунь (1220 ж) Іле –Талас
өзендерінің аралығындағы елдер туралы мәлңметтер жинаған, Алмалық
қаласында болған. Олар жергілікті халоқытардың егіншілікпен кәсіп ететінін,
жібек өсіретінін, өлке жерінің жемістерге бай екенін және шарап жасау мен
айналысқанын мәлімдейді. Талас, Сырдария өзендерінің табиғат ағдайланын
сипаттайды.
ХІІІ ғасырдан бастап Орта Азия мен Қазақстанға еуропалық саяхатшылар
мен елшілер келе бастайды. Олардың ішнде итальяндық Плано Карпини (1246
ж.) мен француз Вильгельм де Рубруктың (1253 ж.) саяхаттары маңызды.
Карпини өзі Монғолияға бет алып жүріп өткен жолындағы Жайық өзені,ТяньШань, Тарбағатай таулары, Сырдария, Алакөл алқаптары жайлы мәліметтер
қалдырған. Ал Рубрук Еділ,Жайық,Мұғалжар,Арал, Шу,Жетісу, Іле, Балқаш
т.б. өзіне кездескен нысандарды сипаттаған.
Ортағасырлық саяхатшылар жүріп өткен жерлерін атап, қысқаша
сипаттағанымен, еліміздің жалпы табиғаты жағдайына, оның ерекшеліктеріне
көңіл бөлмейді. Қазақсатнның жалпы жер көлемі туралы да айқын түсінік
болмады. Оның жер пішіні карталардаүстірт бейнеленді. Алайда бұл
саяхаттардың кейінгі зерттеушілер үшін қосымша мәліметтер бергені даусыз.
12
2 9-11 ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ЖЕРІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТЕР
БОЙЫНША ЖАЗБАЛАРҒА ТАЛДАУ
2.1 Араб дерегінде Қарлұқ қағанаты мен Қимақ мемлекетінің
этносаяси тарихы
Vғ. Жазылған деректерде қарлұқтарды «бұлақтар»(болаттар) деп
атаған.Олардың мекені:Алтай-Балқаш көлінің шығыс жағалауы.VIIғ.ортасыбұлақ,шігіл,ташлық тайпалары бірігіп,қарлұқ бірлестігін құрды.Бірлестіктің
билеушісі-елтебер.742ж.-қарлұқтар ұйғыр және басмыл тайпаларымен бірігіп
Шығыс Түрік қағанатына қарсы күресіп,түріктерді жеңді.Шығыс Түрік
қағанатының орнына Ұйғыр қағанаты (744-840ж.) құрылды. VIIIғ. Ортасы
(746ж.)-қарлұқтар ұйғырлардың қысымымен Жетісуға көшті. 756ж. қарлұқ
қағанаты құрылды.Астаналары-Суяб,Тараз.Территориясы:Жетісу,(Шу мен
Талас өзені,Батыс Тянь-Шань,Ферғана,Сырдария маңы).766-775ж.қарлұқтар
Қашқарияны жаулады.
Қарлұқ қағанатының билеушісі-жабғу,840ж. бастап қаған.Қарлұқтар
791ж.ұйғырлардан,812 ж.арабтардан жеңіліп,Ұйғыр қағанатының тәуелділігін
қайта мойындады.840ж.Ұйғыр қағанаты Енисей қырғыздарының соққысынан
құлағаннан кейін Білге құл –Қыдырхан өзін қаған деп жариялап, қарлұқтар
бостандығын мәлімдеді. Қарлұқтар жайында араб және парсы деректерінен
білеміз.Араб географы Әл- Маруази(XII) қарлұқтардың құрамында 9 тайпа
болғандығын дәлелдейді.Сонымен қатар соғды және оғыз тайпаларының бір
бөлігі де енген.Қарлұқтар тілі-түрік тілі.Араб геогр.Ибн-Хаукаль(Xғ.) дерегінде
көрсеткендей,қарлұқ жерін батыстан шығысқа қарай жүріп өту үшін отыз күн
керек.Xғ.Қазақстанның үлкен бөлігі оның территориясын құрады:Жоңғар
Алатауы,Сырдарияның орта ағысы, Балқаш Ыстықкөл, Іле, Шу, Исфиджаб,
Отырар төңірегі.Қарлұқтардың 25 қаласы мен елді мекендері болған :
Тараз,Құлан,Мерке,Атлах,Барысхан,Талғар
т.б.IXғ.аяғы-саманилер
Исфиджабты басып алып,Таразды қоршады.
Белгісіз автор «Худуд әл-аламның» хабарына қарағанда, Суяб сияқты ірі
қалалардан 3000 – ға дейін жасақтар құрылатын. Қағанның ордасы Тараздан
Қашқарға көшірілді.Тараз халқы ислам дінін қабылдады.Қарлұқтар
ақсүйектерінің көпшілігі екінші астана-Баласағұнда тұрды.Саманилерге қарсы
күресті Қадырханның балалары:Базар Арслан мен Оғұлшақ жүргізді.Қарлұқ
тайпалары Жетісуда 200ж. билік құрды.
Қағанаттың әлсіреуінің себептері:Ішкі тартыстар;Жайылым жер үшін
күрес.940ж.-Қашғардың түрік билеушілері Баласағұнды жаулап алып,Қарлұқ
қағанаты өмір сүруін тоқтатты.Шаруашылығы,мәдениеті:Қарлұқтардың
көпшілігінің басты кәсібі көшпелі мал шаруашылығы болды.Көшпелілер
маусымдық жайылымның бірінен соң біріне ауысып,ұзақ уақыт көшіп
жүрді.Суы мол өзен жағалауларында,шөбі қалың жерлерде қоныстанған.Кейбір
топтары қыс Жайық пен Жемнің арасын қыстап,жаз Ертіс жағасын жайлап
13
жүрді.Орта ғасыр авторлары қарлұқтардың жылқы,қой,ешкі,сиыр,өгіз,түйе
өсіргендігін айтады.Олардың шаруашылығында қой өсіру аса маңызды рөл
атқарды.Көшпелі шаруашылықта жылқы өсірудің аса маңызы болды.Жылқы
соғысқа,аң аулауға пайдаланылды.Ет пен сүт тамақ болған,ал жүнінен
киіз,киім,кілем және басқа бұйымдар жасаған.Қарлұқтардың күнкөріс
кәсіптерінің бірі аң аулау болған.Қарлұқтардың кейбір топтары,әсіресе
кедейлері
Сырдариядан,Ертістен
және
басқа
өзенднрден
балық
аулаған.Кедейленген қауым мүшелері отырықшылыққа көшеді.Отырықшылар
егін салды,көбінесе тары егетін болды.Қарлұқтарда үй кәсіптері мен қолөнердің
ең дамыған түрі-мал өнімдері мен шикізаттарын өңдеу және қайта өңдеу
болды.Малдың терісінен әр түрлі аяқ киім,ыдыс,садақтың қаптамасы,қорамсақ
т.б. заттар жасалынды.Қауымның қатардағы мүшелері де өздеріне қажетті
заттарды өздері жасады.
Қарлұқтардың қоныстарында құмырашылық өндірісі де өркендеді.Бұған
қоса олар мекендеген террит. Темір,күміс,алтын,т.б. асыл тастарды
өндірді.Алтын мен күмістен сәндік бұйымдар жасалды.Қолөнердің дамуын
археологиялық материалдар көрсетеді.
Қытай деректемелерінде көрсетілгендей (Кимектер) Қимақтар тарихы VII
ғасырдан басталады. Ондағы аталатын яньмо тайпасы зерттеушілердің
шамалауы бойынша кимек тайпасы болып саналады. Қимақтар туралы
тарихшы ғалым Б.Көмековтың жазған еңбектері оқырман қауымға белгілі. Бұл
оқу құралында оның еңбектері негізінен түркі дәуіріне арқау болып отыр.
Қытай тарихнамасының негізін қалаушы Сыма Цянның жазуы бойынша
солтүстік Моңғолия жерін мекендеген тайпалардың ішінде қимақтардың
құрамына кірген қыпшақ этнонимі болған. Күлтегін ескерткішіндегі «татаба»
тайпасы қимақ тайпасы деген пікір орын алып жүр.
Қимақтар туралы басты хабарлар 9-11 ғ араб-парсыдеректерінде көп
кездеседі. 9 ғасырдың 1 жартысында өмір сүрген араб тарихшысы Абул Валид
Мухаммад әл-Азракидің «Меке қаласының жылнамасы» атты еңбегі. Бұл
еңбекте Отырардағы қарлұқ жағбуының қимақ еліне қарай қуып жіберілгендігі
хабарланған.
Бұл хабардан Отырар аймағына арабтардың келе бастағандығы байқалса,
екіншіден қимақ елінің 8 ғ өзінде белгілі бола бастағандығын білдіреді.
Қимақтар туралы мұндай хабарларда Тамим ибн Бахар, әл-Джахиз, Ибн
Хордадбех, Әл-Истахри, Ибн Хаукәл сияқты мұсылман авторлары қалдырған.
Теле тайпаларының бірі болған яньмолар (кимектер) VII ғасырдың бас кезінде
Солтүстік Моңғолияны мекендеген, ал VII ғасырдың ортасына таман кимектер
Алтай тауларының солтүстігі мен Ертіс өңіріне көшіп барады. Кимек
тайпаларының басшысы "шад татұқ” деп аталған. VIII ғасырдың екінші
жартысы – IX ғасырдың басында кимек тайпалары үш бағытта: солтүстікбатыста Оңтүстік Оралға, оңтүстік-батыста Сырдария аңғарымен Оңтүстік
Қазақстанға, оңтүстікте Солтүстік Шығыс Жетісу аймағына қарай қоныс
аударады. 766 және 840 жылдар аралығында кимектер Батыс Алтай, Тарбағатай
14
мен Алакөл ойпатының жерлерін жайлап, Шығыс Түркістанды мекендейтін
тоғыз оғыздардың теріскей шебіне дейін жетеді. Осы кездері жеті тайпадан:
эймур, кимек, қыпшақ, татар, баяндүр, ланиказ, ажлардан тұратын кимек
федерациясы құрылды. Кимек тайпаларының басшысы "байгу” (жабғы) деп
аталады.
Бұл атақ өзінің лауазымдық дәрежесі жағынан шадтан жоғары болған. IX
ғасырдың бас кезінде кимектер Сырдарияға қарай жылжиды. Бұл жерде олар
қарлұқтармен одақтасып, Сырдария бойындағы және Арал өңіріндегі қаңғарпеченег тайпаларын талқандайды. Печенегтерді бұл жерлерден ығыстырып,
осында қоныс аударған оғыз тайпаларына оларды батысқа қарай қуып жіберуге
пәрменді көмек береді. Мемлекет ішінде тайпалар ақсүйектерінің өкілдерінен
билеушілерді тағайындап отырған. Қимақтардың этникалық құрамы туралы
алғашқы хабар Гардизидің «Зайн-әл-акбар» атты еңбегінде аңыз түрінде
кездеседі.IX ғасырдың аяғы – X ғасырдың бас кезінде, яғни Кимек қағанатының
құрылған уақытынан бастап, олардың ханы түріктердің ең жоғарғы лауазымы
хакан деп аталған, немесе хандардың ханы деген мағынаны білдіреді. Хаканнан
кейінгі билік Қимақ мемлекетінің құрамына енген тайпалар бірлестігін
басқарған жабғулардың қолында болған.
Олардан кейінгі жеке-жеке ру-тайпаларды шад-түріктер билеген. Кимек
мемлекетінің қалыптасып өсуіне қарай, олардың тайпаларының құрамы да
өзгеріп отырған. Тарихи деректердің көрсетуі бойынша, бұл кезде қағанат
құрамына кірген тайпалардың саны 12-ге жеткен. Араб-парсы деректері
қимақтардың мал өсіруімен айналысатынын көрсетеді. Ибн-әл-Факих
қимақтардың денелері ірі, құйрықты қойларды өсіретіндігін хабарлайды.
И.Маркварт қимақтардың қысқы жайылымы Орал мен Жем бойы деп айтады.
Әл-Жакуптың жазуына қарағанда қимақтар егін шаруашылығының ішінде тары
егумен жақсы айналысқан.
Сондықтан да олардан осы күнге дейін тары, тарышы деген ұғымдар
сақталған. Рубрук қимақ тайпаларының ішімдік жасауда қымыздан басқа да
қыс айларында ішетін, оларда күріш, тары, арпа және балдан әртүрлі ішімдіктер
дайындалатындықтарын жазған. Қимақтар қол өнермен, аң аулау, балық
аулаумен шұғылданып, қыстауларды қоныс етіп, шағын мекендерде тұрған, бұл
мекендер бірте-бірте қалаға айналған. Қимақтар жазуды білген. Олар ежелгі
көне түрік жазуын пайдаланып, қамыс қаламмен жазған. Қимақтар табиғаттың
әр түрлі күштері мен құбылыстарын пір тұтқан, көк тәңірісі ата-бабаларына
сиынған.
Олар күнге, жұлдыздарға, аруақтарға да табынған. Ертіс өзенін қасиет
тұтып, "өзен – адамның тәңірі” деген. Өлгендерді өртеп жіберген. Оларға тас
сымбат (мүсін) қойып, оған табыну салты кеңінен тараған. XI ғасырдың бас
кезінде Орталық Азиядан шыққан тайпалардың бірінен соң бірінің шабуыл
жасауы Қимақ мемлекетін әлсіретті. Қимақтардың бір бөлігі Ертісте қалып,
екінші бөлігі Түркістан және Орта Азия аймағына қоныс аударды, енді біразы
қыпшақ тайпаларымен батысқа, оңтүстік орыс далаларына қарай қозғалды.
Сөйтіп, қыпшақтар қимақ мемлекетінің орнын басты. Қимақтар, негізінен, мал
15
шаруашылығымен айналысты. Олар мұнымен қатар егін шілікпенмен де
шұғылданды, балық, аң аулады, тайғалық аймақтарда қымбат аң терілерін
дайындады.
Қимақтар арасында қолөнері де дамыды, мата тоқып, киім тікті, металл
бұйымдар шығарды, темір, күміс, алтын өндіріп, металл құйды. 9 – 11
ғасырлардағы араб-парсы авторлары отырықшы қимақтардың тұрақты
мекендері болғанын жазады. әл-Идрисидің(12 ғасыр) дерегіне қарағанда,
олардың өзендер мен көлдер жағасына, таулы аудандарда, пайдалы қазба
байлықтары орналасқан жерлерде 16 қаласы болғаны келтіріледі. Олардың
көпшілігі сауда жолдарына орналасқан. әл-Идриси қимақтар хақанының Ертіс
өзенінің жағасындағы астанасы мықты қорғанмен қоршалғанын жазады.
Қимақтар әлеуметтік және мәдени жағынан 6 – 8 ғасырларда ежелгі түркі
ортасында қалыптасқан дәстүрлерді ұстап, одан әрі дамытты. 11 ғасырдың
басында қимақтардың орнына жаңадан нығайған қыпшақ тайпалары келді.
16
2.2 Оғыз, Қыпшақ және Қарахан мемелекеттерінің араб деректерінде
сипатталуы
Оғыздар мемлекеті: этно-саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.
Оғыз мемлекеттік бірлестігі, 9 – 11 ғ-ларда Қазақстан жерінде өмір
сүрген. Негізгі аумағы Сырдарияның орта ағысынан Еділдің төм. бойына
дейінгі аралықты қамтыды. Оңт-те Хорезм, Мауераннахр және Хорасанмен
шектесті. Бат. Түрік және Түркеш қағандықтары құлағаннан кейінгі тайпалар
арасындағы өзара күрес пен Қарлұқ қағандығының құрылуымен байланысты
Бат. Жетісу жерін мекендеген оғыз тайпалары 8 ғ-да бұл өңірден көше бастады
(қ. Оғыздар). Үлкен Күлтегін жазуында : «Күлтегінді жерлеу салтына қатысқан
түрік тайпаларының ішінде Түргеш қағаннан Бақыраш мөрші келді деп
жазылса, онымен қатар оғыз білге мөршісінің де келгендігі жазылған.Мұндағы
мөршінің немесе шебердің оғыздардан шыққандығына қарағанда оғыз сөзінің
тасқа жазылуға дейін-ақ қалыптасып, белгілі бір әулеттің атынан келіп
тұрғандықты көрсетеді. »
Әйгілі М.Қашқаридің сөздігі «Дивани луғат ат түрікте» Оңтүстік Шығыс
Қазақстанның жерінде, әсіресе Ыстық көлмен Шудың орта бойында қырғыз,
қыпшақ, оғыз, яғма, жігіл, имек сияқты түрік тілдес тайпалардың қатар өмір
сүргендігі белгілі.10 ғ-да О. м-нің астанасы болған Жаңакент қ. Еуропа мен
Азияны жалғастыратын маңызды керуен жолы торабына орналасты. Жаңакент
арқылы маңызды керуен жолдары қимақтар еліне, Хорезм мен Мауераннахрға
өтті. О. м-нің жоғары билеушісі “жабғу” (ябгу) деп аталды. Олардың “күлеркіндер” деген кеңесшілері болды. Жабғу ресми түрде сайланып
қойылғанымен, билік атадан балаға мұраға қалып отырды. Дегенмен,
басқарудың әскери-демокр. түрі сақталғандықтан, жабғудың билігі тайпа
көсемдері кеңесімен шектелді.
Мемлекетте тұрақты алым-салық жүйесі болды. О. м. Еуразияның саяси,
әскери тарихында маңызды рөл атқарды. 965 ж. Оғыз жабғуы мен Киев князі
Святославтың арасында хазарларға қарсы әскери одақ жасалып, нәтижесінде
Хазар қағандығыталқандалды. Хазар қағандығының құлауы О. м-нің саяси
қуатының өсуіне себепші болды. 10 ғ-дың аяғында оғыз жабғулары Киев
князьдерімен біріге отырып, Еділ бұлғарларын күйрете жеңді. Бірақ 11 ғ-дың
басында О. м-нде ішкі саяси-әлеум. қайшылықтар туып, әлсірей бастады. Бұл
жағдайды Жент маңына 10 ғ-дың орта кезінде келіп қоныстанған салжұқтар
пайдаланды.
Салжұқтар Жент қ-н басып алғанымен, ұзақ уақыт ұстап тұра алмай,
кетуге мәжбүр болды. Көп ұзамай оғыздар қайта күшейіп, 1041 ж. Хорезмді
басып алады.Алайда 2 жылдан кейін оғыз жабғуларының соңғысы Шаһмәлік
салжұқтардың қолына түсіп өлтіріледі. Салжұқтарға қарсы ұзақ жылдар
жүргізілген соғыстар мен қақтығыстар О. м-н іштей әлсіретіп, ол қыпшақ
тайпаларының соққысынан біржолата құлады. Оғыздардың бір бөлігі Шығыс
Еуропаға, Кіші Азияға кетті, енді біразы Мауераннахрдағы Қарахан әулетінің
және Хорасандағы салжұқ билеушілерінің қол астына көшті.Қалғандары 11 ғ17
дың ортасында Дешті Қыпшақтың түркі тілдес тайпаларына бірте-бірте сіңісіп
кетті. Оғыздар көшпелі мал ш-мен айналысты, Сырдария алқабындағы
қалаларда дәнді дақыл егіп, бау-бақша өсірді.
Олардың көпшілігі отқа табынушылар болды. Сонымен бірге оғыздар
арасында бірте-бірте ислам діні тарай бастады. Сырдария алқабындағы, Арал т.,
Каспий т-нің солт-ндегі жерлерді мекендеген оғыз тайпалары қазақтардың этн.
тарихында елеулі рөл атқарды. Тарихи аңыздарда олар қазақ, түрікмен, өзбек,
қарақалпақ халықтары аталарының бірі саналады. Шаруашылығы:Оғыздар мал
шаруашылығымен айналысты.
Оғыздардың бір бөлігі Сырдарияның төменгі бойын қыстап, жайлауға
Каспиймаңындағы далаға көшетін болды. Әл-Бируни оғыздардың қара күзде
Хорезм шекараларына таяу көшіп келетінін жазады және олардың енді бір
топтарының қимақтар елінде Манқұр көліне таяу жерде151 (Ұлытау баурайы)
кәшіп жүретінін айтады. Ибн Фадлан мен Гардизи X ғасырда оғыздар мен
қимақтардың жер қайыстырған қалың жылқы өсіргенін жазады. Оғыздардың
күнкөріс кәсіптерінің бірі аң аулау болды. IX ғасырда әл-Йакуби көшпелі
түріктер «көбіне жабайы аң-құстың етін жейді» деп жазды. Оғыздарда уй
кәсіптері мен қолөнерінің ең дамыған түрі мал өнімдері мен шикізаттарын
өндеу және қайта өндеу болды. «Ондағы шеберлер, — деп жазды әл-Идриси
оғыздар мен қимақтар туралы, - темірден ғажайып әдемі бұйымдар жасайды
деп.
Қыпшақтардың этно-саяси тарихы(9-11ғ). .«Қыпшақ» атауы ең бірінші
рет 760 жылы ежелгі түріктің руникалық ескерткіштеріндеаталады. Мұсылман
деректерінде қыпшақтар тұңғыш рет араб географы Ибн Хордабектің (IX ғ.)
жылнамалық жинағында ұшырасады. Қазақстанда ғ Алтай жеріндегі теле
тайпаларының батысқа жылжығандығын, олардың ішінде «хэ-си-сик» яғни
қыпшақ тайпаларының болғандығын қытай тюркологы Цень-Чжунь-Мянь
жазған.
Совет тюркологы С.Кляшторный да бұл пікірді қолдайды.
Қыпшақтардың алғашқы болған кезін 656 жылы Батыс түрік қағанаты
құлағаннан кейін Алтай тауының Солтүстік жағы мен Ертіс өңірін жайлаған
қыпшақтардың едәуір мол топтары кимектердің басшылығы мен тайпалар
одағының өзегін құрайды. Алайда олар кимек мемлекетінің құрамынан бөлініп,
батысқа қарай көшуіге мәжбүр болады. Бірақ қыпшақтар түбірлі тәуелсіздікке
жете алмайды, олар VIII-X ғғ. кимек мемлекетінің құрамында болып,
қыпшақтар тарихы кимектер тарихымен қоса өрледі. Рашид-ад-диннің жазуына
қарағанда қыпшақ қоғамында ұран тайпасының беделі ерекше болған. Оған
себеп, Хорезм шаһ мұхаммед – екінші анасы Тұрқан хатун осы ұран тапасынан
болған тәрізді. Нувайри мен Ибн-Халдунныңжазуына қарағанда 92баулы
қыпшақ, жетіру, төртру деп жиынтық атаулармен аталатын ру тайпалар кірген.
XI ғасырдың басында Кимек қағанаты тарханнан кейін, кимек, қыпшақ және
қуман тайпаларының бұрын жайлаған жерлерінде әскери саяси жетекшілік
қыпшақ хандарының қолына көшеді.
18
Қыпшақтың өкімет басына келген ақсүйектер әулеті оңтүстік және батыс
бағыттарында белсенді қимыл-әрекеттерге кірісіп, Орта Азия және Оңтүстік
Шығыс Европа мемлекеттерімен тікелей байланыс жасауға кіріседі.Қыпшақ
этникасының қазақ территориясында құрылуы аса ұзақ процесс болған, ол үш
кезеңге бөлінді: 1.VII-VIII ғғ. Kимек қағанатының құрамындағы қыпшақтар;
.VIII-IX ғғ. Алтай тауларынан батыстағы Еділ өзеніне дейінгі террторияға
қоныстанып, саяси үстемдік алған қыпшақтар; 3.XI-XIII ғғ. Шығыс ұлыстағы
айбынды қыпшақтар.XI ғ. екінші жартысынан бастап қыпшақтардың этникалық
құрамына енген негізгі тайпалар: қимақтар, баяндурлар, баяуттар, қаңлылар,
ұран тайпалары. Әбу-л-Ғазиздің хабары бойынша Ыстық көл мен Талас
жағалауына қоныстанған қаңлылар да кірген.Рашид-ад-Диннің жазуына
қарағанда, қыпшақ қоғамында ұран тайпасының беделі ерекше болған. Оған
себеп Хорезм шахы Мұхаммед II шешесі Туркан-Хатун осы ұран тайпасынан
болған. Моңғол шапқыншылығының қарсаңында қыпшақтармен Хорезм
шахының арасындағы жақсы қатынас болған тәрізді. Қоныстануы.XI ғ. орта
кезінде қыпшақтар қазіргі Қазақстанның шығысындағы Алтай мен Ертістен
бастап, Оңтүстігіндегі Балқаш көлінен теріскейдегі Оңтүстік Батыс Сібірдің
орманды дала аймағына дейінгі кең территориясына тарап, емін-еркін
қоныстанды.
Қыпшақ тайпаларының этникалық территориясы өздерінің этникалықсаяси бірлестігі шебінің тұрғысынан қарағанда, негізгінен тұрақты болған, тек
Оңтүстік-батыс шекарада XII ғ. 30-жылдарынан бастап Хорезм шахтар
мемлекеті тым белсенді саясатты жүргізуге көшеді.Қыпшактардың қогамдық
қурылымы.
Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және жіктік жағынан тең болмаған. Мүліктік
теңсіздіктің негізі- малға жеке меншік болып табылады. Негізгі байлық
жылқының саны болған. Жазба деректер хабарына сүйенсек, қыпшақтар
еліндегі көптеген кісілердің бірнеше мыңнан жылқысы болған, ал
кейбіреулерінің жылқысының саны 10 мыңға жеткен және одан да көп болған.
Ибн Батутаның (араб тарихишсы)хабарына қарағанда, жеке меншікті бұзған
адам қатал жазаланған, кәдуілгі хұқтың (төрелік айту) нормасы олар
айыпталуға тиіс деп есептелген. Мәселен: егер біреудің атын ұрласа, атты
қайтарумен бірге 9 ат айып беруге тиісті болған.Төменгі топқа малы аз
шаруалар жатса, ал қолға түскен тұтқындар құл ретіңде пайдаланылды,
ешқандай құқы болмаған. Ондайлар Орта Азия, Шығыс елдеріне құлдыққа
сатылып отырған.
Шежіреде қыпшақ мемлекетінде қарапайым адамдарды «ерлер» деп
атаған. Олар заң жүзінде ерікті болғанымен іс жүзінде үстем тап өкілдеріне
тәуелді болған. «Ерлерден» хан есебінде жасақтар құрылды. Махмұд
Қашғаридің жазуы бойынша малы жоқ кедейлер жатақтар деп аталып, көп
жағдайда олар ханның немесе үстем тап өкілдерінің тәуелдігіне түскен.
Қарахан мемлекеті: этносаяси тарихы, әлеуметтік- экономикалық дамуы,
мәдени өркендеуі.
19
Қарахандықтар мемлекетінің қалыптасуында жетісуды мекендеген қарлұқ
бірлестігінің тайпалары басты рөл атқарады.Карахан әулетінің негізін
салушы—Сарұқ Боғра хан( Білге Құл Қадыр ханның немересі,915-955жж)Ол
ислам дінін қабылдаған билеуші саманилерден қолдау тауып, туысы
Оғұлшақты жеңіп,Тараз бен Қашғарды бағындырады. Нәтижесінде,бірңғай бір
орталыққа бағынған қарахан мемлекеті құрылды(942 ж)
Қарахан мемлекетінің құрылуында және әуелгі тарихында қарлұқ
конфедерациясының тайпалары зор роль атқарды. Қарахан мемлекетінің
құрылуы батыста Жетісудан Испиджабқа дейінгі және шығыста Қашқарға
дейінгі территорияда болған саяси оқиғалармен, Қарлұқ қағанатының
ыдырауымен байланысты еді. Сатұқ Боғра ханды(915-955) Қарахан әулиетінің
негізін салушы деп есептейді. Исламды қабылдап, Саманилерді қолдауын
пайдалана отырып, Сатұқ Боғра хан Оғұлшаққа қарсы шығып, оны талқандап,
Тараз бен Қашқарды бағындырады. 942 жылы ол Баласағұнда билеушіні
құлатып, өзін жоғарғы хан деп жариялады. Сатұқ өлгеннен кейін билік оның
баласы Мұсаға көшті, ол 960 жылы қағанаттың мемлекеттік діні ислам деп
жариялайды. Оның астана қаласы Қашқар болды. Мұса өлген соң жоғарғы хан
атағы оның баласы Әли Арслан ханға көшті. Сонымен қатар ол Тараз бен
Баласағұнның билеушісі болып есептелінді.999 жылы Қарахан мемлекеті
Бұхара қаласын алып, біржолата Мәуереннахрды бағындырды.1089 жылы
салжұқ сұлтаны Мәлік хан Батыс хандықтың орталығы Самарқанд алынды,
одан соң Бұхара басып алды.1141 жылы Самарқан қаласына жақын жерде
Қатуан даласында басып кірген қарақытайлар салжұқтар мен қарахандықтар
ойсырата жеңіледі.Бұхара қаласын, Мәуереннахр орта бөлігін толығымен
жаулап алады. Қарахан мемлекеті қарақытайларға толық тәуелділікке түсті. XIXII ғ.ғ –Мәуренахр мен жетісудың қалған бөлігі.Териториясы(XI-XII ғ.ғ)
Жетісу, Шығ.Түркістан (Мәуренахр-Қашхар аралығы), Астаналары: ҚашғарМұса хан билігінің орталығы.Баласағұн-Сүлеймен хан(Мұсаның інісі)
орталығы. XI ғ. 30-жылдары мем-кет екіге бөлінді: Шығыс хандық.
Териториясы-Жетісу, Шығ.Түркістан.Астанасы-Баласағұн. Билеушісі-Арсылан
хан Сүлеймен. Батыс хандық . Териториясы-Мәуренахр. Астанасы- Бұхар,
кейін Самарканд. Билеушісі-Ибрахим Тамғаш Боғра хан.1089 ж-селжұқтар
сұлтаны Мәлік шах Батыс қағанатты бағындырды.
Нәтижесінде қарахандықтар селжұқтарға вассалдық тәуелділікке түсті.
1102 Жүсіп Баласағұн мен Тараздың билеушісі Қадыр хан Жебірейл
Мәуренахрды жаулады. Нәтижесінде Амударияға дейінгі жерді өзіне қаратты.
Кейін Термезге шабуыл кезінде селжұқтардан қаза тапты. Селжұқтардың
сұлтаны Санжардың Мәуренахрға ықпалы артқан кезден бастап,
қарахандықтардың саяси құлдырауы байқалды. Қарақытайлар шапқыншылығы
басталды. 1128 ж – қарақытайлар шығыс хандықты жаулап, Жетісуда үстемдік
етті.
Осымен бір мезгілде хорезмдіктердің Батыс хандыққа шабуылдары
басталды. XII ғ. 30-жылдары Қарақытайлар Шығ. Қарахандықтың қалған
иелігін түгел жаулап,Батыс хандыққа шабуылдады. 1141 ж – Қарақытайлар
20
Қарахан мемлекетін түгел бағындырды. Мемлекетті шігіл ж\е яғма тайпалары
басқарды. Қарахан дәуіріндегі мәдениетҚарахандарда феодалдық қарымқатынастар дамып,түрік тілдес тайпалардың бірлігі нығайды. Жетісу,
Оңт.Қазақстан жерінде көшпелі түріктердің отырықшылық өмірге
бейімделіп,қала мәдениеті жедел дамыды. Қарахан мем-нің саяси құрлымы
өздерінен бұрынғы көне түрік идеялогиясы мен мәдениетіне ұқсамайтын
өзгеше сипатта болды. 960 ж қарахан әулеттері ислам дінін мем-тік дін деп
дариялады.
Осыған байланысты көне түрік руна жазуының орнына араб жазуы
келді.Түркі тілінде біраз шығармалар жазылды. Олардың арасында Жүсіп
Баласағұнидің “Құтадғу білік”, Махмуд Қашғаридың “Диуани лұғат ат-түрік”,
Ахмед Яссауидің “Диуан-и Хикмет” сияқты еңбектері бар. Қарахан өнеріҚарахан мем-ті кезінде тұрғызылған сәулет өнерінің озық үлгілері.X-XII ғ.ғ
Жетісу, Сырдария алқаптарында қала (Тараз), мавзолей (Айша бибі күмбезі,
Аяққамыр, Алаша хан күмбезі, Бабаша хатун мавзолейі, Жошыхан күмбезі,
Сырлытам т.б) көпір салу ісі (Талас өзен бойында) өркендеді.
21
2.3 9-12 ғасырдағы қала мәдениеті бойынша дерекнама
Ортағасырлық ескерткіштер Қазақстанда кейінгі 50-60 жылдардың ішінде
зерттеле бастады. Бұл археология ғылымы үшін көп уақыт емес. Солай болса
да, республиканың оңтүстігінде Исбиджаб, Отырар, Сауран, Сығанақ,
Түркістан, Баба-Ата, Тараз (Талас), Мерке, Құлан, Ақтөбе (Баласағұн); оларға
қосымша Жетісу өңірінде: Алматы, Талғар, Қойлық ескерткіштері зерттелуде.
Оларға қосымша, кейінгі жылдарда Орталық, Батыс, Солтүстік және Шығыс
Қазақстаннан ортағасырлық тұрақты қоныстар мен қалалар ашылып жатыр.
Олардан алуан-алуан деректер табылып, ертедегі орта ғасырда жергілікті
тұрғындардың отырықшы мәдениеті зор екенін дәлелдеп, ертедегі
отырықшылықтың
болғанын
көрсетеді.Қазақстан
жерінде
ежелден
отырықшылық тарихи-мәдени ірі аймақтар, ал ортағасырдың ортасында
қалалық мәдениет дамыды.
Олардың бірі Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу еді. Оңтүстік Қазақстанда
Исфиджаб (Сайрам), Газгирд, Шараб, Будухкет, Отырар, Шавгар және Сауран
тәрізді ірі қалалар бой көтерді. Исфиджаб сауда жолы өтетін орталық болды,
мұнда көптеген тауарлар өндірілді, бұл жерден маталар, қару-жарақтар, мыс
пен темір тасылды. "Исфиджаб,- деп жазды ортағасырлық авторлардың бірі,Түркістан шекарасындағы Мауераннахрдың үлкен де, ірі қалаларының бірі. Ол
Азия елдерінің өркендеген және керемет қалаларының бірі, жері құнарлы,
ағаштары көп, суы мол және ғажайып бақтары бар".
Орта ғасырдағы Қазақстанның экономикалық-саяси және мәдени
орталықтарының бірі Отырар қаласы болды. Мұнда әлемдегі аса бай
кітапханалардың бірі болды. Арабтар Отырарды кезінде Фараб деп те атаған.
Жазбаша деректемелерде Отырар (Отырарбент) 8-9 ғасырларда пайда болды.
Тараз қаласы 7-ғасырда Ұлы Жібек жолындағы аса ірі мәдени орталықтардың
біріне айналды. Византия елшісі Земархтың түріктерге барғаны туралы
есебінде Тараз қаласы аталған. Иерусалимде туған арабтың ұлы географы әлМақдиси: Талас (Тараз) үлкен, бекінісі бар қала. Адамдар тығыз орналасқан,
бау-бақшаға толы, төрт қақпасы бар және рабадта тұрғындары көп. Медина
қақпасының алдында үлкен өзен бар, оның үстінде көпір салынған, тұрғындар
өзеннің екі жағына орналасқан. Орталық базарда қалалық басты мешіт
салынған. Қазақстанның оңтүстігіндегі аса ірі қалалардың бірі Испиджаб
(Сайрам) қаласы болды. Ол 1629 жылы Сюань-цзянның жылнамасында «ақ
өзендегі қала» атымен алғаш рет аталады. Махмұд Қашғари былай дейді:
«Сайрам ақ қаланың аты, ол – Испиджаб».
Қалалардың қаулап өсуіне байланысты 6-9 ғасырларда архитектура мен
қосалқы өнердің жаңа үлгілері туындады. Бертін келе 10-12 ғасырларда
құрылыста күйдірілген кірпіш, гипс, алебастр кеңінен қолданылып, глазурь
бояуымен және ою-өрнекпен үйді безендіру кең өріс алды. Әсіресе Қарахан
әулеті билік етіп тұрған кезде Қазақстан территориясында архитектура,
сәулетшілік өнері, қолөнер мейлінше дамыды. Бұған Тараз маңындағы
Бабаджа-хатун (10-ғасыр) және 11-12 ғасырларда салынған Айша-бибі
22
мавзолейлері т.б. дәлел. Бұлар сәулет өнерінің ғажайып ескерткіштері болып
табылады. ХІ ғ. бірінші ширегінде ақша айналымының қалыптаса бастауына
сай Қазақстандық екі теңге сарайы – Тараз және Испиджаб қалаларында болды.
Махмұт Қашқари “Сығанақ - оғыздар еліндегі қала” деп, ал Әбілғазының
жазбаларында: “Қала қақпалы, қуатты дуалдармен қоршалып, ішінде сауда
үйлері, керуен сарайлары және басқа да қоғамдық құрылыстары бар қала үйлері
орналсқан. Сығанақ Сырдария өңіріндегі ірі тұрақ еді. Оның тұрғындары
Кедейдің елшісі Хасан-Қажыны өлтіріп, моңғолдармен барынша қарсыласты”,деп жазған. Қалалардағы ішкі сауда айналымында мыс (қола) теңгелер жүрсе,
ал күміс теңге қалааралық ірі товар айналымын қамтамасыз етіп, қаржы
жинаудың құралы қызметін атқарды.
ХІ ғасырдың 70 -жылдарынан кейін күміс құю тоқтатылып, айналымда
оның орнына алтын қолданылды. Талас, Асса өзендерінің бойында Тараз
маңында Төменгі Барысхан, Жамукат, Жекіл, Бектөбе, Дех-Нуджикес, Адахкет,
Текабкет, Шельджи, Жувикат және т.б. қалалар мен мекендер созылып жатты.
Талас алқабынан Шуға дейінгі жолда Ақыртас, Құл-Шуб, Жұл-Шуб, Құлан,
Мерке, Аспара, Нүзкет тәрізді қалалар орын тепкен.Тек VI-XIII ғасырларда Шу
алқабында соғдылар, сириялықтар, түріктер, парсылар мекендеген ірілі-ұсақты
25 қала болған. Бұл Харанжуан, Жұл, Навакет, Бунджикет, Құрмырау, Суяб,
Баласағұн, Жоғарғы Барысхан қалашықтары. Іле алқабының ірі қалаларының
қатары Тальхиз (Талғар), Қойлық, Дунгене, Алмалық (Алматы), Ілебалық, КөкТума сияқты қалаларды жатқызуға болады.
VII-XIII ғғ. қала мәдениеті тек оңтүстікте және оңтүстік-шығыста ғана
емес, Қазақстанның басқа өңірлерінде де дамыды. Сырдарияның төменгі
ағысында Асанас, Янгикент,Сығанақ, Жент, Барлышкент және т.б. қалалар
орналасқан. Орталық және Шығыс Қазақстанда, оның ішінде Торғай,
Жыланшық, Кеңгір, Нұра, Жезді, Сарысу өзендерінің бойында жетпіс сегіз
қаланың орны табылды. Нұра алқабында Ақсикент деп аталатын мейлінше ірі
қала болған, Сарысу жағалауында Жұбаныш пен Ұлыбағыр, Торғайдың төменгі
сағасында – Қаңлыкент, Қарақорым, Борсық қалалары болғаны белгілі. Ертіс
өзенінің алқабында он алты қимақ қаласы кездессе, оның ішінде Хакан мен
Хакан-Қимақ қалалары қағанаттың астанасы болған. Сол кезде қалалардың
дамығанын сәулетті құрылыстардың болуы дәлелдейді. Қазақстан қалаларының
сәулеті бұрыңғы өткен заманның сәулет өнерімен тығыз байланысты. Үйлерді
салуға шикі кірпіш, құм, ағаш қолданылды. Ірі ғимараттар мен бекіністердің
сыртқы қабырғасы көбінесе күйдірілген сары саздан жасалған плиткалармен
қапталды. Сөйтіп, орта ғасырда Қазақстан аумағында тек көшпелі өркениет
ғана дамып қойған жоқ, сонымен бірге отырықшылық, егін шаруашылығы, мал
шаруашылығы мен қалалық мәдениет те дамыды, олар бір-бірін толықтырып,
бір-бірін байытып, бір-біріне үлгі болған.
23
ҚОРЫТЫНДЫ
Дешті Қыпшақ даласына VIII ғасырдан бастап ислам дінінің тарала
бастауымен бірге, екі ел арасындағы мәдени-саяси байланыстар бұрын-соңды
болмаған қарқынмен жүрді. Түркілер халифаттың саяси өмірінде үлкен маңызға
ие болды. Бұл жайт араб тарихшылары мен жылнамашыларының түркі халқына
деген қызығушылықтарын арттыра түсті.
Араб деректеріндегі түркілерге арналған ерте еңбектердің ішінен IX
ғасырда Ибн ал-Факих ал-Хамаданидің «Ахбар ал-Булдан» («Елдер туралы
хабар») кітабының «Түркілер туралы» тарауы мен XI ғасырдағы Абу-л-Ал Ибн
Хассуланың «Түркілердің басқа сарбаздардан артықшылығы туралы»
шығармасын айтуға болады. Бұл қолжазбаларды белгілі шығыстанушы
А.З.Валиди (Кеңестер үкіметіне қарсы күресте Мұстафа Шоқайдың сенімді
серігі болған-авт) 1920 жылы Мешхедтегі имам Али ибн-Ризаның кесенесінің
кітапханасынан тапқан(Иран). 1937 жылы Мешхед қолжазбаларының
фотокөшірмесін Иран үкіметі КСРО Ғылым академиясына тарту еткен. Соның
негізінде А.П.Ковалевский 1939 жылы араб түпнұсқалығының орысша
аудармасын жеке кітап қылып шығарды. Бүгінде электронды жарияланымда
жүрген «Мешхед қолжазбалары» сол 1939 жылғы аударманың нұсқасы.
Сондай-ақ танымал араб тарихшысы аль-Ибридің (XIII ғ.) түркілер
туралы айтқан пікірін де назарларыңызға ұсына кеткен жөн: «Түркілер көп
санды халық, бірақ олардың ең басты артықшылығы – олар әскери әдіс-тәсілді
және соғыс қаруларын жасауды жетік меңгерген. Салтатты жүрісте оларға жету
мүмкін емес және қылыштасуда, найзаласуда, мергендік өнерде оларға ешкім
шақ келмейді» дейді. Тарихшы бұл жерде «түркілер көп санды халық, бірақ
олардың ең басты артықшылығы – олар әскери әдіс-тәсілді және соғыс
қаруларын жасауды жетік меңгерген. Салтатты жүрісте оларға жету мүмкін
емес және қылыштасуда, найзаласуда, мергендік өнерде оларға ешкім шақ
келмейді» деп Шыңғысханның «мұңғылдарын» айтып отыр. Өйткені, XIII
ғасыр – Алтын Орданың ең бір дәуірлеген кезеңі. Ол уақытта жер бетінде одан
қуатты бірде-бір империя болмаған.
Яғни, Шыңғысхан заманында өмір сүрген, елдің жағдайын жақсы білетін
аль-Ибри «мұңғылдардың» түркілер екенін жақсы білген. Шыңғысханның
«мұңғыл боп» кеткені көп кейін – орыс заманы.
24
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.Тизенгаузен В.Г., Сборник материалов, относящихся к истории Золотой
Орды, т. 1, СПб., 1884;
2. Крачковский И.Ю., Арабская географическая литература, Избр. соч., т.
4, М.-Л., 1957;
3.Арабская литература, Классический период, М., 1960; Кумеков Б.Е.,
Арабские и персидские источники по истории кыпчаков VІІІ-XІV вв., А., 1987.
4. Руналық жазулар ( Орхон, Оғыз-қыпшақ жазбалары).
5. Қаби Есімов Қазақстан тарихы деректануы Қарағанды 1999.
6. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 3-том.-А:
Атамұра, 2002.
7. Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері: Оқу құралы.Алматы: Қазақ университеті, 2002.-302 б.
8. Қазақтың көне тарихы (Дайындаған М.Қани) А, Дәуір, 1993.
9. Ермұханов Б. Б. Қазақстан: тарихи-публисцистикалық көзқарас. –А,
Ғылым, 2000.
10. Тәтімов М. Қазақ әлемі (Қазақтың саны қанша? Қазақ қашан, қайдан
қуылған және атылған?) А. Атамұра. 1993.
11. История Казахстана: народы и культуры. ( и др.) А., Дайк-Пресс,
2001.
12. Әбілғазы Баһадүр Түрік шежіресі А, Ана тілі, 1991.
13. Мұқанов С.Қазақ қауымы: (Тарихтық және зтнографиялық шолу).- А:
Ана тілі, 1995.
14. Мәшқұр Жүсіп Көпейұлы. Қазақ шежіресі А. 1993.
15. Мұхамеджан Тынышбайұлы Қазақ руларының шежіресі (үш тараудан
құралған жинақ) Қаламгер, Целиноград-1991.
16. Қадырғали Жалайыр Шежірелер жинағы А: Қазақстан, 1997.
17. Шәкәрім қажы. Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі. Жұлдыз,
1991.
18. Көне түріктер. А: Жалын, 1994.
19. Қонаев Д. А. Өтті дәурен осылай. –А, Дәуір, 1993.
20. Айқап журналы «Қазақ энциклопедиясы» А, 1995.
21.
Уәлиханов Шоқан. Таңдамалы. 2-бас.- А: Жазушы,1985.(Сот
реформасы жайында хат).
25
Скачать
Случайные карточки
Каталог карточек